Жеңіл уровень Жіктік жалғауларының даму ерекшелігі


Латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің негізгі жобасының тілдік және тілдік емес өзгерістері



бет10/18
Дата26.12.2023
өлшемі54,99 Kb.
#143464
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
Аяулым 2 уровнь 16,21 (1)

17. Латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің негізгі жобасының тілдік және тілдік емес өзгерістері
Кез-келген тіл ең біріншіден өзінің қоғамдағы алар орны мен қоғамдағы қызметімен , қоғам ішінде атқаратын әлеуметтік қызметімен дараланады. Үш бірдей әлеуметтік қызметке ие мемлекеттік тіл, қазақ тілі – этносты даралап жіктеуші, ұлтты ұйытып, біріктіруші, халықты біртұтас қылу қызметін атқарады. Осы тұрғысынан келгенде, латын әліпбиіне негізделіп отырған қазақ жазуының жобасы мынадай тілдік және тілдік емес өзгерістерді жіктейді:
Біріншіден, халқымыздың ұлттық сипатын даралау қызметін күшейте түседі де, қазақ тілінің болмысын ерекшелей келе оның дыбыстық морфология мен лексика-семантикалық құрылысы мен құрылым жүйесін қарастыра келе, синтаксис жүйесіне орыс тілінің тигізер ықпалын әлсіретеді де, тілдің төл болар табиғатын қайтаруға өз әсері мен септігін тигізеді.
Екіншіден, мемлекеттік тіліміздің ұлтты ұйыстыра алу яғни біртұтастандыра алу қызметінде көшбасшы яғни тұғыр бола алу қызметін атқара алады. Қазіргі қазақ қоғамында екі түрлі әлеуметтік ерекшелік байқалады. Мәселен, біріншісі – қанында қазақилық қасиет қайнап тұрған, наыз қазақи тәрбиені бойына сіңіріп өскен, қазақша еркін ойлап, ойын жеткізе алатын әлеуметтік ортаның ментальды ерекшелігі болса, екіншісі – қаны қазақ болғанымен, орыс тілінде тәрбиеленген, орысша таза сөйлеп, қазақша сөйлеуге қиынсынатын, өз ана тілін шала білетін әлеуметтік ортаның ментальдық ерекешлігі барын ескерсек, жаңа әліпби осы аталған екі әлеуметтік орта арасындағы діл мен тілдік, мәдени мен рухани айырмашылықтардың жойылып кетуіне әсер етіп, қазақтардың ұлт ретінде толығымен бірігіп, ынтымағы жарасқан ел болуына қызмет етеді.
Үшіншіден, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің қоғамда ғана емес жалпы Қазақстан Республикасы үшін, басқа да шет елдермен ұлтаралық қарым –қатынастарды нығайтуда ұлтаралық тілдің қызметін атқаруына жол ашып береді. Бұл дегеніміз – қазақ тілінің мемлекеттік тел ретіндегі қызметі – біртұтастанлырушы деп аталатын маңызды қызметтерінің бірі – еліне қызмет ету жлолында бірінші орынға қойылатынының дәлелі.
Төртіншіден, жаңа латын әліпбиіне толығымен көші арқылы Қазақстан – жалпы ежелгі Түркі әлемінің интеграциясын жедел түрде дамытуға яғни жеделдетуге өз үлесін қосады.
Бесіншіден, қазіргі жаһандану заманындағы ақпараттық – технологиялық кеңістіктің шекарасының жойыла біртұтастану жолында латын графикасына негізделген әліпби ғылыми, мәдени, саяси, техногендік, көпшіліктің және экономикалық т.б. сипатындағы сан түрлі тың ақпараттар мен озық жаңа идеяларға қол жеткізуде маңызды қызмет – код қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет