Жеңіл уровень Жіктік жалғауларының даму ерекшелігі



бет6/18
Дата26.12.2023
өлшемі54,99 Kb.
#143464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Аяулым 2 уровнь 16,21 (1)

9. Тарихи синтаксис
Тарихи синтаксис — қазақ филологиясы былай тұрсын бүкіл тюркологиядағы тың жатқан мәселе. Бұл мәселе жөнінде кейбір түркі тілдерінде жазылған бірді-екілі шағын еңбек қана болмаса, айтарлықтай ештеме жоқ.
Тілдің ертерек замандағы синтаксистік құрылысын зерттеуде көне жазу нұсқаларының барлығы бірдей кәдеге аса бермейді. Синтаксистік зерттеу үшін ең қажеттісі және кұндысы — текстік, текстік болғанда да синтаксистік элементтердің өз дәуіріндегі алуан түрлерін қамти аларлықтай көлемді текстен құралған ескерткіш. Өйткені тілдің синтаксистік құрылысындағы әр түрлі құбылыстарды өзекті, желілі, көлемді ескерткіштер ғана қамтып көрсете алады. Бірақ мұндай ескерткіштердің құндылық дәрежесінің өзі де біркелкі емес. Көптеген шежірелер, әр түрлі қатынас қағаздары, заң-ережелер жөніндегі құжаттар синтаксистік құбылыстарға тым кедей, бір тектес, жатталынды, трафарет түрінде болып келеді. Жазба ескерткіштер ішінде синтаксистік зерттеу үшін ең бағалысы көркем проза. Бірақ амал не мұндай ескерткіш түркі тілдерінде өте аз, ал қазақ тілінде тіпті жоқ десе де болғандай. Сондықтан XV—XVIII ғасырлар арасындағы жазба ескерткіштері ретінде біздің қарайтынымыз да жоғарыда аталғандар тәріздес шежірелік шығармалар мен қатынас қағаздары, хаттар болмақ.
Тарихи синтаксистің объектісі:
Қандай құбылыстың, оқиғаның болмасын тарихы дегеніміз — оның даму, өзгеру жолы деген сөз. Даму, өзгеру жоқ жерде тарих та жоқ. Олай болса, қазақ тілі синтаксисінің тарихы дегеніміз де тіліміздің синтаксистік құрылысының дамуы, өзгеріп жетілуі, толығуы болмақ.
Қай тілде болмасын тілдік категорияларды тарихи тұрғыдан зерттеудегі көзделетін мақсат зерттеу объектісі болып отырған категорияның зерттеліп отырған дәуірлер ішіндегі өзгеру, даму жолындағы заңдылықты, оның өзгеру себептерін ашу; алғашқы категория, норма неге өзгерді, оның орнын не басты, сонғының алғашқыдан артықшылығы дегендер тәріздес сұрауларға жауап беру болмақ. Қазақ тілі тарихи синтаксисінің міндеті де осы айтылғандар тәріздес міндет. Дәлірек айтсақ, қазақ тілі тарихи синтаксисі белгілі дәуірлер ішінде қазақ тілінің синтаксистік құрылысыңда, синтаксистік нормасында қандай өзгерістердің болғандығын, қандай синтаксистік конструкциялардың, синтаксистік қатынастардың, синтаксистік элементтердің жойылып, қандайлардың жаңадан пайда болғандығын айқындайды; ескі конструкцияның ескілігі, көнелігі несінде, жаңаның жаңалығы, прогрестігі қайсы екендігін ашып көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет