12.Жазудың жалпы даму тарихы Жазудың мыңдаған жылдар бойы дамуының жалпы тарихы адамзат мәдениеті мен өркениетінің негізгі аспектісі болып табылады.
Жазу түсінігінің өзі таңбалар мен белгілер арқылы ақпаратты жазу және беру мүмкіндігін білдіреді.
Жазудың алғашқы түрлері тас немесе саз тақтайшаларға салынған иероглифтер мен пиктограммалар түрінде пайда болды. Олар заңдарды, діни мәтіндерді және тарихи оқиғалардың хроникаларын жазуға қызмет етті. Египеттіктер, Индустар сияқты ежелгі өркениеттер көптеген қазіргі алфавиттер мен жазба таңбалар алынған өздерінің жазу жүйелерін жасады.
Техника мен сауданың дамуымен жазу қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Баспа станогының, басып шығарудың және сайып келгенде компьютерлердің пайда болуы жазбаша мәтіндерді жасау және тарату тәсілін айтарлықтай өзгертті.
Қазіргі әлемде жазу қоғамның барлық саласына, іскерлік хат-хабарларға, әдебиеттерге, ғылыми мақалаларға және интернет-коммуникацияларға дейін еніп кетті. Дегенмен, цифрлық технологиялардың дамуымен заманауи жазу өзгерістерге ұшырауда. Ол тек мәтінді ғана емес, сонымен қатар кескіндерді, дыбысты және бейнені қамтитын көрнекі және мультимедиялық болады.
Қорытындылай келе айтатын болсам,жазудың жалпы даму тарихы адамның ойлауы мен қарым-қатынасының эволюциясын түсінудің кілті болып табылады. Ол жазба тілдің халықаралық дәрежеге айналғанын және білім мен адам дамуының құрамдас бөлігіне айналғанын көрсетеді. Жазу арқылы адамдар сезімдерін сыртқа шығара алған. Содан дами келе, ұғым жазуы, буын жазуы, дыбыс жазуы пайда болды. Әр жазудың өз ережесі мен өз жазылу қағидалары бар. Қазіргі заман, жазу заманына айналып барады.
13. Жазба тіл және оның ауызша тілден ерекшеліктері Сөйлеу тілінің әрқайсысына да тиесілі өзіндік ерекшеліктері бар. Ауызша тілдің де, жазба тілдің де. Мысалы:
Ауызша тілдің өзіне тән ерекшеліктері – ең алдымен, дыбыстау мүшелерінің қолданысы арқылы, дыбыс толқындарының сыртқа шығып, не естілетін, не айтылатын, ойдың сыртқа дыбысталып шығуы.
Екіншіден – сөздердің бір сарында болмауы, сөйлеуде сөз тіркестерінің еркін пайдаланылып, қарапайым болып келуі.
Үшіншіден – ауызша тілдің жазба тілден жылдамырақ қолданылуы. Ауызша тілде коммуникация ерікті және дайындықсыз болады.
Төртіншіден – ауызша тілдегі грамматикалық формалар мен жаңаша сөз оралымдары көп қолданылуы.
Ал жазба тілдің өзіне тән ерекшеліктеріне келер болсақ, Күдеринова Құралай жазба тілдің 3 түрлі (жалпы графикалық, графикалық, графемдік) ерекшелігін көрсетеді.
Жазба тілдің жалпы графикалық ерекшеліктері жазба тілдегі айтылатын ойдың қағаз бетіне түсуі, азат жолдың болуы, қаріптің түрі мен түсі болуы, жазылған ойдың асты сызылып немесе үздікті жазылуын құрайды.
Жазба тілдің графикалық ерекшеліктеріне жазылатын ойды жазу барысында қолданатын графика, әріптердің саны мен тіркесінің болуы, әріптің диактрикасы мен тыныс белгілердің қолданылуы жатады.
Келесі графемалық ерекшеліктеріне – қолданылатын әріптің мәнінің болуы, графеманың мазмұны мен тұрпатының межесінің болуы, бір немесе бірнеше фонеманың бір графемамен ұқсас келуі және жазба тілінің оқылатындығы мен жазылатындығы жатады.