Жеңіл уровень Жіктік жалғауларының даму ерекшелігі


Көне түркі тілі мен қазақ тілі арасындағы фонетикалық сабақтастық



бет2/18
Дата26.12.2023
өлшемі54,99 Kb.
#143464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
3. Көне түркі тілі мен қазақ тілі арасындағы фонетикалық сабақтастық
Қазақ тілі мен көне түркі тілі өзара тығыз байланысты. Көне түркі тілі қазақ тілінің тіл болып қалыптасуына алғышарт болды. Мұны ертедегі адамдар жазып қалдырған көне түркі ескерткіштерінен байқауға болады. Оларға мысал ретінде «Орхон-Енисей»,«Күлтегін» сынды жазба ескерткіштері мысал бола алады. Ежелгі түркі жазбалары руникалық жазу үлгісімен жазылған. Ал онда жеке фонеманың жеке-дара сипатына қарағанда, олардың бір-бірінен ерекшелейтін айырмашылықтары ашып көрсетілген. Аталмыш екі тілдің фонетикалық сабақтастығы әртүрлі бағытта жүзеге асқан. Мәселен, «Орхон Енисей» жазба ескерткіштеріндегі көне түркі тіліндегі фонетикалық жүйесі қазақ тілімен дәлме-дәл ұқсас, бірақ дыбыстық құрамындағы дыбыстың қолданылуында айтарлықтай өзгерістер орын алған.
«Орхон-Енисей» жазба ескерткіштерін ғалым Рабиға Сыздықова: «қазақтың ауызша және жазбаша әдеби тілдерінің бір арнасы» деп жоғары бағалаған. Осы пікірді айғақтау мақсатында көне түрік жазба ескерткіштері мен қазақ тілінің фонетикалық айырмашылықтары мен ұқсастықтарын атап өтейік. Көне түркі тілінде 8 дауысты дыбыс (а,ө,ү,у,о,і,е,ы) болған. Сонымен қатар, көне түркі тіліндегі кейбір сөздерде е әріпін жабық қысаң әріп ретінде қолданған. Дауысты дыбыстардың өзі ашық (е,а), қысаң (у, ү,і,й) және жартылай ашық (у, о болып жіктелген. Ал қазіргі қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс (а,о,е,ө,ә,ы,і,ұ,ү,у,и,э) бар. Олар ішінара жуаң және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік пен езулік болып жіктеледі. Жалпы, дауысты дыбыстар тұрғысынан қазақ тілі көне түркі тіліне ұқсас екенін байқаймыз. Басты айырмасы ретінде дауысты дыбыстар мөлшерінің өзгеруі мен жіктелуін айта аламыз. Ал дауыссыз дыбыстарға тоқталсақ, көне түркі жазба ескерткіштерінде небәрі 16 дауыссыз дыбыс болған. Ал қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыстар бар. Мұндағы басты айырмашылық дыбыстар да емес, дыбыстың санында жатыр. Яғни, уақыт өте келе 9 әріптің пайда болуы тілдің даму үрдісі барысында болған түрлі өзгерістерді сипаттайды. Көне түркі тілінде дауыссыз дыбыстар тура қазақ тілі секілді 3 топқа бөлінеді. Олар жуаң (б,д,ғ,қ,р,н,л, й,с,т) жіңішке (б, г, д, л, р, н,й, с, т, к) және әрі жуаң әрі жіңішке, яғни аралас дыбыстарға (ң,н,м,п,ч,з,ш) бөлінеді. Бұл дыбыстар қазіргі қазақ тілінде қатаң, ұяң, үнді деп жіктелетіні бәрімізге мәлім. Жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қорыта келе, көне түркі тілі мен қазақ тілі арасындағы фонетикалық сабақтастықтың жоғары болғандығын байқаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет