8. «Қазақ» этнонимінің этимологиясына қатысты зерттеулер Ана тілі дамуының табиғаты мен заңдылықтарын танып білген кез келген лингвист ерте ме, кеш пе тіл туралы қарапайым дəстүрлі əңгімелеуден жоғары көтерілу қажеттілігін сезінеді. Ол «сөз əлеміне» тереңірек бойлап, сөз мағыналарының бұрылыстарынан жол табуға, ашылмаған жұмбақтардың сырын ашуға ұмтылыс жасайды. Осымен байланысты қазақ тіл біліміндегі этимологиялық ізденістердің тарихының бастауында Қ.Жұбанов, Н.Т.Сауранбаев, І.К.Кеңесбаев, С.А.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев т.б. ғалымдар тұрғаны белгілі. Кейінгі ұрпақ өкілдері – ғалымдар бай материал мен келелі дəстүрге сүйеніп, олардың ісін жалғастыруда. Қазақ этимологиясының қазіргі дəрежесі оның іштей түрлі салаларға жіктелуімен, мамандануымен сипатталады:
көне лексика – І.Кеңесбаев, Ə.Қайдаров, Р.Сыздықова, А.Махмутов, С.Исаев, Е.Жанпейісов, Ғ.Əнесов;
біріккен жəне қос сөздер – І.Кеңесбаев, А.Ысқақов, Ə.Қайдаров, Г.Жəркешова т.б.
Кейбір кемшіліктеріне қарамастан, қазақ тілші-ғалымдарының арнайы этимологиялық ізденістерінің алғашқы нəтижесі жəне басталуына жол ашқан қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігін құрастыруға он шақты адам қатысты.
Осыған орай, Қазақстан этимологтарының алдында мынадай мақсатты түбегейлі шешуі тиіс көзделген болатын: Қазақ тілі материалы негізінде этимологиялық реконструкцияның əдістемесі мен қағидаларының мəселелерін белгілейтін ғылыми-теориялық іргелі зерттеулер жүргізу. Осымен байланысты оның мынадай болашақ міндеттері айқындалады:
1) Қазақ тілі дамуының қыпшақтық жəне ататүркілік күйін анықтау мақсатында базистік лексиканы барынша тереңірек зерттеу.
2) Барлық түркі тілдерінің мамандарының күшін біріктіретін кең түрдегі салыстырмалы-тарихи зерттеулер жүргізілді.
3) Қазіргі қазақ этимологиясының алдында құрған өзекті міндеттердің бірі – этимологиялық сөздік жасау. Ол үшін, ең алдымен, қазақ тілінің түбір сөздерінің этимологиялық сөздігін құрастыру. Оны «Түбірлес лексемалардың этимологиялық сөздігі» деп те атауға болады. Бұл тектес сөздіктің этимологиялық реконструкциясын жасаудың қағидалары мен əдістері.
4) Этимология мəселесі мен түбегейлі айналысу төмендегі міндеттердің шешімін қажет етеді:
а) тек қана қазақ тіліндегі ғана емес, басқа да түркі тілдеріндегі этимологиясы ашылған ортақ лексикалық бірліктер мен грамматикалық тұлғалардың толық тізімін жасап, оларды сыни тұрғыдан бағалау жəне бірегейлендіру;
ə) түркі этимологиясының проблемасы бойынша толық библиография құрастыру;
б) Этимологиялық реконструкцияның қазіргі ғылыми əдістері мен қағидаларын толық терген жас ғалым-мамандарды даярлау. Осы мақсат пен міндеттердің орындалу барысының нəтижесінде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі Институтының перспективалық жоспарында іргелі зертеулердің нəтижесі ретінде қазақ өкілінің толық этимологиялық сөздігін жасау деп белгіленуі – бұл мəселенің шешімін табуы тиіс өзекті мəселе ретінде танылуының дəлелі.
Қазақ тіл біліміндегі этимологиялық зерттеулерге қатысты атқарылған ізденістердің айғағы ретінде 1966 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінің» орны ерекше. Бұл түркология ғылымында жеке бір тілдің фактінің көптеген этимологиялық ізденістерге нысан болуы тəжірибеде жиі кездеседі. Əрине, бұл жағдайда ғылыми дəйектер мен ғылыми емес дəйектер араласып жатады. Осы жайттың нақты үлгісі – қазақ этнонимінің этимологиясына қатысты 100-ден аса нұсқалар. Оларды былайша топтастыруға болады:
1) қазақ – этноним, антропоним, топоним, мифтік түсінік, тотемдік белгі, географиялық, этникалық немесе əлеуметтік ұғым;
2) қазақ мынадай ұғымдарды білдіреді: «кезбе», «қаңғыбас», «тексіз», «қашқан құл», «бассыз», «қаруланған сарбаз», «салтатты», «жалдамалы жауынгер», «елінен кеткен шекарашы», «қарулы күзет», «жеңіл қаруланған жауынгер», «əскери күзет», «қарақшы», «батыл», «берілген адал», «бастаушы», «ер мінезді», «қызба», «Кавказдағы тайпа», «таулық», «Хазардың бір түрі», «орыс казактарының құарымандағы түркі тілді тайпалар», «славяндардың батырының аты», «түркітілді черкестер» т.б.
3) Мағынасы əртүрлі түсіндірілетін қазақ сөзінің екі сыңары:
1) қаз/аз – а) тайпаның аты, ə) қаз, аққу; б) қос - орыс тіліндегі «қашу» мағынасындағы оморфтың етістіктен; д) қас – «нағыз», «таза», «қоспасыз»; е) қаз – «биіктік», «тау» (Қазығұрт - ?); ж) қос – «екі», «пар» т.б. 2) а) сақ – сақ тайпасының атауы; ə) сақ – «садақ», «жебе», б) оқ – «тайпа», «ру», «халық»; в) ақ//ық – этнонимдер тудырушы аффикс қараңыз: печееч, урақ, қыпшақ т.б. г) ақ – «белый» жəне ауысу «таза»; д) оқ – «оқ», «жебе» (қосоқ – тайпа таңы) жəне тіл. Мұндай пікірлер этнонимдер атауларының жалпы алғанда «Он шақты нұсқасын құрайды. Өкінішке орай қазақ этнонимі əлі күнге дейін шын мəніндегі ғылыми түсініктемеге ие болған жоқ.
Сондықтан түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне қатысты этимологиялық ізденістердің негізгі мақсатын біз былай деп белгіледік:
а) түркі тілдерінің өте көне дəуіріне тəн ортақ түбірлерді анықтау;
ə) түркі тілдерінің ішінде өз ара жақын топтарға ортақ лексикалық элементтердің сыр-сипатын ашу;
б) əрбір тілдің, мəселен, қазақ тілінің сөздік қорындағы жалпы түркі тілдеріне, оның ішінде қыпшақ тобына жататын тілдерге ортақ, сондай-ақ тек қазақ тілінің өзіне ғана тəн əсіресе бір буынды түбірлер мен туынды түбірлердің табиғатын ашу;
в) қазақ тіліне əр түрлі тарихи, мəдени, саяси, географиялық себептерге байланысты сырттан (араб, парсы, моңғол, қытай, орыс т.б. тілдерден) енген лексика-грамматикалық элементтерді анықтау, олардың дыбыстық тұлғалық жəне мағыналық өзгерітерін белгілеу;
г) лексикалық элементтердің өз ара қатыстығы мен алшақтығы тілдің даму процесіне байланысты заңды құбылыс екенін дəлелдеу т.б.