Әліпби мәселесі. Қазақ тілінің фонемаларының санын анықтау кезінде һ дыбысы одағайларда кездескенімен, қазақ тілінің төл сөздерінде жоқ дей келеді де, ал одағайларда кездесетін дыбыстың бірнеше саны бар екендігін ескере келе, бұл жағдайды фоно-морф. негізі емес деп тапқан Қ.Жұбанов қазақ әліпбиінің дәйек болар қызметі бар жоба ұсынады. Ол жобасының негізі «Әліппеміз бұқарашыл болсын», «Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы», «Проект изменений орфографии и алфавита казахского языка» т.б деп аталатын еңбектерінен көрініс табады. Әліпби туралы ұсынған жобасы жаңа бағыттарды анықтауда жүзеге асырыла келе, Қ.Жұбанов жаңа әліпбиге мынадай талаптар қойды:
Қазақ дыбыстарына ғана арналуы – әліпбидің ең алғашқы әрі басты талабы болды;
Әліпби – үндесім заңы яғни қазақ тілінің басты заңдылығының барынша тереңінен қолданылуы мен барынша сақталуына бағыттаулы тиіс;
Қолданым мен меңгерім үшін әліпбидің қол жетімділігі;
Тілдің өз сипатын жоғалтпай, сақтай отырып, транслитерациялық мүмкіндікті қамти алуы;
Әліпбидің кірме сөздердің түпнұсқалық жазылым әрекетіне барынша жақын, ал кірме сөздердің қазақ тілінде айтылым заңдылығына бағынған нұсқасын жызылым әрекетіне икемдеуі;
Жазылым әрекетінің барынша үнемді әрі ыңғайлы болуын қамтуы – әліпбиге қойылатын талаптардың негізгісі болуы;
Әліпбидің қазақ тілінің жазылым реформасының негізі болуы мен қазіргі таңдағы техникалық мүмкіндіктерге мейілінше сәкес болуы.
Емле мәселесі. Бұл мәселе туралы Қ.Жұбанов : тілдің ілгері басып, дами отырып, өсуі үшін оның емле мен термин мәселесі дұрыс болмаса, шешілмейді, оған себеп: өркендеген әрбір тілдің түрлі тарауларының бәрі де емле мен терминология арқылы сабақтасады деген тұжырым жасайды. Өзі жасаған тұжырымдары: қазақтың әдеби тілінде тұтынылатын яғни қолданыстағы сөздердің барлығы дұрыс жазылып, әрқайсының өзіне тән меншікті әрі тұрақты таңбасы болуы керек, ал сол тұрақталған түрінен айныған немесе басқаша жазылған жазудың бәрі де қате болады. Бірақ ол үшін сөздерді бөліп, алалалап міне мына сөз “таза қазақша”, ал мынаның “тегі басқа” деп, сөздердің тегін бөліп жатудың еш қажеті жоқ, әр сөздің тегі қайдан шықса да барлығы бір қазақтың тіліне кіргендіктен қазақтың өз сөзі делінуі керек”, - деп қорытындылайды. Ереже жасау кезінде негізгі есте болуы керек жай, “емле жеңіл болуы үшін ереженің саны мен ережеге көнбейтін одағайдың қалыптарын да, санын да құр тек “аз ету” шарт еместігін, қайта тілде бар, емлеге керек болған қалыптардың бәрінің де түгел тексеріліп, ереже болып қорытылып шығуы шарт”, - дейді