Жеке тапсырма


Дақылдың морфо-биологиялық ерекшеліктері



бет3/12
Дата03.10.2023
өлшемі432 Kb.
#112829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
жеке тапсырма

1.2 Дақылдың морфо-биологиялық ерекшеліктері

Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Қоңырбас тұқымдасы (Poaceae L.)Күріш туысына (Oryza L.)жататын мәдени күрішті(O.sativa L.)Г.Г.Гущин(1938) екі түр тармаққа бөлген:1.Ұсақ,немесе қысқа дәнді –дәнінің ұзындығы 4 мм төңірегінде;


2. Sybsp.communis Gust. Дәннің ұзындығы 4-7 мм және одан да жоғары – кәдімгі күріш Біздің елімізде өсірілітіні де осы кәдімгі күріш.Соңғы түр тармақтың өзі екіге бөлінеді:
1. indica – дәні ұзын, жіңішке. Дән ұзындығының еніне қатынасы 3,0:1-ден 3,5:1 дейін, кейде одан да үлкен болады. Бұл топ сорттарының дәні көбіне шыны сияқты,жоғары сапалы жарма береді.
2. japonica – дәні жалпақ, жуандау, көлденең кесіндісі домалақтау. Ұзындығының еніне қатынасы 1,4:1-ден 2,9:1. Топ сорттарының көбінің эндоспермі ұн сияқты.
Күріш тамырлары – шашақты, 80 см және одан да тереңдікке енеді. Тамырлардың іші бос болғандықтан жұмсақ. Онымен ауа жүріп, өсімдік тыныс алады. Ауа жүретін ұлпа, жапырағы мен сабағында да жақсы жетілген [2].



Сурет 1- күріштің морфологиялық сипаты

Сабағы – 120 см дейінгі сабан. Жоғарғы буынаралықтар бос,төменгілері әдетте өзекшемен толтырылған. Жапырақтары жіңішке,жасыл,кейбір сорттарынікі күлгіндеу болып келеді. Тілшелері сүйір үшбұрышты, ортасынан бойлай екі жартыға бөлінген. Гүлшоғыры – сыпыртқыгүл.


Масақшалары – біргүлді. Гүлдерінің басқа астық дақылдарына қарағанда алты аталығы болады. Күріш өздігінен тозаңданатын өсімдік. Дәні қауызды болып келеді,қауыздылығы 17-22%.1000 дәннің салмағы 27-40 г. Күріш – суармалы егіншіліктің өте жылу және жарық сүйгіш, қысқа күн өсмдігі. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 90-130 күн.
Көгі жоғары температураның өзінде де 10-15 күнде пайда болады, ал түптенуі көк шыққаннан 20-30 күннен кейін басталады. Демек, күріш танаптың өте таза болғанын қалайды.
Дақылдың көктеуден кейінгі өсіп жетілуі 25-30 ˚Стемпературада өтеді. Ол суда бастырылыпы тұратындықтан,күннің 37-40˚С ыстығын жақсы көтереді.
Күріш температураның күрт ауытқуын нашар көтереді, ал 1˚С үсік оның барлық өсі кезеңдерінде зиянды болып келеді.
Дақыл суды көп қажет етуімен ерекшеленіп, үнемі суда бастырылып немесе ауық-ауық суарылып өсіріледі. Суырылмай жылдық жауын мөлшері 1000-2000 мм болатын елдер немесе аймақтарда ғана өсірілуі мүмкін. Транспирациялық коэффициенті 700-800.
Күріш дақылына қара және сазды топырақтар, суды жақсы ұстап тұратын органикалық заттарға бай өзен және өзен маңындағы аңғарлар топырақтары жақсы болып есептелінеді. Күрішке батпақтанған және де ұзақ уақыт су ұстап тұра алмайтын құм топырақтар жарамсыз. Оған ерітіндісінің реакциясы әлсізқышқылды топырақ (pH 5.7) қолайлы,бірақ орташа тұзданған топырақтарда жаман өспейді [2].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет