Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік


Жүгіру техникасының негіздері (6-прак)



бет10/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65
Байланысты:
Жеңіл атлетика

Жүгіру техникасының негіздері (6-прак)

Жеңіл атлетикалық жүгірудің түрлері, алдыңғы тақырыптарда айтылып кеткендей, бірнеше түрге бөлінеді:



    • қысқа қашықтыққа жүгіру;

    • орта және алыс қашықтыққа жүгіру;

    • өте ұзақ қашықтыққа және марафон жүгіру;

    • эстафеталық жүгіру;

    • кедергілермен жүгіру;

    • бөгетпен жүгіру (стипл-чез).

Жеңіл атлетика – ежелден келе жатқан спорттың бір түрі. Жеңіл атлетика түрлерін адам пайда болғаннан бері бар деседе болады. Адам өмірі тез жүгіре білу, әр түрлі кедергіден секіре, дәл және тура лақтыра алу, дәл тигізе алуға байланысты болды.
Ежелгі грек аңыздарына тоқталатын болсақ, бірінші сайысты Геракл Авигем патшаны жеңген кезде ұйымдастырды. Тәртіп бойынша, Геракл сөре басталатын жерді белгілеп, 600 қадам өлшеді, ол жер мәре деп аталды.. Бұл қашықтық стадионның ұзындығы болды, стадиа деп аталды (192,27м).
Ежелгі ең алғашқы олимпиадалық ойындар, әлі күнге дейін сақталған, сол заманғы жазбалар бойынша, біздің заманымызға дейінгі 776 жылдарға сай келеді. Басқа деректерге сүйенетін болсақ, Олимпиада ойындары біздің заманымызға дейінгі 1580 жылдары өткізілген. Осы мәлімет ең атақты атлет Поплиоса Асклепидесаның жазбаларында көрсетілген. Соңғы жүгіру сайысы бойынша екі стадиаға жүгіру ережеде болған, ал, біздің заманымызға дейінгі 720 жылдары алыс қашықтыққа жүгіру ережесі қосылған (24 стадиа - 4614,5м).
Эстафеталық жүгірісте ежелгі сайыстардың біріне жатады. Египеттіктер өздеріне қуғыншы болып қызмет атқаратын желаяқтарды жалдаған. Ал гректерде «лампадериомас» немесе отпен эстафеталық жүгіру әйгілі болған. Топ құрамында 40 қатысушы болған.
Қазіргі заманғы жеңіл атлетиканың дамуы Жерорта теңізінен емес, Британ аралдарынан бастау алып отыр. ХІІ ғасырда Лондондықтардың жеңіл атлетикалық жарыс ұйымдастырғаны бар. Ондай жарыстар, әдетте, ипподромдарда немесе қалааралық үлкен жолдарда өткен. 1770 жылы сағаттық жүгірудің алғашқы нәтижесі белгілі болды - І7км 300м.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Англияда жеңіл атлетикадан әуесқойлар арасында жиі-жиі жарыс өткізіліп тұрды. Жеңіл атлетикадан Лондондағы жарыс қашықтығы ярд өлшем бірлігімен өлшенді (1ярд - 91,4см), ал, алыс қашықтықтың өлшем бірлігі ретінде миль алынды (1миль - 1609,34м). Бірақ, басқа елден келген қатысушылар қашықтықтың өлшем бірлігі барлығына метр жүйесіболуын талап етті. Осы талапты алғашқы Афинадағы Олимпиада ойындарында 1896 жылы орындата алды. Айта кетерлігі жеңіл атлетиканың жан-жақты дамып, биік шыңдарға жете бастаған
кезі осы ойындардан кейін болды. Жыл сайын көптеген елдер осы спорт түріне өздерін қосып, алғашқы болуға ат салысуда. Американдықтар, финдықтар, француздар, напондықтар, поляктар, немістер мен италяндықтар және жеке спортшылар мен басқа елдердің спортшылары жеңіл атлетиканың дамуына зор үлесін қосуда.
1928 жылы Олимпиада марапаттары үшін сайысқа әйелдерде қосылады. Әйелдер жеңіл атлетикасы қарқынды дами бастайды. Әйелдер жеңіл атлетика сайыстарына бұрын қатысса да, бірақ осы уақыт аралығында жақсы дами бастайды.
Жеңіл атлетиканың Ресейде дами бастаған кезеңін айтатын болсақ, «Әуесқой спорт үйірмесі» 1888 жылы Петербургтың қарамағындағы Тярлево деген жерде болған. Ұйымдастырушылар алдымен жүгіруді жарнамаласа, одан кейін жеңіл атлетиканың басқа түрлерін үйрететін бөлімдерін де ашты. Бір жылдан кейін-ақ заңды түрде жүгіруден жарыс ұйымдастырылды. Бірақ бұл оқиғаға дейін Ресейде жүгіруден жарыс ұйымдастырылған болатын. Англия мен Америка үлгісі бойынша Мәскеудің, Петербордың, Төменгі Жаңақаланың саябақтарында, қоғамдық бақтарда кәсіби желаяқтар және сол жерге күш сынасуға келген әуесқой спортшылар сайысқа түскен. Әсіресе, ол жерде қарапайым орыстардың дайындығы жоқ екенін білетін шетелдіктер болған. 1908 жылы Ресейде жеңіл атлетикадан елдің желаяғын анықтауға, ал 1913 жылы бүкілресейлік Олимпиада жарысы ұйымдастырылады. Ең алғаш орыс спортшылары Стокгольмде өткізілген V Олимпида ойындарында өнер көрсетеді, бірақ ол жарыс сәтсіз болды. 1910 жылы Ресейде алғаш бірнеше Петербор оқу орындарының студенттерінің қатысуымен жеңіл атлетикадан жарыс өтеді. Осы жылы Ресейде әйелдерге арналған алғашқы жарыс өтті.
1917 жылы революциядан кейін, 1918 жылы жарыс Мәскеуде өтті. Әрі қарай ресейде жеңіл атлетика дами түсті, оның себептері: әскерлер мен болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі негізгі спорт түрі болғандықтан және Қызыл әскер қатарына бару үшін осы спорт түрін жақсы меңгеру қажет болды.
Көптеген ұлы спортшылар сол уақытта пайда болды. Кеңес спортшылары әлем біріншіліктерінде өнер көрсетпесе де, олардың нәтиежелерінң көбісі еуропа және әлем рекордтарынан асып түсті.
Ең алғаш Кеңес спортшылары заңды түрде 1952 жылы Олимпиада ойындары мен Еуропа біріншіліктеріне қатыса бастады. Сол жылдан бастап Кеңес спортшылары сәтті өнер көрсете бастады.
Осымен жеңіл атлетика жайлы шағын тарихымызды аяқтаймыз, әрі қарай жеңіл атлетиканың түрлерінің тарихына тоқталатын боламыз.
Жүгірудің түрлерін үйретуді орта және алыс қашықтыққа жүгіру техникасынан бастаған жөн. Осы түрлерде жылдамдық аса жоғары болмағанымен, жүгіру техникасы мұқият сақталады.
Жүгіру техникасы әр түрлі факторларға байланысты, олардың ішінде ең маңыздылары:
спортшының ерекше бейімі;
спортшының физикалық дайындығының деңгейі; жүгіру қашықтығы;
жүгіру орындалатын кеңістік; жергілікті жердің конфигурациясы; ауа райына байланысты.
Спортшының ерекше белгілері мен бейіміне 1) аяқтың ұзын болуы; 2) мықындағы, тізедегі сіңірлердің қозғалу жылдамдығы;

  1. бұлшық еттегі ақ және қызыл еттердің сапасы, бұл дене сапасына жылдамдық және күш жатады.

Дене сапасының дайындығының дәрежесі жоғарылаған сайын, жүгіру техникасы да жақсара түседі. Уақыт формасын үнемдей біледі.
Жүгіру жылдамдығы бірінші кезекте жүгіру қашықтығына байланысты.
Жарыс өтіп жатқан жол жүгіру техникасына әсер етеді. Әр түрлі сапада жабдықталған жарыс орны жүгіру техникасына өзгерістер енгізеді. Жергілікті жерде, тауда және тау астында
жүгіруде, әр түрлі бұрылыстарда жүгіру техникасының өз талаптары бар. Тіпті стадиондағы тегіс жолда жүгіру техникасына үлкен өзгеріс әкеледі. Спорт алаңдарында жүгіру техникасына бұрылыстарға және төселген жабдыққа аса назар аудару қажет, себебі стадиондар мен спорт кешенінде төселетін жабдықтарда үлкен айырмашылық бар.
Ауа райы құбылыстары да жүгіру техникасына ашық жерлер де әсер етеді. Желдің бағыты жүгіру техникасына бір жағынан пайдалы болса, екінші жағынан теріс әсер етеді. Жауын-шашындар, ауа температурасы, бұршақ барлығы жүгіру техникасын бір мезетте өзгертіп жібереді.
Жүгіру техникасына әсер ететін аталмыш факторларға әр бір бөлімде тоқталатын боламыз. Сонымен қатар олар спринтерге, орта қашықтықты желаяққа, стайерге, марафоншыға, кедергілерден жүгірушілерге қалай әсер ететінін айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет