Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік



бет12/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65
Байланысты:
Жеңіл атлетика

Қашықтық бойынша жүгіру.Тік жолақтағы жүгіру техникасы мен бұрылыстағы жүгіру техникасының қашықтығында айырмашылық бар. Жақсы жүгіру техникасы келесі негізігі белгілерге сүйенеді:

  • дененің алға қарай аздап еңкеюі (4 - 5°);

  • иық бойы босатылған;

  • жауырын аздап шығыңқы;

  • бел сәл бүгілген;

Осындай белгіде тұру- жүгірудің ең негізгі тәсілі, бұлшық еттердің шамадан тыс салмаққа ие болуына мүмкіндік бермейді.
Жүгіру уақытында қолдар 90° бүгілген, саусақ бүгулі. Қолдың қимылы маятниктің қимылына ұқсайды, бірақ осы тұрғыда иықты көтерудің қажеті жоқ. Қолдың қимылының бастауы: 1) алға – ішке, қол алға қарай қимылдағанда кеуде тұсына жетеді; 2) артқа – сыртқа, қолды жан-жаққа немесе артқа жібермеу. Негізі қолдың барлық қимылы арқылы жүгіру бағыты айқындалады, жоғарыда айтып кеткендей қолдың қимылы жан- жаққа немесе артқа жіберілген жағдайда дене бұрылып, уақыт және күш жағынан ұтылып қалады. Иық сүйектерінің қимылы жүгіру жылдамдығына байланысты. Жылдамдық жоғары болған сайын иық қимылында мықты энергия бола түседі. Қолды алдыңғы және артқы жақтан жоғарыға, өте биікке сермеу қате болып табылады. Иық сүйегінің амплитудасын шынтақтың қимылы арқылы анықтауға болады. Шынтақ пен қолдың қимылы жоғарыға қарай өте биік көтерілсе, бұл амплитуданың шекарасы болып табылады.

Аяқтың қимылдау техникасын табанның тірекке қойылған кезінен бастап қараған жөн. Орта және алыс қашықтыққа жүгіргенде табан сырт жағына, әрі ұшы жағына қойылып, аяқ қойған кезде барлық табан жерге тигізіледі. Табандар бір-біріне қатар қойылып, екі арада бір табан қашықтық болады. Тізе табанды қою уақытында аздап бүгулі болады. Аяқ тірекке майысып ыңғайлы қойылады. Төсенішке аяқты қою жүгіру жылдамдығына байланысты. Жүгіру жылдамдығы жоғары болған сайын, аяқ проекциядан неғұрлым алысырақ қойылады. Бұл қимылды серіппемен теңеуге болады. Кейін кері ықпал алу үшін аздап итеріледі де,осы сәтте қарсы нәтиже байқалып, сығылған дене нүктесі өзгереді. Желаяқ өзін қысылып тұрған, денені қатты итеретін серіппе сияқты сезінуі қажет. Біраз жүгірген соң бірінші мықын бөлігі, содан соң тізе бөлігі, осыдан кейін ғана табан жақ белсенді түрде түзеледі.


Итерілу уақыты жүгіру техникасында басты элемент болып табылады. Күштің мықтылығынан жүгірудің жылдамдығы арта түседі. Итерілу бұрышы өткір болған сайын, итерілу мықтылығы жылдамдықтың жоғары болуына жол аша түседі. Орта қашықтыққа жүгіруде итерілубұрышы 50 -55° болса өте ыңғайлы. Алыс қашықтықтарда ол шамамен арта түседі. Итерілу тек қана алға бағытталып, дененің (дененің арқа жағы) иілуімен сәйкес болады. Жүгіруде дененің иілуі шамамен 2 - 3° өзгереді, итерілу уақытында артып, ұшу уақытында кемиді. Бастың орналасуы дененің орналасуына әсер етеді. Бастың алға қарай қатты иілуі дененің төмен қарай шамадан тыс иілуіне, кеуденің қатты қысылуына әкеледі; ал, басты артқа қарай жіберу иықты артқа қарай тарту, итерілуді шектеуге, арқа бұлшық еттерінің қысылуына әкеледі.
Белсенді әрі ыңғайлы итерілу жолдары: аяқты алға, бос, көтеріп тастау, шешуші уақытта жақсылап итерілу.
Төсеніштен аяқты алғанда, балтыр мен сан арасы бүгіледі, мықын алға қарай қисық қимылдайды, өкше тірекке паралель орналасады. Артқы аяқтың бүгілу бұрышы желаяқтың табиғи ерекшеліктері мен жүгіру жылдамдығына байланысты; жүгіру
жылдамдығы артқан сайын тізе бүгіле түседі. Бұл фазада итерілуге қатысып жатқан бұлшық еттер бос болады. Артқы аяқ пен мықынның қимылынан кейін, ол аяқ алға және жоғарыға итеріліп қойылады. Тіректен итерілген аяқ түзелгенде, артқы аяқтың өкшесі алғашқы аяқтың мықынына паралель болады. Мықынның белсенді қимылынан кейін, алдыңғы аяқ жерге жіберіледі, оның өкшесі алға шығып, табанның алдыңғы бөлігі қойылады. Артта қалған аяқ тез әрі жылдам алға қарай ұмтылады. Есте сақтау қажет: ауысу уақытында сан мен балтырдың арасының бүгілуі, маятниктің ұзындығын қысқартуға және аяқты ауыстыру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Бұрылыстарды (вираж) жүгіргенде желаяқтың қимылы:

  • аздап солға қарай еңкейеді (бұрылыс ортасына);

  • қимыл амплитудасы сол жақ қолы оң жаққа қарағанда шағыңқы;

  • оң жақ иық аздап алға қарай шығыңқы;

  • сол жақ адымның ұзындығы, оң жаққа қарағанда қысқарақ;

  • оң жақ аяқтың сілтеу қимылы ішке қарай бұрыңқы;

  • оң жақ аяқтың табаны ішке қарай бұрылып қойылады.

Орта қашықтықтағы жүгіру жылдамдығының өсуі адымның ұзындығының артуына байланысты шектеулі, себебі өте үлкен адым көлемді энергияны талап етеді. Желаяқтарда адым ұзындығы табиғи ерекшеліктері мен қашықтыққа байланысты орта есеппен 160 – 220 см болады. Жүгіру жылдамдығы, әдетте, адымдардың жиілігініңарқасында өседі, егер адымның ара қашықтығы бір қалыпты сақталса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет