Споттық жүрудің жеңіл атлетиканың бір түрі ретінде пайда болуы мен қалыптасуы ХІХ ғасырдың ортасында басталды. Ең алғашқы жарыс Англияда 7 мильді жүріп өту 1867 жылы болды.
Алғашқы ұзақ қашықтықтағы жүрудің дистанциясы Вена – Берлин – 578 км; Париж – Бельфор – 496 км; Турин – Марсель – Барселона – 1100 км. Ол 1908 жылғы Олимпиада бағдарламасына 3,5 және 10 шақырымдық спорттық жүруді енгізгенше жалғаса берді.
Екінші кезең: 1908 жылдан 1932 жылға дейін жалғасын тапты. Бұл уақытта спорттық жүріс олимпиада ойындары түріне енгізіледі. 1932 жылы Лос – Анджелестегі олимпиадалық қашықтық 50 км болып енгізілді.
Әлемдік рекордтар: 1918ж – 20 км тіркелсе, 1924ж – 50 км тіркелді.
Үінші кезең – 1932 – 1952 жылдары жаттығудың қызған кезі. Әр түрлі заманға сай әдістермен жаттықтырады.
1964 -1976 жылдары спорттық жүру біраз елдерге тарады.. Мысалы: Африка, Азия, Латын Америкасы, Шире кешенді әдіс – тәсілдер жүйелі түрде қолданылды. Спорттық жүріске дайындалатын адамдар саны көбейе түсті.Әр түрлі сатыдағы спортшылар дайындала бастады. Осыдан бастап спорттық жүруді нәзік жандыларда меңгере бастады.
1892 жылы Ресейде алғаш рет спрттық жүрістен 1,3 және 10 шақырым қашықтықтажарыс өтті. 1894 спорттық жүрістен жарыс Петербург пен Царское село арасындағы елді - мекендерде өтті.
1946 ж спорттық жүріс бойынша 50 км қашықтыққа алғашқы жарыс өтті.
1952 ж Кеңестік тезжүргіштер Олимпиада ойынына қатысып, шет ел спортшыларына кәдімгідей қарсыластық танытады. Әр түрлі дәрежедегі медальдарды жеңіп алады.
Спорттық жүру әдісінін негізі адамның күнделікті жүрісіне ұқсас,бірақ кейбір ерекшеліктері бар. Олар жоғарғы жылдамдықпен қозғалу, жерге қою сәтінде аяқтың толық түзетілуі,жамбас қозғалысының анық байқалуы (әсіресе, тік білек бойымен қозғалғанда).
Жарыстарда аяқты бүгіп жүру әдісін тіреу кезінде қолдануға болады, бірақ тіреу кезеңінде аяқ тік болу керек.
Спорттық жүру мен қарапайым жүрістің көптеген ұқсастықтары бар. Сонымен қатар координациялық күрделігімен, тиімділігімен, үнемділігімен ерекшеленеді.Жалпы теориялық әдістемелік талапқа сай болу қажет, яғни спорттық жүрушінің қозғалысы үнемді, нәтижелі болған абзал. Спорттық жүрудің негізгі айырмашылықтары:
жоғары жылдамдықты қозғалыс;
минутына 200-ден астам адымға жететін қозғалыс;
адымның ұзындығы 100см-ден асады,
-вертикальді осьтің айналасында жамбастың қазғалысы;
-қолдардың алға-артқа белсенді қозғалысы.
Ғылыми зерттеулер жүру техникасының негізгі сипаттамаларын анықтады:
-кеуденің иілу бұрышы және дененің вертикальді теңселу көлемі;
-адымдардың жиілігі мен ұзындығы және олардың жүру жылдамдығына байланысты;
-жүрудің фазалары мен кезеңдері;
Жылдам жүрушілерде көп кездесетін қателер- жарыстан шығарылатын қателер, аяқ тік кезінде түзетпеу және ұшу фазасының байқалуы, тірексіз қалыпта қозғалыстың болуы. Спорттық жүруде жоғарғы нәтижеге жету үшін созылған бұлшық еттерді босата білу керек, ол жоғарғы нәтижеге жету сатысы болып табылады.Спорттық жүру жоғарғы жылдамдықпен орындалса да,адымды алшақ қойған абзал,бірақ адымды мейлінше созу көп күшті талап етеді, сонымен қоса, жүру әдісі нашарлап, көрсеткіш төмендейді.
Жерден табанмен итерілгеннен кейін аяқтың сирағы жоғары көтеріледі.Сермелетін аяқтың табаны жерден сәл көтеріледі. Осы қалыпта қозғалысты жалғастырып, аяқты саннан жоғары көтеріп, тізе буынынан алға қозғайды.Керекті биіктікке жеткен кезде, сермелетін аяқ толық түзетіледі.Бірінші кезеңде жермен байланысты өкшеден бастайды, ортаңғы қозғалу сызығынан аз аралыққа қойылады.Содан кейін жүруші аяғынкөп жағдайда табанның сырт жағындағы дөңес жеріне қояды, кадрда
табан толық қойылып, тік момент фазасына келеді.Осымен итерілу периоды аяқталады.Қозғалыс табанның ұшына қарай сырғиды, осы уақытта итерілу аяқталып, бірақ, аяқ жермен байланыста болады,екінші аяқ жерге өкшемен тиіп үлгереді.Бір уақытта жүруші екі нүктелік қалыпта болады. Алдыңғы аяқтың жерге қысымы (алдыңғы тірек) артқы аяққа қарағанда көбірек байқалады (А.Л.Фруктов; Н.П.Ратoв;В.Н.Муравьев 1969 жыл).
Екі тіректегі қалып ұзақтық жағынан бір аяққа тұрған тірекке қарағанда бірнеше рет аз. Қозғалыс кезінде жылдамдықтың өсуі екі тірек қалыптың азаюна әкеледі.Бұл екі тірек және бір тірек қалыптың азаюна әкеледі.Бұл екі тірек қалпындағы уақыттың азаюы арқылы іске асады.Бірінші тіректегі уақыт қалпы аз мөлшерде ғана өзгереді.Екінші тіректегі уақыт қалпы қозғалу жылдамдығына байланыста (Л.А.Головин; Л.Г.Кучин; В.С.Фарфель).
Жоғарыда айтылғандай, спорттық жүру өкшенің жерге тию кезінен (алға) тік кезіне дейін түзелген қалыпта сақталады және аяқ тек тіректен алу кезінде бүгіледі.
Спорттық жүруде тік қалыпта теңселуден сақтану керек, әсіресе, жанына қарай шайқалудың негізгі себебі аяқты екі параллель сызыққа қоюына байланысты.Осы қатені болдырмау үшін жүрушілер табан ұшын алға және сырт жаққа бағыттай қояды.
Спорттық жүруде дене қалпы тік болады.Бірақ жүргенде алға-артқа ауытқу байқалады.Денені сәл артқа шалқайту итерілу фазасын жақсартады,ал денені көп алға енкейту бұлшық еттерге елеулі күш түсіреді.
Егер де жүрушірлердің қозғалысын жоғарыдан қараса, біз иық иілуінің және жамбастың қарама-қарсы жаққа бұрылғанын байқаймыз. Қолдың қозғалысы аяқ пен жамбасты үйлесімге келтіреді.Жамбастың тік білек бойымен қозғалуы спорттық жүру әдісінің негізі жамбастың алға, артқа белсенді қимылдауы.
Жүруші әдісін алдынан қарағанда сермелетін аяқтың тізесі тік қалыпта тіректегі аяқ тізесінен төмен болады.
Спорттық жүруде барлық бұлшық еттер,әсіресе, аяқтың бұлшық еттері белсенді қызмет атқарады, әр сәтте керекті бұлшық еттер жұмысқа қосылып, ал басқа бұлшық еттер босаңқы күйде болғаны абзал, әйтпесе, қозғалыстың үнемділігі азаяды және дұрыс қарқынмен қозғалу қиындайды. Қолдың қозғалысы спорттық жүруде өте маңызды. Біріншіден, тепе- теңдікті ұстау үшін қажет, жүрушілер тік кезінде қолды бүгіп, сүйір бұрышпен 66-108° ұстайды, иық және шынтақ тұрақты қалыпта байқалмайды және әрбір адым сайын өзгереді.
Қолдың қалпы тік кезінде көбірек бүгіледі.Егер де спорттық жүрушіні алдыңғы жағынан қараса, қолдың қозғалысы алға іш жаққа бағытталады, ал артқы жағынан қараса іш жағына қарай қозғалады. Қолдың саусақтары әр жүру уақытында босаңқы ұсталады.
Спорттық жүруде жоғарғы жылдамдықпен келе жатқанда қолдың қозғалысын бір қалыпта, жұлқыламай қозғалту абзал, жақсы әдісті меңгерген спорттық жүрушінің қозғалысы босаңқы,жұмсақ бір қалыпты қозғалады, спорттық жүру әдемі табиғи қозғалыс болып есептеледі.