Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік


Жоғары оқу орындарында дене шынықтыру мамандарын дайындаудағы «Жеңіл атлетика» курсының тапсырмалары мен мазмұны: (2-ЛЕК)



бет6/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Жеңіл атлетика

Жоғары оқу орындарында дене шынықтыру мамандарын дайындаудағы «Жеңіл атлетика» курсының тапсырмалары мен мазмұны: (2-ЛЕК)
Жеңіл атлетика - дене шынықтыру маманын дайындау барысында және осы мамандықта оқымайтын студенттерді дене тәрбиесіне тәрбиелеу барысында оқу тәртібі сияқты маңызды рөлдердің бірін атқарады.
«Ж е ң і л а т л е т и к а» курсының негізгі міндеттері төмендегілер болып табылады:
-дене шынықтыру факультетінің студентеріне теориялық білімін меңгерту;

  • жеңіл атлетика түрлерінің техникасын үйрену үдерісінде қажетті ептілік пен дағдыларды игеру;

  • техникалық элементтерді орындағанда, сенімділікті, қателікті түзете білуді қалыптастыру;

  • оқу жүйесін дұрыс қалыптастыру және үйрету;

  • жоғары спорттық нәтижеге жету үшін және қозғалыс техникаларын тиімді үйрену үшін қажетті физикалық сапаны дамыту;

  • жеңіл атлетикада бапкерлік қызметтің машықтары мен ептіліктерін қалыптастыру.

«Жеңіл атлетика» курсының мазмұнына жеңіл атлетика түрлерінің техникасы, арнайы жаттығулар кіреді.
Жүйелі түрде жеңіл атлетика жаттығуларын үйрету тәсілдері мен техникалары қарастырылады. Спорттық жаттығулармен қатар теориялық және практикалық үлгілері көрсетіледі. Жеңіл атлетика курсына қатысқан адамның өмірге деген құштарлығы оянып, сал адам ауруын ұмытып кетеді.
Техникалық қимылды топтау. (2 прак)
Қимыл күші, құрылымы, фазасы (3-прак)

Адамның кез келген қимылы, белгілі бір қозғалу әрекеттерінен тұрады.


Биомеханикада қозғалыстың екі түрі бар: 1.Барлық биожүйенің бір нүктеде орналасуы;
2. Дененің деформациясы, жалпы массадан дененің бір біріне белгі беруі немесе қысылуы.
Адам бір- біріне ұқсамайтын, бір- бірін қайталамайтын әр түрлі қимыл қозғалысты іске асыра алады. Адамның қимыл қозғалысын тура, сол адамдай қайталау мүмкін емес, тіпті, сол адамның өзі екінші рет қайталай алмайды.Бұл, алдымен, буындардың құрылысына, бұлшық еттердің орналасуына,
орталық нерв жүйесінің белсенділігіне және басқа да факторларға байланысты болады.
Сәби дүние есігін ашқаннан бастап, біз баланың еңбектеуін, жүруін, жүгіруін күтеміз. Баланы еңбектеуге бізүйретпейміз, тек бақылаймыз. Алғашқы басқан қадамында біз үйретпейміз, ол туа бітетін қасиет. Ал жүгіру ше? Егер балаға жүгіруді үйретпесек, уақыт өте келе ол өзі үйренеді. Осылайша, қозғалыс техникасы туа біткен немесе жүре болған деп бөлінеді. «Қимыл техникасы» терминінің ең қарапайым анықтамасы бұл – қозғалыс міндетін мақсатты шешетін белгілі бір қимылдың жүйесі.
Кейбір қимылдарда осы жетекші элементтерсіз қимыл іске аспайтын екі топқа бөлінеді: негізгі және басты.
Барлық қимыл қозғалыс жылдамдату мен жылдамдық кеңістікте іске асырылады. Бұл кинематикалық құрылымда байқалады.
Бірақ осы қимылдар қалай іске асады? Бұл сұраққа жауапты динамикалық құрылымнан алуға болады. Бұл құрылым ішкі және сыртқы мінезді қалыптастырады.
Динамикалық және кинематикалық құрылымдардың өзара байланысы ритмикалық қимылдың құрылымын анықтайды.
Дененің орналасуы бастапқы қимыл мен қозғалысты айқындайды.
Қимыл траекториясын сипаттағанда, обьектіні дұрыс таңдай білу маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет