Ішкікүштерге:актив және пассив қимыл қозғалыстар жатады.
Бұлшықеттіңтартукүшіэнергия көздеріне қызмет етеді. Спортшының тұрысын сақтайды немесе өзгертеді, қимылды бағыттайды.
Бұлшық еттің тарту күшінің көлемі мыналарға байланысты:
механикалық
анотомиялық
физиологиялық
Пассив күштергесерпімдідеформациякүшіжатады(сіңірлер, сіңір созылғанда серпімді күш беруі мүмкін).
Барлық қимылдар анықталған жылдамдық пен ішкі, сыртқы күштердің өзарабайланысуымен кеңістікте және уақыт бірлігінде жұмыс атқарады. Бірақ бұлар тек қана құрамды элементтері, ал белгілі бір техника пайда болуы үшін белгілі бір ритмикалық құрылым құру қажет. Кинематикалық және динамикалық сипаттарыныңжалпы қатынасын табу қажет. Мысалы: тірек пен ұшудың уақыты. Жүгіруде тірек уақыты мен ұшу уақытының арақатысын 1:1 десек , онда ол жүгіру емес, тіректе тоқтап секіру болып табылады. Тірек уақыты ұшу уақытынанан кем, олардың өзара ұтымды қатысы жүгіру техникасының визуальді бейнесін береді.
ІІ БӨЛІМ. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ТЕХНИКАСЫ (3-лек)
Спорттықжүру (4-прак)
Спорттық жүру -жүрудің спорттық түрі. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттық жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.
Жүру –адам қимылдауының табиғи тәсілі. Спорттық жүрудің жай жүруден айырмашылығы- жылдамдығы жағынан тезірек қимылдауы.
Спорттық жүру бір қалыпты сипатқа ие. Спорттық жүрудің ережелері шектеулі. Біріншіден, спорттық жүруде ұшу кезеңдері болмауы қажет, әрқашан жерменбайланысболуы қажет. Екіншіден, бірінші шектеуді орындау барысында, тігінен тұрған тірек аяқ тізе буынынан жазылуы керек.Спорттық жүруден қарапайым жүрудің айырмашылығы: жаяу жүрісте аяқты тізе буынынан бүгуге болады, ал спорттық жүрісте аяқ тік болуы қажет.
Спорттық жүрістің негізгі техникасы бірқалыпты қимылды құрайды, олекі адымнан тұрады, сол жақ аяқ пен оң жақ аяқтың адымы.
Ол қалып төмендегілерден құралады: а) жалғыз тіректің екі кезеңі; б) екі тіреудің екі кезеңі; в) сермейтін аяқты ауыстырудың екі кезеңі..
Спорттық жүрістің циклін алты шабағы бар дөңгелек түрінде елестетуге болады. Екі қос шабақ дөңгелекті екіге бөледі
- екі тіреудің кезеңі, екі жалғыз шабақосы жартыларды төртке
бөледі -жалғыз тіреудің кезеңі. Бір аяқтың жалғыз тірегінің кезеңі басқа аяқтың ауысу кезеңімен сәйкес келеді. Екі тіректі период өте жылдам болады, оны көбі байқамай қалады. Бір периодты тірек ұзағырақ болғандықтан екі кезеңге бөлуге болады:
алдыңғы тіректің қатты фазасы;
итеру фазасы.
Ауысу фазасы да екіге бөлінеді:
артқы адым фазасы;
алдыңғы адым фазасы.
Жоғарғы білікті жүрушілер адымдарының жиілігі минутына 190-нан 230 адымға дейінбарады. Адымның ұзындығы 95 см –ден 130 см -ге дейін болады. Осылардың барлығы спортшының аяғының ұзындығы мен бұлшық етіне тығыз байланысты.
Аяқ-қолдың қозғалысы,иық пен жамбастың көлденең осі- айқасқан, яғни оң аяқ алға жылжығанда ,сол қол алға жылжиды немесе керісінше.Омыртқа мен жамбас күрделі бір-біріне қарама-қарсы қозғалады.Итеру фазасының соңында жамбастың иілуі артады , ал тік тұрған кезде аяқтардың ауысуы барысында азаяды.Жамбастың ілгері кейінді бағытқа ауытқуы тіректен итерілетін аяқтың санын артқа апаруға көмектеседі.Сондай-ақ, жамбастың көлденең осінің иілуі өзгереді: ауыстыру кезінде ол сілтейтін аяққа қарай түседі,ал қос тірек кезінде қайтадан түзеледі.Жамбастың мұндай сілтейтін аяққа қарай түсуі маятниктің қозғалысына байланысты. Бұл бұлшық еттерге, бағыттаушы санға(бедро), бойын еркін ұстауға көмектеседі.
Омыртқа да ауыстыру кезінде сілтейтін аяққа қарай иіледі, әрбір қадамда дененің кеуде тұсы күрделі, бір мезгілде қимыл жасайды, болмашы бүгіледі және жазылады, екі жақ бүйірге иіледі және кеудесімен бұрылады.
Қол мен аяқтың, иық пен жамбастың айқасып қозғалуы, сонымен қатарәрбір қадамдағы кеуде қозғалысы дененің тепе- теңдігін сақтауға көмектеседі.
Спорттық жүру кезіндегі қолдың қозғалысы адым жиілігін ұлғайтады, сондықтан иықтың жоғарғы жақ бұлшық еттеріне күш түседі. Әсіресе, арақашықтықтың соңғы жағында, шаршаған кезде көңіл аударуға болады.Қолдың қозғалысы былай жүзеге асады;қолдар шынтақ буынынан 90°-қа бүгілген,қолдың саусақтары жартылый бүгілген, иықтың бұлшық еттері босаңсыған.
Спорттық жүрудегі барлық қозғалудың негізі ол- тепе- теңдік әрекет күші, бағыты, қисық сызықты траекторияда байқалады және күш әсеріне тәуелді.
Итеру- бұл бұлшық еттің таза нәтижесі емес, бұлшық ет пен тірекке түсетін инерция күшінің өзара әрекеті.
Тірек неғұрлым қатты болса, итеру көлемі соғұрлым үлкен болады. Мысалы, екі тірек алайық: жүгіретін жол және тегіс жол. Жүгіретін жол тегіс жолға қарағанда қатты, демек, жүгіретін жолдағы тірек реакциясының күші көбірек болады.
Итеру күшінің көлемі:
дененің белсенді салмағының пассив салмағына карым – қатынасы (дененің белсенді массасы-бұлшық ет массасы, дененің пассив массасы - бұл спортшының қалған дене массасы).
Спорттық жүрісте итерудің күші өте маңызды.Спорттық жүруде аяқты тірекке қою бұрышы,сондай-ақ, осының нәтижесінде пайда болатын күш маңызды болып саналады. Сілтейтін аяқты қою бұрышы аяқтың тірекке жанасуы кезінде анықталады.Бұл шамамен айтылған көлем, бұрыш тірек реакциясы күшінің жылдамдығының векторымен және тіректің сызығымен дәл анықталады. Аяқты қою кезінде тірекке қысым түсіру күші әрекет ете бастайды және оған қарама-қарсы тіректің реакция күші пайда болады, олардың бағыттары мүлде қарама қайшы.Бұл күштер жағымсыз болып саналады, өйткені
жүрушінің қозғалысына қарсы әрекет етеді және қозғалу жылдамдығын азайтады. Жүру нәтижелі болу үшін оларды жою керек немесе мүмкіндігінше олардың жағымсыз әрекетін кеміту керек. Осыдан пайда болған ауырлық күші жылдамдықтың өзгеруіне әсер етпейді. Жағымсыз күштердің әрекетін үш түрлі жолмен қалпына келтіруге болады: 1) аяқ қою бұрышы 90° -қа жақындау, аяқ ДООпроекциясына мүмкіндігінше жақын болу керек, бірақ адым ұзындығы азаяды;2) аяқ қою амортизациясы, алайда жарыс ережесі бойынша аяқты тірекке тізе буынын бүкпей тік қою керек, яғни амортизация болмайды; 3) итеру фазасынан кейін аяқты тіректен алғаннан кейін сандардың тез түйілуі сілтейтін аяқтың инерция күшін арттырады.
Спорттық жүру кезінде ОЦМ қозғалысы түзу сызықты траекторияда емес, керісінше күрделі қисық сызықты траекторияны орындайды.
Тік тұрғанда теңселудің көлемі неғұрлым аз болса, соғұрлым спорттық жүрудің техникасы тиімді болады. Осылайша, спорттық жүрудегі қозғалыс жылдамдығына әсер ететін факторлар анықтадыды.
Жағымдыфакторларғатөмендегілержатады: