Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік



бет27/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65
Байланысты:
Жеңіл атлетика

«Аяқты бүгіп» секіру әдісі. Бұл әдіс өте қарапайым және қолдануға қолайлы, өйткеніжаңадан секірушілер алдын ала көрсетпей-ақ, ұзындыққа секіруде осы тәсілді қолданады. Адымдау жағдайында итерілгеннен кейін артқы қалдырылған аяқты алға қарай тартып, екі аяқты да кеудеге жақындатуы керек. Денені бұл жағдайда алға қарай июдің қажеті жоқ. Жерге түсер алдында шамамен 0,5 м дейін аяқтар түгелдей тік қалыпқа көшіріледі. Қол басталған қозғалысты жалғастыра отырып, алға – артқа қарай түсіріледі. Осы қозғалыс жерге түсер алдында тізені дұрыстауға және тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Секірудің елеулі кемшілігі, ұшқаннан кейін алға қарай айналу сәтін ұлғайту болып табылады. Итерілуден кейінгі аз ғана мөлшердегі айналу елеулі түрде күшейеді. Аяқты бүгіп және еңкейгеннен кейін, секіруші айналу радиусын азайтып, бұрыштық жылдамдық пен айналу сәтін арттырады, соның салдарынан тепе-теңдікті жоғалтады. Тепе-теңдікті жоғалтпаудың алдын алу үшін, денені тіктеу мен қолды жоғары көтеру бұл тәсілде ұзындыққа секіруді барлық тәсілдеріне қарағанда тиімсіздеу.
Иіліп ұзындыққа секіру тәсілі. Бұл секіру мынандай жағдайда орындалады: «адымдап» келіп ұшқан секіруші серпілген аяқты төмен артқа түсіріп, осы сәтте сәл ғана алға қарай жылжыған итерілген аяқ тізе буынынан иіледі.Сол сәтте жамбас алға жылжып (ДМОК салыстырғанда) секіруші бел және
кеуде тұсынан бүгіледі. Бұл қозғалысқа жартылай бүгілген қолды екі жағына немесе артқа – жоғары қарай жіберу жағдай туғызады. Иілген секіруші шамамен ұшу жағдайының жартысын ұшып өтеді. Осындай жағдайда секіруші бір сәттік үзілісті сезінеді.
Дененің созылған бұлшық еттері әдемі иілуге мүмкіндік береді және жерге түсу үшін аяқты жеңілдетеді. Тізеден бүгілген аяқтар тез артқа алға қарай жіберіліп, дене алға қарай иіледі, ал қолдар алға – артқа қарай түсіріледі.
Егерде секіру техникасы жетілдірілсе, итерілу техникасы бұзылмастан орындалып, ұшу кезіндегі иілу мен жерге түсу дайындалу өз уақытында орындалады, олай болса бұл тәсіл неғұрлым тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет