Жиырма мыңжылдықтың кұпиясы: ізденістер мен ашылымдар



Дата10.05.2022
өлшемі18,58 Kb.
#33904
Байланысты:
эссе 10Б


№7 Қарсыбай Сыпатаев атындағы

IT мектеп – лицейі



Жиырма мыңжылдықтың кұпиясы: ізденістер мен ашылымдар

Сапаралиева Аяулым Бауыржанқызы

10«Б» сынып оқушысы

8705 483 65 87

saparalieva1610@gmail.com

Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар

Адамның рухани ізденіс-сілкіністері

үш-ақ сауалдың аясына сияды

Не біле аламын? Не істеуім керек?

Үміт артарым не?

Асқар Сүлейменов

Өткен жылдың наурызының үшінші жұлдызында Елбасы кітапханасында Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Тұран университетінің ректоры, профессор Рахман Алшанұлы ілім - ғылымға байланысты кітабын жарыққа шығарды. Рухани жаңғыру аясында Елордада өткізіліп отырған бұл тұсаукесерде қалың жұртқа таңсық келген апаттар, метеориттер туралы сөз қозғалды. Өз сөзінде атап өткендей, бұл кітап – жай ғана зерттеу емес, ғылыми және әдістемелік үйлесімділігі ұштасқан, практикалық зерттеу.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бакытжамал ашып берсе, сөз кезегі профессор, технологиялық ғылымдар докторы Жапаров Барыс Әбікенұлына ұсынылды. Аталмыш шара аясында шығыстанушы, дінтанушы, жазушы Дербісәлі Әбсаттар және Жиенқұл Серғазы кітап туралы өз ойларын жеткізіп, жылы жылы лебіздерімен бөлісті. Осы тұрғыда Барыс Жапаров: «Рахман Алшанұлы осы кітабында көп жайттардың тереңіне үңілген. Бірнеше ғылымның басын қосқан бұл еңбекте Авеста шығармасына ерекше көңіл бөлінеді. Байырғы заманның дүниетанымы мен құбылыстарын дәлелдеген бұл шығарылымның пайдасы зор»,- деп ойлаймын.Ал Әбсаттар Дербісәліұлы: «Алдымен екі тілде жазылған кітап құтты болсын. Кітап Зороастризм мен Авестаға арналған екен. Оның ішінде Авеста шығармасының түркі тілдес ел, оның ішінде қазақ даласымен де байланысты екендігі дәлелденген. Рахман Алшанұлының өзі де түртіп кеткендей: « Менің зерттеулерімнің бәрі түптің түбінде Авеста шығармасына бір ақ әкелді. Ғалымдар Авсетадағы біраз жайт Қазақстанмен байланысты деген сөзінің жаны бар болып шығыпты.

Білім инемен құдық қазғандай. Білімнің шыжығы ізденіс болса, қызығы жетістік. Адам ой санасы мен білімінің толасының тоғысқан жерін ғылыммен ұштастырып, ашылым жасайды.Мына дәуірде құпиясы терең бойлаған, жауабы әлі табылмаған жат дүние көп. Бүгінгі аталмыш еңбекте табиғи апатқа әкеліп соққан 22 000 жыл бұрын орын алған метеориттік шабуылдаржацында пайымдаған.Сондай ақ әлемнің түрлі зерттеушілерінің еңбектері жан жақты талқыланып, мифтер,аңыз әңгімелер де есекерілген. Қазақстан дерәне де қатысы бар бұл апаттар фактілермен дәлелденіп һәм мифтерменмен қамтылған. Қажырлы еңбек пен мойымас талапты қажет еткен бұл еңбектің ішінде бес түрлі ғылым көрініс тапқан. Осы орайда мынадай көкейтесті сұрақ туындайды; Тарихқа осылай жер жаҺанды дүбірлеткен ашылым енгізудің қызығы мен шыжығы қандай? Мынау дамыған ғасырда дүр сілкіндіретін жаңалық ашу мүмкінбе, қандай ғылым саласында жеңілірек?

Жалпы жетістік ол өзіңнің ізденістеріңнен, мақсатарыңнан басталады. Адам баласының өмірінің мәні оқу дей келе, ізденістердің қызығы бойымызды білім нәрімен сусындатып,пайдалы ақпарат алу. Әрбір істің өзіндік ауыртпашылығы бар, дәл солай бір жаңалық ашу үшін көптеген уақыт пен қайрат қажет. Мысалы 2015 жылы бастау алған бұл ғылыми жоба төрт жыл бойы қаралып, бір жыл ішінде сұрыпталып жарық көрген. Жарық көрген авторлық туындының ішінде 80% мағлұматтар теориялық түрде, оның ішінде 50% астрономия, 20% дүниежүзі тарихымен байланысты болып келеді. Бір саламен екінші саланы қиыннан қиыстырып, жүйелеп жеткізу, әрине, оңай емес.

Ғылым мен технология дамыған заманда жаңалық енгізу, халықты таңқалдыру мүмкін емес. Дегенімен де қыр сыры ашылмаған тылсым дүниелер көп. Теориялық түрғыдан алғанда физика ғылымында жаналық ашқан оңай. Мысалы: егер жер шеңбер тәрізді болатыни болса, біздің төбемізде немесе астымызда халық орналасқаныма? Ал практикалық тұрғыдан алғанда география ілімі оңай. Мысалы; белгісіз себептермен көп кеме жоғалып кететін Бермуд үшбұрышы. Қарап отырсақ мына ғасырдада үлкен өзгеріс енгізу мүмкін деген тұжырымға келе аламыз.



Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қоятын болсақ жетістіктер мен ашылымдардың түп тамыры ізденіс. Жазылған мағмұматтарды жүйелей келе мынадай ойтоқтамға келуге болады; қай ғасырда болмасын ашылулар өз қадірін жоғалтпайды, онын куәсі ізденіс болып келеді. Өткен заманнан жеткен мәліметтер алдағы мыңжылдықта жаңа теориялардың негізін қалауы әбден мүмкін. Тоғызыншы ғаламшардың құпиясы, шексіз кеңістік, географиялық жағдай барлығы тарихи тұрғыда зерттеліп, бір бірімен астасып жатыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет