25
Белгілі ақын, жазушы Әбілда Аймақ бала күнінен қиын
қыспағына ала беретін тұрмыс тауқыметіне еш мойымаған екен.
«Қайта, әр қиыншылықты қайратым мен жігерімді жанып алудың
орайы деп білемін. Тұрмыстағы жетіспеушілік жаратушының
шығармашылық адамына берген сынағы. Оны сүрінсін деп
бермейді. Жігері шыңдалсын деп береді...», –дейтұғын еді ол кісі.
«Жақсы жазушы болу үшін – бақытсыз балалық шақ керек...»,
– деген екен бір дaнышпан. Расау! Әбекеңнің өмір кешірмелері
де дәл осы даналық ойды дәлелдеп тұрғандай. Талант иелерінің
тағдыры тартысқа толы, тайғақ кешулі болып келетіні баршаға
мәлім. Ақындық қасиеті бойына туа біткен Әбілда ағамыз да осы
жазмыштың дәмін бір кісідейақ татқан көрінеді.
Әбілда Аймақ – 1953 жылы қазан айының 25 жұлдызында
Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданы Темірлан
ауылы Ынталы елді мекенінде дүниеге келген. Бала күнінен
жетімдік тартып, жоқшылық пен жетіспеушіліктің сан түрлі
сынағына ұшырап, тұрмыстың таршылығын жиі көрген екен.
Көп адам қадіріне жете бермейтін орта мектеп партасына отыру
бақыты да ол кісіге бұйыра қоймапты. Сол кездегі «Коммунизм»
сегіз жылдық мектебін үздік бітіргенімен, әрмен қарайғы
оқушылық өмірге қош айтуға тура келеді. Әбекең бұдан әрі
қолына кетпенкүрек алып Қажымұқан атындағы кеңшарда қара
жұмысқа жегіледі. Еңбек жолын сушылықтан бастаған боз бала
егіншілікпен айналысып қара жердің қыртысын аударады. Қысы
жазы қой да бағады. Трактор да жүргізеді.
Өнерді, өлеңді жантәнімен сүйген ақын тағдыры тұрмысын
қаншама тарылтса да, қара жұмысты ақ тер, қара тер болып істей
жүріп шығармашылық қиялын ұштай береді. Сонымен қатар,
оқысам деген талабын тойтармайды, үмітін де үзбейді. Сегіз
жылдық мектеп партасынан кейін күндізгі оқу бөлімі бұйырмаса
да, білімге деген ынтасы зор, зерек ақын Темірландағы орта
мектепті сырттай оқып бітіреді.
Көзін алмай көк аспан гүлді өңірден,
Біздің жақта түспейтін түн де бірден.
Түндей тылсым жүрегім бұлқынатын,
Ұқсаймын деп ақыры күнге күлген...» , – деп жырлаған ақын
күндей күлген нұрлы болашағымды біліммен жарқыратсам,
кәсіптік деңгейде тәлім беретін оқу ордаларынан сабақ алсам
деп талпынады. Бұл талабына 1970 жылы қол жеткізеді. Ол
– Шымкенттегі музыкалық училище екен. Сонда жеке ән салу
мамандығы бойынша студент болып қабылданыпты. Таудай
Жүрегіне жыр
жүктеген
жан еді
талабы болғанымен, тұрмысындағы қол қысқалық тақымдай
берген өнер иесі ақыры екі жылдан соң аңсап жеткен бұл
арманынан да қол үзіпті. Күнкөрістің қамы үшін Бөген аудандық
мәдениет бөліміне жұмысқа орналасады. Сонда әнші, автоклуб
меңгерушісі болып сегіз жыл бойы қызмет атқарады.
Әбекең қара жұмыс майданында жүрсін, әншілікті кәсіби
деңгейде оқытатын білім ордасында болсын, ақындық шабытын
бір сәтке тежемеген екен. Қайта, өмірдің түрлітүрлі соқпақтары
қилықилы ойларға салғанын әңгіме ететін. Әдебиеттің әр қилы
жанрына қалам тербеуінің сыры да содан болар.
Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиев
Әбекең туралы сөз болғанда:
– Әбілда Аймақтың алдымен маған есімі ұнады. Әбілда
Тәжібаевтай ұлы ақынды берген қазақ халқына, қазақ өлеңіне
тағы да бір Әбілда келіптіау деген сезім болды алғаш. Өлеңдері
маған ұнады. Терең, қарапайым, тілге бай. Ойын айшықтап
жақсы айтады екен. Қазір жұрт өлең оқудан гөрі басқа кәсіпке
ауысыңқырап тұр ғой. Бірақ қандай заман болып жатса да, біз
рухани байлығымыз – әдебиетімізден кете алмаймыз. Өлең тек
қана анасындай, баласындай болғанда ғана ақыннан бір нәтиже
шығады. Өлең жазып жүргендердің көбі мұның үдесінен шыға
бермейді. Ал, өлеңді туған анасындай, баласындай көрген
ақынның бірі – Әбілда Аймақ» , деп жақсы ықыласын білдірген
екен.
Әбекең шынымен де, өлеңді анасындай, баласындай
сүйгендігін, өлеңсіз өмір сүре алмайтындығын:
Пенделердің үміті,
Ойлап тұрсам түк емес.
Орындалмай арманым,
Жаным менің түлемес.
Өлеңжырсыз қайткенмен,
Менің күнім күн емес, – деген жыр жолдары арқылы айтып
өтеді.
Әбілда Аймақ «Ләйла», «Жүрегімде махаббат», «Алтын
бесік – І», «Алтын бесік – ІІ», «Қарлығаш», «Назқоңыр»,
«Жаңбыр исі» атты өлеңдер жинағын, бірнеше таңдамалы
жыр топтамасын, «Домалақ ана», «Жақсығұл мерген», «Ақ
жол», «Түркістан», «Билік биігінде», «Парасат биігі», «Бабалар
жолы» шығармаларын оқырман қауымға ұсынды. Бұлардан тыс
мерзімдік басылым беттерінде жарық көрген эссе, мақалалары,
саз болып қалықтаған ән мәтіндері де ұшантеңіз. Әдебиеттің
Бүкіл ғұмырын елінің игілігіне арнайтын азаматтар саусақпен санарлық. Жазмыштың бір әкенің ұлы болу бақытын
баршаның маңдайына жазып, ал жалпы халықтың сүйіктісі болуды екінің біріне бұйыра бермейтіні де содан
болар. Бала күнінен тұрмысына таңылған тауқыметті болашақта бағындырар биігінің белгісіне балайтындар
кемде-кем. Қиыншылықты қуана қарсы алмаса да, қайратына қару етіп пайдалатын жандар да жоқ емес.
26
қиын да, күрделі жанры драматургия саласына да тер төгіп,
«Шәмші сағынышы» атты пьесасы жазды. Бұл туындысы 2011
жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ж. Шанин атындағы қазақ
театрында сәтті сахналанды.
Әбілда Аймақ халықаралық Физули атындағы сыйлықтың
лауреаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері,
Ордабасы ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар
одағы басқармасының мүшесі. Ақын ағамыз бұл биікке жайдан
жай жете салған жоқ. Бұл жеміс жастық жігері мен қажымас
қайратының нәтижесінде келген. Туа сала тастақ жол сыйлаған
жазмыштың табан еті мен маңдай теріне берген төлемі.
Әбекең ел қатарлы көптің бірі болуды қаламайтын жан еді.
Оны жыры да, сыры да жасыра алмайды. Шалқар шабыт иесі бір
сөзінде: «Өлеңді бүкіл сөз өнерінің патшасына айналдыру оңай
емес. Ол үшін өзің де патша болуың қажет. Дүниеде ақын да бар,
жазушы да бар. Сонымен қатар, суреткер де бар. Егер қаламынан
суреткерлік туындамаса, ол ақын да, жазушы да емес. Ол кәдімгі
баяндаушы...», – дейді.
Расында да ол кісі көңілі түсіп, көп жабырқамауға тырысатын.
Өзіне өлеңі арқылы дем беруге машықтанған ақын:
Өмірде отты да – мен, текті де – мен,
Аруақты, арқалы, епті де – мен.
Сырт көзге шынында да бақыттымын,
Ендеше, неге ғана көп түнерем», – деп жырлайды. Осы бір
шумақ өлеңіақ ол кісінің өмірдегі шын келбетін ашып тұрғандай.
Ақиқатты ашып айтуға көп ақын бара бермейді. Әбекең осы
қадамға еркін бой ұратын еді. Аруақты ақын бола тұра сезімнің
ықпалына бой беріп, ақиқатты айтамын деп, ащы кететін де кісі
емес. Ақылына жеңдіріп, айтпақ ойын ащы болса да епті жеткізе
білетін қаламгер болатын.
Бүгінгі таңда қалталы адамдардың дәурені жүріп тұр ғой. Көп
жерлерде артқан түйеңе емес, сүйенген иеңе сенуге тура келеді.
Талантты болғанымен, танысы жоқ қаншама адам талабына
тамыр бітіре алмай жүр десеңізші. Қаржысы мол адамдардан
ақшалай қолдау тапқан жағдайда жазушының еңбегі томтом
болып жарық көріп жататыны да жалған емес. Бұл – бүгінгі
заман ақиқаты, қоғам келбеті.
Әбекеңнің жырларын оқып шыққан Қазақстанның Халық
ақыны Фариза Оңғарсынова қоғамның осындай келбетін
айшықтайтын бір өлеңіне айрықша тоқталып:
– «Әбілда Аймақтың жырлары – классикалық өлеңдер. Мен
оны оқып шықтым. Бір өлеңінде:
«Түк
таппай пенделердің сенімінен,
Андасанда байларға еріп үрем...», – дейді. Бұлай деп қазақта
Әбілдадан басқа әлі ешкім айтқан жоқ», – деп баға береді.
Қазақтың қара өлеңінің қамын жеп, ұлтымыздың өнері
өгейсімесін дейтін ағамыз 19861990 жылдары Шымкенттегі
педагогикалық иниституттың филология факультетіне сырттай
оқуға түсіп, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдігі мамандығын
алады. Оқуын бітірген бойда Қазақстан Жазушылар одағының
облысаралық бөлімшесіне жауапты хатшы болып жұмысқа
орналасады. 19931996 жылдары осы бөлімшенің төрағасы, 1996
жылдан бастап филиал болып қайта құрылған Қазақстан Жазушылар
одағы облыстық бөлімінің директоры болып тағайындалады.
Әбекең көп пенде, жай адамдар түсініп біле бермейтін азамат еді.
Аз сөзді, салмақты жан болатын. Ол кісінің: «Ойсызға, сірә, сараңнан
әрмен, құпия болар тереңім», – деуі тегін емес. Ағамен танысқаныма
да үштөрт жылдың шамасы болып қалған еді. Алғаш рет Шымкентте
жолықтық. Концерт қоя барған болатынбыз. Біздің мәдени шараның
өтуіне сол кісі жауапты болып, ұйымдастырып жүр екен. Бір көргеннен
ақ қарапайым, кішіпейілдігімен ұнаған еді. Бойына туа біткен ақынға
тән тәкаппарлығын ақылы жеңіп тұратын. Кей кездері болмашы іске
балаша қуанатын. Қолына баян алып ән де салатын.
Көп адамдар ол кісіні көзі тірісінде көзге шыққан сүйелдей
көрген де шығар. Әрине, шығармашылық әлемі бәсеке мен
қызғанышқа толы емес пе. Әйтсе де, қазыналы қаламгер, не
бір талант иелерінің қасымызда жүргенде қадірі болмайтыны
өкінішті.
– Әбілда Аймақ көкемізді бұрын сырттай білетінмін. Кейінгі
он жылда етене араласып, ағаіні болып кеткен едік. Әбекең сан
мәрте сүрінсе де, көп пенделер жығылған жерінде тұралатып
тастауға қаншама тырысса да, бәрібір, ол кісі жеңді. Қазақ
әдебиетіне өзінің сүрлеуін, сара жолын салып кетті. Арқалы ақын
енді арамызда жоқ. Бірақ жүрегін жарып аққан тұптұнық жыры,
тұла бойынан тулап шыққан туындылары мәңгілік жадымызда
қалды. Енді оған еш пенде көре алмаушылық жасай алмас
деп ойлаймын...», – дейді ақынның ұзақ уақыт қасында жүріп
жырына, сырына қанық болған бауыры, әрі қолдаушысы Әбдеев
Әлжан Есенқұлұлы.
Әбілда Аймақ сол бір мамыр айының ортасында Шымкент
қаласында өзінің 60 жастық мерейтойын жасап, халқына
шығармашылық кешін өткізіп береді. Жүрегіне жырдың жүгін
артқан талант иесі бой жасады ма, кім білсін?! Ол кісінің көзін
көрген жұртшылық талант иесінің тойдан соң көпке дейін жүзі
жайнап, кеудесі қуанышқа толы жүргенін айтады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанға алысжақындағы
қазақ диаспорасының өкілдері көптеп орала бастағаны белгілі.
Олардың біраз бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысына орналасты.
Бұл ағайындардың ішінде белгілі қаламгерлер де, әдебиетке
бейім жастар да баршылық еді. Қазақстан Жазушылар одағының
осы өңірдегі өкілі ретінде Әбілда Аймақ әдебиеттің айналасында
жүрген бұл ағайындарға да нақты қолдау, қамқорлық жасай білді.
Соның нәтижесінде, қазіргі қазақ қаламгерлерінің қатарына
сырт жерлерден жаңа, дарынды толқын келіп қосылды.
Сондайақ, Қытайдан атажұртқа оралған жастар құрған «Қара
жорға» ансамблінің оңтүстік өңіріне гастрольдық сапармен
барып, өнер көрсетуіне де Әбілда ағамыз үлкен көмегін тигізген
еді.
Міне осындай жарқын жүзді ақын жуырда ғана тұтқиыл
жүрек талмасынан көз жұмды. «Жаңбыр исі» деген атпен жыр
топтамасын шығарған ақынды туған жұрты жаздың жаңбырына
малшындырып қара жер қойнына табыстап берді. Үнемі ми
қайнап тұратын Оңтүстікте дәл сол кісіні шығарып салатын сәтте
жаңбыр сіркіреп құйыпқұйып жібереді. Табиғаттың мұндай
тосын мінезіне жиналған жұрт таңтамаша болыпты. Әбекеңді
жақсы білетіндер: «Жан баласына зәбірі жоқ адам еді; әрине,
арты осылай болуы керек еді» десті.
Жаны жайсаң жанды жаратушы иеміз өзінің жаңбырымен
жуындырып алайын, пәни дүниенің иісқоңсы қара жер бетінде
қалсын дегені шығар. Қалай болғанда да, ол кісі оралмас
сапарға кетті. Қазақтың маңдайына біткен маңғаз ұлын енді
Шымкент көшелері түгілі, жер бетінен жолықтыру мүмкін емес.
Ал жыртуындылары мәңгі біздің жадымызда жатталып қала
береді.
Тұрсынбек КЕШУБАЙ