оралман заңға бағына ма, заң оралманға
бағына ма?
Дүниежүзінің барлық елінде этникалық көшіқон нақты заң
ережелерге сәйкес, белгіленген жүйемен, қатаң тәртіппен жүзеге
асырылады. Бұл заңережелерді жергілікті үкімет те, келуші
репатрианттар да бұлжытпай орындайды. Өкінішке қарай, бізде
осы жағы жетіспейді. Мысалы, жақында Өзбекстаннан келген
бір оралман әйелдің паспорт режимін бұзып, айыппұл төлеп,
депортациялану қауіпіне ұшырағаны туралы мақала оқыдық.
Әрине, әйел кісінің бұл жағдайы жүректі ауыртады. Бірақ
сонымен бірге бұл әңгіменің аржағынан біраз заң бұзушылық
айқын аңғарылады. Яғни, әйел бүкіл отбасымен Қазақстанға
сонау 2001 жылы келген. Содан бері олардың бәріне оралман
мәртебесі берілген, арнайы квотаға ие болған. Күйеуі, бала
шағасы Қазақстан азаматтығына өткен, тек әйелдің өзі ғана
азаматтық алмаған. Неге?.. Айтуына қарағанда, паспортында
суреті жоқ болған. Сондай да сылтау бола ма; суретсіз паспорты
бар адам Қазақстанда он жылдан аса уақыт қалай тұрақты тұра
алады? Сөйтіп жүргенде шетелдік паспортының мерзімі өтіп
кетіп, қиыншылыққа душар болып отыр.
Жалпы, мұндай жағдай біршама жиі кездеседі. Нақтырақ
айтқанда, атажұртқа қоныс аударып, оралман мәртебесіне ие
болып, соған орай түрлі жәрдемақыға қол жеткізген отбасылардың
бір мүшесінің Қазақстан азаматтығын алмай, шетелдік
паспортпен жүре беруі жиі кездеседі. Бәлкім, бұл бұрыңғы
тұрған елдеріне барыпкелуді оңайлататын шығар – ол жағы бізге
белгісіз. Бірақ қалай болғанда да, атажұртқа оралған ағайындар
шекарадан аттап өткеннен кейін Қазақстанның заңережелерін
бұлжытпай орындаулары тиіс. Яғни, оралман мәртебесін алып,
квота бойынша тиісті жеңілдіктер мен жәрдемақыға қол жеткізен
бойда дереу азаматтыққа құжат өткізу керек. «Халықтың көші
қоны туралы» заңда бұл жауапкершілік айқын көрсетілген. Ал
біз ондай заңды бір емес, он жыл бойы керек етпей жүре береміз.
Бұған кім кінәлі? Әлде, «оралман заңға емес, керісінше, заң
оралманға бағынсын» деп есептейміз бе?
Бұл жөнінде тағы бір мысал келтірейік. Кезкелген шетелдік
қазақ Қазақстанға келіп, оралман мәртебесін алу үшін, ең алдымен
тұрақты тіркелуі қажет. Бұл үшін ол бұрыңғы тұрған еліндегі
тұрақты тіркеуден шығып келуі тиіс. Бұл заң Қазақстандағы
барлық азаматтарға ортақ. Мысалы, Алматы қаласында тұратын
бір қазақстандық азамат Астанаға барып тұрақты тұрғысы
келсе, онда ең алдымен Алматы қаласындағы тұрақты тіркеуден
шығады. Әйтпесе, оны Астана қаласында ешкім де тұрақты
тіркеуге алмайды. Мұндай талап оралмандарға, оның ішінде
бұрыңғы ТМД елдерінен келетін ағайындарға бірінші кезекте
тікелей қатысты. Бірақ кейбір ағайындар тұрақты тіркеуден
шықпай келіп, Қазақстанда қиыншылықтарға душар болады.
Тұрақты тіркеуден шықпай келген оралмандардың арасынан
Қазақстан азаматтығын қабылдап, Қазақ елінің көк паспорты
мен жеке куәлігін иеленіп, сосын біраздан кейін бұрыңғы
тұрған еліне қайта кетіп, құжаттарымды жоғалтып алдым деген
сылтаумен ол елдің азаматтығы мен паспортын қайта алып,
сөйтіп, екі мемлекеттің де қатар азаматы болып жүретіндер
кездеседі. Ал бізде қос азаматтыққа заңмен тиым салынған.
Қазіргі кезде Қазақстанда 50 мың оралман Қазақстан
азаматтығын ала алмай жүр деген дерек бар. Бұл рас па, ол жағы
бізге белгісіз. Бірақ сол 50 мың адамның азаматтық ала алмауы
құжаттарының дұрыс еместігінен болуы әбден мүмкін. Міне,
осындай жағдайда не істеу керек; қолданыстағы заңережелерді
жинап қойып, «шетелдік қазақ едім» дегендердің бәрін де ешқандай
құжат, анықтама сұрамай, Қазақстан азаматтығына қабылдай
беруіміз керек пе? Ал сонда мұның аяғы неге апарып соғады?..
Мысалы, қазір оралман мәртебісін алып, Қазақстан
азаматтығына құжат өткізу үшін қазақ екенін дәлелдейтін
анықтама керек. Кейбіреулер мұндай анықтама әкелу қиын,
сондықтан оны сұрамау керек дейді. Жарайды, анықтама талап
етпейік, сонда не болады? Онда дүниенің түкпіртүкпірінен
кім көрінген бірекі ауыз қазақша үйреніп алып, «мен қазақ
32
едім» деп келіп тұрса не істейміз?! «Сен қазақ емессің, оралман
мәртебесін бермейміз» деп қалай айтамыз?.. Мұндай жағдайда
ол «құқымды бұзды» деп сотқа берсе де жеңеді. Тіпті, бір ауыз
қазақша білмесе де оған ештеңе жасай алмаймыз, өйткені, ана
тілінен хабары жоқ қазақтар Қазақстанда да толып жүр...
Осыған орай, болашақта Қазақстанға тұрақты қоныс аударған
ағайындар құжаттарды көшпес бұрын, алдын ала реттеп келсе
дейміз.
ақпарат құралдарына
айтар тілек
Оралмандар көшінің көбеюінің біраз салмағы бұқаралық
ақпарат құралдарына да түседі. Өйткені, шетелдегі ағайындар
Қазақстандағы көшіқон жаңалықтарына айрықша назар
аударатыны анық. Олар Қазақстандағы оралмандардың жағдайы
жақсы болса қуанады, өздерінің де атажұртқа жетсек деген
арманқұлшыныстары артады. Ал оралмандардың жағдайы қиын
дегенді естісе көңілдеріне көлеңке түседі; «Қазақстан дұрыс
қарсы алмайды екен, ендіше осы үйренген жерімізде отыра
бергеніміз дұрыс» деген қорытынды жасайды. Осы тұрғыдан
келгенде, ақпарат құралдарындағы оралман туралы хабарлардың
басым көпшілігінің қара бояудан тұратыны еріксіз ойландырады.
Мұндай хабарларды көріп, оқып отырсаңыз оралмандардың
бәрі шетінен неше түрлі қиындыққа ұшырап, күнін көре алмай,
азаматтыққа қолдары жетпей, қаңғып, босып жүрген сияқты.
Қазақстанның үкіметі, елдегі барлық басшықосшылар
оралмандардың келуіне мүлдем қарсы секілді.
Осыған орай мынадай сұрақ туады: егер мемлекеттің этникалық
көшке деген саясаты теріс болса, бұл саладағы үлкендікішілі
басшылардың оралмандарға жаны ашымаса, онда бір миллионға
жуық шетелдік қазақтар Қазақстанға қалай көшіп келген; күндерін
көре алмай босып жүрсе неге жаппай кері қайтпаған?
Әрине, біз көшіқон жөнінде сын материалдар
жарияланбасын демейміз. Керісінше, ол өте қажет. Және өзіміз
де ұзақ жылдардан бері көшіқонның өзекті мәселелерін үнемі
айтып та, жазып та келеміз. Әйтсе де оралмандар туралы
материалдар барынша нақты, шынайы әрі әділ болуға тиіс. Яғни,
бұқаралық ақпарат құралдарында оралмандардың басына түскен
қиыншылықтармен қатар олардың жетістіктері де кең түрде
көрсетілуге тиіс. Бұл ретте оралмандар өмірінің жақсы жақтары
кемшіліктерден ондаған есе артық екендігі даусыз. Сенбесеңіз,
кезкелген ауылға барып көріңіз: егінді де жақсы егіп, малды
да көп өсіріп, жұмысты да дұрыс істеп жатқандардың басым
көпшілігі – шетелден оралған ағайындар.
Сонымен қатар мына мәселе де үнемі назарда болғаны жөн.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы шетелдегі қандастарын
атажұртқа көшіріп алу жөнінен бүкіл әлем бойынша ең алдағы
екіүш мемлекеттің қатарында тұр. Бұл жөнінде Қазақстанның
Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың еңбегі ұшантеңіз. Ал
өзімізбен көрші республикалар сырт жерлердегі қандастарын
көшіріп әкелуді ешқашан қолға алған емес. Тіпті, Ресейдің
өзі бұл игі іске бізден әлдеқайда кейін кірісті. Бұл да біз үшін
мақтанатын жағдай емес пе?
Егер шындықты көрсеткіміз келсе, онда көшіқондағы
кемшіліктерді ғана емес, жетістіктер туралы шындықты да неге
айтпаймыз?!.
Оралмандар туралы хабарлардың көпшілігінде жан
жақты зерттеу жетіспейді. Тіпті, басқаны былай қойғанда өзін
«оралманмын» деп таныстырған адамның сөзі рас па, бұл
жөнінде қандай құжаттары бар дегенді анықтау да ескерілмейді.
Бұл ретте, журналист ағайындардың Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығы туралы да дұрыс мәлімет таратқандары жөн.
Қауымдастық шетелдегі қазақ диаспорасымен мәденирухани
салада байланыс жасайтын қоғамдық ұйым. Оның этникалық
көшті ұйымдастыруға, оралмандар мәселесін шешуге ешқандай
заңдық құқы да, қаржылық мүмкіндігі де жоқ; көшіқон мәселесі
тікелей мемлекеттік органдардың айналысатын шаруасы. Бірақ
соған қарамастан оралмандар туралы сөз болса, оған міндетті түрде
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын қосып қою «сәнге» айналған.
Сондайақ, ақпарат құралдарындағы оралмандар тақырыбы
арзан сенсацияға, ұсақтүйек алыпқашты әңгімеге емес,
барынша салмақты, ең өзекті проблемаларға арналса дейміз.
Ал мұндай күрделі мәселелер өте көп әрі жанжақты. Олардың
біразын әңгімеміздің басында атап көрсеттік. Бұлардан да басқа
ойласатын мәселелер толып жатыр.
Мысалы, қазіргі ресми орындардың этникалық көшті
шетелден ұйымдастырып әкелуі қиын екендігі айқын аңғарылып
отыр. Соған орай, бұл жұмысты көшіқон жөніндегі қоғамдық
қор құру арқылы жүзеге асыру керек деген ұсыныстар жиі
айтылады. Болашақта бұл мәселе нақты қолға алынуы керек.
Бүгінгі таңда облыстардың бәрінде дерлік оралмандарға
арналған бейімдеу орталықтары бар. Бірақ олардың басым
көпшілігінің жұмысы ешқандай сын көтермейді. Мысалы, соңғы
уақытта шетелден келген қазақтардың қолындағы құжаттары
дұрыс па, жоқ па, оған қарамай оралман куәлігін бере беретін
әдет шықты. Оралмандардың түрлі әуресарсаңға түсуінің бір
себебі осыдан туындап отыр. Яғни, бейімдеу орталықтары
олардың құжаттарын алдын ала мұқият тексеріп, жетіспейтінін
толтыртып, реттеп келуді қадағаласа мұндай жағдайлар орын
алмас еді.
Оралман мәртебесін алу үшін Қазақстанға қандай виза
аштырып, қандай құжат жинап келу керектігі шетелдегі
елшіліктеріміз бен консулдықтардан бастап, өзіміздегі көшіқон
мекемелерінің алдында айқын жазылып, көрсетіліп тұруға тиіс.
Қазір мұндай ақпарат табу өте қиын.
Сондайақ, бұрын оралмандар туралы деректер көшіқон
мекемелері арқылы бір орталыққа жиналатын. Қазір жеке көші
қон мекемелері де жоқ, оралмандардың дерек қоры да жұмысын
тоқтатқан. Соның салдарынан Қазақстанда оралмандар мәртебесін
алып жатқан кімдер, олар қайда жүр, Қазақстанда қалды ма, әлде
қайтып кетті ме – оны анықтау қиын. Болашақта оралмандардың
дерек қорының жұмысын қайта жүргізіп, оған Қазақстанда
тұрақты қалатын оралмандарды ғана енгізу мәселесі шешілуі тиіс.
Сондайақ, шетел қазақтарының Қазақстанға келіп оқып,
білім алуының ережетәртіптерінің әлі күнге бір жүйге түспеуі
да алаңдатады.
Бұқаралық ақпарат құралдары болашақта, міне, осы айтылған
мәселелерге де айрықаша назар аударса дейміз.
Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ
33
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының
мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі келіссөздер
1999 жылдың қыркүйек айында басталып, келіссөздердің Астанада,
Мәскеу мен Алматыда ғана емес, Қазақстанның шекара шебіндегі
жеті облыстарының орталықтарында, Семейде, Ресейдің шекаралық
өңірлеріндегі тоғыз қаласында, сондайақ, СанктПетербургте
өткізілгені мәлім.
Қазақстанның жеті облысы – Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе,
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан
облыстары Ресей Федерациясының он екі субъектісімен – Астрахан,
Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор, Челябі, Қорған, Түмен,
Омбы, Новосибирск облыстарымен, сондайақ Алтай өлкесі, Алтай
Республикасымен шектеседі.
Атабабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен
қорғап қалған байтақ жерімізді Тәуелсіздіктің арқасында заңдастырып,
шекараны шегендеу арқылы ұрпақтарымыздың алаңсыз өмір сүріп,
жасампаздық жұмыспен айналасуына мүмкіндік берілді.
Жуырда Қазақстан мен Ресей елдерінің Сыртқы істер
министрлерінің қызметтік сапары Алтай Республикасында болып
өтті. Іс сапардың мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы Сыртқы істер министрліктерінің 20152016 жылдары
бірлесіп атқаратын ісшаралар жоспарына қол қою.
Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрі Ерлан
Ыдырысов бастаған делегация құрамында Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығынан біз де болып, ресми кездесуге қатыстық.
29шы мамыр күні Астана әуежайынан 16 кісілік Chellenger
850 маркалы ұшағымен 1,5 сағат ұшып, Ресей елінің ТаулыАлтай
әуежайына барып қондық.
Қазақстандық қонақтарды ТаулыАлтай әуежайында Алтай
Республикасының төрағасы Александр Бердников бастаған топ күтіп
алды.
тӨленгіттер жеріндегі мешіт
Әуежайдан тура мұсылмандар мешітіне бардық. Төленгіттер
мекен еткен өлкеде 2013 жылғы қыркүйек айының 28ші
жұлдызында алғаш рет Таулы Алтай мұсылмандар мешітінің
салтанатты ашылуы болған.
Бұл мешіттің жалпы көлемі 144 шаршы метр. Мешіттің
ашылуына республика басшылары, Қосағаш ауданынан және де
көрші аймақтардан үлкен делегация шақырылып, қатынасқан.
2000 жылы қала әкімшілігі мешіт салуға 2400 шаршы метр
жер бөліп берген. Осы жерге Таулы Алтай мұсылмандарының
алғашқы басшысы Аманкелді Қобдабаев уақытша киіз үй тігіп,
жұмысын жүргізе бастапты. Жалпы, Таулы Алтайда 17 мыңдай
мұсылмандар тұратынын айта кеткен жөн.
Аз уақыттың ішінде ағаштан мешіт үйі тұрғызылып, медресе
де салынған. Бұл жерде жыл сайын дәстүрлі наурыз, құрбан айт
мерекелерін атап өтеді. Осы мешіттің салынуына қаржылай және
құрылыс материалдарымен көмектескен – Асқар Зиянұров деген
азамат. Сондайақ, туысқан Түрік елінен де көмек болыпты.
Аталмыш мешітті Асқар Зиянұровтың атымен атау ұйғарылған.
ТаулыАлтай мұсылмандар мешітінің имамы әрі муфтиі «Әл
Азхар» Мысыр университетінде діни білім алған – Жанболат
Аятбекұлы Оқтаубаев. Бізді Жанболат Аятбекұлы бастаған
бір топ қазақтар қарсы алып, мешіттің тыныстіршілігімен
таныстырды. Содан кейін Алтай өлкесінде оншақты мешіттің
жұмыс атқарып жатқанын, қазақтар осы арада жиі бас қосып, ана
тілінде сөйлесетіндерін айта келіп, құран бағыштады.
ұлттық мұражайда
Алтай Республикасындағы көне мәдени мекемелердің бірі
– А.В.Анохин атындағы Ұлттық мұражай. Біз бұл сапарымызда
осы мұражайды да тамашаладық.
Мұражай тарихы 1918 жылғы 29 қазаннан бастау алады.
Мұражайдың алғашқы ұйымдастырушысы және директоры –
Оңтүстік Сібір халықтарының дәстүрлі мәдениетін зерттеуші
А.В.Анохин (18691931). 1989 жылдан бастап мұражай сол
кісінің есімімен аталады. Мұражайдың негізгі қорында 66
мыңнан астам жәдігерлер сақталған. Бұлар – палеонтология,
этнография, бейнелеу және сәндікқолданбалы өнерінің
шығармалары, XVII – XX ғасырлардағы көнебаспа мен қолжазба
кітаптар, құжаттар, XIX – XX ғғ. ТаулыАлтай тарихының
фотосуреттері, өсімдік және жануарлар әлемінің үлгілері,
минералогиялық топтамалары.
Ұлттық мұражайдың құрылымында 4 бөлімше бар: олар
УстьКан ауданының УстьКан селосындағы И.В. Шодоев
атындағы өлкетану мұражайы; Косағаш ауданының Жаңа
ауыл селосындағы Алтай қазақтарының мұражайы; Чемал
ауданы Анос селосындағы Г.И. ЧоросГуркиннің мұражайүйі;
Чой ауданы Паспаул селосындағы алтайлық аңызшыжыршы
Н.У.Улагашевтің мұражайы.
алтайдағы ағайындармен кездесу
Мұражайды аралап көрген соң, Алтайдағы ағайындармен
кездесу өтті.
Кездесуге Қазақстан Сыртқы Істер министрі
Е.Ыдырысов, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті
Елшісі М. Тәжин, Қазақстанның Омбы қаласындағы консулы Э.
Қонаев және ТаулыАлтайда тұратын қазақ диаспорасының
жиырмаға жуық өкілдері қатысты.
Бұл өңір 1993 жылға дейін Алтай өлкесіне қарасты болып
келген болса, Кеңестер одағы ыдыраған соң Алтай Республикасы
бөлек отау көтеріпті. Алтай өлкесінде 80ге жуық, ал Алтай
Республикасында 11 аудан бар. ТаулыАлтай қаласында өткен
кездесуге Қосағаш ауданына қарасты Жазатыр, Жаңа ауыл,
Төбелер, Тошанта, Сарытоғай ауылдарынан қазақтар келді.
Көкіру, Дархыты, Белтір, Орталық, Шаған, Қурайларда қазақтар
жоқ, тек алтай мен орыс ұлтының өкілдері тұрады.
Ұлаған ауданына қарасты Ақташ, ал УстьКан ауданына
қарасты Тұраты мен ЧерныйАнуй ауылдарынан да
қандастарымыз келді. Осы Тұраты ауылынан Ұлы отан соғысына
қатысқан Совет Одағының екі батыры Жәнібек Елеусов пен
Қыдыран Туғанбаев шыққан. Белгілі әнші Алсудың әкесі, саяси
қайраткер әрі кәсіпкер Ралиф Сафин Тұраты ауылында осы екі
батырға арнап мешіт салмақшы. Ал, Алтай Республикасының
Эл Курултай мемлекеттік жиын депутаттарының екеуі қазақ
жігіттері – Асқар Төлебаев және Өкімет Әлпімов.
Кездесуге Кеңес Одағының батыры Қыдыран Туғанбаевтың
немересі, УстьКан аудандық ЧерноАнуй ауылының төрайымы
АлтАйдАғы
АғАйындАрмен кездесу
34
тұрақты қолдау көріп келеді. Бұл министрлік Қазақстандағы
жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне келетін жастарға
да зор көмегін беруде. Мысалы, Қауымдастықтың өтінішіне орай
өткен жылы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Үрімжідегі
Төлқұжат және виза қызмет мекемесі Қытайдан келетін қазақ
талапкерлері үшін бір күнді «қазақ жастарының күні» деп
белгіледі. Осының нәтижесінде Қазақстанға келген жастардың
саны екі есе өсті. Бұл үрдіс алдағы уақытта да өз жалғасын
табады деп сенеміз.
Жоғарыдағы кездесуден соң министр Е. Ыдырысов мырза
бізге: «...Сырт жерлердегі қазақтардың жағдайын жақсы
білесіздер, соған орай олардың қандай мәселелер барын
жазсаңыздар» деген еді. Сапардан оралған соң, Министрдің
атына хат жолдадық. Хатта: «Бірінші, Қосағаш қазақтары қазақ
мектебін ашу мәселесіне орай Ресейдің Қазақстанмен шекаралас
облыстарында қазақ тілін факультативті түрде оқыту
іске асса. Екінші, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру
орталығына демалатын балалар саны жылдан жылға артып
келеді, бала саны 120-ға жетсе дейміз. Мүмкіндік болса,
балалардың атажұртқа келіп-кету жол ақысы да шешімін
тапса. Үшінші, Мемлекеттік бағдарлама бойынша шығарылып
келе жатқан әдеби кітаптан бізге 5 данадан беріледі; оларды
шетелдегі қандастарымызға жолдаймыз. Осы кітаптарды
тасымалдау қиынға түсіп отыр. Төртінші, Ресейдегі ағайындар
интернет желісінен Қазақстанның ақпараттық мәліметтерін
ала алмауда» деп атап көрсетілген.
Сондайақ, бұл сапармен тікелей қатысы болмаса да бірнеше
мәселе де қосымша жазылды. Олар: «Шетелдерде тұратын
қазақтардың саны бүгінге дейін нақты емес. Сондықтан
Елшіліктермен бірлесіп статистикалық зерт-теулер жүргізілсе.
Моңғолия қазақтары Шығыс Қазақстан облысы арқылы өтетін
60 шақырым «төте жол» мәселесін үнемі айтып, жазып келеді.
Осы жағы да ұмыт қалмаса» деген мәселелер.
***
Біз Таулы Алтайдан қайтатын күні әуежайда бірер сағат
отырып қалдық. Ауа райы ұшуға қолайсыз болды. Күту залында
көрсетілетін теледидарда табиғат, ұлттық салтдәстүр, ән
күй және табиғат көріністерімен қатар ұлы адамдар, қоғам
қайраткерлері де таныстырылса дұрыс болар еді деген ойға
қалдық. Кейбір кезде күту залында үш не одан көп сағаттар
бойы отыратын жағдайда теледидардан берілетін жарнаманың
уақыты да ұзақ әрі түрлі жанрда болғаны қызықты болар еді.
Біздің еліміздегі әуежайларда Қазақ елін, оның ұлттық салт
дәстүрлерін, халық әнкүйлерін көбірек насихаттау қажет деп
ойлаймыз. Бұл шетелдіктердің елімізге келіп, тамашалауына көп
септігін тигізері анық.
Еліміздің әрбір министрі шетелге шыққан іссапарларында
қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесіп, жағдайларымен
таныса жүрсе артықтық етпейді деп есептейміз. Бұл алыста
жүрген қандастарымыз үшін үлкен қуаныш! Осы жолы
Қазақстаннан қонақтар келе жатқанын естіген ағайындар 500
700 км қашықтыққа қарамастан, еңкейген қариясына дейін ат
арытып, кездесуге жетіпті. Олардың өздерін іздеушілер барын
сезінуі бір ғанибет емес пе?!
Алыстағы ағайын әрқашан да аман болсын!..
Ботагөз УАТҚАН
Тамара Акатьева мен Эл Курултай мемлекеттік жиналысының
жоғарыда аталған екі депутаты Асқар Төлебаев пен Өкімет
Әлпімов те қатысты.
Кездесу мұражай ғимаратының кіші залында өтті. Кездесуді
Қазақстан Сыртқы Істер министрі Е. Ыдырысов жүргізді.
Кездесуге қатысқан Қосағаш ауданының әкімі Әуелхан
Жатқанбаев, Алтай өлкелік «Қазақ ұлттық мәдениеті» қоғамдық
бірлестігінің төрағасы Мұрат Бекмұратов, Славгород қаласының
имамы Рысбек қажы Төлебаев, Керей және Байқамыт орта
мектептерінің директорлары Нұрғайша Баринова мен Сапарбек
Маусымбаев өз ойларымен бөлісті. Бұл ретте, Қаракөл
ауылындағы бір балабақшада 16 бүлдіршін тәрбиеленсе, орта
мектепте 38, Байқамыт орта мектебінде 22 бала білім алуда
екендігі; мұндағы оқу орны 11 жылдық бағдарламаға көшетіні
де атап айтылды.
«Алтай өлкесі мен Алтай Республикаларында барлығы 20
мыңнан астам қандастар бар. Олар: Алтай өлкесінде – 10 мың,
Алтай Республикасында – 12,5 мың. Таратып айтар болсақ,
Қосағаш ауданында –11, мың: Қосағаш ауылында – 8700,
Жазатырда – 1,5 мың, Жаңа ауылда – 1,5 мың, Төбелерде – 1 мың,
Тошантада – 300, Сарытоғайда – 500. Сондайақ, Ақташта – 500,
Тұраты мен ЧерныйАнуйда – 500, ТаулыАлтай қаласында –
500 қазақ тұрады», – деді «Мирас» қазақ мәдени орталығының
төрайымы Бесайдар Алашқызы.
Қазақстан Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов өз сөзінде
екі елдің Сыртқы істер министрліктерінің 20152016 жылдары
бірлесіп атқаратын ісшаралар жоспарының бекітіліп, достық
қарымқатынастың ұлғайтатынын айта келіп, Қазақстанның
бүгінгі саясиәлеуметтік жағдайларынан қысқаша мәлімет берді.
Ол Ресейде тұратын қазақтардың саясиәлеуметтік қиындығы жоқ
деп есептейді. Бұдан кейін министр Алтай өлкелік қазақтардың
өтініштілектерін тыңдап, олармен сұхбаттасты.
Өз кезегінде кездесуге қатысушы ағайындар Қосағаш
ауданында қазақ мектебін ашу; екі ел арасында зейнетақы
мәселесін шешу; интернеттен қазақ сайттарын аштыру
мәселелерін ортаға қойды.
Қазақстан Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов бүгінгі
кездесуде айтылған мәселелерді Ресей Федерациясы Сыртқы
істер министрі Сергей Лавровқа жеткізетінін айта келіп, бұдан
кейін қосағаштық ағайындарға 2 компьютер, қазақ киноларының
жиынтығын, бір мыңға тарта оқулықтар мен әдеби кітаптар,
қазақ әнкүйлерінің антологиясын тарту етті. Қосағаштықтар да
қазақтың салтымен министрге шапан жапты.
Алтай өлкесі мен Алтай Республикасында тұратын
қандастарымыз өздеріне Павлодар және Шығыс Қазақстан
облыстары әкімдіктерінің үнемі қолдау көрсетіп отырғандығына
ризашылықтарын жеткізе келіп, Қазақстан Сыртқы Істер
министрі Е.Ыдырысов пен Қазақстанның Ресейдегі Төтенше
және Өкілетті Елшісі Марат Тәжинге алғыстарын білдірді.
Осыған орай, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының әрқашан да тығыз
байланыста жұмыс атқарып келе жатқанын айта кеткен жөн.
Әсіресе, Қауымдастық шетел қазақтарының кіші құрылтайларын
өткізуде Қазақстан Сыртқы істер министрлігі тарапынан үнемі
|