20
Өлгей кентінің шығыс қапталындағы биік шоқы Саяттөбенің
бауырайына таңнан тұрып жиналған халықта қисап жоқ.
Мұндағы ең керемет дүние бүркітшілер шеруі. Қолына қыран
қондырған 62 құсбегі атәбзелдерін сайлап, құс жабдықтарын
жасақтап, сап түзеп өтті. Бұның бәрін тәптіштеп айтып жатуға
тіл жетпейді, мүмкіндік болса көзбен көру керек.
Төрде жайғасқан төрешілер әрбір құсбегінің киген киімі
мен жарағына баға берді. Одан кейін «құсты қолға шақыру»
сайысы жалғасын тапты. Құсбегі атына мініп сонау төменде,
таудың етегінде тұрады, қағушысы бүркітті Саяттөбенің басынан
ұшырады. Зеңгір көкке атылып шыққан қыран бір сәт айнала
қалықтап жүріп, кенет шүйіле сорғалап келіп, етекте ағыза
шауып бара жатқан иесінің қолына қонады. Бұндай тамаша
көріністі көру бір ғанибет. Бұдан кейін қыранды шырғаға салу
әдісі бойынша баға берілді.
Бұл жерде айта кеткеніміз жөн, Саяттөбе бауырында
құсбегілер сайысымен қатар, қазақтың ұлттық ойындары: ат
жарыс, жорға жарыс, түйе жарыс, теңге ілу, қыз қуар, көкпар,
ұранқай садақ ату сайысы қатар жүріп жатты.
Осы орайда құсбегілер сайысын жыл сайын өткізіп
келе жатқан ұлттық өнеріміздің жанашары Моңғолия
бүркітшілер одағының төрағасы Медеухан Сайфоллаұлын
әңгімеге тарттық:
- меке, сізді халқымыздың төл өнері құсбегіліктің қобда
бетінде қанат жаюына көп еңбек сіңіріп жүр дейді...
Әкем құсбегі болған адам еді, ол кісі дүниеден өткенде
тұғырда бүркіті қалды. Қыранды жаздай қолда ұстап семіртіп,
күзде аяқбауынан босатып қоя бердік. Бүркіт қалықтап көкке
көтеріліп бұлтқа сіңіп кетті. Арада ай өткен соң қайта айналып
тұғырына келіп қонды. Ет беріп, қонақ қылып ұшырып жібердік.
Содан ала қыстың ортасында алыстан тағы бір ағайындар
әкейдің қазасына көңіл айта келген екен, оларды бастап дұға
оқу үшін зиратқа бардым. Барсақ, зираттың бір шетінде әкейдің
бүркіті қанатын жайып жіберген үйген топырақты құшақтап өліп
жатыр.
Осы оқиғадан кейін құс пен құсбегінің арасында біз білмейтін
ғажайып үндестік, яғни бірбіріне деген махабат, сағыныш
байланыс бар екенін ұғындым. Сөйтіп, менің тұла бойымда арман
пайда болды. Аспандағы құс пен жердегі адамның қатынасын
жалпақ әлемге танытсам деген ой түйдім.
алғаш рет «бүркіт тойын» қай жылы өткіздіңіздер?
Бүркіт тойын өткізу идеясын алғаш 2000 жылы жүзеге
асырдық. Бұл іске ұйтқы болған әрі тұңғыш рет демеушілік
жасаған ұлты қалмақ АҚШ азаматы Жалсай Урубшуров
деген мырза. Бұл адам көшпенділер мәдениетін зерттеумен
шұғылданады екен. Отанында жүргенде американдық бір
журналдан қолына бүркіт ұстаған байөлкелік құсбегінің суретін
көреді де, шындығына көз жеткізу үшін осында ат басын бұрады.
Аймақ басшылары оны маған жолықтырды. Жалсай мырза
қолындағы журналды көрсетіп, «сендерде мынадан басқа бүркіт
бар ма?» деп сұрады. Мен, бізде 400ден астам бүркіт барын
айттым. Сөйтіп, Жалсайдың демеушілігімен бүгінгі құсбегілер
мерекесі алғаш рет жүзеге асқан еді.
Бай-өлк
едегі
Бүркіт тойы
Моңғолияның Бай-өлке аймағын
бүркітшілер мекені десе де болады.
Өйткені, ата-бабадан жалғасып келе
жатқан осынау өнерді баяғы бәз қалпында
сақтап, дамытып отырған осындағы
қандастарымыз. Сондықтан да, жоғарыдағы
саятшылар тойын тамашалауға әлемнің
түкпір-түкпірінен адамдар жиналады
екен. Шетелдік қонақтар арасында құс
асыраушылар, туристер және деректі фильм
жасайтын жеке студия өкілдері жүреді.
Қазіргі таңда бай-өлкелік қандастарымыздың
қолында 450-дің үстінде қыран бар екен.
21
- қалай жүзеге асырдыңыздар?
Алдымен аймақ әкімі шешім қабылдап, жұмыс тобын
құрды. Оны әкімінің орынбасары басқарды. Маған атқарушы
ретінде барлық қара жұмыс жүктелді. Бір ай бойы насихатүгіт
жұмысын жүргіздім. 2000 жылы қазан айының 7күні тойдың
шымылдығын аштық.
- сонымен...
Алдымен Өлгей қаласының орталық алаңында бүркітшілер
парадын ұйымдастырдық. Аймақ әкімшілігіне қарасты 12 елді
мекеннен 70 құсбегі келіп қатысты. Халық өте көп жиналды.
- құсбегілерді бағалау тәсілі қалай болды?
Құсбегілер үш көрсеткіш бойынша бағаланды. Алдымен
атәбзелдері, яғни бүркіт пен бүркітшінің жабдығын сыналттық.
Екіншісі «құсты қолға шақыру» әдісін ұсындық, соңында құсты
шырғаға салу арқылы баға бердік. Алғашқы үш орынға ие болған
бүркіттерді қасқырға салдық.
- қасқырды қайдан алдыңыздар?
Біздің жақта аңшылар көктемде, яки қасқыр күшіктейтін
кезде апанын аңдып барып, барлық күшіктерін сыпырып әкеліп,
ит сияқты байлап асырайды. Жазда келіп көрер болсаңыз, екі
үйдің бірінде бөлтірік байлауы тұрады. Осы қасқырларды
пайдаландық. Екі бүркіт қасқырға түсті.
бүркітшілер одағын қашан құрдыңыздар?
Алғаш рет 2000 жылы мерекеге қатысқан 70 құсбегінің
басын қосып атабабамыздан үзілмей келе жатқан құсбегілік
өнерді дамыту жайын талқылып, жиын өткіздік. Нәтижесінде,
«Моңғолия бүркітшілер одағы» дейтін қоғам құрдық. Оның
ережесін бекіттік. Барлық құсбегілерді тізімге алдық.
- бай-өлкелік құсбегілердің басқа өңірден ерекшелігі не?
Біздегі құсбегілік өнер жасанды емес. Бәзбаяғы қалпында
сақталған.
- жыл сайын елдің астанасы ұлан-батыр қаласында
«бүркіт тойын» ұйымдастырып жүрген көрінесіздер...
Бұл іске ұйытқы болған адам: кезінде Ұлы Құрылтай мүшесі,
кәсіби дипломат Сайран Қадырұлы дейтін азамат. Жыл сайын
астанаға барып «Бүркіт тойын» өткіземіз. Оған Моңғол елінің
президенті өзі келіп қатысады. Бүркітшілерді құрметтеп үкімет
елбасының резиденциясындағы қонақ үйге орналастырады.
Сондайақ әлемінің түкпіртүкпірінен шетелдік саяхатшылар
келіп тамашалайды. Бұл сайыс биылда өтеді. 20 құсбегі барады.
сіздер бұұ жанындағы Юнеско-ға моңғолиядағы
қазақ құсбегілерінің өнерін құнды мұра ретінде тіркетіп,
үлгерген екенсіздер. бұны қалай іске асырдыңыздар?
Моңғол елінде ЮНЕСКОның өкілдігі бар. Соған тілек қойдық:
«Моңғол дейтін елде қазақ дейтін халық өмір сүріп жатыр. Олар
байырғы құсбегілік дәстүрін ұмытқан жоқ, осыны халықаралық
ұйымға мәдени мұра ретінде тіркеп, есепке алуларыңызды
сұраймыз» дедік. Содан олар өте көп құжат жинатты. Елдегі 400ден
астам құсбегілердің әрқайсысы жекежеке өтініш жазады екен. Тағы
басқа қисапсыз құжаттарды жинап жүріп 2010 жылы ЮНЕСКОға
«Моңғол еліндегі қазақ ұлтының құнды мұрасы» ретінде тіркеттік.
куәлік берді ме?
- Берді. Түпнұсқасы аймақ әкімінің кеңсесінде тұр. Көшірмесі
өлкетану мұражайында сақтаулы.
- сіздің елдегі бүркітшілер қатысуымен шетелдіктер
жыл сайын көптеген деректі фильмдер түсіреді. осыған сіз
басқарып отырған одақтың қатысы бар ма?
Біздегі барлық саяси һәм экономикалық мәселелер ашық
есік формасында жүріледі. Мысалы, шетелдік бір студия келеді
де, бір құсбегінің үйінде жатып фильм түсіреді. Оған ешқандай
рұқсаттың қажеті жоқ. Өз басым осындай үш фильм түсірдім.
Осының біреуі немістермен бірлесіп түсірген көркем фильм.
Бұл туынды 2006 жылы халықаралық жүлде алды.
- алдағы жоспарыңыз жайлы айтып берсеңіз?
Жуықта Астана қаласына барып, Ұлттық спорт түрлері
қауымдастығының вицепрезиденті Бекболат Тілеухан мырзаға
жолығып қайттым. Осы кездесу барысында халықаралық
құсбегілер сайысын Астана қаласында өткізу туралы ақылдастық.
Болашақ жоспарым құсбегілік өнерді Қазақ елінде дамытуға
үлес қосу.
***
екі күнге созылған мерекеге жексенбі күні (қазан
айының 6-ы) кешке нүкте қойылды. жоғарыдағы барлық
ойын түрлері бойынша жеңімпаз һәм жүлдегер атанғандар
марапатталды. ал, бүркітшілер сайысы бойынша бірінші
орын, яғни бас жүлде шаймұрат асқабылұлына бұйырса,
екінші орынға ерлан қамшыбайұлы ие болды. үшінші,
төртінші, бесінші орындарды – сатыпалды кәрменханұлы,
башахан ысбайұлы, қолғанат қайзымұлы бөлісті.
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ.
Астана-Барнаул-Бииск-
Таулы Алтай- Бай-өлке
22
Осыдан біраз уақыт бұрын Қытайдың Құлжа қаласына
барған сапарымда Үрімжіден қазақ тілінде шығатын «Шыңжаң»
газетінің ескі нөмірлерін ақтарып отырып, Нұрлан Сәрсенбаевтың
«Ұстаз мерейі» (10 мамыр, 2013жылы) деген мақаласына көз
тоқтаттым. Мақала кейіпкері Алатаудай атағын бала кезімнен
естіп жүрген баспагер, аудармашы, ғалым Абылаш Қасымбекұлы
екен. Мен одан сайын мақаланы құныға оқи бастадым. Мақала
авторы: «Абылаш аға өнердің әр қырынан бой көрсеткен күрделі
тұлға, талай оқымыстылар үлгі алған бұл тұлғамыздың тұтас
еңбегі туралы жанжақтылы сөйлеу тым қиын. Ол кісінің
баспагерлігі, аудармашылығы, тілгерлігі, азаматтығы жекежеке
өз алдына зерттеуді қажет ететін тың тақырып екені барша
жұртқа мәлім...» дей келіп, ол кісінің шәкірттеріне жасаған
қамқорлығын баса тілге тиек етіпті. Автор мақаласының соңын:
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» деген халық сөзінің
астарында терең мән жатыр. Халық қашанда нағыз дүлділдері
мен қырандарын жазбай таниды. Бүгінгі ұстазымыздың мерейін
аспандатып, маңдайының бақ жұлдызын жарқыратып отырған
да қара ормандай туған халқы. «Талабына сенгеннің тауы биік»
деген рас екен. Кешегі күні өнерге жол тартқан жас жолаушы
бүгінгі тарланбоз шағында еңбегі жанып, тасы өрге домалап,
халқына әйгілі адамға айналды. Халық барда қашан да ерлердің
еңбегі қастерленіп, атағы аспандап, аты аңызға айналатыны
талассыз шындық» деп аяқтапты. Мен де бұл пікірге іштей
еріксіз келістім. Енді ол кісіні көргім, кездескім келді. Содан
мен келген үйдің иесі әрі құда, әрі қаламгер ағам Құралбек
Оспанұлын бөлмеме шақырып алдым. Сосын:
Құреке, Абылаш аға әлі бар ма? Аманесен бе? – деп сұрақ
қойдым.
Құралбек құдам күлді:
Құдай сақтасын, неге олай дейсің? Абылаш аға әлі тың,
аттай шауып жүр. Тіпті, «Тарландар» деген журналдың бас
редакторы болып жұмыс та жасайды. Құдай қаласа, ертең өзіңді
үйіне ертіп апарып, жолықтырамын, – деді.
Құда Құрекең уәдесінде тұрды, ертесіне түске таман мені
Абылаш ағаның үйіне алып барды. Бізді ұзын бойлы, аппақ
шашын артына қайырған, кең маңдайлы, ақсары, жылы жүзді,
өзін ширақ, тік ұстаған қария қарсы алды.
Амансәлемнен соң Абылаш ағаға өзімнің қайдан келгенімді
және бұйымтайымды ақырындап айттым. Ол кісі: «Айналайын,
болдыңыздар ғой?
–
Біз кириллицаны өз бетімізбен оқып үйрендік. Ал
мұғалімдеріміздің кейбіреуі кириллица әріпін білетін, кейбіреуі
білмейтін. Кириллицаны білмейтін мұғалімдердің сабақ
дайындауына кітапты біз оқып беріп, көмектесіп отыратын едік.
Бірақ, қалай десек те, ол кездің мұғалімдері төтенше білімді еді. Бізге
білімғылымның не екендігін үйреткендер осы кісілер болатын.
–
Мұғалімдеріңіз мамандықты қайдан алған екен?
–
Олардың бір бөлімі осы Іле өңірінде алдымен ескіше
діни сабақтар алып хат таныған, кейін жаңаша мектепте оқып
білім алған. Ал енді бір бөлігі Қазақстанда жоғары білім алып,
кейін тағдыр тауқыметімен Қытайға келгендер болатын. Мектеп
директоры Батталқазы деген кісінің бұрынғы Алаш партиясының
жақтаушысы, яғни мүшесі болғанын кейін білдік.
Мен мектепте математика пәніне өте жақсы едім. Үздік
оқыдым десем де болады. Мектеп бітірген кездегі куәлігім
сақталып қалған екен, соған қарап отырсам есептен ылғи «бес»
деген баға алыптым.
– «Жаңаша мектеп» деп қалдыңыз ғой, ол қандай мектеп еді?
–
1935 жылы Іледе «Қазаққырғыздардың оқуағартуын
ілгерлету қоғамы» деген бір ұйым болған. Оны бұл жақтың
қазақтары «ұйышма» деп атап кеткен. Сол ұйышма құрылғанан
кейін ел өңірінде жаңаша оқу оқытатын бастауыш мектептер
көптеп салынды. Сол мектептердің ең көрнекті өкілі – «Талды
Тұран» мектебі болатын. Әсілі, «ТалдыТұран» деп Қазақстанан
келген Ахметбек деген мұғалім қойған екен. Сол кездегі
адамдардың айтуына қарағанда, бұл мектеп ашылғанда Ахметбек
мұғалім: «Тұран даласы түркілердің мекені, өсіпөркендеген
сайын сахарасы. Сондықтан бұл мектептің атын «ТалдыТұран»
деп атайық» деп әдейі қойған екен.
Аты дардай «Талды-Тұран» мектебі балаларды сол кезде
неге 4-сыныпқа дейін ғана оқытты екен?
–
Бұл мектеп 14 бөлмелі, астыүсті тақтайлы жаңаша
оқытатын еңселі бастауыш мектеп болатын. Әсілі, бұл мектепті
орталау сыныпқа дейін балаларды оқытамыз деп ашқан екен.
Бірақ бала санының аздығынан, әсіресе мұғалімнің жетіспеуінен
4сыныпқа дейін оқитын болыпты.
–
Бестебөдегі мектепті бітіргенен кейін жоғыры
мектепке түстіңіз ғой?
Мектепті бітіргенен кейін үлкен қалаларда оқысақ, әсіресе,
Ардагер қаламгер, атақты аудармашы
Абылаш ҚАСЫМБЕКҰЛЫ
сенің Қазақ елінен мен секілді шалдың барын ескеріп, сәлем
бере келгеніңнің өзі маған үлкен демеу болып отыр. Саған көп
рақмет!» деді. Сосын әңгімені неден бастап айтсам болар екен
дегендей, қабағын түйе, ойланып біраз отырды да, ақырын
сөйлей жөнелді:
Мен 1935 жылы дүниеге келген екенмін. Туған жерім Күнес
ауданының Талды ауылы. Нақтырақ айтқанда, Талды дейтін
шатқалдың ішінде Батбақты деген сай бар, сол сайдың Ақмойнақ
деген жерінде туылыппын. Сол Талдыда 1935 жылы салынған
«ТалдыТұран» деген мектеп болды. Осы мектептің бастауыш
сыныбының табалдырығын 1944 жылы аттадым. Бұл мектепте
4сыныпқа дейін оқып, 1948 жылы Күнес ауданының орталығы
Бестөбе қалашығындағы жаңа құрылған орталау мектептің
5сыныбына бардым. Бұл мектеп Үш аймақ азат болғанан кейін
1946 жылы құрылған. Осы мектепке әлауқаты нашар кедейдің
қырықтан астам балаларын жатақта жатып оқуға қабылдап, үкімет
арнайы қаржы беріп оқытты. 1951 жылы осы мектептің бітірдім.
–
- Сіздер мектепте қандай оқулықпен оқыдыңыздар?
Сол кездегі Кеңес одағының құрамындағы Қазақ
Республикасы біздің Үш аймақ оқушыларына Ахмет
Байтұрсынұлы жасаған төте жазумен оқулық шығарып
таратқан болатын. Бізге Қазақстанда жарық көретін «Қазақ
елі» деген журнал да келетін. Онда Қазақстанның әйгілі ақын
жазушыларының шығармалары жиі басылатын. Соған орай, біз
Қазақстаннаң жалпы жағдайынан хабардар болып тұрдық. Бұл
1944 жылдан кейінгі істер. Сөйтіп 1948 жылы Бестөбеге барып
оқығанда біздің оқулықтар түгел дерлік Қазақстанан келіп тұрды.
Оқу бағдарламаларымыз Қазақстанның оқу бағдарламасымен
бірдей жүргізілді. Емтихан сұрақтары да Қазақстаннан
дайындалып келетін.
–
Сонда сіздер кириллица жазуын да білетін
23
Кеңес Одағына, Қазақстанға барып
оқысақ деген асқақ арман бізде
де болды. Осындай жалындаған
жастық
қиялмен
жүргенде
Үрімжіден
Бестөбеге
оқушы
алатындар келіпті дегенді естідік.
Сонымен ол оқу не оқу, қандай
мектеп екеніне қараған біз жоқ,
Үрімжіге барамыз деген ойменен
сол жылы бітірген балалардың
жиырма
шақтысы
тізімделдік.
Үрімжіден оқуға қабылдағалы келген
Көдек деген кісі бізді Тоғызтарау
ауданының орталығына алып барып
емтиханға қатыстырды. Емтиханнан
жартымыз өтіп, жартымыз өте алмай
ауылға қайттық. Сол жолғы емтиханан
мен жақсы баға алып, оқуға түскен
болатынмын.
– Сіз қандай оқу орнын таңдадыңыз?
–
Шыны керек, ол кезде қандай оқу орнына бара
жатқанымызды өзіміз де білгеніміз жоқ. Сөйтсек, Үрімжідегі
біздің барған мектебіміз «Шыңжаң кадрлар мектебі» деп аталады
екен. Бұл мектепті бір жыл ғана оқып, бітірдік.
–
Аталған мектептен қандай мамандық алып
шықтыңыз?
– Мамандық дегенде, пәлендей мамандық жоқ. Мектептен алған
біліміміз, негізінен, саясат болды. Яғни, Қытайдың Коммунистік
партиясының басшылығындағы саяси білімдер еді. Мені осы мектептің
әкімшілігіне қызметке бөлді. Бірақ мен ханзу тілін білмейтін едім.
Сосын екінші бір мектепке мені ханзу тілін бір жыл үйреніп келуге
жіберді. Бір жылдан кейін қайтып келіп қазақ тілі мұғалімі болдым.
Осылай жүргенімде, 1953 жылдың соңында ауылдағы әкешешем
артартынан қайтыс болды. Екеуінің аралығы бір апта болуы керек.
Ауылда екі інім, бір қарындасым бар еді, олар бас иесіз қалды.
–
Содан кейін не болды?
Мен өзімді Күнес ауданына жіберу туралы басшылыққа
өтініш айттым. Бірақ мектеп басшылары: «Халық бар, үкімет
бар, туыстарың бар: ініқарындастарыңа солар көмектеседі. Сен
ауылға қайтушы болма...» деп жібермей қойды. Арада біраз
уақыт өткеннен кейін яғни 1955 жылдың наурыз айында мені
тікелей Күнеске жіберудің орнына Құлжаға бөлді. Өйткені,
осыдан сәл ғана бұрын, 1954 жылы Үш аймақтың негізінде Іле
қазақ автономиялы облысы құрылып, оның орталығы болып
Құлжа қаласы бекітілген еді. Сол себепті үкіметтің тәртібі
бойынша Күнеске сол облыс арқылы баруым керек екен.
Ол кезде Іле облыстық үкіметтің басшысы Пәтіқан Сүгірбаев
деген кісі болатын. Сол кісіге кездесіп, жолдамамды көрсетіп
едім, ол кісі: «Мен Күнес аудандық үкіметпен сөйлесіп, сені
қызметке орналастыратын штаттың баржоғын білейін. Егер
штаты бар болса, сені Күнеске жіберемін. Екі күнен кейін келіп
білерсің», – деді.
Екі күннен кейін қайта айналып барсам, о кісі: «Күнесте
штат жоқ екен. Құлжада қалып істе. Кейін жағдайға қарай
көре жатармыз», – деді. Содан Іле қазақ облыстық жол қатынас
басқармасына бөліндім. Сөйтіп осы жерде жұмыс жасап жүрген
кезімде, 1957 жылы Бейжіңдегі Ұлттар баспасына қызметкер
аламыз деп Құлжаға екі адам келген екен, облыстық кадрлар
басқармасы мені көрсетіпті.
–
Ол кезде Ұлттар баспасында Қазақ бөлімі бар ма екен?
–
Бар екен. Өйткені Ұлттар баспасы 1953 жылы құрылған
болатын.
–
Сөйтіп Үрімжіден ауылына кетіп бара жатқан
жігіт орта жолдан кері қайтып, Бейжіңнен бір-ақ шықты
ма?
Иә, солай болды. Елжұртыммен қоштасып, 1957 жылы
сәуір айының соңында Бейжіңге аттанып кеттім. Өкінішке
қарай, ол кезде мен ақпарат, баспасөз дегеннен мүлде хабарсыз
едім. Алғашқы жұмысымды баспасөздің әліппесінен бастадым.
Олай деп айтып отырғаным, қазақ бөліміндегі жұмысымды
редактор редакциялаған материалдарды көшіруден бастадым.
Өйткені, қорғасын әріпті теретін терімшілердің бәрі ханзудың
жас қыздары. Олар біздің әріпті мүлде танымайды, қазақша
түсінбейді; тек менің әдемілеп көшіріп берген жазуымның
суретіне қарап тереді. Ал терген әріптерінен үш қате табылатын
болса,
еңбек
ақылары
төмендейді.
Сол себептен бе, әлде жұмысқа деген
жауапкершілігінің күштілігінен бе, әйтеуір
олар менің жазып берген жазуымның үтір,
нүктесіне дейін қалдырмай қатесіз, таза
теріп шығатын.
Кейін осы қазақ бөлімінде шығатын
«Ұлттар»
атты
суретті
журналға
техникалық қызметкер болып ауыстым.
Негізінен, журналдың суреттері мен
мақалаларын
орналастыру
секілді
жұмыстарды істедім. Сонымен бірге
басқалардың тәржімалаған мақалаларын
түпнұсқамен
салыстыра
оқып,
аударманың қырыменсырына қаныға
бастадым. Кейде өзім де қысқақысқа
мақалаларды аударып аудармашылыққа
бейімделе бастадым. Сөйтіп жүріп
1960 жылға келгенде аудармашылығым
едәуір жетіліп, өзім де аударма саласына
бел шеше кірісіп кеттім.
– Орталық Ұлттар баспасының құрылу тарихына
қысқаша тоқтала кетсеңіз?
Біздің естуімізше, ХХ ғасырдың 20жылдары Кеңес Одағында
аз халықтарға арналған баспа болған екен. Кейін Қытай мемлекеті
де осы сияқты аз ұлттарға арналған «Ұлттар баспасын» ашқан. Бір
қызығы, біздің «Ұлттар баспасындағы» барлық бөлім ұлт атымен
аталады. Мәселен, қазақ, ұйғыр, мұңғұл, кәріс және тибет бөлімі.
1950 жылдарда изу, жуаңзу, байзу деген секілді ұлттардың да
бөлімі ашылған. Бірақ олардың тілі болғанымен, жазуы жоқ екен.
Үкімет оларға латын әліпбиімен жазу жасап берген. Бірақ халқы
ол жазуды қолданбай қойған соң, ашып берген бөлімдері өздігінен
жабылып қалыпты.
Сонымен қысқартып айтқанда 1980жылдың басында мен
«Ұлттар баспасының» қазақ бөлімінің басшысы болып шыға келдім.
- «Ұлттар баспасының» қазақ бөлімі қандай кітаптар
шығарумен айналысатын?
Негізінен, марксизм, ленинизм кітаптары мен Мао Дзе
Дунның шығармаларына қатысты кітаптар және Орталық
Партия комитеті мен үкіметтің маңызды құжаттарын, мемлекет
заңдарын аударумен айналысатынбыз. Оның сыртында, қоғамдық
ғылымдарға қатысты кітаптар шығаратынбыз. Мысалы, тарих,
философия және әдеби шығармалар (роман, повесть және
әңгіме, очерк, эсселер жинақтары). Сол кітаптардың көбін
Қазақ редакциясының аудармашылары аударды, ал редакциясын
қарау, соңында баспаға қол қойып жіберу секілді маңызды
жұмыстардың бәрі менің алдымнан өтіп отырды. Оның сыртында
өзім де кейбір кітаптарды аударып, оның редакциясын қарадым.
– Сіз «Мәдениет төңкерісінің» құйынынан аман қалдыңыз ба?
–
Қайдан аман қалайын. «Мәдениет төңкерісінің» құйыны
мені де іліп әкетті. Бірақ алысқа апара алған жоқ. Осы әрекет
«әртүрлі атақтармен» бұл атақтар тырнақшаның ішіндегі атақтар
ғой баяғы. Ол кезде «қоқсықтар» және «шайтан» деген атпен
күреске тартатын. Мен де «шайтан» болып қалдым, бірақ «үлкен
шайтан» емес, «кішкене шайтан» болдым. Күреске тартқанда
|