Жыл санап жайнап, көркейіп келе жатқан Астана еліміз бен Елбасының қуанышына



Pdf көрінісі
бет7/32
Дата11.01.2017
өлшемі14,7 Mb.
#1622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32

28
Зерттеушілердің кейбірі бірінші болып Бөлтірік тіл қатты деседі. 
Тұла бойы тырсия булығып қалған Сүйінбайдың қақ маңдайынан 
қамшы сілтемек болып Тезек төре ұмтылғанда – ақын орнынан 
атып тұрып: «Қашырма төрем қаныңды, кіргіземін жаныңды, ит 
қырғыздан жеңілсем талап алып малымды», – деп ағыта жөнеледі. 
«Атаң гөрі мына қасақ ақын тұрбай ма», – депті қырғыздардың 
арасынан  біреу.  Міне,  бұл  сөздің  астарында  айтыста  жеңудің 
тактикасын алдын­ала жасалғанын аңдаусызда байқатып қойған­
ау деп еріксіз ойлайсыз. Жалпы, бұл айтыстың тарихын Жамбылға 
жақын  жүрген  адамдардың  өз  аузынан  естіген  соң  тарихи 
драматизмнің әсерін солғындатпай жеткізген дұрыс еді. Реті келіп 
тұрған соң айтқан бұл жағдай мұқият талдауды әлі де қажет етеді. 
Әңгіменің желісі осы шегініс арқылы үзіліп қалғанына кешірім 
өтіне  отырып,  ТҮРКСОЙ  конференциясының  үстінде  Алматы 
облысының  әкімі  Амандық  Баталов  осы  ұйымның  70  жылдық 
мерекелік  медалімен  марапатталса,  жазушы  Ж.Шаштайұлы 
Халдун Танер, ғалымдар Б.Сманов пен Н.Ақыш Семен Қадышев, 
талантты  жыршы­термеші  Ақан  Әбдуалиев  Мұқан  Төлебаев 
медальдарын  төстеріне  қадады.  Осынау  шараның  аяғына 
қарай Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі 
делегацияны өз резиденциясында қабылдап, қазақ шаңырағының 
астында отырғандай жағымды әсерге бөледі. Түркия жұртының 
қарышты экономикасынан хабардар боп, өндіріс жөніндегі өрісті 
әңгіменің  барысында  Қазақстанның  мүмкіндігіне  деген  сенім 
кернеп тұрғандай елшілік үйінен көтеріңкі көңіл­күйде шықтық.
«Сүйінбай сазының» концерті ораза айының салты бойынша 
түннің бір уағында басталып, сәресіге таман аяқталды. Ән кешін 
жақсылар  мен  жайсаңдар  сөз  сөйлеп  ашып,  екі  туысқан  ел 
ынтымақтастарының жорасына жүретін сапардың маңызын тағы 
бір сезіндіре түсті.
Келесі күні Кыршеһир (қазақша – Қыршаһар) 
қаласына жол тарттық. Қыршеһир қаласының мэрі 
Яшар  Бахчежи  делегацияның  ресми  мүшелерін 
қабылдады.
Қала  мэрі  жап­жас  жігіт.  Магистрлік 
диссертациясын  Қазақстанның  сыртқы  саясаты 
жөнінде  қорғаған  білімді  азамат  болып  шықты. 
Бір  қызығы,  бұ  жұрттың  билік  өкілдері  өзі  ғана 
сөйлеп,  білімі  мен  бағының  жүріп  тұрғанын 
көрсетіп  қалуға  құмар  емес.  Қыршеһирде 
Нұрсұлтан  Назарбаев  атында  бульвардың  бар 
екенін  хабарлап,  Жажабей  алаңында  «Сүйінбай 
сазы»  ансамблінің  өнерпаздары  қазақтың 
ұлттық  әуендерімен  көрермен  жұртты  тәнті 
етті.  ТҮРКСОЙ  ұйымының  атынан  Қыршеһир 
қаласының  мэріне  алғысын  білдірген  Мәлік 
Отарбаев  естелік  сыйлығын  табыстаса,  Алматы 
облысы  Мәдениет  басқармасының  басшысы 
Рахмет Есдәулетов шапан жапты.
Ендігі  бағыт  шығыс,  шығыс­оңтүстік. 
Алдымен  тоқтағанымыз  –  Қажы  Бекташ  Уәли 
кенті. Қажы Бекташ Уәли Қожа Ахмет Иассауидің 
шәкірті.
Невшеһир  қаласына  таяп  қалған  бір  кенттің  аумағында 
жерасты үңгірінің кіретін есігі – жазықтау көшенің бұрышындағы 
елеусіздеу ғана жер. Қаусырмалы есіктен кіріп, төмен түскеннен 
бетте өзара жалғасқан үңгірлер көне дүние қойнауына сүңгітіп 
бара жатқандай. 
Тоқтамастан жүріп отырып, Кападокия уәлаятының орталығы 
Невшеһир қаласына ат басын тірегенде – табиғи көріністерімен 
де,  тарихи  орындарын  таңырқай  тамашаладық.  Сай­саласы, 
қыраттары сүйірленіп шығып, түрлі бейнеде қалыптасқан жұмыр 
да шошақ жартастар.
Бастапқыда  бір  жерде  ғана  ма  деп  қалсақ,  ерекше  бітімді 
мұндай  тастар  алдымыздан  жамырап  шыға  бастады.  Ертедегі 
адамдар  тау  беткейлерін  тұтас  алып  жатқан  кейбір 
жартастарды  ойып,  баспана  жасап  алыпты.  Кейбіреулері 
бір қапталы таумен тұтаса кірігіп жатқан кәдімгідей екі­
үш  қабатты  үйлер.  Жалпы,  Түркия  тарихи  ескерткіштер 
мен  түрлі  мұражайларға  бай.  Ал  Кападокия  аталатын 
бұл  уәлаят  сонымен  бірге  табиғи  ескерткіштерімен  де 
ерекшеленеді екен.
Әрі консул, әрі кәсіпкер Халил Улуер мырза мен елші 
Жансейіт  Түймебаев  арнайы  жолығып,  сапарымыздың 
сәтті жалғасуына тілектестерін білдірді.
Ертеңінде Ақсарай қаласын аралап, ескі ғимараттарды 
тамашаладық.  xiv  ғасырдың  бас  кезінде  тұрғызылған. 
Кешкі  астан  соң  қашанғысындай  өз  өнерпаздарымыз 
орталық алаңда өнер көрсетпекші.
Кешкі  концертке  қатысқан  Ақсарай  қаласының  мэрі 
Хаяти Язгы ТҮРКСОЙ ұйымына ризашылдығын білдіріп, 
ТҮРКСОЙ­дың өкілі Мәлік Отарбаев пен Алматы облысы 
Мәдениет басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетовке 
сый­сыяпат  жасады.  Концерт  аяқталысымен  қазақ 
делегациясын шайға шақырып, екі ел арасындағы қарым­қатынас 
жөнінде  сөз  етті.  Негізінен  Түркиядағы  қай  басшымен  әңгіме 
құрып  отырсаңыз,  барлығы  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевты 
мақтайды әрі мақтан етеді.
Ақсарай  қаласынан  көп  ұзамай  оң  жақ  қабатымыздан 
тақтайдай  тегіс  кең  жазықтың  көріне  кеткендігі.  Айналаның 
барлық  бұрышын  аласа  таулар  қамашау  қылып  тұрған  елдің 
ішінде де осындай мидай даланың ұшырасуы бір түрлі таңсық 
та. Сол жазықтың бір жақ шетіне Кония қаласы орналасқан екен. 
2011  жылдың  наурыз  айында  келгенімізде,  Түркиядағы  жазық 
далада тұрған жалғыз қала осы Кония екен деп таң қалғанымыз 
бар.
Сөйтіп,  Сүйінбай  бабамыздың  200  жылдығына  арналған 
Түркиядағы іс­шаралар сәтімен өтіп, елге көңілді оралдық.
Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ,  
Нұрдәулет АҚЫШ

29
кіріспе
Бүгінгі  таңда  біз  жаңа  ғасырға,    жаңа  мың  жылдыққа 
қадам  бастық.  Бұл  жаңа  ғасырда  адамзат  баласы  мүлдем  жаңа 
өзгерістерге  түседі.  Жаңа  мемлекеттер  құрылып,  тіпті,  жаңа 
халықтар    пайда  болуы  да  ғажап  емес.  Мұндай  өзгерістер  
біздің  елімізге  де  жетеді.  Яғни,  алдағы  уақытта    Қазақстанға 
дүниенің  түкпір­түкпірінен  алуан  ұлттың,  түрлі  нәсілдің 
өкілдері қаптап келе бастайды. Мысалы, қазір  мұнай, газ және 
басқа байлықтарды игереміз деп әлемнің алпауыт компаниялары 
көптеп келуде. Олармен бірге түрлі мамандық иелері де ағылуда. 
Оған  қоса,  өзінше  келетін  еңбек  мигранттарына  да  барынша 
жеңілдік  жасадық.  Батыс,  Қытай­Батыс  Еуропа  жолын  салдық. 
Міне,  осының  бәрі  Қазақстанға  бүкіл    әлемнің  есігін  айқара 
ашып  қойды.  Соған  орай,  болашақта  Қазақстанға  келетін  
шетелдіктердің  саны  үздіксіз  арта  түседі.  Қазір  бұл  жағдайды 
Еуропа  елдері  бастан  кешуде.  Бұрын  ағылшындар,  немістер, 
француздар  таза  бір  ұлттан  тұратын  мемлекеттер  еді.  Бірақ 
осыдан 50­60 жыл бұрын, бұл елдерге жұмыс іздеген мигранттар 
жан­жақтан  ағылды.  Соның  салдарынан  қазір      олардың  бәрі 
алуан  түрлі  нәсілден  құралған  мемлекетке  айналған.    Енді 
біраз жылдардан кейін Еуропа мигранттарға лық толып, сосын 
ағылған көштің беті ТМД мемлекеттеріне  бұрылады. Бұл ретте 
мигранттар жері  кең, халқы аз Ресей мен Қазақстанға көбірек 
бет алады. Сөйтіп, болашақта  Қазақстан да  Еуропаның қазіргі 
жағдайын бастан кешуі әбден мүмкін. Міне, осындай жағдайда 
жергілікті халық – қазақтар қандай күй кешеді?  
Бұл  ретте,  дәл  осыған  ұқсас  жағдайды  қазақтар  сонау 
қырқыншы,  елуінші  жылдары    бастан  кешіргенін  ешқашан 
ұмытпаған  жөн.  Яғни,    Қазақстанға  құрылыс  салып,  тың 
жерлерді игеру үшін көрші республикалардан  түрлі ұлт өкілдері 
қаптап ағылды. Соның салдарынан Қазақстандағы қазақтар  ана 
тілінен  айырылып,  ұлт  ретінде  жойылып  кетуге  сәл­ақ  қалды. 
Енді сол жағдайды қайта бастан кешірмес үшін заманның қайда 
бара жатқанын осы бастан бағдарлағанымыз дұрыс. Яғни,  алдан 
келетін жаңа сынақтан аман­есен өту үшін болашақта   Қазақстан 
тұрғындарының  кемінде 85­90 пайызы қазақтар болуы керек.
Мұндай  ұлттық  қауіпсіздікке  жетудің    тиімді  жолдарының 
бірі  –    Қазақстанға  шетелдердегі  қазақтарды  мүмкін  болғанша 
көбірек әкелу.
Бірақ, өкінішке қарай, соңғы уақытта оралмандар көші көбеюдің 
орынына азайып барады. Енді  әңгімені осыған қарай  бұрайық.
ЭтнИкалық кӨш сИреді. неге?..
Өткен  тоқсаныншы  жылдары  Қазақстан  халқының  сырт 
жерлерге  жыл  сайын    жүз  мыңдап  көшкені,  сөйтіп  республика 
тұрғындарының  саны    бірнеше    миллионға  азайғаны  баршаға 
мәлім.  Бірақ  екі  мыңыншы  жылдардан  бастап    бұл  жағдай 
біртіндеп  бәсеңдеп,  қалыпқа  түскен.  Соған  орай,  көші­қон 
сальдосы,  яғни    келушілер  мен  кетушілердің    айырмашылығы 
жақсарып,  біздің  пайдамызға    бет  бұрды  деп  қуанып  жүрген 
едік.  Бұл  ретте,  келушілерді  барынша  көбейткен  өзіміздің 
қандастарымыз,  яғни  оралмандар  болатын.  Бірақ,  қазір  жағдай 
мүлдем  өзгерген.  Статистика  жөніндегі  комитеттің    мәліметіне 
қарағанда,  2014    жылдың  алғашқы  тоғыз  айында  Қазақстаннан 
сырт жерлерге  21 мыңнан астам адам кеткен. Ал көшіп келгендер 
12 мыңнан сәл ғана асады.  Бұлардың арасында қазақтар  қырық 
пайызды  яғни 4684 адамды құрайды. Бұл мәліметтер Қазақстанға 
келушілердің  саны  кетушілерден  9  мыңдай  аз  екендігін  және 
қазақтар  олардың  жартысына  да  жетпейтінін  анық  көрсетеді. 
Бұған қоса, келушілердің тоқсан пайызы ­ ТМД елдерінен. Демек, 
Қытай, Моңғолия сияқты қазақтар көп тұратын алыс шетелдерден 
оралмандардың атажұртқа ат басын бұруы барынша азайған.
Ал  сонда  оралмандар  көші  неге  азайды?..  Біздің 
байқауымызша, жұрттың басым көпшілігі көштің азаюын тұрақты 
тіркелу  мен  азаматтық  алудың  қиындығымен  байланыстырады. 
Соған орай, «Жақында көші­қон туралы жаңа заң қабылданады; 
сөйтіп  кедергілердің бәрі жойылып, оралмандар қайта көбейеді» 
деген  пікірлер  де  айтылуда.  Бірақ  бұған  күмәнмен  қараймыз, 
өйткені,  жаңа  заң  біз  үшін  үлкен  жаңалық  емес.    Осыған  дейін 
де Қазақстанда көші­қон туралы мұндай екі заң дүниеге келген. 
Кезінде  ол екеуі де үлкен үміт, зор құлшыныспен дайындалып, 
жан­жақты талқылаудан өткен; оған өзіміз де қатысқанбыз. Бірақ 
ол заңдардың дайындалуы мен қабылдануының дақпырты күшті 
болғанымен, кейінгі жағдайы, яғни орындалуы көңіл көншітпеді. 
Соған  орай,    кезінде  «Қабылданған  заң  қайда  қалды?»  деген 
проблемалық мақала да жариялағанбыз. Жақында қабылданатын 
жаңа заңға да күмәнмен қаруымыздың басты себебі, міне, осында. 
Өйткені, оралмандардың қазіргі қиындығы тек заңға ғана тіреліп 
тұрған жоқ;  оның себептері әлдеқайда тереңде әрі біраз күрделі. 
Жалпы,  оралмандар  көшінің    азаятыны  осыдан  төрт­бес 
жыл  бұрын  айқын  аңғарылған.  Соған  орай,    баспасөз  бетінде  
әлденеше рет нақты мәселе де көтердік. Мысалы, 2010 жылдың 
тамыз  айында  республикалық  бір  басылымда  «Елімізге  келуші 
оралмандар    қатары  сиреп  барады»  деген  тақырыппен  арнайы 
сұхбат бердік. 2011 жылғы ақпан айында республикалық газетте 
«Көш  қайтсе  көбейеді?»  деген  көлемді  проблемалық  мақала 
жарияладық. Қазір сол айтқандырымыз  шындыққа айналды. Бірақ 
бұл біздің «керемет көрегендігіміз еді» деп мақтана  алмаймыз. 
Көші­қонға жүйелі түрде  талдау жасап, жан­жақты ой жүгірткен  
адамға оралмандар мәселесінің  тұйыққа тірелетіні сол кезде­ақ 
анық аңғарылған  болатын.  Өкінішке қарай, көші­қон мәселесін 
жүйелі  зерттейтін  орталық  бізде    бұрын    болған  емес,  қазірде 
де  жоқ.  Еліміздегі  қаптаған  ғылыми­зерттеу  институттары  мен 
сансыз  аналитикалық­сараптау  орталықтарының  бұл  салаға 
неге  назар аудармайтыны бізге  түсініксіз.  Ал  көші­қон және 
оралмандар  туралы    айтылып  жүрген  әңгімелердің    көпшілігі 
ешқандай    нақты  зерттеуге  негізделмеген,    екпіндеткен  қызыл 
сөзден,    заңнамалық,  қаржылық  жағынан  орындалуы  мүмкін 
емес, бос ұсыныстардан тұрады.
Ал  сонда  оралман  көші  неліктен  барынша  азайып  отыр?  
Мұның ең бірінші  себебі – көші­қон жұмысын ұйымдастырудың 
бір  жүйеге  түскен  айқын  бағыт­бағдарының,  нақты  іс­шаралар 
жоспарының  болмауынан.    Қазіргі  қолданыстағы  «Халықтың 
көші­қоны  туралы»  заңның  этникалық  көшке  байланысты 
баптарын қалай жүзеге асырамыз деген мәселе  ешқашан толық  
қарастырылған  емес.  Мысалы,  өз  қандастарын  атамекенге 
көшіретін  өркениетті  мемлекеттер  бұл  жұмысты  ең  алдымен  
шетелдерде бастайды. Яғни, репатрианттардың тізімін жасауды, 
олардың азаматтық алуға қажетті құжаттарын жинауды сол жақта 
жүзеге асырады. Репатрианттар  шекарадан қашан өтеді, келген 
бетте қай жерге орналасады, баспананы қалай алып, не жұмыс 
істейді – осының бәрі алдын­ала  анықталады. Ал Қазақстанда   
мұндай  жұмыстардың  бірде  бірі  жүргізілмейді.    «Халықтың 
көші­қон  туралы»    заңда  этникалық  көші­қонды  шетелдерде 
ұйымдастыру Қазақстан елшіліктеріне жүктелген. Бірақ оған  не 
қаржы, не штат бөлінген емес.
ел  БолаШаҒы ЖӘНе ЭтНИкалыҚ  көШ

30
Осы 
жағдайдың 
салдарынан 
біздің 
репатриант­
оралмандарымыз  Қазақстанға  өз    аяғымен  келеді;  орналасатын 
жерді өздері тауып, тұрақты тіркелуді де өздері шешеді. Көші­
қон  мекемелері  оралмандармен  жұмысқа  тек  осы  мәселелер  
реттелген  соң  ғана  кіріседі.    Этникалық  көштегі    келеңсіз 
мәселелердің басым көпшілігі осындай жағдайдан туындайды.
Оралман  көшіне  кедергі  жасайтын  екінші  мәселе  –  көші­
қонмен айналысатын мекемелердің жиі өзгеріске ұшырауы. Яғни, 
соңғы жиырма жылда көші­қон мекемелерінің атауы да, дәрежесі 
де сан «құбылды»: ол жеке комитет те болды, өз алдына агенттік 
те атанды, әртүрлі министрліктерге  қосылып, сосын одан қайтадан 
бөлініп те шықты; ал қазір Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 
комитетінің  Еңбек, әлеуметтік  қорғау  және көші­қон комитетінде  
ешкімге  үкімі  жүрмейтін  (өйткені,  облыстарда  ешқандай 
бөлімшелері  жоқ)  шағын    басқарма  ғана  болып  отыр.  Мұндай 
жағдайда  болашақта  оралмандардың  келуіне  жаңа  жол  ашылып, 
керемет алға басып кетеді дегенге сенудің өзі қиын.
үшіншіден, көші­қон жұмыстарын  республикалық деңгейде  
үйлестіріп,  бағыт­бағдар  беріп,  басшылық  жасап  отыру  да  
ұмытылып қалған. Бұл – өте маңызды мәселе. Өйткені, көші­қон 
жұмыстары  Сыртқы  істер,  Ішкі  істер,  Денсаулық  сақтау  және 
әлеуметтік даму, Білім және ғылым және басқа да министрліктерге 
қатысты.  Бұған  қоса,  қазір    көші­қон  жұмыстарының  ең    ауыр 
салмағы  жергілікті әкімшіліктерге жүктелген.  Бірақ  олар көші­
қон жұмыстарын әрқайсысы өзінше жүргізуде. Бірінде не болып 
жатқандырын екіншілері білмейді. Осыған орай, Үкімет кеңсесінің 
бір  бөлімі,  ең  құрығанда  бір  секторы  көші­қон  жұмыстарын 
үйлестіріп, Премьер­Министрдің бір орынбасары осы жұмыстарға 
басшылық жасап отырса деген ұсыныстарды әлденеше рет  айтып 
та, жазып та келеміз. Әзірше, ол мәселе ескерілмей тұр.
Көші­қонның  аяғына  тұсау  болып  отырған  төртінші 
кемшілік  –  бұл  саладағы  ереже­тәртіптердің  жиі  өзгеруі  және 
оларды  жүзеге  асырудың  құқықтық­нормативтік  негіздерін 
жасау  мен қаржылық қамтамасыз етудің ойдағыдай  ескерілмеуі. 
Мысалы, осыдан біраз уақыт бұрын оралмандарды Қазақстанның 
теріскей және батыстағы  жеті облыстарына  орналастыру керек 
деген шешім шығарылды. Бірақ шетелдегі ағайындардың басым 
көпшілігі  бұл  облыстарға өздері бармақ түгілі, олардың қайда 
екендерін де білмейді. Ал сонда оралмандарды бұл жеті облысқа 
кім  ұйымдастырып  апарады;  бұған  қандай  мекеме  жауапты 
болады, оны жүзеге асыруға қажетті қаржы қайдан бөлінеді – бұл 
жөнінде ешқандай мәлімет жарияланған емес.          
Көші­қондағы бесінші  кемшілік ­ бұл саланы жетік білетін 
мамандар  мен  басшы  кадрлардың  жеткіліксіздігі.  Бұл  ретте, 
көші­қонның  алғашқы  бастауында  Саят  Бейсенов,  Нұрлан 
Рахымжанов,  Ғазиз  Есмұханов,  Памир  Камалиев  сияқты 
іскер,  шынайы  жанашыр  азаматтар  тұрғанын  әрқашан  да 
ұмытпағанымыз  абзал.  Көші­қон  полициясын  Өмірбай  Мұсаев 
басқарған  кезеңде    оралмандар  жөнінде    айтарлықтай    жақсы 
істер  жүзеге  асты.  Көші­қон  комитетін  Қабылсаят  Әбішев 
басқарған аз уақытта  бұл саланың жұмысын  бір жүйеге түсіруде 
әжептеуір  шаруа  тындырылды.  Ал  қазір    мол  тәжірибесі  бар 
Марат  Тоқсамбаев,  облыстық,  қалалық  деңгейлерде  жақсы 
ұсыныстарымен көзге түсіп жүрген  Құрметбек Сансызбайұлы, 
Бейімбет  Үсіпбек,  Мұхит  Жақсылық  сынды  бірен­саран  
азаматтар  болмаса,  бұл  салада  өз  ісін  жетік  меңгерген  білгір 
мамандар өте аз. Мұның басты  себебі,  бізде әлі күнге көші­қон 
жөнінде арнайы мамандар дайындау қолға алынған емес.
Міне,  оралмандар  көшінің  азаюына  әкеліп  соғып  отырған, 
негізінен,  жоғарыда  айтылған  осы  бес  мәселе.  Егер  осы 
мәселелер   нақты шешілмесе,  ағайындардың  атажұртқа қоныс 
аударуының  көбеюі екіталай.
Осыған  орай,  Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы  атынан  бұл 
мәселелерді реттеу жөніндегі өз  ұсыныстарымызды  жоғары орындарға 
әлденеше рет дайындап бергенімізді де айта кеткіміз келеді.
Біз бұл ұсыныстарымыздың  дәл бүгін болмаса да, келешекте  
жүзеге  асатынына  кәміл  сенеміз.  Дегенмен,  этникалық  көштің 
бір  жүйеге  түсіп,  реттелуі  жоғарыда  айтылған  бес  мәселемен 
ғана  шектелмейтіні    анық  Керісінше,  оралмандарға  қатысты 
көпшілік болып қолға алатын  басқа да  мәселелер баршылық. 
Енді әңгіме сол жөнінде...
Өзіміз 
түсінбесек, 
оралманға 
қалай 
түсіндіреміз?..
Бүгінгі  таңда  еліміздегі  барша  халықты  ерекше 
қызықтыратын  әңгімелердің  бірі  –  оралман  мәселесі.  Әсіресе,  
ел туралы, ұлт болашағы туралы сөз болса оралмандарға соқпай 
кететіндер  өте  сирек.  Ол  азаматтардың  басым  көпшілігінің  
оралмандардың  шынайы  жанашырлары  екендігі  даусыз, 
дегенмен,  осы  тақырыпты  көтеру  арқылы  жеке  басының  атын 
шығарып,  ұлтжанды  болып  көрінгісі  келетіндер  де  кездеседі; 
тіпті, көші­қонды бизнестің бір түріне айналдырып, пайда табуды 
ойлайтындар да бар. Бұлардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс, 
оны талдап, талқылау біздің міндетімізге жатпайды. Бірақ, қалай 
болғанда да оралман мәселесінің үнемі әңгіме болып, жұрттың 
назарында жүруі қуанарлық жағдай. Өйткені, ел ауызына іліккен 
әңгіме  жерде  қалмайды.    Сондықтан  алдағы  уақытта  да  бұл 
әңгімелер тоқтамай жалғаса берсе деп тілейміз. 
Осыған  орай,  үнемі  есте  болатын    кейбір  жағдайларды 
айта кеткіміз  келеді. Бұл ретте,   көші­қон әңгімелері әрқашан 
халықаралық  мәселелерге  барып  тірелетінін  айрықша  есте 
ұстаған  жөн.  Нақтырақ  айтқанда,  қазақ  диаспорасы  тұратын 
мемлекеттермен  Қазақстанның  қарым­қатынасы  неғұрлым 
жақсы болса, ол елдегі қандастарымыздың атажұртпен байланыс 
жасап, келіп­кетуі де соғұрлым  жеңіл болады. Сондықтан  екі 
ел арасындағы көші­қонда кездесетін әртүрлі жағдайлар артық­
ауыс  әңгімелермен  емес,  майдан  қыл  суырғандай  ақырын, 
дипломатиялық  жолдармен  шешілуі  тиіс.  Яғни,  оралмандар 
жөніндегі түрлі ұсыныстар екі ел арасындағы келісім­шарттарға, 
түрлі заң­ережелерге негізделгені жөн. Бұл ретте, елге жаңадан 
келген  оралмандар  қаны  қазақ  болғанымен  қолында  шетел 
паспорты  бар  шетел  азаматы  екендігін,  сондықтан  да  олардың 
мүддесін, құқын ең алдымен сол шет   мемлекеттер қорғайтынын 
да  ұмытпау керек. Бізде осы мәселе ескерілмейді; керісінше көші­
қон  жөнінде  ешқандай  заңға,  халықаралық  келісім­шарттарға 
сәйкес келмейтін әңгімелер айтылып,  оның соңы айналып келіп 
оралмандарға зиянын тигізеді.
Болашақта  осындай  жағдайлар  қайталанбаса  екен  дейміз. 
Яғни, көші­қон туралы мәселе көтергіміз келсе, ең алдымен бұл 
жөніндегі заңдар мен ереже­тәртіптерді өзіміз дұрыстап түсініп 
алып, оны оралмандарға да, басқаларға да дұрыстап түсіндіріп, 
ұсыныс­талаптарды соның негізінде айтсақ әлдеқайда жақсы да, 
пайдалы болар еді.
                   
он жыл бұрын келгендер де  оралман бола ма?
Көші­қон туралы әңгіме болғанда ерекше айта кететін  және 
бір мәселе бар. Ол – «оралман» деген атауға  қатысты. Бүгінгі таңда 
Қазақстанда не көп ­ оралман көп. «Теледидарды ашып қалсаң 
да,  радионы  басып  қалсаң  да»  аржағынан  «мен  оралман  едім» 
деп біреу сайрап шыға келеді. Бір төтенше оқиға болса, ең аяғы 
біреулер ұрыс­керіс жасаса да, ішінде кемінде бір­екі «оралман» 
жүреді. Сосын  бұқаралық ақпарат құралдары «оралман сөйтті, 
оралман  бүйтті»  деп  жарыса  айтып,  жарыса  жазады.  Ал  сонда  
біздің  бұл  айтып  жүргендеріміз  шынында  оралман  ба?    Мұны 
анықтау үшін  ең алдымен ол адамның  қолындағы «оралман» 
куәлігіне  қарау  керек.  Мұндай  куәлік,  біріншіден,    тек    ұлты 
қазақ  адамға  ғана  беріледі.  Екіншіден,  оралман  өле­өлгенше 
иемденетін  мәңгілік мәртебе емес; куәлікте оның берілген және 
аяқталатын мерзімі тайға таңба басқандай анық көрсетіледі  Осы 
мерзім  біткеннен  кейін  оның  иесі  ешқандай  да  оралман  емес, 
және  «оралман  едім»  деп  айтуға  мүлдем    құқы  да  жоқ;  яғни, 
ол  азаматтық  алып  үлгірсе  ­  Қазақстан  азаматы,  үлгермесе  ­ 
шетел  азаматы,  ал  шетелдік  паспортының  мерзімі  өтіп  кетсе 
­  азаматтығы  жоқ    тұлға.    Бірақ  кейбір  ағайындарға  бұл  заң 
онша ұнамайтын сыңайлы. Яғни, олар оралман деген мәртебені 
өмір  бойы  пайдаланып    жүргісі  келеді.  Соның  салдарынан  
Қазақстанға келгендеріне  бес, он, тіпті, жиырма жыл болса да 
өздерін    оралманбыз  деп  есептейтіндер  жиі  кездеседі.  Мұның 
аяғы  неше түрлі у­шуға, дау­дамайға айналады. Мысалы, соңғы 
уақытта  оралман  мәселесі  сөз  болса  оған  Астана  қаласының 
іргесіндегі Қоянды ауылын да қосып айту әдетке айналды. Яғни, 
бұл    ауылдың  «даңқы»    жерді  заңсыз  басып  алып,  рұқсатсыз 
үй  салған  деген  мәселемен  ерекше  көтеріліп  тұр.  Және  бұл 

31
рұқсатсыз  үй  салғандар  кілең  оралмандар  сияқты  көрсетіледі. 
Әрине, жерді заңсыз басып алып, үйді рұқсатсыз салу өз алдына 
бөлек әңгіме; оның дұрыс­бұрыстығын құқық қорғау орындары 
анықтау  керек.  Ал  бірақ  сол  үйдің  иелері  оралмандар  деген 
әңгіме  қайдан  шыққан,  оны  кім  ойлап  тапқан?!.  Егер  арнайы 
комиссия  құрып,  Қояндының  тұрғындарын  үй  жағалап,  жеке­
жеке  тексеретін  болсақ,    қолында  заңды  құжаты  бар  бірде  бір 
оралман  табылмауы  бек  мүмкін.  Бәлкім  олардың  арасында 
шетелдерден  бұдан  бес  жыл,  он  жыл  бұрын  келіп,    Қазақстан 
азаматтығын  алғандар,  шынында,  баршылық  шығар,  бірақ  бұл 
олардың  оралман  екендігін  дәлелдей  алмайды.  Егер  Қазақстан 
азаматтығын алған  болса, олардың құқы да, мәртебесі де, заң 
алдындағы  жауапкершілігі  де  Астана  қаласының  төңірегіндегі 
Қоянды сияқты ауылдарға Қызылорда, Шымкент, Жамбыл және 
басқа  өңірлерден  көшіп  келген  қазақстандық      азаматтардан 
ешқандай    артық  та,  кем  де  емес,  тепе­тең.  Сондықтан  
Қояндыдағы    жер  басып,  заңсыз  үй  салу  әңгімесіне    оралман 
мәселесінің  ешқандай  қатысы  болмауға  тиіс.  Ал    Қояндыдағы 
ағайындар  «біз  о  баста  шетелден  келгендіктен  өмір  бойы 
оралман  боламыз»  десе,  онда  Қазақстандағы  әр  екі  адамның 
біреуі оралман атануы ғажап емес. Мысалы, сонау алпысыншы 
жылдардың басында Қытайдан Қазақстанға 300  мыңдай қазақ 
өткен еді. Олдардың  көпшілігі әлі күнге аман­есен жер басып 
жүр. Енді солар да өздерін оралманбыз деп есептеуі керек пе?
Сондай­ақ,  бізде  Қазақстанға  бұрын  келгендерді  ғана 
емес,  жаңадан  келіп  жатқандардың  да  бәрін  бірдей  «оралман»  
санайтын  ұғым  қалыптасқан.  Бұл  да  дұрыс  емес.  Шетелдік 
қазақ  Қазақстанға  келіп,  оралман  атану  үшін  оның  құжаттары 
осы мәртебені алуға сәйкес болуы керек.  Бұл ­ бірінші кезекте, 
алыс  шетелдерден  виза  алып  келетін  ағайындарға  қатысты. 
Жасыратыны жоқ,  шетелдік  ағайындар Қазақстанға кез­келген 
визамен  келсек  болды,  оралман  мәртебесін  алып,  тұрақты 
қаламыз  деп  ойлайды.  Бұл    қате  әңгіме.  Егер  визасы  дұрыс 
болмаса,    Қазақстанда  ешкім  де  оралман  ретінде    тұрақты 
қала  алмайды.  Осыған  орай,  визаның  екі  түрі  болатынын 
атап  көрсеткіміз  келеді.    Оның  біріншісі  ­  көшіп  келу  визасы; 
екіншісі  –  көші­қонға  жатпайтын  виза.  Егер  сіз  көшіп  келу 
визасымен  келсеңіз,  онда  Қазақстанда  қалып,  оралман 
мәртебесін алуға толық құқылысыз. Ал көші­қонға жатпайтын 
визамен  келсеңіз  Қазақстанда  қалуыңыз  қиын,  тіпті,  мүмкін 
емес.  Оралмандарға  қатысты  түсініспеушіліктің  көпшілігі 
осыдан туындайды. Мысалы, Қытайдағы ағайындардың басым 
көпшілігі Қазақстанға жеке сапар визасымен келеді. «G» деген 
латын әрпімен таңбаланатын бұл жеке  сапар визасы ұлты қазақ 
азаматтарға тегін беріледі, және оны алу да оңай, қосымша құжат 
талап етілмейді. Ағайындар  тегіндігі мен оңайлығына қызыға 
ма,  әйтеуір  Қазақстанға  көбіне  осы  жеке    сапар  визасымен 
келеді. Бірақ бұл жеке сапар визасы көші­қонға жатпайтын   виза 
болып есептеледі. Бұл виза бойынша ағайындар Қазақстанда бір 
жылға дейін жүре алады, бірақ тұрақты қалуға рұқсат жоқ, сосын 
оралман мәртебесін ала алмай түрлі қиындықтарға ұшырайды.  
Мысалы,  сотталмағаны,  азаматтықтан  шыққаны  жөнінде 
анықтама әкелу керек деген  мәселелер осыған байланысты.
Жалпы,  виза  мәселесі – өз алдына жеке әңгіме. Біз бұл жөнінде 
Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығының  www.qazaq_alemi.
kz  сайтын­да  «Қазақстанға  қалай  келесіз?»  атты  тақырыппен  
бірнеше рет арнайы әңгіме өткіздік.  Бұл туралы кеңірек білгісі 
келетіндер осы сайтты қарап, жан­жақты танысуларына болады.
                      

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет