Жылдың қазан айынан шығады


институтының 3-курс студенті



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата03.03.2017
өлшемі11,94 Mb.
#5912
1   2   3   4   5

институтының 3-курс студенті

ƏСЕРЛІ ҐТКЕН АКЦИЯ

Қара  шаңырақ,  техникалық  оқу  орындарының 

көшбасшысы болып табылатын Қ.И.Сәтбаев атындағы 

ҚазҰТУ-дың студенті, қазіргі кезде магистранты болу 

–  мен  үшін  үлкен  мәртебе.  Заманауи  әлемде  елдің 

қуаты ең алдымен азаматтардың білімімен өлшенеді. 

Сондықтан  алған  біліміңді  орынды  пайдалану  маң-

ызды. Студенттік кезең адам өміріндегі ең бір қимас, 

қызығы  мол  күндер.  Сонымен  бірге  өнер,  ғылымға 

деген  сүйіспеншілік  пен  ықылас  та  осы  кезеңдерде 

қалыптасады.  ХХI  ғасыр  көшбасшыларының  мекте-

бі  болып  табылатын  университетіміздің  ел  өмірінде 

айтарлықтай  орны  бар.  Тарихқа  көз  жүгіртсек,  уни-

верситетімізден  түлеп  ұшқан  түлектер    еліміздің 

гүлденуіне өз үлестерін қосты. Олар: Ақжан Машани, 

Талғат Бигелдинов, Медеу Сәрсеке, Бекболат Тілеуха-

нов т.б. тұлғалар. Осы сара жолды ары қарай алып жүру 

біздерге артылған үлкен міндет. Қазіргі таңда геодезия 

мамандығының  I-курсында білім алып жатырмын. Бі-

лім мен қоғамдық жұмыстарды қатар ала жүріп, бірне-

ше жобалар жасауға өз үлесімді қосудамын. Келешек-

те тәуелсіз Қазақстан үшін,  қазақ халқының жарқын 

болашағына  бар  күш-жігерім  мен  сүбелі  еңбегімді 

жұмсаймын деп сеніммен айтамын. 

Келесі жылы 80 жылдығы болатын білім ордамыз-

дан  ел  мүддесін  ойлайтын,  ізденуден,  білім  алудан 

шаршамайтын, қарыштап дамып келе жатқан еліміздің 

экономикасына  үлес  қосатын  әлі  талай  инженер  ма-

мандар шығатынына сенімім мол.

       Рамазан МҰСТАФАҰЛЫ,

Ө.Байқоңыров атындағы 

Тау-кен және металлургия 

институтының 1-курс  магистранты, 

студенттер кәсіподақ ұйымы 

төрайымының орынбасары

  ҚазҰТУ-дың 80 жылдығы қарсаңында

ЌазЎТУ – ХХІ ЄАСЫР 

КҐШБАСШЫЛАРЫНЫЅ 

МЕКТЕБІ


  Кәсіподақ – қамқоршың

С т у д е н т т е р   а й   с а й ы н   1 7 3   м ы ѕ   т е ѕ г е д е н   е ѕ б е к а ќ ы   а л д ы

6

Біз университеттің келісім-шартымен тәжірибеден 



өту үшін  Шиелі  ауданы, «Волковгеология» АҚ-ның 

23-ші  Геологиялық  барлау  экпедициясында  болдық. 

Тәжірибе  барысында  өзімізді  жақсы  жағымыздан 

көрсете отырып, біраз тәжірибе жинадық. Жұмыс ба-

рысында  ЗИФ-1200МР  бұрғы  қондырғысымен  

кен орындарына ұңғымаларды бұрғыладық. Со-

нымен қатар пайдалы қазбаны 700 м тереңдікке 

дейін    бұрғыладық.  Өндірістік  тәжірибеден  өту 

уақытымыз аяқталған соң, біздің жұмысқа деген 

ынтамыз бен қабілетімізді байқаған  экспедиция 

басшысы  Қ.К.Қойкелдиев  ары  қарай  вахталық 

жұмыс жасауымызға рұқсат берді. Осылай біз 4 

ай бойы  бұрғышы көмекшісі  қызметін атқардық. 

Жасап жатқан еңбегіміз үшін «Волковгеология» 

АҚ ай сайын 173 мың  теңге көлемінде еңбекақы 

төлеп тұрды. 

Жұмыс болған соң, қиындықтың да болатыны 

рас. Осы тәжірбиелік жұмыс барысында  бірша-

ма  қиындықтар  кездесті.  Ұңғы  бұрғылау  кезін-

де  олар  жұмыстың  өнімділігін  азайтады  және 

аяқталу мерзімін ұзартады. Мәселен, апат болған 

кезде жұмыс қарқыны бәсеңдейді, кейде ұңғыны 

жабуға  тура  келеді.  Ұңғыны  айналмалы  әдіспен 

бұрғылаған кезде, апаттар көбінесе шегендеуші және 

бұрғылау  құбырларынан  болуы  мүмкін.  Ал  арқанды 

соққылама бұрғылау кезінде арқан үзіліп, бұрғы аспа-

бы ұңғыда қалып қояды. Бұрғылау  кезінде апат бола 

қалса, оны арнаулы аспаптардың көмегімен жояды. 

Осы тәжірибе кезінде түрлі аспаптарды қолданып 

көрдік.  Жұмыс  уақытында,  бұрғылау  барысын-

да  апаттық  жағдай  орын  алды:  құбыр  тізбегі  орта 

бөлігінен  үзіліп  кеткен  болатын.  Болған  жағдайды 

тойтару мүмкін емес еді. Осы жағдайды қалпына кел-

тіруге  агрегат  шебері,  аға  инженер  және  техникалық 

қауіпсіздік мамандары көмекке келді. Апаттық жағдай 

1,5 тәулікке созылды. Ол, бұрғылау барысында осьтік 

салмақты шамадан тыс бергеннен және құбырлар тіз-

бегі  ескіріп,  жарамдылық  уақытынан  өтіп  кеткеннен 

болған  екен.  Болған  апаттық  жағдайды  тоқтату  үшін 

арнайы  конус  тәріздес  «бұрандажонғыш»    аспабын 

пайдаландық.  Аспап  құбырға  бұранда  салып  және 

жоғарыға  көтеру  үшін  беріктігі  жоғары  болат  ме-

талдан  жасалған,тістері  конустың  сыртқы  бөлігінде 

орналасқан. Аспапты құбырға жалғап, үзілген бөлікке 

дейін түсіреміз. Тізбекке өте аз жылдамдықпен айна-

лым бере отырып төмен түсіріп, үзілген жерге бұранда 

саламыз.  Содан  соң,  тізбекті  төмен  жылдамдықпен 

жоғарыға  көтереміз.  Егер  жоғары  жылдамдықпен 

көтеретін  болсақ,  жалғанған  бөліктің  қайта  үзіліп 

кету  қаупі  бар.  Осындай  әдіспен  апаттық  жағдайды 

жойдық. 

Келесі болған апат ауырлатылған бұрғылау құбыры 

және жәй құбыр арасында болған үзіліс еді. Бұл апат-

тан да бұрандажонғыштың  көмегімен шықтық. Бұл – 

геолого-техникалық құжаттың біздің бұрғылап жатқан 

ұңғымамен  сәйкес  келмеуінен  және  әрбір  кен  алуға 

қолданылатын  қашау  әр  түрлі  болу  себебінен  орын 

алған жағдай еді. 

       Осындай апаттық жағдайларға ұшырымас үшін 

әрдайым берілген ережелерге мұқият болып, сақтықпен 

жұмыс  жасаған  дұрыс.  Бұрғылау  қондырғысы  және 

оған кіретін бүкіл аспаптарды 6 ай сайын дефектоскоп 

аспабының  көмегімен  тексеру  жұмыстарын  жүргізіп 

тұруды  үйрендік.  Сонымен  қатар  техникалық 

қауіпсіздік ережелерін де қатаң сақтау қажет. Бұл 

жұмыс  батылдылықты, табандылықты  және   бі-

лімділікті  қажет  етеді.

Осылайша университетте алған теориялық бі-

лімімізді  тәжірибе  жүзінде  қолданып,  көптеген 

нәтижелерге  қол  жеткіздік.    Өндірістік  тәжірибе 

біз  үшін    сәтті,  қызықты  және  көңілді  өтті.  Біз 

болашақта  осы мамандықтың иесі атанып, көптеген 

табыстарға және биік белестерге жететінімізге се-

неміз.  Өндірістік  тәжірибеде  атқарған  нәтижелі 

еңбегімізді  бағалап,  «Волковгеология»  АҚ-ның 

№23  Геологиялық  барлау  экпедициясының  бас-

шылары  бізге  шын  жүректен  ризашылықтарын 

білдіріп,  алғыс  айтты.  Біз  де  өз  тарапымыздан 

экспедицияның басшысы Қ.К.Қойкелдиевке үлкен 

алғысымызды  айтамыз. 

Осы  өндірістік  тәжірибеде  білімімізді 

толықтырып,  жетілдіру  үшін    сапалы  білім  берген 

және  «Волковгеология»  АҚ  мекемесімен  келісім-

шарт жасауды ұйымдастырған ҚазҰТУ-дың Геология 

және мұнай-газ  институты және ұңғыларды бұрғылау 

техникасы  мен  технологиясы  кафердрасының 

меңгерушісі,    профессор  А.Қ  Қасенов  мырзаға  және 

өндірістік  тәжірибенің  ғылыми  жетекшісі,  техни-

ка  ғылымдарының  докторы,  Б.Т  Ратовқа    шексіз 

алғысымызды білдіреміз.



Нұрсұлтан ТӨЛЕТАЙ, Дастан ШӘКЕНОВ, 

Қ.Тұрысов атындағы

Геология және мұнай-газ институтының 

4-курс студенттері

   


Болашақ білікті кадрлар

                  

ҐНДІРІСТІК ТƏЖІРИБЕДЕН ЇЙРЕНГЕНІМІЗ КҐП

Дәстүр бойынша университетімізде Тәрбие жұмысы 

департаментінің ұйымдастыруымен тілдер мерекесіне 

арналған  “Қазақстан  –  татулық  бесігі”  фестивалі  бо-

лып  өтті.

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылдың 22 қыркүйегінен ба-

стап осы күн “Қазақстан халықтарының тілдері” күні 

ретінде аталып келе жатыр. 

Фестиваль мың бұралған бишілердің биімен ашыл-

ды.  Жүргізушілер  Бекзат  Молдақұл    пен    Бұлбұл 

Мұхитова:

Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен қазақ тілім, – деп, тіліміздің 

мәртебесін асқақтата отырып, осы кешке қонақ ретін-

де  келген  Қазақстан  мен  Татарстан  Республикасы-

на  еңбек  сіңірген  қызметкер,  татар  халық  “Сарман-

Бұлбұл” ансамблінің жетекшісі Тамендаров Ғалымжан 

Геройұлына бірінші құттықтау сөзді берді. Халықтар 

достығы  мен  бірлігін  нығайту  мақсатында  өткізілген 

кеште  ортаға  шығып,  барша  қауымды  тіл  мерекесі-

мен  қазақ  тілінде  құттықтаған  Ғалымжан  Геройұлы 

мерекенің құрметіне баян тартып, әсем әуенін жолда-

ды. 


Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын  қастерлі, құдіретті. 

Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Тәрбие 

жұмысы  жөніндегі  проректор  Сәрсенбекова  Гүлнар 

Әлібекқызы  Қазақстан  Республикасы  халықтарының 

тілдері  мерекесіне  орай  кешке  қатысып  отырған 

қонақтарды, оқытушылар және студенттерді құттықтап, 

сөз сөйледі.

Бұл  мерекеде  бауырлас  ұлт  өкілдері  белсене 

қатысып, мемлекеттік тілде өлеңдер оқып, би билеп, ән 

айтып, өздерінің қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін 

танытты.  Университетіміздің қыздар триосы “Ананың 

тілі”  әнін  орындаса,  әл-Машани  атындағы  Жоғары 

технологиялар  және  тұрақты  даму  институтының 

шақырған  қонағы  Қырғыз  этно  орталығынан  Сұлтан 

Тілек  шаңқобызбен  күй  тартты.  Т.Бәсенов  атындағы 

Сәулет  және  құрылыс  институты  мен  Түрік  этно 

орталығы  бірігіп  дайындаған  “Түрік”  бишілер  тобы, 

А.Машани  атындағы  Базалық  білім  беру  институ-

ты  шақырған  “Озан”  Әзірбайжан  этно  орталығының 

бишісі,  халықаралық  фестивальдарының  жеңімпазы 

Гулетар  Эюбованың  орындауында  “Қара  жорға” 

биі,  Ө.Байқоңыров  атындағы  Тау-кен  металлур-

гия  институтының  Үнді  этно  орталығымен  бірлесіп 

дайындаған “Үнді” биі студенттер мен оқытушылардың 

көңілін бір серпілтіп тастады.

Мерекеге  жиналған  жұртшылық  этно  орталық 

өнерпаздарының  өнерлерін  тамашалап,  жақсы 

көңіл  күймен  тарасты.  «Тіл  жоқ  жерде  ұлт  жоқ», 

–  деп  Шыңғыс  Айтматов  айтпақшы,  тіл  фестива-

лінде  барша  ұлт  өкілдері  ауызбірлік  таныта  фести-

вальді  жылдағыдан  түрлендіре  өткізді.  «Тілі  бірдің 

– тілегі бір» болары анық. Терең тамырлы тарихы бар, 

ұлтымыздың асыл қазынасы, асқақ рухы болып табы-

латын туған тіліміздің мәртебесі арта берсін!



Бану ШАЛОВА

“ТІЛІ БІРДІЅ - ТІЛЕГІ БІР”



ҐЗІН-ҐЗІ СЫЙЛАЙТЫН ƏРБІР АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІЅ ТІЛІНЕ 

АЙРЫЌША МƏН БЕРІП, ЕРЕКШЕ КҐЅІЛ БҐЛУІ ШАРТ

7

1. Жарыса сөйлеуге 

2. Жалғыз қыдыруға

3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге

4. Орынсыз ұрынуға 

5. Басқаларға қол тигізуге

6. Өтірік, өсекке

7. Суық жүріс, сумаң қылыққа

8. Кісіге қарай керіліп есінеуге

9. Талтайып отыруға

10. Шалқайып жатуға

11. Тамақты обырлана асауға

12. Ұрлық-қарлыққа

13. Ұятты мүшелерін ашып жүруге

14. Бұраңдап қылымсуға

15. Қызыл іңірде жатуға

16. Түске дейін ұйықтауға

17. Кісі алдында киім ауыстыруға

18. Салт-дәстүрден аттауға

19. Елді ғайбаттауға

20. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға

21. Ішімдік пен шегімдікке 

22. Ұрыс-керіске

23. Беттен алып, бет жыртысуға

24. Қараулыққа, ысырапқа

25. Рахымсыздық пен қатыгездікке 

26. Түнде суға жалғыз баруға

27. Жат жыныстылармен араласып жатуға

28. Күйеуге қашып тиюге

29. Әдепсіз сөзге 

30. Тарс-тұрс етуге 

31. Адам мен жануарларды тебуге

32. Кісіні қорлап жәбірлеуге

33. Тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға 

34. Айғай-сүреңге

35. Шектен тыс сыланып жасануға 

36. Қызғаншақтық пен күншілдікке 

37. Менмендік пен өзімшілдікке 

38. Алдап-арбауға

39. Көрсеқызарлыққа

40. Нәпсіқұмарлыққа тыйым.   

   


Ұлттық тәрбие

    


              

ҚЫЗҒА 40 ҮЙДЕН ТЫЙЫМ:

В период с 15 по 21 сентября сего года в одном из пан-

сионатов на южном берегу Крыма проходила ХVI между-

народная конференция «Породоразрушающий и металло-

обрабатывающий инструмент - техника и технология его 

изготовления  и  применения».  Основным  организатором 

форума  явился  Киевский  институт  сверхтвердых  мате-

риалов  (ИСМ),  широко 

известный  крупный  на-

учный  центр,  сотрудни-

ки  которого  одним  из 

первых в мире получили 

искусственные  алмазы. 

Исследования  институ-

та  по  созданию  новых 

сверхтвердых  матери-

алов  постоянно  пере-

водятся  на  английский 

язык и широко известны 

на Западе и в США.

Географический  со-

став  участников  кон-

ференции  был  весьма 

п р е д с т а в и т е л ь н ы й : 

Азербайджан, 

Бело-


руссия,  Китай,  Литва, 

Казахстан, Россия, Шве-

ция,  Украина. В работе 

конференции  принима-

ли участие около 90 че-

ловек, в том числе 17 докторов, 37 кандидатов наук, ди-

ректора предприятий, аспиранты ВУЗов. В работе форума 

впервые  принимала  участие  Казахстанская  делегация  в 

составе  преподавателей  кафедры  технологии  и  техники 

бурения  скважин  Института  геологии  и  нефтегазового 

дела  КазНТУ,  докторов  технических  наук  Ратова  Б.Т.  и 

Федорова  Б.В.  и  ведущего  сотрудника  нефтяной  компа-

нии  РД  “ҚазМұнайГаз”,  ТОО  «Круз»  (г.Жанаозен),  гор-

ный инженер Отебаева М.

Доклад Казахстанских ученых был посвящен практике 

использования эффективных алмазных буровых коронок, 

запатентованных в Республике и применявшихся при раз-

ведочном  бурении  на  ряде  месторождений  Казахстана. 

Доклад  вызывал  живой  интерес  и  получил  одобрение 

участников.

В целом представленные доклады были посвящены ак-

туальным аспектам применения сверхтвердых материалов 

в промышленности. Участники конференции обогатились 

новыми  знаниями,  подходами  к  решению  проблемы  по 

созданию  породоразрушающих  инструментов  для  буре-

ния твердых образивных горных пород и других твердых 

материалов. Большинство работ вызывало творческий ин-

терес и было встречено с большим энтузиазмом.

Помимо  основной  научной  работы  для  участников 

конференции  была  организована  обширная  культурная 

программа с экскурсией по древним городам южного по-

бережья  Крыма  (Судак,  Алупка,  Алушта,  Ялта)  с  посе-

щением  Никитского  ботанического  сада  и  «Ласточкина 

гнезда»,  известного  тем,  что  там  снимался  популярный 

кинофильм С.Говорухина «10 негритят».

В целом, участники Казахстанской делегации получи-

ли массу впечатлений как научного, так и культурного ха-

рактера. Были установлены тесные связи между учеными 

и преподавателями ВУЗов и научных организаций различ-

ных стран с преподавателями Казахского национального 

технического университета им. К.И.Сатпаева.

 

 



 

Темирхан ЖАНАБАЕВ,

 

ст.преподпватель кафедры 

Технология и техника бурения скважин

   


Международная связь

    


              

БУРОВИКИ  КазНТУ  В  КРЫМУ

Университетіміздегі Қазақстан тарихы және әлеумет-

тік-гуманитарлық кафедрасының ұйымдастыруымен “Тіл 

–  болмыстың  үйі”  атты  кеш 

өткізілді.

Бұл  кеште  “Мем-

лекеттік  тілге  құрмет” 

бірлестігінің  төрайымы, 

Мемлекеттік 

тіл 

қоғамдық  қозғалысының 



төраға 

орынбасары, 

Қазақстан    халықтары 

Ассамблеясының мүшесі, 

қазақ  тілін  дамыту,  оны 

шын  мәнінде  мемлекет-

тік  тіл  деңгейіне  жеткізу 

ісіне  белсене  атсалысып 

жүрген  белгілі  қоғам 

қайраткері Осман Асылы 

Әлиқызы,  Қазақ-Британ 

техникалық  университетінен  педагогика  ғылымдарының 

докторы, профессор Жанат Дәулетбекова мен филология 

ғылымдарының докторы, профессор Айнагүл Тұмановалар 

ҚазҰТУ-да студент-жастармен кездесті.

Сондай-ақ,  кездесуге  университетіміздің  Қазақстан 

тарихы  және  әлеуметтік-гуманитарлық  кафедрасының 

меңгерушісі,  профессор  К.Бегалинова,  философия 

ғылымдарының  докторы,  профессор  К.Катошева,  фило-

логия ғылымдарының кандидаттары С.Меңдібаев, Р.Ма-

жиденова, Базалық білім беру институты директорының 

орынбасары Қ.Нұрғалым және оқытушылар, студент-жа-

стар қатысты. 

Аталмыш  шарада  алғашқы  болып  сөз  алған  “Мем-

лекеттік  тілге  құрмет”  бірлестігінің  төрайымы  Асылы 

Осман: “Рухы мықты елдің болашағы зор. Рух бойға тіл 

арқылы дариды. Әрбір ұлттың құндылығы мен ерекшелігі 

–  тілінде.  Менің  білетінім  –  қазақ  тілін  білуді  міндетте-

ген нақты талап жоқ. Талап жоқ жерде, қажеттілік те бол-

майды.  Ұлтқа  қызмет  істеудің  бүгінгі  үлгісі  –  қазақтың 

тіліне қызмет жасау болып табылады. Бұл Қазақстанның  

топырағын  басып,  суын  ішіп  отырған  әрбір  адамның 

міндеті  болуы  тиіс.  Өзін-өзі  сыйлайтын  әрбір  азамат 

мемлекеттің тіліне айрықша мән беріп, ерекше көңіл бөлуі 

шарт. Қазақ тілі – қазақ ұлтының ғана тілі деген пікірден 

арылуымыз керек. Қазақстан халқының тілі деген дұрыс. 

Сонда  ғана  Қазақстанда  “қазақ 

тілі”  деген  ортақ  бір  мемлекет-

тік  тіл  болады.  Ал,  бізде 

кез-келген  жерде  қазақпен 

қазақша  сөйлес  деген  ұран 

мәжбүрліктен ілініп тұрады. 

Киелі тіл жүрген жерде күйе 

жұқпайды.  Әдебиетті  де, 

мәдениетті  де  жеткізетін 

тіл.    Қазақстанның  келеше-

гі  –  қазақ  тілінде.  Тіл  мен 

тәрбие  қатар  жүру  керек” 

–  деп,  жиналғандарды  тіл 

мерекесімен құттықтап, сту-

дент-жастарға  жақсылық, 

бақыт, қазақтың бойындағы 

бар  жақсылықты  тілейтінін 

жеткізді. 

Сонымен қатар, кафедра меңгерушісі К.Бегалинова да 

кеш қонақтарын, оқытушылар мен студенттерді осы ме-

рекемен құттықтады. Келген қонақтар өз ойларын ортаға 

салып, жүрекжарды лебізін айтты.

Студенттер  арасынан  Сәулет  және  құрылыс 

институтының  2-курс  студенті  Дәулет  Белгібаев:  “Өзге 

тілдің  бәрін  біл,  өз  тіліңді  құрметте”  дей  келе,  ананың 

ақ  сүтімен  келген  ана  тілді  барлығымыз  құрметтеуіміз 

керек.  Асылы  Осман  апамыздың  қанатты  сөздерін 

бойымызға  дарытып,  қазақ  деп  соққан  жүрегін,  қазақ 

ұлты  үшін  атқарған  еңбегін  бағалап,  келешек  ұрпаққа 

үлгі етейік, – деп, тіл тақырыбына байланысты шығарған  

өлеңін оқыды. Кешті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-

гуманитарлық  кафедрасының  аға  оқытушысы  Қанат 

Нұрғалиев жүргізді.

Тіл бар жерде ұлт бар. Тіл – халық қазынасы, ұлттың 

жаны. Тілдің мәселесі – ұлт мәртебесі, ел мерейі. Тіл от-

басынан бастау алады, Отан аясында дамиды. Мемлекет-

тік тіліміздің мәртебесі арта берсін демекпіз.

 

 



 

 

Бану ШАЛОВА

   

Ана тілің – арың

                  

ЎЛТ МƏРТЕБЕСІ

Емтиханда:

– Мен саған бір ғана сауал қоямын. Ұлы Отан 

соғысының қашан басталғандығын айтып бер?

– Гитлер опасыздықпен Кеңес Одағына басып 

кіргенде.

– Нақты жылы?

– Ағай, бір ғана сұрақ қоямын дегеніңіз қайда?

***

Бір күні ескі таныстар кездесіп қалады:

–Жағдайың қалай?

–Жақсы, жақында жұмысқа орналастым!

–Қанша айлық аласың?

–Күнделікті нанға жетеді әйтеуір...

–Сонда күніне 65 теңгеден табасың ба?!

ЕЗУТАРТАР



Адам мен табиєатты бір-бірінен бґліп ќарауєа болмайды

Адам мен табиєатты бір-бірінен бґліп ќарауєа болмайды

8

ЖҰТТЫ ЖЫЛ

Адам  және  табиғат.  Бұл  егіз  ұғым.  Адамды 

табиғаттан  бөліп  қарауға  болмайды.  Сондықтан  өзі 

тіршілік етіп жатқан қоршаған ортаны қорғау 

адамзат баласының әркез есте ұстауға міндетті 

басты парыздарының бірі болса керекті. Осы-

дан тура жүз жыл бұрын, өткен ғасырдың ба-

сында, дәлірек айтқанда, 1915 жылдары ағылшындық 

браконьер аңшылар Африкадағы бизондарды мүйізіне 

бола  жаппай  атып,  қырып,  жойып,  олар  таусылуға 

жақын  қалғанда  ғана,  тоқтау  салынғаны  туралы  ки-

нодеректерден, көне кадрлардан көргенім бар. Екі-үш 

қабатты үйдің биіктігіндей тау-тау болып үйілген бей-

шара  да  бейкүнә  бизон  жануарларының  бас-сүйегін 

көргенде, жаның түршігеді. Жазықсыз жануарлардың 

жаппай  қырылғанына  жаның  ашиды.  Бизондардың 

мүйізінен  әшекей  бұйымдар  жасап  сату  сол  кезде 

баюдың  оңай  жолына  айналған.  Браконьер  аңшылар 

оны әшекей жасаушы кәсіпкерлерге тым арзан бағаға 

өткізіп отырса, көркі көз тартарлық дайын бұйымдарын 

кәсіпкерлер  қымбатқа  сатқан.  Мүйіздерден  түйме, 

әйелдердің  омырауға  тағатын  алқасын,  шақшақ  т.б. 

өтімді  заттар  жасаған.  Браконьерлер  мен  баюдың 

оңай жолын таңдағандардың тарапынан мұндай орын-

сыз қиянат бір кездері пілдердің де  басына туған-ды. 

Естілердің айтуымен барып, ес жиналған. Пілдерді де 

атуға тыйым салынған.

Әңгімемді адамзат  баласы тарапынан болатын осын-

дай  әуместік  іс-әрекеттеріне  қатысты  бастауымның 

өзіндік себебі бар. Менің есіме мына бір оқиғалар түсіп 

тұр.

1968 жылдан 1969 жылға қараған қысты көргендердің 



ол әлі есінен кетпеген болар. Бүкіл Қазақстан бойынша 

сонда  қар  өте  қалың  түсті.  Кейбір  жерлерде  ол  жар-

ты  метрден  асса,  таулы  аймақ  өңірлерінде  дамылсыз 

жауған қардың биіктігі бір метрге жуықтады, тіпті асып 

та  кетті.  Алаңсыз,  қыс  бұлай  болады  деп  ойламаған, 

малы  үшін  жем-шөбін  аз  дайындағандар  көкесінді 

сонда  көрді.  Қазақстан  бойынша  бірқатар  колхоздар 

мен  совхоздардың  басшылары,  партия  ұйымдарының 

хатшылары,  тіпті  зоотехниктері  мен  мал  дәрігерлері 

бюроға  салынып, қызметтерінен ұшты. Партия әйтеуір 

біреуді жазалауы керек қой. Партком хатшылары “сен 

идеологияны дұрыс жүргізбедің!” деп жазаланды. Не 

десек  те  бүкіл  Қазақстан  жұртшылығын  бұл  қыстың 

қатты  састырғаны  анық  еді.  Жекеменшіктердің  ие-

легіндегі  малдармен  қатар,  әсіресе,  совхоздар  мен 

колхоздардағы  қоғам  малы  жаппай  қырылды.  Нағыз 

жұт болды. 1911 жылы болған қысқы жұттан тарихта 

аты қалған Итбай байдың бақандай 11 мың жылқысы 

қырылса, 1969 жылғы жұтта да кеңестік кезеңдегі ке-

лелі  істің  басы-қасында  жүргендердің  дұрыс  келісіп-

пішпеген  парықсыздығы  кесірінен  Қазақстанда  көп 

мал осылайша қырғынға ұшырады.

Қой  аш  болса,  қорада  тұрып  бір-бірінің  жүнін 

жейді  екен.  Дәл  сол  жылдары  мектеп  бітіріп, 

жоғары оқу орнына түсуге жолы болмаған, бүгіндері 

шығармаларымен  көпшілікке  жақсы    танымал  жа-

зушы  әрі  журналист,  “Қазақ  әдебиеті”  газетінің  бас 

редакторы,  Президент  сыйлығының  иегері  Жұмабай 

Шаштайұлы  өзі  туып-өскен  мынау  іргедегі  Жамбыл 

ауданында  қолына  шопан  таяғын  ұстап,  қой  баққан-

ды.  Жаңағы  сұмдықты,  аш  қойлардың  бір-бірінің 

жүнін жеген қиямет көріністі ол өз көзімен көріп, кей-

ін оны шопандар өміріне арналған “Қызыл қар” атты 

повесінің желісіне арқау еткен еді. Сондағы шындықты 

жазған жазушы  Жұмабай Шаштайұлының сол повесі 

сексенінші жылдардың ортасында Қазақстан Компар-

тиясы  Орталық  Комитетінің  пленумында  оның  идео-

логия  жөніндегі  хатшысының  өткір  сынына  ұшырап, 

жас  жазушының  меселін  бір  қайтарғаны  бар.  Оған 

мына біз де куә болғанбыз. Жұмабай әйтсе де мойыған 

жоқ. “Мен шындықты, өзім көрген жайды жаздым” деп 

жазғанынан жалтарған жоқ. Орталық Комитеттің хат-

шысын жазғырудан аулақпыз, оған да тиісті бөлімдегі 

қызметкерлер  баяндамасын  әзірлегенде  осындай 

мәлімет-деректерді тізіп жазып берді.

Әңгімеміз о баста сол жауған қалың қардан бастал-

ды ғой. Енді соған қатысты негізгі айтатын ойға ора-

лайын.


Жердің күллі бетін малта қар жапқан соң, жабайы 

жан-жануарлардың,  аң-құстардың  азайғаны  белгілі 

еді.  Қар  астындағы  қылтиған  шөпті  тарпып  жейтін 

жылқы екеш жылқының өзі аштан қырылып жатқанда, 

басқасына не тәйір.

Мен туып-өскен жақта жабайы алма ағаштары, до-

лана,  қарақат  дейсіз  бе,  әйтеуір,  жеміс-жидектің  түрі 

көп. Қар жауып, күн суытқанда жаңағы жабайы алма, 

долана,  басқа  да  жеміс-жидектер  үсіп,  жерге  түсіп 

қалады.  Міне,  соларды  қыста  еліктер,  қырғауыл,  ке-

кіліктер,  қарға  мен  сауысқандар  жерден  теріп  жеп, 

талғаужық етеді, ағаш түбін суықта паналайды. Жерде 

қонып  қалғандарын  түнде  жорытқан  түлкілер  жемтік 

етеді.  Ал,  түлкіден  қашып  ағаш  басына  қонақтаған 

қырғауылдардарды  мылтық  ұстағандар  аңдып  жүріп, 

ақырын фонарь жағып жақындап, ағаш басынан атып 

алып  кетеді.  Кекілік  емес,  тек  қырғауылдар  ғана  ит-

құстан үркіп, ағаш басына қонақтайды. Міне, осы жұт 

болған  қыстың,  1968  жылдың  желтоқсан  айының  бір 

күні болатын. Жер бетін көміп қалған ақ ұлпа қардан 

әуелі  ағаш  атаулы  әрең  көрінеді.  Тобылғы,  ақ  таспа, 

жыңғылдар  мүлдем  көрінбейді.  Қарақаттың  басы 

ауыр  қардан  иіліп,  ұшы  жермен  жексен  болып  қарға 

қатып қалған. Мұндайда қырғауыл, кекіліктің халі тым 

мүшкіл еді. Есесіне қырғи, қаршыға секілді жыртқыш 

құстардың дәурені жүріп берді сол сәт. Олар жем таба 

алмай әлсіреген жаңағыдай құстарды оңай ұстап алып, 

олжалайтын болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет