ЖинағЫ (әдістемелік құрал)



бет10/37
Дата11.11.2022
өлшемі6,39 Mb.
#49329
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Байланысты:
дидактикалық материалдар Уристимбаева Л

«Ақылды заттар дүкені»
«Дарын бүгін дүкенге барды.Бұл дүкендегі барлық заттар сөйлей
алады екен.Мен өзіме ұнаған затты сатып алдым.Ол маған былай деді: мен Ресейден келдім,мені алғаш камазбен әкелді,сосын вагонға тиеді,сосын машинамен дүкенге алып келді,мен қайдамын деп сұрағанда «Қазақстан»елі деді.Сатушы біздің нешеу екенімізді санады,сыртымызға бағасын жазды,сосын сен сияқты дүкенге келген адамдар сатып алды.Менің құрамымда жалбыз иісі қосылған хош иістімін.Енді мені пайдалансаң тап-таза болып шыға келесің. Дарын не сатып алды деп ойлайсың?Ал сенің қандай зат сатып алғың келеді және онымен қалай сөйлесесің?
«Менің көңіл күйім қандай?»
«Алдаркөсе үйіне келді.Үйіне келсе үш конверт жатыр екен.Біреуін оқып көргенде қуанды,екіншісін оқып көргенде ренжіді,ал үшіншісін оқып көргенде ойланып қалды.Конверттегі
жазулар мынадай екен.Қалай ойлайсыңдар мына суреттерге қарап жазуларды ажыратуға бола ма?
«Алақай,ауылдан атам келді!Әке,сіз мені кешіріңіз,мен бүгін екі алдым.Сен неге маған қонаққа келмейсің?Айналайын,құлыным менің,сен бүгін барлық сабақтан бес алыпсың ғой!Асан Қарлығаштың әдемі қаламын ұрлап алды.Демалысқа қашан шығамыз?Алақай,тауға демалуға барамыз!
Тапсырмаға кіріспес бұрын балалармен адамның көңіл-күйі туралы әңгімелескен жөн.Бізде барлық уақытта бірдей көңіл-күй болуы мүмкін бе?Дәл қазір барлық адамдар (мысалы,біздің сыныптың оқушылары) бірдей көңіл-күйде ме?Адамның көңіл-күйі неге байланысты?Адамның түріне қарап оның дәл сол кездегі көңіл-күйі қандай екенін білуге бола ма?Адам қуанышты болса оның түрі қандай болады?Бірдеңеге ренжігенде түрі қандай болады?Ашулы болса ше?Ой үстінде жүрсе қандай болар еді?


Ашық сабақтар
Пән: әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
Мақсаты:
1. Арналы бұлақ – асыл сөз тарауын қайталау. Сұрақтарға жауап бере алу.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Ұғымталдыққа, адамгершілікке, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет