Оқушыларды өзін-өзі барынша іске асыру және қоғам өміріне пайдалы қатысу үшін ақпаратты өз бетінше алуға, талдауға, құрылымдауға және тиімді пайдалануға оқыту Еуропа мен Азияның бірқатар мемлекеттерінің, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін жаңғыртудың жетекші бағыты болып табылады [50].
а) рецептивті (тыңдау, оқу білігі):
- оқудың әр түрлілігін пайдалану;
- мәтінді құрылымдық-мағыналық бөлімдерге бөлу;
- өз бетінше мәтінге сұрақтар қою; – мәтін авторымен диалог жүргізу;
- мәтін бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап беру;
- мәтінде ең бастысы белгілеу;
б) өнімді (сөйлей білу, жаза білу):
- мәтінді жоспарға сүйеніп толық қайта жазу;
- мәтін-баяндау және мәтін-сөйлесу
стиліндегі сипаттау;
- оқу-ғылыми стильде мәтін-баяндау; – мәтінді жазу;
- мәтінді толық баяндау;
- мұғалімнің шартты белгілері бойынша мәтіндерді түзету.
3. Коммуникативтік дағдылар:
- мұғаліммен және құрдастарымен диалог жүргізуге;
- өз көзқарасын айтуға және дәлелдеуге үйрену;
- сұхбаттасушының дәлелдерін қабылдай алу;
- топта (жұпта) мәселені (сұрақ, тапсырма) талқылай білу.
Тұрақты азаматтық ұстанымы бар оқушының бойына функционалдық сауатты тұлғаны қалыптастыру ҚР Білім беру мазмұнының жаңартылған талаптарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы білім берудің жаңартылған мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірінің қажеттілігіне қарай, сондай-ақ ғылыми білім деңгейіне, тұлғаның еркін дамуына сәйкес өзгеріп отыратын әлеуметтік тапсырысты қамтамасыз ететін білім беруді ізгілендіру мен демократияландыруға бағытталған, бұл ретте оқытуда ешқандай шектеулер мен мәжбүрлеуге жол бермеуі қажет [54].
Білім берудің жаңартылған мазмұнының гуманистік бағыты
білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуде, оларды іске асырудың қисындылығы мен жүйелілігін сақтауда, оқу бағдарламасындағы жекелеген пәндер арасындағы өзара байланысты сақтауда, теория мен практиканың байланысын бейнелеуде, дамудың жас ерекшелігіне сәйкес, жекелеген пәндерді оқытуға және оқыту нәтижелеріне концептуалды тәсілді қолдануда байқалады [55].
Функционалдық сауаттылығық ұғымымен қатар гуманистік педагогика ұғымы педагогикадағы оқушы тұлғасына, оның жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін есепке алуға бағытталған бағыт. Гуманистік педагогика оқушыны оқу-тәрбие үрдісінің саналы және белсенді қатысушысы ретінде қарастырады, ақпараттың белгілі бір көлемін меңгерумен салыстырғанда зияткерлік қасиеттердің жалпы дамуына басымдық береді және оқушының өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі жүзеге асыруға қабілетті және адам қоғамында жемісті қызмет етуге дайын еркін және белсенді тұлға ретінде дамуын мақсат етеді. Басқа
тәсілдермен салыстырғанда, гуманистік педагогика оқушыға білім беруде таңдау еркіндігіне ие болуға бейім.
Соның ішінде гуманистік педагогиканы функционалдық сауаттылықпен бірге қарастыруға болады.
Гуманизм адамның әлемдік ауқымдағы ең жоғары құндылық ретіндегі біртұтас тұжырымдамасы болып табылады. Бұл тұжырымдаманың негізгі ережесі жеке басының қадір-қасиетін қорғау, адамның бақытқа, бостандыққа, дамуға деген қабілеттерін көрсету, құқығын тану болып табылады [56].
Гуманизм – бұл адам болмысының және жеке тұлғаның маңыздылығын бекітетін құндылықтар мен идеялардың жиынтығы. Гуманизм құндылық бағдарлары мен ұстанымдары жүйесі ретінде қоғамдық идеал болып табылады [57].
Қазақстанда гуманистік ойдың дамуы берік рухани-адамгершілік бағдарларға және тұлғаның гуманистік білім беру тәсілдері туралы ұғымдарға сүйенеді. Қазақстан педагогикасында жаңа уақыттағы білім беруді ізгілендіру және демократияландыру мәселесіне классик-ағартушылар А. Құнанбаев, Ы.
Алтынсарин, Ш. Уәлиханов көп көңіл бөлді. Гуманистік көзқарастар мен оқушыларды наным-сенімдерге тәрбиелеу мәселесін теориялық әзірлеудің бастауын біз Ж. Аймауытов, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев сияқты атақты педагогтардың еңбектерінен таба аламыз [58].
Осылайша Қазақстан Республикасының 2018 жылғы білім беру заңына сәйкес өтпелі тақырыптар арқылы функционалдық сауаттылық пен гуманистік педагогиканы мектеп оқушыларының бойына дарыта тәрбиелеуді ұсына аламыз.
Бастауыш мектеп оқушыларының өтпелі тақырыптары 1 сыныппен 4 сыныптар аралығында өткізіледі (1-кесте).
Кесте 1 – 1 және 4 сынып аралығындағы өтпелі тақырыптар