ЖЫБЫРЛАС= е т . Бірге қозғалу, қимылдау. ЖЫБЫРЛАСУЖыбырлас етістігінің қимыл атауы. ЖЫБЫРЛАТ= е т . Қозғалту, қимылдату, жыбыр-жыбыр еткізу. ЖЫБЫРЛАТТЫР= е т . Жыбыр-жыбыр еткізу, қытықтау. ЖЫБЫРЛАТУ Жыбырлат етістігінің қимыл атауы. ЖЫБЫРЛАТЫС= е т . Ақырын қозғасу. ЖЫБЫРЛАУЖыбырла етістігінің қимыл атауы.1.Ақырын қозғалу, қышыту. 2. а у ы с . Баяу қимылдау. ЖЫБЫРЛАУЫҚ с ы н . 1.Жыбыр-жыбыр еткен, толқын-толқын.2. а у ы с . Өсекқұмар. ЖЫБЫРШЫ= е т . 1.Жыбыр-жыбыр ету.2.Жыбырлату, қышу.3. а у ы с . Қипақтау, сипақтау, жалтақ-жалтақ қарау. ЖЫБЫРШЫТ= е т . 1.Жыбырлату.2. а у ы с . Ояту, әрекетке итермелеу. ЖЫБЫСҚЫЛА= е т . Сыздықтау, жіңішкеру. ЖЫБЫСҚЫЛАН= е т . Сыздықтану, жіңішкеру, жұқастаңдану. ЖЫҒА [ир. ] з а т . к ө н е . 1.Төбесі үшкір, маңдай алды қабақ пен қасқа түскен, желке жағына мойынды айнала 1-1,5 қарыстай шынжырлы бау тағылған, соғыста киетін баскиім.2.Баскиімге сәндік үшін тағылатын (шаншылатын) құс қанаты немесе алтынды, асыл тасты әшекей зат.3.Парсы шаһтарының тәждері қораздың айдарлы тарақшасы сияқты гауһар тас және шоқ қауырсынымен әшекейленген баскиімі. 4.Соғыста киетін мол әшекейлі дулыға және дулығаның мойынды қылыштан қорғайтын артқы жиегі. Жығасы жығылған жоқ.Ештеңесі кеткен жоқ.Жығасы қисайды.Бағы тайып, басына қиындық түсті.Жығасын жықты [түсірді]. Жауды жеңді, бағындырды. ЖЫҒАУЫЛ з а т . с а я т . Қаршығаның мойнына тағылатын кішкене қоңырауша [Саятқа шыққан құсбегілер қаршығасы тоғай ішіне сіңіп кетсе, сол қоңыраушаның дыбысымен іздеп тауып алады]. ЖЫҒУЖық етістігінің қимыл атауы.1.Күресте қарсыласын құлату; жауырынын жерге тигізу.2.Малды артқы оң аяғынан ұстап, шалқасынан қайырып, құлату.3. а у ы с . Біреуді жеңу, одан басым түсу.