ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


ЖҰМЫЛЫС= е т . Бірлесу, ұйымдасу. ЖҰМЫЛЫСУ



бет5/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖҰМЫЛЫС= е т . Бірлесу, ұйымдасу.
ЖҰМЫЛЫСУ Жұмылыс етістігінің қимыл атауы.
ЖҰМЫҢҚЫ ү с т . Көзі сәл жабыңқы, қысыңқы.
ЖҰМЫҢҚЫРА= е т . Көзін жабыңқырау, сығырайтыңқырау.
ЖҰМЫҢҚЫРАУ Жұмыңқыра етістігінің қимыл атауы.
ЖҰМЫР1 с ы н . 1. Жұмыртқа сияқты жұп-жұмыр, доп-домалақ. 2. а у ы с . Тығыршықтай, толық. 3. а у ы с. Жинақы, мінсіз.
Жұмыр ағаш. ж е р г . Үй төбесіне салатын ағаш, мәтке. Жұмыр басты [ет жүректі] пенде. Адам атаулы. Жұмыр білезік. к ө н е . Күмісті жұмырлап, екі басын иіп түйістірген білезік. Жұмыр білек. Бұлшық еті ойнаған, ысылған білек. Жұмыр білекті. Еңбекке әбден үйренген, ысылған. Жұмыр дорба. ж е р г . Қойшының тамақ т.б. нәрсе салатын дорбасы. Жұмыр жер. б е й н . Жер шары, жер беті. Жұмыр мүсін. Ө0 н е р . Мүсін өнеріндегі өз алдына сомдалып жасалатын шығармалар жанрының жиынтық атауы. Жұмыр тұяқ. Жылқы малы.
ЖҰМЫР2 з а т . 1. Күйіс қайыратын малдардың қарынының бір бөлігі, түрі. 2. т а м а қ . Дәстүрлі қазақ қоғамындағы мал қарнының ішіне сарымсақ, бұрыш, сәбіз, күріш, майлы ет турап салып, аузын түйреп сақтайтын тағам түрі. 3. қ о л ө н е р . Алтын, күміс, ағаш, сүйек, тас, мүйізден жасалған заттарды айшықтап әшекейлеудің бір түрі.
Жұмырына жұқ болмады. Қарны тоймады, жұғын болмады.
ЖҰМЫР3 з а т . Малдың қарнынан жасалған, сусын құятын ыдыс.
ЖҰМЫРАЙҚОҒА з а т . ж е р г . Қоғаның түрі.
ЖҰМЫРБАС: жұмырбас кесіртке. Ешкіемер тұқымдасының бір туысы.
ЖҰМЫРҚИЯҚ з а т . ө с . Малазықтық шөптесін өсімдік.
ЖҰМЫРҚҰРТ з а т . з о о л . 1. Адамның, малдың ішек-қарнында болатын құрт. 2. в е т . <лат. haemonchus> Қой мен ешкі малында жиі, ал ірі қара малда сирек кездесетін ауру; қылқұрт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет