ЖҰМЫРТҚАЛАТУЖұмыртқалат етістігінің қимыл атауы. ЖҰМЫРТҚАЛАУ Жұмыртқала етістігінің қимыл атауы; жұмыртқа салу. ЖҰМЫРТҚАЛЫҚ: жұмыртқалық фолликулдар. л а т . Жұмыртқалықтың шеткі жағында, ақ қабықтың астындағы қыртысты затта орналасқан, әртүрлі даму сатысындағы жұмыртқа жасушасына байланысты құрылымдар. ЖҰМЫРШАҚ1 з а т . а н а т . <лат. reticulum> Күйіс қайыратын малдың төс шеміршегінен кейінірек қарнының астында жататын, іші безді түкті бөлік. ЖҰМЫРШАҚ2 з а т . ө с. <лат. capsella> Орамжапырақ тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. ЖҰМЫРШАҚ3з а т . ж е р г . Мал ауруы. ЖҰМЫРШАҚ4 з а т . ж е р г . Местің кішкене түрі. ЖҰМЫРШАҚ5з а т . ж е р г . Беторамалдық мата. ЖҰМЫРЫҚ з а т . Саусақтары жұмылған қолдың басы, жұдырық. ЖҰМЫРЫҚТАЙ с ы н . Жұмырық сияқты кішкентай. ЖҰМЫРЫЛ= е т . 1.Уқаланып мыжылу, умаждалу, жымырылу.2.Жұмырланып соғылу. ЖҰМЫРЫЛУ Жұмырыл етістігінің қимыл атауы. ЖҰМЫС з а т . 1.Жеке адамның не көпшіліктің белгілі мақсатта еткен еңбегі, әрекеті.2.Іс, шаруа, жай.3. ф и з . Күштің сан шамасы мен бағытына және оның түсу нүктесінің орын ауыстыруына тәуелді күш әсерінің өлшемі. Жұмыс адамы.Жұмыс істеуші еңбеккер. Жұмыс аптасы.Күнтізбелік апта ішіндегі еңбек ету мерзімінің өлшемі, бір аптадағы жұмыс және демалыс күндерінің санын белгілейтін жұмыс уақыты.Жұмыс басы.Жұмыстың қайнаған ортасы, негізгі жұмыс күші шоғырланған жер.Жұмыс беруші. Жұмыс күшін жалдаушы.Жұмыс емес.Түк емес, қиын емес.Жұмыс картасы. ә с к . Шартты тактикалық белгілермен және түсіндірме жазулармен графикалық түрде соғыс қимылдарының жағдайлары түсірілген топографиялық карта.Жұмыс киімі.Жұмысқа киетін арнайы киім.Жұмыс көлемі.Бір жұмыскер орындайтын түрлі операциялардың саны және олардың қайталануы.Жұмыс күні. Жұмыс істейтін күн, еңбек күні; қызметкерлердің кәсіпорында бір тәулік ішінде еңбек ететін мерзімі. Жұмыс күші.Еңбекке жарамды жастағы, экономикалық тұрғыда белсенді халық.Жұмысқа алымды. ж е р г . Еңбекшіл, іскер.Жұмысқа аяқтай бару. ж е р г . Жұмысқа жаяу бару. Жұмысқа кірді.Қызметке тұрды, жұмысқа орналасты.Жұмысқа қойғызды.Жұмысқа орналастырды, тұрғызды.Жұмысқа [шаруаға] қолы бармады.Жалқауланып, бойкүйезденді.Жұмысқа [іске] қосты.Бір нәрсені жұмыс істетті, пайдалануға берді.Жұмысқа қырлы болды.Еңбек істеуге, жұмыс істеп еңбектенуге бейім, ыңғайлы болды. Жұмысқа салды.Аямай жұмсады, жекті.Жұмысқа түсті. ж е р г . Жұмысқа кірді, жұмысқа тұрды.Жұмысқа шықты.Жұмыс істей бастады.Жұмыс қолы.Жұмыс істеуші, еңбеккер.Жұмыс орны.Жұмыс істеушінің (жұмыс істеушілер тобының) өндірістік міндеттерін орындауына бейімделген орын.Жұмыс орнын аттестаттау.Өндірістік орта мен еңбек процесінің барлық факторларын, қызметкерлердің еңбек қызметі барысында денсаулығы мен еңбек ету қабілетіне әсер ететін ілеспе әлеуметтік-экономикалық факторларды кешенді түрде бағалау. Жұмыс орнын жарақтандыру.Жұмыс орнын негізгі және көмекші жабдықпен, технологиялық және ұйымдық жарақтармен қамтамасыз ету. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Жұмыс орнын еңбек құралдарымен және заттармен жарақтандыру және оларды белгілі бір тәртіппен орналастыру шараларының жүйесі. Жұмыс өтілі. ә л е у м . Қызметкердің еңбек еткен және басқа қоғамдық пайдалы қызмет атқарған уақыттың жиынтығы.Жұмыспен қамтылу. Елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілу көрсеткіші.Жұмыс стажы.Жұмыс өтілі.Жұмысты апат қылу. ж е р г . Жұмысты бітіру, аяқтау. Жұмысты басынан асыру. ж е р г . Жұмысты салақ істеу.Жұмыс уақыты.Қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың, мекеменің, ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Жұмыс үзу. ж е р г . Жұмыстан қалу.Жұмыс үстелі. и н ф . <ағыл. desktop> Әртүрлі объектілер орналасатын Windows операциялық жүйесі экраны.Жұмысы басынан асады.Жұмысы өте көп.Жұмысы тынбады.Жұмысы өнбеді, бітпеді, аяқтай алмады.Жұмысың болмасын. э к с п р . Тиіспе, тиме; жайыңа жүр.