ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


ЖҰМЫСБАСТЫ с ы н . Жұмыстан қолы тимейтін, жұмысы көп. Жұмысбасты болды



бет8/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖҰМЫСБАСТЫ с ы н . Жұмыстан қолы тимейтін, жұмысы көп.
Жұмысбасты болды. Жұмыстан қолы тимеді, мұршасы келмеді.
ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ з а т . Жұмыстан қолы босамаушылық, жұмысы көп болушылық.
ЖҰМЫСКЕР з а т . Жұмысшы, еңбеккер.
ЖҰМЫСКЕРШЕ ү с т . Жұмыскер сияқты, еңбек адамынша.
ЖҰМЫССЫЗ с ы н . Жұмысы жоқ, қызметсіз, еңбексіз, қарекетсіз.
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ з а т . 1. Істейтін жұмысы жоқтық, еңбексіздік, қарекетсіздік. 2. қ о ғ . - ә л е у м . Елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы. Еңбекшілерді жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік қорғау нысандарының бірі.
ЖҰМЫСТА= е т . ж е р г . Жұмыс істеу, еңбектену, қарекеттену.
Жұмыс жұмыстап жүр. ж е р г. Еңбек істеп әрекеттенуде.
ЖҰМЫСТАЛ=ет. ж е р г . Жұмыс жасалу, орындалу, істелу.
ЖҰМЫСТАЛУ Жұмыстал етістігінің қимыл атауы.
ЖҰМЫСТАН= е т . ж е р г . Жұмыс істеу, еңбектену, қарекеттену.
ЖҰМЫСТАНУ Жұмыстан етістігінің қимыл атауы.
ЖҰМЫСТАС с ы н . Бірге жұмыс істейтін, қызметтес, істес.
ЖҰМЫСТАТ= е т . ж е р г . Жұмыс істету.
ЖҰМЫСТАУ Жұмыста етістігінің қимыл атауы: жұмыс істеу, қарекет ету.
ЖҰМЫСТАУШЫ з а т . ж е р г . Жұмыс істеуші, еңбек етуші.
ЖҰМЫСТЫҚ с ы н . Жұмыс істеуге арналған.
Жұмыстық дене. Мәшинелерде энергия түрлендіру, жұмыс атқару т.б. үшін қолданылатын газ тәрізді не сұйық күйдегі зат. Жұмыстық (аралық) жад. и н ф. <ағыл. Working (intermediate) storage> a) Мәліметтердің уақытша жинағын орналастыруға арналған компьютер жадының бөлігі. ә) Мәліметтерді уақытша сақтауға арналған жад – буфер. Жұмыстық жиын. и н ф . <ағыл. working set> Осы мезгілде процессормен пайдаланатын виртуаль жадтың беттерінің немесе деңгейлерінің жиыны. Жұмыстық жоба. <ағыл. detailed design> Жұмыстық жобалау нәтижесі, яғни әзірлеу мен сынауға дайын бұйымның жобасы. Жұмыстық жүктеме. и н ф . <ағыл. work load> Есептеуіш жүйеде өңдеуге енгізілген барлық программалар, мәліметтермен командалар жиынтығы. Жұмыстық том. и н ф . <ағыл. work volume> Мәліметтердің тұрақты және уақытша топтарына шектеусіз қатынас құруға болатын том. Жұмыстық цикл. и н ф . <ағыл. operational cycle> Oперациялардың толық аяқталған тізбегінің орындалу шегіндегі ең аз тұрақты уақыт аралығы.
ЖҰМЫСШЫ з а т . Кәсіпорынның (фирманың, мекеменің т.б.) материалдық құндылықтар жасаумен және өндірістік қызметтер көрсетумен, жүк тасымалдаумен тікелей айналысатын жұмыскері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет