Бақылау сұрақтары:
1.Публицистикалық стильде лексикалық-грамматикалық құралдар қалай ұйымдасады?
2.Публицистикалық стильдегі эмоционалды-экспрессивтік құралдардың жұмсалу мақсаты.
3.Публицистикалық стильдің жанрлық ерекшеліктері туралы айтыңыз.
4.Қазіргі публицистикада қолданып жүрген жанралар туралы, олардың стилистикалық ұйымдасу ерекшелігі туралы өз топшылауларыңызды білдіріңіз.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Бүркітов О. Қазақ әдеби тілінің публицистикалық стилі. А., 1996
2. Момынова Б.Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы. А., 1999
3. Момынова Б. Газет лексикасы. Алматы, 2001
4. Сұлтаньяев О.А. Шұрайлы сөздің шебері. А., 2005
Дәріс № 10
Тақырыбы: Көркем әдебиет стилі және көркем сөздің өзіне тән ерекшеліктері
Оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды
Жоспары:
1.Көркем әдебиет стилі және көркем әдебиет тілі
2.Көркем сөздің ерекшеліктері
3.Көркем әдебиет стилінің эстетикалық қызметі
4.Сөз және бейне
Дәрістің мақсаты: Көркем әдебиет стилінің қалыптасу, даму тарихын, қазіргі жағдайын айқындап, оның басқа стиль түрлерінен ерекшелігін көрсету.
Көркем стильді кейбір зерттеушілерфунционалды стильдер қатарына жатқызса, кейбіреулері жатқызбайды (орыс зерттеушілері). Оның себебі көркем әдебиет тілі оларға қарағанда басқаша, күрделі құбылыс болып табылады. Сондықтан бұл екі ұғымды (көркем стиль және көркем әдебиет тілі) біріктіріп, бір нәрсе ретінде қарауға болмайды.
Көрнекті орыс филологі В.В.Виноградов ХХ ғасырдың алғашқы жартысы және орта кездерінде бұл тақырыпқа көптеген еңбек арнады.
«Көркем әдебиет тілі екі мәнде қолданылады: біріншіден, көркем әдебиет тілі ұлттық халықтық тілдің жалпы жүйесін бейнелейді, екіншіден, ол «өнер тілі» ретінде түсініледі».
Әдеби тілмен байланыстылығы – көркем әдебиет тілінде ұлттық тілдің бар мүмкіндіктері пайдаланылады. Бірақ оларды көркем туындының тек өзіне тән көркем бейнелеу құралдарының жүйесін жасау үшін пайдаланады. Көркем әдебиет тілінде коммуникативтік және эстетикалық қызметтері біріккен.
Көркем сөздің ерекшелік көрсеткіштеріне жататындар: жазушы ұсынып, оқырман қабылдайтын ақпарат көлемінің толық еместігі; жазушының бейнелі ойлау сипаты; көркем шығарманың идеялық-эстетикалық мазмұны мен тілдік формасы арасындағы бірін-бірі анықтайтын қарым-қатынасы; көркем шығармадағы бейнелі-тілдік құралдардың бейнелі қызметке ие болуы; көркем шығарма контексінде мағынаның қиысып ұласуы, өрістеуі; оның контекстік көпқырлылығы; тілдік құралдардың бейнелі-мағыналық нақтылығының көпқырлылығы; тілдік бейнелеу «дәлдігінің» ерекше сипаты; нормадан идеялық-эстетикалық дәлелді ауытқуға мүмкіндік беретін сөздің «дұрыс» құрылуының ерекше сипаты т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |