Жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды



бет11/16
Дата18.09.2022
өлшемі50,57 Kb.
#39424
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
darister.stilistika

Бақылау сұрақтары:
1.Көркем әдебиет стилінде тіл құралдары қалай ұйымдасады?
2.Көркем әдебиет стилінің өзге стильдерге ұқсамайтын басты ерекшелігі неде?
3.Көркем әдебиет стиліне тән көркем бейне қалай жасалады?
4.Көркем әдебиет стилінің жанрларының тілдік, стильдік, композициялық ерекшелігі туралы қандай қорытындылар жасауға болады?
5.Көркем әдебиет стиліндегі дара стиль туралы өз ойыңызды айтыңыз.


Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы, 1991
2. Шалабай Б. Көркем мәтіндегі автор бейнесі// «М.Ғабдуллин феноменін зерттеу және зерделеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары,Көкшетау, 25 қараша, 2015
3. Қуандық Мәшһүр-Жүсіп Көркем сөздің құдыреті. Павлодар, 2000
4. Жанпейісов Е.Қазақ прозасының тілі. Алматы, 1968
5. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.


Дәріс № 11
Тақырыбы: Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың мақсаты, міндеттері, талдау обьектісі


Оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды


Жоспары:
1.Көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәнінің нысаны
2.Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудығ мақсаты мен мәндеттері
3. Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың түрлері


Дәрістің мақсаты: Көркем мәтінді талдаудың мән-маңызын, мақсаты мен мәндетін, талдаудың түрлерін меңгерту.

Адамның рухани әлемін, оның адамгершілік бүкіл ішкі сезім-қасиеттерін қалыптастырып байытуда әдебиет пен ана тілі пәндерінің атқарар қызметі ерекше. Әдебиет сабағының мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін, оны оқытудың әдіс-тәсілдерін, түрлерін ұдайы іздестіріп, үнемі жетілдіре беру қажеттілігі түсінікті. «Әдебиетті оқыту – шығармашылық жұмыс» дегенде осы жай ескерілсе керек.


Көркем туындыны толық, терең әрі жан-жақты түсіну оны талдаудың түр-түрін жетік меңгеріп, оларды жоғары мәдениеттілікпен ғылымдық сапада жүргізуді керек етеді. Олардың қай-қайсысында да зерттеушінің алдына әдеби шығарманың шынайы, көркем табиғатын тану мақсаты қойылады.
Көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәнінің объектісі – көркем шығармадағы тілдік құралдардың көркем мазмұнды бейнелеуге қатысы. Әдеби туындыда пайдаланылған тілдік элементтердің мағына-мазмұнын, эстетикалық қызметін ашып айқындау – курстың негізгі мақсаты.
Көркем мәтін аяқталған, біртұтас күрделі құрылым ретінде қаралады. Оның эстетикалық тұрғыдан ұйымдасқан тілдік формасы мәтіннің идеялық-көркемдік мазмұнын бейнелейді. Курстың міндеті осы біртұтас күрделі құрылымды талдап түсіндіру, оның ұйымдасу механизмін ашу. Бұл міндет мәтінді тілдік және тілдік-стилистикалық талдаулар арқылы жүзеге асады.
Тілдік талдау – талдаудың ең қарапайым түрі. Оның мақсаты – көркем мәтінде пайдаланылған, әдеби шығарманы дұрыс ұғынуға тікелей қатысы бар тілдік тұлғалардың мән-мағыналары мен қолданылу жағдайларын ашып беру. Бұл, сөз жоқ, әдеби туындыны дұрыс әрі толық түсінуге көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет