Бақылау сұрақтары:
1.Көркем мәтін туралы түсінігіңіз қандай?
2.Көркем мәтінді лингвистикалық талдау не үшін керек? Оның мақсаты мен міндеттері қандай?
3.Көркем мәтінді талдаудың түрлері туралы айтыңыз.
4.Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың зерттелу тарихы.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Сыздық Р., Шалабай Б., Әділова А. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау. А., 2002
2. Қуандық Мәшһүр-Жүсіп Көркем сөздің құдыреті. Павлодар, 2000
3. Бобылев Б.Г. Стилистический анализ художественного и публистического текста. А., 1987
4. Иванова Г.П., Брандес О.П.Стилистическая интерпретация текста. Москва, 1991
5. Бабенко Л.Г., Казарин Ю.В. Лингвистический анализ художественного текста. Москва, 2003
Дәріс №12
Тақырыбы: Көркем мәтінді талдаудың ұстанымдары
Оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды
Жоспары:
1.Әдеби тіл және көркем әдебиет тілі
2.Көркем әдебиет мәтінін талдаудағы мазмұн мен форма бірлігі
3.Көркем әдебиет тілін талдаудағы тұтастық принципі
Дәрістің мақсаты: Көркем мәтінді талдаудың негізгі ұстанымдарын анықтап, түсіндіру.
Көркем әдебиет мәтіні әдеби тілде жазылса да, көркем шығарма тілі мен әдеби тіл арасында принципті ерекшеліктер бар. Олардың ең бастысы әрқайсысының атқаратын қызметінен туындайды. Әдеби тіл коммуникативтік қызмет атқарып, адамдардың күнделікті қарым-қатынас жасауының құралы болса, көркем шығарма құрылымына түскенде ол басқаша қырынан көрінеді. Өзінің бейнелі құралдары арқылы оқырманның сезіміне әсер ете отырып, ол эстетикалық, көркемдік қызметте жұмсалады. Соған сәйкес әдеби тіл нормасы мен көркем әдебиет тілі нормасы арасында да ерекшелік болады.
Көркем шығарма мәтінін талдағанда, айрықша ескерілер жай тілдік компоненттерді жеке-дара емес, тұтастай алып талдау мәселесі болмақ. Өйткені жекеленген сөз, морфологиялық тұлға, синтаксистік не фонетикалық құралдар өз алдына бөлек шағын бейнелер жасап тұрса да, олардың бәрінің жиынтығы, тұтастай бірлігі ғана көркем шығарманың біртұтас көркемдік эстетикалық құрылым жүйесін жасайды.
Мәтін талдаудың бұлжымас тағы бір шарты, мызғымас заңы – тілдік құралдарды жалаң емес, шығарманың идеялық мазмұнына қатысты алып талдау керектігі. Бір сөзбен айтқанда, мәтінді тілдік, стилистикалық талдаулардың негізгі мәні көркем шығарманың идеялық, образдық мазмұнын тереңдей түсіну болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |