Жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды



бет13/16
Дата18.09.2022
өлшемі50,57 Kb.
#39424
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Бақылау сұрақтары:
1.Әдеби тіл мен көркем тілдің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.
2.Көркем мәтінді талдаудың негізгі ұстанымдарын атаңыз.
3.Көркем мәтінді филологиялық талдау қандай ұстанымдарды басшылыққа алады?
4.Ол ұстанымдардың әрқайсына сипатама беріңіз.


Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Сыздық Р., Шалабай Б., Әділова А. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау. А., 2002
2.Қуандық Мәшһүр-Жүсіп Көркем сөздің құдыреті. Павлодар, 2000
3.Бобылев Б.Г. Стилистический анализ художественного и публистического текста. А., 1987
4.Иванова Г.П., Брандес О.П.Стилистическая интерпретация текста. Москва, 1991
5.Бабенко Л.Г., Казарин Ю.В. Лингвистический анализ художественного текста. Москва, 2003
Дәріс №13
Көркем мәтінді талдаудың әдістері


Оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды


Жоспары:
1.Синтетикалық әдіс
2.Мағыналық-стилистикалық талдау әдісі
3.Структуралық және статистикалық әдістер


Дәрістің мақсаты: Көркем мәтінді талдаудың әдістерін жан-жақты түсіндіру.

Көркем шығарманың тілін талдаудың әдістері сан алуан, көп қырлы болып келеді.


Қандай болмасын зерттеу әдісін таңдау зерттеудің түрлеріне байланысты болып келеді. Мысалы, көркем шығармадағы жеке-жеке тілдік құралдарды зерттейсіз бе, әлде көркем мәтіннің өзін, оның тілдік бітімін тұтас алып зерттейсіз бе? Алдыңғысында зерттеу бағыты көркем сөз стилистикасының объектісіне қарай ойысады. Бұл жағдайда көркем шығарма тілі әдеби тіл стильдерінің бірі ретінде алынады да, ондағы тілдік тұлға, бірліктер мен категориялар тілдік стилистикалық тұрғыдан сипатталады. Ондай зерттеудің мақсаты не әдеби тіл жүйесіндегі белгілі бір бөлікті жай сипаттау болуы мүмкін, не тілдік құралдардың көркем мәтіндегі қолданылу ерекшеліктерін айқындау болуы мүмкін, не белгілі бір тілдік құралдың көркем сөз стилінде синхрониялық не диахрониялық тұрғыдан қолданысын анықтау болуы мүмкін.
Мұндай зерттеулерде стилистикалық тұрғыдан кейбір бақылау, анықтаулар жасалады, дегенмен мұнда тек таза лингвистикалық әдіс-тәсілдер қолданылады.
Ал көркем шығарманың тілін тұтастық ретінде, автор көзқарасын бейнелеуші біртұтас бірлік ретінде алып талдаудың әдістемесіне келетін болсақ, ол әрі күрделі, әрі әр түрлі пікірталастарға, қарама-қайшылықты көзқарастарға толы. Дегенмен, ондай зерттеулердің әдістерін былайша үш топқа жіктеп қарауға болады: синтетикалық, құрылымдық және статистикалық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет