Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7


вирустарға қарсы, ісікке қарсы, трансплантациондық иммунитет



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата08.12.2022
өлшемі227,93 Kb.
#56037
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
вирустарға қарсы, ісікке қарсы, трансплантациондық иммунитет түрлерін ажыратады. Сонымен қатар
организм антигендік қатынас нәтижесінде әр түрлі агенттердің әсерінен бөгде болып кеткен өзінің
жасушаларына да иммундық реакциямен жауап бере алады.
Иммунитеттің екі негізгі түрін ажыратады: туа біткен және уақыт өте пайда болған. Туа біткен
иммунитет (түрлік, тұқымқуалаушылық) жануарлардың небір түрлеріне тән және басқа да генетикалық
сипаттар сияқты тұқымқуалаушылық жолымен беріліп отырады. Сол себепті де бір ғана түрге тән ауру
түрлері болады; басқа биологиялық түрлер оларды мүлде қабылдамайды. Осылайша адамдар қара мал
обасымен, мысықтар иттер обасымен, және т.б. ауырмайды.
Туа біткен иммунитеттің көрінуінің әр түрлі деңгейлері бар: абсолютті тұрақтылықтан ( мұндай
тұрақтылық сирек кездеседі) организмге әсер ететін әр түрлі әсерлерден(мысалға алар болсақ, органзмнің
аса тоңазытуы) бұзылуы мүмкін салыстырмалы қабылдамаушылыққа дейін.
Уақыт өте пайда болған иммунитет ауырып біткен инфекциондық сырқат нәтижесінде немесе
вакцинациядан кейін пайда болады, тұқым қуаламайды.
Уақыт өте пайда болған иммунитеттің басты ерекшеліктерінің бірі – оның қатал тәнділігі: ол
организмге түскен немесе енгізілген тек қана бір антигенге қарсы түзілетіндігі. Уақыт өте пайда болған
иммунитеттің белсенді және белсенді емес түрлері қарастырылады. Белсенді түрдегі уақыт өте пайда
болған иммунитет ауырып біткен сырқат нәтижесінде немесе жасырын инфекция мен вакцинациядан кейін
туындайды. Белсенді түрдегі уақыт өте пайда болған иммунитет сырқат басталғаннан кейін 1-2 аптаның
ішінде пайда болады да, салыстырмалы түрде ұзақ сақталады – яғни, бір жылдан бірнеше онжылдықтарға
дейін. Осылайша, қызылшадан кейін пайда болған иммунитет өмір бойына сақталады. Басқа
инфекциялардан кейін, мысалға алар болсақ, тұмаудан кейін белсенді түрдегі уақыт өте пайда болған
иммунитет салыстырмалы түрде 1-2 жыл бойына аз уақыт қана сақталады.
Белсенді түрдегі уақыт өте пайда болған иммунитет иммунокомпетенттік жасушалардың – Т- және


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет