В-лимфоциттердің ( яғни, тимотәуелді және сопақша ми лимфоциттері) қызметіне тікелей байланысты. Бұл жасушалар
бөгде агентті анықтап, оларға тиісті реакциямен жауап береді:
Т-лимфоциттер қызметтері бойынша әр түрлі болып келетін белсенді лимфоциттерге айналады, ал
В-лимфоциттер арнайы ерекше иммуноглобулиндерді – антиденелерді түзетін плазмалық жасушаларға
айналады. Т-лимфоциттер жасушалық иммунитетті қамтамасыз етеді, ал В-иммунитеттер гуморальді
иммунитетті қалыптастырады.
Белсенді емес түрде уақыт өте келе пайда болатын иммунитет плацента арқылы анасынан
антиденелер алатын ұрықта пайда болады, сол себепті де жаңа туылған сәбилер белгілі бір уақыт бойы
кейбір инфекцияларға, мысалға алар болсақ, қызылшаға төтеп беріп, қабылдамайды. Белсенді емес түрдегі
уақыт өте пайда болған иммунитет қолдан да жасалуы мүмкін – яғни, организмге белгілі бір ауру түрімен
ауырып болған науқастардан немесе вакцинацияланған адамдар мен жануарлардан алынған дайын
антиденелерді (иммуноглобулиндерді) енгізу арқылы жүзеге асады. Белсенді емес түрдегі уақыт өте пайда
болған иммунитет тез пайда болады да ( иммуноглобулин енгізілгеннен кейін бірнеше сағаттан соң) біраз
уақыт бойы (3-4 апта бойы) сақталады. Белсенді түрдегі уақыт өте пайда болған иммунитет пен белсенді
емес түрдегі уақыт өте пайда болған иммунитеттің факторлары мен механизмдері әр түрлі.
Қалыпты қызмет атқаратын тері мен шырышты қабықтары организмнің сыртқы
бактериялдық қоздырғыштардан және вирустық инфекциялардан қорғайтын бірінші қорғаныс қабатын
құрайды. Тер-тұздық бездерден бөлініп шығатын сөлдерінде бактерияларға жойқын әсер ететін заттар
болады. Оларды иммунитеттің табиғи факторларына жатқызады. Осылайша, конъюнктивалардың бөлетін
сөлдерінде, ауыз қуысының шырышты қабатында, мұрында, өңеште лизоцим – кейбір бактериялардың
жасуша қабықшасын бұзатын ақуыздар болады. Иммунитеттің табиғи факторларына сондай-ақ