Сабақтың мақсаты: Кенелердің паразиттік тіршілігіне байланысты пайда болған өздеріне тән ерекшеліктерін көрсету. Оқушыларды кенеден қорғану шараларымен таныстыру.
Методтары: Табиғи құралдар. Дәріленген кенелер. Суретпен бейнеленген құралдар. Кененің сыртқы құрылысын бейнелейтін таблицалар. «Кене-энцефалитті тасушы».
Сабақтың барысы: Алдымен мұғалім оқушылардың жазбаша тапсырманы қалай орындағандарын тексереді. Одан кейін мына сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Инстинкт дегеніміз не? Инстинктің тұқым қуалайтын қандай фактілермен дәлелдеуге болады? Егер тіршілік әрекетінің нәтижесінде түзілген өнімдер дененден шығарылмаса, зат алмасу процесі жүзеге аса ма?
Жаңа материалды оқыту: Кенелер жайында баяндап тұрып, мұғалім олардың көпшілігі өсімдіктердің, жануарлардың және адамның қауіпті паразитті екеніне оқушылардың назарын аударады. Бұлардың көпшілігі паразиттік тіршілігіне байланысты дене құрылысы өзгерген бас көкірегі құрсағымен бірігіп кеткен, аузындағы қосалқы мүшелер шаншып-соратын немесе кеміріп соратын аппаратқа айналған, шағын жәндіктер болып келеді. Мұғалім өрмек тоқитын қызыл кене, тайга кенесі жайында қысқаша баяндап береді. Тайга кенесі жайында баяндағанда оның зілді ауру-энцефалитті таратушы екенін айтады. Ол ауру жайында қысқаша мына мағлуматтарды айтады: «энцефалит» деген сөз – грекше, оны қазақшаға аударғанда мидың қабынуы деген мағына береді. Ауру кенеттен басталады, дененің ыстығы 38-39-қа дейін көтеріліп, дірілдеп бас ауырады. Адамды қалжырататын науқас 6-8 күнге дейін созылып, ақырында адам сал болып ауырады, кейде өледі.
Өздігінен істелетін жұмыстар: Мұғалім лупамен тайга кенесінің препаратын қарап көруді және тақтадағы жазуды мына сұрауларға жауап беруді ұсынады. Кененің денесінің мөлшері қандай болады? Кененің сыртқы көрінісі неге ұқсайды? Кененің аяғын санап шығыңдар.
Мұғалімнің столында микроскоптар - /2-3 дана/ тұрады, ол арқылы оқушылар кезек-кезек кенесінің ауыз аппаратын қарап көретін болады. Егер препараттар жоқ болса, оқушылар кененің оқулықтағы суреттерін қарап көреді. Барлық өрмекші тәрізділердің денесі қысыңқы, бас жағына қарай сүйірленіп бітеді, бас жағына ауыз аппараты орналасқан. Сүйір тұмсығы арқылы қан сорады. Бұнақы төрт жұп аяқтары болады. Оның ұшында жабысқан ілгекті тырнақтары бар. Денесі бітісіп кеткен.
Мұғалімнің баяндауы: Мұғалім таблицадан кененің бірдемені күткендей қалшиып қалған кейіпін көресің. Кене тұрған жерге адам немесе жануар қалай жақындаса болды, солай кене оның денесіне жорғалап барып мойнына, көкірегіне, қолтығына жабысып алып, ауыртпай қанын сорады, өйткені оның сілекейінде жараға түскенде ауыртпайтын зат болады. Осы қан сору кезінде энцефалиттің қоздырғышы адам организміне өтеді. Мұғалім энцефалиттен сақтандыру үшін алдын-ала егу шараларын қолданудың жөн екенін, одан кейін адам организмі энцефалит ауруына қарсы тура алатынын баяндап береді.
Кенеден сақтану үшін мыналарды орындау ұсынылады.
Көктемде, жазда энцефалит таратушы кенесі бар орманға бармау. Лажсыз орманда болу керек болса, кенелерден қорғану шараларын қолдану керек.
А) кененің адам денесіне жорғалап кіріп кетуінен қорғайтын арнайы киім кию, көйлекті шарбарланып, белді белдікпен белдіктеу, жеңдердің аузына резенке салу, жағаны қымтап жауып қою, шалбардың балағын етіктін немесе шұлықтың ішіне ссалып қою.
б) кенелерді шошындыратын заттарды пайдалану.
в)әрбір 2-3 сағат сайын шешінбестен бірінің үстілеріңді бірін, немесе өзде-ріңді өздерің қарап шығу.Бір жолата қарап шығуды ұйықтар алдында жүргі-зеді , сондай-акорманнан әкелінген гүлдерді, шөптерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды толығымен қарап шығу керек.
Кенені денеден алуға қиынға түседі, өйткені жабысқан жерінен алып таста-мақ болып жүргенде тұмсығы үзіліп кетеді де,тұмсығы қалып қойған жері ір-іңдеп жара болып кетуі мүмкін.
Кенені денеден шығарып алу үшін оның денесін пинцетпен немесе қолға дәке не шүберек орапалып, саусақпен ұстап, ары-бері баяу қозғай отырып,
ақырын шығарып алу керек болады . Немесе кенені жіппен байлап, оның екі
ұшын екі жаққа айырып, жоғары қарай тарту керек. Егер кененің басы жұлы-нып кетсе, алдын-ала отқа қыздырылған инемен шұқып алып тастап, орнына
йод жағып қою керек . Кенені алып тастау үшін май немесе вазелин жақса, онда кененін тұмсығын босатып алуға және екінші орынға ауысуына түрткі болады.
Үйге тапсырма беру:Кененін паразиттік тіршілігімен байланысты бол-ған өзіне тән ерекшелігін дәптерге жазу.