Насекомдар классификациясы.
Сабақтың мақсаты: Көбелекті мысалға ала отырып, отрядтың тұқымдастар-
ға бөлінетінімен танысу . Осы кездегі классификация жануарлар арасындағы
туыстық байланысты қамтитындығын көрсету. Оқушыларды жануарларды
анықтаудың алғашқы тәсілдерімен таныстыру.
Методтары: Баяндау, әңгіме.
Құрал-жабдықтар: Қоңыздар жартылай қанаттылар, тура қанаттылар, көбе-лектер отряды өкілдерінің таблицалары мен коллекциялары.
Сабақтың барысы: Сендер насекомдардың қандай отрядтарын оқып, үйрендіңдер? Әрбір отрядтың өзіне тән қандай ерекшеліктері бар? Өкілдерін атаңдар. Қандай белгілеріне қарап бұл отрядты насекомдар класына жатқыза-
ды . Тақтаға мұғалім оқылып өткен насекомдар отрядтарының салыстырмалы
таблицасын жазады, ал оқушылар оны дәптерлеріне жазып алады.Оны толтыру әңгіме барысында жүргізіледі.
Насикомдар класы отрядтарының сипаттамасы.
Отрядтар Басында қан- Көкірегінің Денесінің Көкірегінің
дай бірдей орган төменгі жағы- қандай бө- жоғарғы жа-
дар болады на қандай ор- лімдері бар ғына қандай
гандар бекіне- органдар бе-
ді және ол кінеді және
нешеу олар нешеу
Қатты қанатты- 3 Жұп мұртты 3 жұп аяқтары Басы көкіре- 2 жұп қанат-
лар жұп көздері гі, құрсағы тары
Жартылай қа-
наттылар
/ кандала/
Тура қанатты-
лар
Көбелектер
Денесі неше бө-
ліктен тұ-
рады
Осы таблицаны толтырғаннан кейін мұғалім оқушылардың назарын қарастырып өткен жәндіктер отряды өкілдерінің / қоңыздар, көбелектер және т.б./ бір қарағанда алуан түрлі болып көрінгенімен, шындығында, схемадан көргендегідей құрылысы бәрінде бірдей екендігі аударады. Бұл олардың туыс екендігін, демек тегінің бір екендігін білдіреді.
Міне сондықтан, да қаралып өткен басқа отрядтар да бір класқа насекомдарға-жатады. Мұғалім оқушыларға насекомдар класы өкілдерінің даму типтерін, ауыз мүшелерінің құрылысын қанаттарының құрылысына тән белгілерін салыстырып, осы белгілеріне негізделе отырып, бұдан ұсақ системалық топтарға-отрядтарға бөлінетінін айтады. Осы кездегі систематика бойынша насекомдардың 25-ке жуық отядтары бар.
Әрбір отрядтың ішіндегі ұқсастығы мен айырмашылық белгілері отрядты оданкіші топтарға-тұқымдастарға бөлуге мүмкіндік береді. Көбелек отрядына да бірнеше тұқымдастарды бөліп алуға болады. Мысалы ақ көбелектер тұқымдасының өкілдері : капуста ақ көбелегі шалғам көбелегі, долана көбелегі, сары көбелек. Емен көбелек тұқымдасына: Қалақай көбелегі, күндізгі емен көбелек, траурница, емен жібек көбелегі жатады.
Өздігінен істелетін жұмыстар: Мұғалім оқушыларға өсімдіктердің қандай тұқымдастығына жататынын, қалай анықтағандығын естеріне түсіруді ұнатады. Содан кейін зоологияда да анықтағыш бар екнін баяндап береді. Бүгін сендер ақ көбелектер тұқымдасына жататын көбелектерді карточка бойынша анықтап көріңдер дейді.
Көлемі ірі немесе орташа көбелектер,ақ,сары, немесе қызыл сары, алдынғы аяқтары дұрыс жетілген.
Ақ көбелектер.
Қанатарының шеті мөлдір болып келген, қанаттағы сызат-талшықтары жіңішке, қара. Көбелек ақ, өрнексіз, тек жүйкелері және көлденең жүйкесіндегі дақтары жіңішке тозаңы аз. Қанатының серпу өрісі 50-60мм. Жұлдызқұрттары жеміс ағашын бүлдіреді.
Долана көбелегі.
Қанаттарын тығыз орналасқан тозаң жауып жатады, қанаттағы жүйкелері әдетте қара болмайды. Артқы қанаттарының артқы жағы сарғылттау болып, онша байқалмайтын немесе қарапайым қоңыр жолақтармен жүйкені бойлай өрнектелген. Жұлдыз құрттары бақшадағы кресті гүлді өсімдіктерді зақымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |