Жолдасбекова Б. А. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»



бет31/46
Дата22.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#69947
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46
Бақылау түрі: Ауызша сұрау


Пайдаланған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер.

1. Караулова Лариса Константиновна - Физиология физического воспитания и спорта. Учебник. Москва, 2012 - С.304

2. Дж.Х. УилморД.Л. Костилл Физиология спорта. Москва, 2001.-С 504


3. Жолдасбекова Б.А. Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері. Шымкент,2013.-С.172.
4. Физиология физического воспитания и спорта. Смирнов В.М. Дубровский В.И. – М., Влад. Пресс.2002.
5. Дубровский В.И., Смирнов В.МФизиология физического воспитания и спорта. Москва, 2002.-С.606
Қосымша әдебиеттер.

1. Жилов Ю.Д  Назарова Е.Н. Возрастная анатомия, физиология и гигиена. Москва, 2014.-С.256

2. Прокофьева В.Н. Практикум по физиологии физического воспитания и спорта. Москва, 2008-С.191


3. Дж.Х. Уилмор Д.Л. Костилл Физиология спорта и двигательной активности. Москва, 2007.-С.503
Практикалық сабақ №12
Сабақтың тақырыбы: Циклді спорт түрлерінің физиологиялық сипаттамасы


Сабақтың жоспары:

  1. Максимальды қуатты цикльді дене жаттығуларын орындау кезіндегі ағзаның қорлары.

  2. Субмаксимальды қуатты цикльді дене жаттығуларын орындау кезіндегі ағзаның физиологиялық қорлары.

  3. Үлкен және бірқалыпты қуатты циклді дене жаттығуларын орындау кезіндегі ағзанын физиологиялық қоралары

  4. Велосипедшілердің тыныс алу ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты және міндеті, ептілік, дағды және құзыреттілік:
Циклді спорт түрлерінің физиологиялық сипаттамасы. Үлкен және бірқалыпты қуатты циклді дене жаттығуларын орындау кезіндегі ағзанын физиологиялық қоралары.
Практикалық сабақтарын өткізу түрі: Семинар-дискуссия
Қысқаша теориялық мәлімет:
Циклді спорт түрлерінің жалпы физиологиялық сипаттамасы.
Циклді қимыл – қозғалыстар бір қимылдың бірнеше рет қайталануы арқылы жүзеге асады. Бір циклдің құрамына кіретін қимыл элементтері бірдей реттілікпен барлық циклдерде кездеседі. Қимылдардың әрбір циклі алдыңғы және енді орындалатын циклдермен байланысты болады. Бұл байланыс рефлекторлы сипатты болады, әрбір рефлекс аяқтала отырып, келесі рефлексті туындатады. Қимылдың мұндай тізбекті сипаты тек қана қимылды динамикалық стереотип болып түрінде бекінетін ырғақты рефлекске тән және осы рефлекс циклді қимылдардың физиологиялық негізі болып табылады.
Жұмыстың уақыты мен оның қуатының арасында нақты бір тәуелділік бар. Жалпылама қарастырғанда, бұл тәуелділік төмендегідей сипатта болады: жұмыстың қуаты қаншалықты жоғары болса, соншалықты тез шаршаудың нәтижесінде оның орындалу уақыты аз болады. Жұмыстың қуаты дегеніміз белгілі бір уақыт бірлігінде орындалған жұмыстың мөлшері. Ал ол өз кезегінде бұлшық еттің жиырылу күшіне және жиырылу жиілігіне тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет