Жолдасбекова Б. А. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»


Спорттық жүру, жеңіл атлетикалық жүгіру



бет32/46
Дата22.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#69947
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
Спорттық жүру, жеңіл атлетикалық жүгіру.
Спорттық жүру ерлер үшін 20-50 км. әйелдер үшін 5-10 км. қашықтықтағы жарыстар кезінде жүзеге асады. Бұл кездегі жұмыс бірқалыпты қарқынды, циклді сипатты болады. Спорттық жүру кезінде жекелей және қосарланған тіректер кездеседі, бірақ жүгіру болмауы керек.
Жеңіл атлетикалық жүгірудің физиологиялық сипаттамасы
Жеңіл атлетикалық жүгірудің спорттық жүруден айырмашылығы – спорттық жүрудегі қимылдар циклі бір тіректі екі сатыдан және екі тіректі күйден тұратын қосарлы қадамнан тұрады. Ал жеңіл атлетикалық жүгіруде бір тіректі саты ұшу сатысымен кезектеседі.
Жүгіру кезінде жекелей тірек сатысы ұшу сатысымен кезектеседі. Жеңіл атлетикадағы орындалу техникасы бойынша ең күрделісі – қысқа қашықтыққа жүгіру, өйткені сөрелік және сөрелік екпін күйін үйрену қиынға соғады. Шынығу кезіндегі ағзада жүретін физиологиялық ығысулар жүгіріп өтетін жолдың ара қашықтығына байланысты. Қаншалықты жүгіретін ара қашықтық ұзақ болса, соншалықты жұмыстың қуаты аз болады. Сондықтан жүгіру тепсіну күшіне, адымдардың ұзындығына және жиілігіне байланысты бола отырып, әртүрлі қуатты жұмыс күйінде орындалады. Жеңіл атлетикадағы жұмыстың қуатын анықтайтын негізгі көрсеткіш – жүгіру шапшаңдығы. Ол адымдар ұзындығының сол адымдар жиілігіне көбейтіндісімен анықталады. Жүгіру орындалатын уақыт жұмыстың қуатына байланысты. қаншалықты жұмыс құаты жоғары болса, соншалықты оның орындалу ұзақтығы шаршайдың тез туындауы есебінен аз болады.
Жеңіл атлетикалық секірулер мен лақтырулардың физиологиялық сипаттамасы
Секірулер мен лақтырулар сереотипті (стандартсыз) циклді емес қимылдардан тұрады, бұл кезде аяқ – қолдың және кеуденің бағдарлы қимылдарының маңызы үлкен. Орындалу кезінде жоғары деңгейде шапшаңдықты-күшті қимылдардың нақтылығы қажет. Орындалу нәтижесінде максимальды шапшаңдық және жиырылу қажет. Мұндай жаттығулар шапшаңдықты-күшті жаттығулар деп аталады. А циклді шапшаңдықты-күшті жаттығулар арнайы қимыл дағдысының қалыптасуы арқылы жүзеге асады. Бұл кездегі автоматизм тек қана бірнеше қайталанулар нәтижесінде қалыптасады. Шапшаңдықты – күшті жаттығулар секундтармен өлшенеді. Осы қысқа уақыт ішінде кардиореспираторлық жүйеде анау айтқан өзгерістер болып үлгермейді. Шапшаңдықты – күшті жаттығулардың орындалуы кезінде анаэробты жұмыс жүзеге асады. Жаттығу қысқа уақыттың ішінде орындалатындақтан оттектік қарыздылықтың мөлшері шамалы ғана болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет