Жолдасбекова Б. А. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»



бет2/46
Дата22.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#69947
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

Кіріспе


Дене шынықтыру және спорт түрлері физиологиялық негіздері мен гигиенасы пәнінің мақсаты мен міндеттері.
Дене шынықтыру және спорт түрлері физиологиясы – физиология курсының екінші бір бөлімі болып саналады да, дене шынықтыру мәдениеті және спорт мамандарын дайындауда оқытылады. Дене шынықтыру және спорт түрлері физиологиясы ағза қызметінің өзгерістерін және олардың дене қызметі (спорттық) әсерінен болатын механизмдерін зерттейді. Дене шынықтыру және спорт түрлері физиологиясының дамып, жетілуіне бірқатар ғалымдар үлес қосты, атап айтқанда: А.Н. Крестовников, А.В. Зимкин, В.В. Васильевская, Я.М.Коц, А.Д.Бернштейн, В.С. Фарфель, А.Г.Зима, Ю.Л.Кислицын, И.А.Потапов, Л.Р.Кудашова.
Дене шынқтыру және спорт түрлері физиологиясының негізгі мақсаты- ағзаның жұмысқа дейінгі, жұмыс кезіндегі және жұмыстан кейінгі қызметтік күйін зерттеу.
Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиясы, оқыту пәні ретінде екі міндетті шеше алады. Оның бірі- адамның денсаулығын дене жаттығуларының көмегімен арттыру және ағзаның қоршаған орта жағдайларының (температураның, қысымның, радиацияның, ауа ластануының) әсеріне тұрақтылығын жоғарылату. Сондай-ақ, жұмысқа қабілеттілікті және қалпына келтіруді сақтау, шаршаудың ерте қалыптасуын болдырмау, адамның кәсіби қызметі процесіндегі психикалық –эмоциялық жүктемені реттеу. Дене шынықтыру және спорт түрлері физиологиясының бұл мәселелері дене шынықтырудың жалпы түрлері деңгейінде шешіледі. Екінші міндет- жоғары спорттық жетістіктерге жетуге бағытталған іс- шараларды физиологиялық негіздеу. Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиясы пәнінің ерекшелігі- оның материалдары тек қана адамға жүргізілген тәжірибелерден алынады. Зерттеулер орындалатын жұмысқа дейін, кезінде және кейін жүргізіледі. Қимыл белсенділігін мөлшерлеуге және адам ағзасы қызметінің әртүрлі кезеңдеріндегі өзгерістерін реттеуге мүмкіндік беретін арнайы жүктемелі тестер құрастырылған.
Дене шынықтыру және спорт түрлері физиологиясының басты ерекшелігі- спорттың түріне қатысты жалпы ағзаның және оның кейбір жүйелерінің физиологиялық реакцияларына сандық сипаттама беру. Бұл міндет лабораториялық сабақтарда жүзеге асады. Ол үшін жүктеме беру кезінде бірқатар- велоэргометр, тредбан (жүгірмелі жол), баспалдақ және т.б. сияқты құралдар қолданылады. Жалпы бұл пән спортшының денсаулығын сақтай отырып, үлкен жетістік белестерінен көрінуіне мүмкіндік береді.
Дене шынықтыру және спорт түрлері физиологиясы дене шынықтыру және спорт мамандарын дайындау жүйесіндегі алатын орны бойынша бірқатар оқыту және ғылыми пәндерінің теориялық жетістіктері мен зерттеу әдістеріне негізделеді. Мұндай пәндерге биология, адам және жануарлар физиологиясы, химия, физика, анатомия, биохимия, биомеханика, гигиена, психология, дене шынықтыру теориясы және әдістемесі, педагогика, спорттық медицина, емдік дене шынықтыру пәндері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет