Жолдасбекова Б. А. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»



бет36/46
Дата22.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#69947
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Сабақтың жоспары:
1. Спорттық ойындардағы қимылдар сипаттамасы.
2. Спорттық ойындардағы спорттық жетілудің негізгі мақсаты (қимылдар бағдары, күш және шапшаңдық, қарсыласпен талас жағдайларындағы қимылдар жетілуі).
3. Футболшылардың, баскетболшылардың және спорттық ойынымен шұғылданатын спортшылардың қуат жұмсауы.
Сабақтың мақсаты және міндеті, ептілік, дағды және құзыреттілік:
Циклді спорт түрлерінің физиологиялық сипаттамасы. Үлкен және бірқалыпты қуатты циклді дене жаттығуларын орындау кезіндегі ағзанын физиологиялық қоралары.
Практикалық сабақтарын өткізу түрі: Семинар-дискуссия
Қысқаша теориялық мәлімет:
Спорттық ойындардың жалпы физиологиялық сипаттамасы. Спорттық ойындар ситуациялы дене жаттығуларына жатады. Басты ерекшелігі –қимылдарыдың орындалуы алдына ала бағдарланбайды. Ойын кезіндегі әртүрлі мезеттерде пайда болатын жағдайларға, яғни ситуацияға байланысты,бұл кездегі қимылдың дұрыс және уақытылы орындалуы жүйке жүйесінің экстраполяцияға қабілеттілігімен сипатталады. Экстраполяция дегеніміз құбылыстың белгілі бір бөлімінде алынған нәтижелерді екінші бір бөлімінде қолдана алу.
Футболшылардың дене сапаларының ерекшеліктері
Футболшылар көбінесе бойларының ұзындығымен ерекшелене бермейді, қақпақшылардың дене мөлшерлері –үлкен, шабуылшылардың дене мөлшерлері керісінше – кіші болып келеді. Дене тұрқылары бойынша футболшылар спортшы еместерден ерекшелене бермейді.
Футбол ойыны қимылдардың әртүрлілігімен сипатталады. Жүгіру, секіру, допты соғу сияқты әртүрлі күшті элементтерден тұратын қимылдардан құралады.Бұл қимылдар өзі бір командадағы ойыншылардың арасында және қарсыластардың арасында орындалады.Ойын кезінде қимылдардың құрылымы мен қарқыны өзгеріп отырады. Қимылдар – шапшаңдықты –күшті болып келеді. Футбол ойыны шапшаңдықтың, күштің ептіліктің дамуын қамтамасыз етеді.Ойын алаңының үлкендігі жүгірудің біршама ұзақтығымен сипатталады және ойынның 90 минуттан көптеу уақытқа созылуы бұлшық еттердің аэробты және анаэробты жағдайларға бейімделуін талап етеді.Жақсы нәтижеге жету үшін ойыншының көру аймағы және тепе–теңдік талдағышы жақсы жетілген болуы қажет.
Баскетбол
Баскетболшылардың бойының ұзындығы орта есеппен -196,4 см. Дене құрлымының қатысы бойынша баскетболшылардың 47%-ы гигантойдты ( аяқтары ұзын, иықтары кең ), 29%-ы тейноидты ( аяқтары ұзын, иықтары қушыған ) болып келеді.Денелерінің тұрқы құмды сағат сияқты болып келеді -жоғары және төменгі бөлімдері –кең, ортаңғы жағы тарылған болып келеді. Іріктеудің бастапқы кезеңдерінде бойшаң спортшыларға көбірек көңіл бөлінеді.
Волейбол
Волейбол - алаңдағы қозғалыстар бойынша қарқыны төмен ойын болып есептелінеді.Жоғары дәрежелі волейболшыларда шапшаңдықты – күшті дене қасиеттері жақсы жетілген.Баскетболшылардағы сияқты жүктеменің басым бөлігі талдағыштарға, әсіресе көру талдағыштарына түседі.Жоғары дәрежелі спортшыларда ортофория жиі кездеседі.
Шайбалы хоккей.
Хоккейшілер дене өлшемдерінің үлкендігімен ерекшеленеді. Шабуылшылардың дене өлшемдері үлкен, ал корғанушылардыңкі – біршама кіші болып келеді.Ойын кезінде спортшы 5км және одан да көп қашықтықты жүгіріп өтеді, олай болса спортшы ағзасына түсетін жүктеме үлкне болып келеді.
Хоккейдің басқа спорттық ойындардан ерекшелігі- қимылдардың қарқыны өте жоғары болады.Осыған байланысты хоккейшінің бұлшық еттері негізінен анаэробты қуат көздері есебінен жұмыс атқарады.Динамикалық шапшаңдықты-күшті жұмыс статикалық күштенулермен үйлесіп, нәтижесінде бұлшық еттер гипертрофиясы және күш көрсеткіштері жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет