Жолдауы жолдарынан



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата02.01.2017
өлшемі1,76 Mb.
#1023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ƏДЕБИЕТТЕР:
1.  Сулейменова Э. Д., Шаймерденова Н. Ж. Словарь социолингви-
стических терминов . – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – С. 46.
2.  Исимбаева Г. И. Языковое самосознание и мотивация изучения 
языков / Гульмира  Истайбековна  Исимбаева;  КазНУ  им.  аль-
Фараби. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 20 с. 
3.  Шаймерденова Н. Ж. Языки диаспор Казахстана как средство 
осознания идентичности. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. 
– 270 с.
4.  Национальный состав населения Республики Казахстан. Итоги 
переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. – Т. 1. 
Статистический сборник / Под редакции А. Смайлова. – Алматы, 
2000. – 86 с.

46
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
5.  Ахметжанова З. К. Типология билингвизма и полилингвизма в 
Казахстане: немецкий и славянский компоненты // Жизнь языка и 
язык в жизни. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – С. 301–103.
6.  Орусбаев  А.,  Кулжабаева  А.  Язык  и  этническая  идентичность 
// Язык и идентичность. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 
С. 190–198.
7.  Протасова Е. Ю. Феннороссы: Жизнь и употребление языка. – 
СПб: Златоуст, 2004. – С. 13–14.
8.  Алтынбекова О.Б. Русский язык в диаспорах Казахстана // Русско-
язычный человек в иноязычной окружении. Под ред. Мустайоки. 
– Хелсинки, 2004. – С. 82–96.
9.  Сулейменова Э.Д. Архетип «гадкого утенка» и языковая иден-
тичность // Язык и идентичность. – Алматы, Қазақ университеті, 
2006. – С. 15–25.
10.  Алтынбекова О.Б. Студенческий билингвизм как фактор толе-
рантности в молодежной сфере // Научное наследие С. Аман-
жолова  и  проблемы  гуманитарных  наук  ХХІ  века:  Мат.  межд. 
конф. – Усть-Каменогорск, 2003. – С. 403–409.

47
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
Жоба үшін несие 
алу жолдары
Нұржан ƏЛЖАНОВА,
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті,
физика-математика ғылымдарының кандидаты
Қ
азіргі  кезде  көптеген  нарықтар  жоғары  бəсекелестік 
ортамен  сипатталады.  Бəсекелестердің  маркетингтік 
жолдарының  қарқындылығы  бизнес  иелеріне  өз 
уақытында  жауапты  қадамдар  жасауға  мəжбүрлейді, 
бұл  өз  кезегінде  қосымша  қаржы  ресурстарын  талап 
етеді.  Инвестициялы  жобаларды  талдау  нəтижелері  көп  жағдайда 
кəсіпкерлер  мен  бизнес  иелерінде  көзделген  бизнес-мақсаттарға 
жету  үшін  бір  немесе  бірнеше  қаржылық  «инъекциялардың»  бол-
мауын көрсетеді. Нені таңдау қажет – жай несиені немесе жобалық 
қаржыландыру?  Сіздің  бизнес-жобаңызды  қарастыру  үшін  сауат-
ты  резюмені  қалай  құру  керек?  Несиелік  офицер  ретінде  банкпен 
тілдесу  тəжірибесі  жетіспеген  жағдайда  не  істеу  керек?  Осы  жəне 
басқа да көптеген сұрақтарға жауап табуға тырысамыз.
Жобалық қаржыландыру – мəні мен артықшылықтары
Бизнесті  кеңейтуді  немесе,  мысал  үшін,  өндірісті  модерниза-
циялауды  жоспарлау  кезінде  бизнес  иелері  қаржыландырудың 
жобалық  түрінің  ерекшеліктері  жайлы  ойланғаны  дұрыс.  Жеке 
жобаны ерекшелеу жəне кəсіби менеджерлер тобын құру арқылы 
салымдардың экономикалық тиімді екендігін банктерге сендіруге 
болады.
Бизнес-саясаттың  маңызды  бөліктерінің  бірі  қызығушылық 
танытқан тұлғалардың бизнес қай жолмен қаржыландырылатынын 
түсінуі болып табылады. Қаржыландыруды тартудың екі негізгі түрі 
бар  екенін  еске  салайық – қарыздық  жəне  акционерлік.  Олардың 
қатынасы бизнес бағасын, сондай-ақ қаржылық қуатын (пайыздық 
жəне оған ұқсас басқа да төлемдер) анықтайды.
Акционерлік  қаржыландыру  анағұрлым  тəуекелді  капиталды 
айқындайды.  Табысты  үлестіру  кезінде  де,  компанияның  жой-

48
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
ылуы  жағдайында  да  инвесторлар-акционерлер  төлемдердің 
соңғы орнында тұрады. Акционерлік инвестициялардың кепілдігі 
ретінде компанияны басқаруда қатысу арқылы бақылау мүмкіндігі 
есептеледі.  Акционерлік  капитал  басқа  қарыз  берушілер  немесе 
инвесторлар  үшін  жобаға  жаңа  капиталды  тарту  арқылы  негізді 
қалыптастырады.
Мемлекеттік  немесе  корпоративті  кепілдіктер  алу,  əрине,  оңай 
емес. Сондай-ақ көптеген компаниялар кепілді қамтамасыз ете ал-
майды.  Бұған  себеп  өте  көп.  Біріншіден,  активтердің  тозуы  неме-
се  капиталды  жеткізушінің  көзқарасы  бойынша  жеткіліксіздігі. 
Екіншіден,  компанияда  активтерді  легитимді  ұсыну  мүмкіндігінің 
болмауы. Мəселе мынада, кейбір активтер өзінің заңсыз болуынан 
кəсіпорын балансында есепте жүрмейді. Потенциалды инвесторлар-
мен қарым-қатынастың белгілі бір деңгейінде басқарушылық есеп 
мəліметтері ескеріле алмайды, себебі олар тəуелсіз аудитпен растала 
алмайды.
Қарыздық қаржыландыру жағдайында капитал жеткізушіге пай-
ыздар  табыстық  немесе  шығыстық  бизнеске  тəуелсіз  есептеледі. 
Қарыз  кепілдігінің  екі  негізгі  жолы  белгілі.  Біріншіден,  бұл 
кепілдіктер – мемлекеттің немесе басқа компанияның, екіншіден – 
кепілді қамтамасыздық.
Несие – бұл  ресурстардың  жетіспеушілігі  кезіндегі  көмек,  ал 
жобалық қаржыландыру – дамудағы қолдау деп айтуға болады. Жо-
баны іске асыру кезінде банк компанияның барлық істерінде еріксіз 
түрде  қатысушысы  жəне  серіктесі  болады.  Банк  қызметкерлерінің 
бірі  айтқандай,  жобалармен  қызмет  ету  өте  қызықты.  Қаржының 
жəне  кəсіптік  кадрлардың  жетіспеушілігі  себебінен, «жоба» 
түсінігінің  мəні  жоғалуда.  Банктер  кепілге  көп  көңіл  аударуда,  ал 
қарыз  берушілер  не  болары  жайында  емес,  қаржылық  мықтылық 
қоры  жайында  айтқысы  келеді. «Жобаны»  ағымдағы  несие  емес, 
жоба деп атаған дұрыс. Өзіне де, банкте кідіруге мүмкіндік бермейтін 
қарыз  берушілер  несие  алушыға  бизнес-жобаны  қарастыруға,  өз 
идеяларына  тартылуына  мəжбүр  етеді,  бұл  кез-келген  жағдайда 
жеңістік беріп отыр. Банк – бұл «тəжірибе банкі». Бұл мекемені жеке 
критик жəне кеңес берушіге айналдыру арқылы осындай тəжірибені 
ұтымды пайдалануға болады. «Жасыл» банктік аналитиктің өзі ірі 
компанияның  қаржылық  қызметінен  гөрі  он  жобаға  артық  игеріп 
алды.
Əрине,  барлық  жаңалық  тəуекелмен  сипатталады,  ал  тəуекел – 
жақсы табыстың бірінші белгісі.

49
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
Банктердің несиелік тəжірибесінің стереотиптері
Бизнес иелерімен тілдесу кезінде банк жұмысының несиелік тап-
сырыстар  мен  жобаларды  қарастыру  процесіне  «кедергі»  болатын 
кейбір ерекшеліктеріне шағынуын жиі естуге болады. Оның ішінде, 
кəсіпкерлер арасында банктер тек «өз адамдарына» ғана («өз адам-
дары»  банк  қызметкерлерінен  бастап  несиелік  мекемеге  ұсыныс 
бойынша  келген  клиенттерді  қамтиды)  несие  береді,  банктер  тым 
төрешіл  жəне  шешімдерді  ұзақ  қабылдайды,  банктер  ақшалық 
қарыздар  беруде  артық  сақтанушылық  танытады  деген  сыбыстар 
жүріп жатады.
Бұл  қате  пікірлерді  рет-ретімен  қарастырайық.  Алдымен, 
кішігірім  түзету  енгізу  қажет.  Бұл  пікірлер,  несие – қызметінің 
стратегиялық бағытының бірі болып табылатын банктер үшін ғана 
əділ емес. Қаржылық нарықта акционерлері мен менеджерлері осы 
банктік бизнестің дамуына мүддесіз немесе нарықтағы тəуекелге 
деген «тəбеті» сəйкес болмайтын несиелік мекемелер саны өте көп. 
Бұл,  осындай  банктердің  артықшылықтары  немесе  кемшіліктері 
жайында айта алмайды – банктер өз даму стратегиясына жүгініп 
отыр.  Алайда,  аталған  пікірлер  шындыққа  айналатынына  дай-
ын  болу  қажет.  Бұндай  келеңсіздікті  болдырмау  үшін,  несиелеу 
кезінде банкті жорамалдап емес, қаржылық нарықты маркетингтік 
зерттеу арқылы анағұрлым қолайлы несиелік мекемені таңдап алу 
қажет.
Нақты  несиелеуші  банктерде  аталған  мифтердің  орындалуы 
бəсекелестік  артықшылықтарын  жоғалтуына  алып  келеді.  Осы-
лайша,  тұтынушылар  нарығын  «өз  адамдары»  шеңберіне  дейін 
қысқартқан жағдайда, банк қарыз алуға ұмтылғандарға несие беру 
мүмкіндігінен  айрылады,  бұл  табыс  алу  мүмкіндігін  азайтады. 
Сондай-ақ, банкирлер «өз» клиенттерімен қызмет етуге көп көңіл ау-
дармайды: соңғылары шет жақтағы клиенттерден гөрі көп машақатқа 
түсіреді.  Қарыз  берушілер  «туысқандық  несиелер» (related loans) 
үлкен  деңгейде  дефолтқа  алып  келетінін  жақсы  түсінеді.  Осыған 
байланысты авторлар қарастырылған несиелік мекемелерге банктік 
ортадағы  жеке  байланыстармен  шектеліп  қоймай, «көше  жақтағы 
есік» арқылы да несие беруді ұсынады.
Несие  беруде  банктердің  артық  сақтанушылық  танытуы  жай-
ында  айтар  болсақ,  бұл  өте  күрделі  сұрақ.  Шын  мəнінде  банк 
өзін  ықтимал  дефолттан  барынша  сақтануын  көздеуі  тиіс.  Алай-
да,  егер  банктің  клиентке  деген  талаптары  тым  жоғары  болса, 
тиімді  клиентті  жіберіп  алуы  да  мүмкін:  басқа  да  экономикалық 

50
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
процестердегідей несиелеу сұрақтары «тəуекел – табыс» қағидасы 
бойынша  шешіледі.  Сəйкесінше  (жəне  негізсіз  емес),  жемісті 
несиелік  мекемелерде  артық  талаптарға  тап  болу  ықтималдығы 
жоғары болмайды.
Резюме  құрастыру  немесе  «несиелік  офицерді»  қалай 
қызықтыруға болады
Барлық бизнес-жобаның маңызды бөлімі резюме болып табыла-
ды.  Көптеген  қарыз  берушілер  мүмкін  болатын  негізділіктерімен 
тапсырысты  құратын  болса,  көптеген  қиындықтардан  құтыла 
алар  еді.  Қарыз  алушы  жақсы  бизнес-жоба  несие  алуға  кепілдік 
бермейтінін,  ал  нашар  бизнес-жоба  сəтсіздікке  алып  келетінін 
түсінуі қажет. Бұл құжатты дайындау барысында бүгінгі таңда кең 
тараған  ұтымды  бизнес-жоба  құру  ережелерінің  кодексін  айқын 
ашатын жəрдемақыларға сүйенуге болады. Резюме маңыздылығын 
статистика дəлелдейді: барлық бизнес-жобалардың 75–85% резюме 
оқылған соң бірден лақтырылады.
Сөйтіп,  бизнес-жоба  мəтіні  қысқаша  резюмені  қамтуы  керек. 
Бұл  банкир  үшін  бизнес-жоба  тиянақты  қарастыруға  лайықтығын 
анықтайтын  «лакмус  қағазы»  болады.  Қарастырылатын  резю-
меге  өз  үлгісін  қоя  отырып,  банкир  өз  талаптарына  сай  емес  биз-
нес-жобаларды  бірден  қалдықтар  қоржынына  тастайды.  Резюме 
банк  қызметкеріне  клиентті  күту  кезінде  жəне  банк  мүмкіндіктері 
арасындағы  жойылмайтын  сəйкессіздіктерді  (мысалы,  несие 
көлеміне,  пайызға  жəне  мерзіміне  тиісті)  анықтауға  көмектеседі. 
Банкирдің, сондай-ақ қарыз алушының қаржыланудың басқа көзін 
іздеуге  уақыты  үнемделеді.  Егер  де  бизнес-жобаның  резюмесі 
несиелеудің  біріншілік  көрсеткіштерін  қанағаттандырса,  онда 
несиелік  менеджерлер  бизнес-жоба  мазмұнын  мұқият  талдауға 
кіріседі.
Осыған  байланысты  аталған  құжаттың  резюмесі  қысқа  (бір-екі 
беттен көп емес) болуы керек жəне оқушыға көрнекті əрі түсінікті 
ақпаратты  ұсынуы  тиіс:  сұралатын  ақша  көлемі,  мақсаты  несие-
леу  мерзімі  жəне  күтілмелі  пайыздың  мөлшері  жайында.  Бизнес-
жоба мазмұнынан несиелік менеджер жоба қай индустрияға тиісті 
екенін, компания жайлы, оның негізгі қаржылық көрсеткіштер жəне 
менеджменттің жобаны соңына дейін жеткізу мүмкіндіктері туралы 
көріністі оңай алуы тиіс.
Резюмені безендірілуі мен стилі де маңызды. Ол қысқаша, логи-
калы түрде аяқталған ұсыныстарды, жақсы құрастырылған мəтінді 

51
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
қамтуы тиіс. Тақырыптар мен тақырыпшаларды қолданудан шектел-
меуге болады – олар резюме мазмұнына көрнекілік береді, сондай-
ақ  бизнес-жобаның  маңызды  сəттерін  ерекшелейді.  Əрине,  мəтін 
қарапайым жəне көркем графиктермен жəне түсінікті кесінділермен 
безендірілуі  тиіс.  Бизнес-жоба  резюмесінің  маңыздылығына  көңіл 
аудару  үшін  вакантты  қызметке  кандидаттың Curriculum vitae-мен 
(ағылшынша – резюме)  үйлестігін  жүргізуге  болады.  Құжатты 
оқу  кандидатты  қызметке  қабылдау  жөнінде  шешім  қабылдауға 
жеткілікті  болады  деу,  əрине,  дұрыс  емес.  Резюменің  мақсаты 
мүлдем басқа: ұқсас қағаздарда ол жұмыс берушіні қызықтыруы тиіс 
жəне кандидатты тілдесуге (мүмкін жалғыз емес) шақыруға мəжбүр 
етуі тиіс, бұның нəтижесі кадрлық шешім қабылдауда шешуші бо-
лып  табылады.  Бизнес-жобаның  резюмесі  жұмыс  үстелінде  ұқсас 
құжаттардың  бір  тобы  бар  банктің  несиелік  менеджерінің  көңілін 
аударуы  тиіс.  Керісінше  жағдайда  қарыз  алушының  арызы  оның 
перспективалылығына  қарамастан  қарастырылатын  кандидатура 
жағдайын талдау сатысына жетпеуі де əбден мүмкін.
Бантердің  несиелік  бөлімдеріне  келіп  түсетін  бизнес-жобаларға 
тиісті тағы бір кемшілікті көрсетейік, – кəсіпкерлердің өз ісіне тым 
қызығуы.  Шынында  да,  көптеген  бизнесмендер  энтузиазмын  бан-
кирге беруге дейін де бара отырып, бұл несие алуды тездетеді деген 
сеніммен өз жұмысына соншалықты қызығады. 
Олармен 
берілетін 
тапсырыстар 
жобаның 
қаржылық 
бөлшектерін аз қамтитын қажетсіз ақпараттан тұрады. Сондықтан 
бұндай  құжат  тиісті  деңгейде  қарастырымай-ақ  ақыр  соңында 
қоржынға кететіндігіне таңқалмауға да болады. 
Əрине, бизнес-жобада жобаның күтілмелі қаржылық ағымдары 
туралы  қысқа  əрі  толық  ақпарат  көрінуі  тиіс.  Жобаны  іске  асы-
ру  нəтижесінде  қайда  жəне  қанша  қаржы  жұмсалатыны  туралы 
нақты жəне дəйекті көріністер жасалуы тиіс. Табиғи бірліктердегі 
мəліметтер, мысалы, өндірілген болттар мен гайкалар саны тура-
лы, өте пайдалы болуы мүмкін, бірақ жобаның қаржылық мəніне 
кедергі болмауы тиіс. Сондықтан, қарыз алушыға өз жобасын бел-
летристика жанрында сипаттау үшін емес, кəсіби қаржыгермен бір 
деңгейде  соның  тілінде  тілдесу  үшін NPV, ROI, ROE
*
  жəне  т.  б. 
жобалық қаржыландырудың мамандандырылған түсініктерін иге-
ру қажет.
Қорыта  айтқанда,  бизнес-жоба  жазуда  барлық  егжей-тегжейіне 
мəн  беру  тіпті  қажет  емес.  Кейде  ұқсас  сұрақтар  шешуде  үлкен 
тəжірибесі  бар  консалтингтік  компаниялардың  қызметін  пай-

52
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
далану  тиімді  болады.  Олардың  ішіндегі  ұқсас  қызметтерде 
маманданғандары жəне сондай ерекшеліктерді білетіндері сауатсыз 
безендірілген бизнес-жоба себебінен несие алуға жол бермейді. Осы 
тұрғыда  қымбат  бағалы  ірі  халықаралық  корпорацияларды  тарту 
қажеттілігі жоқ, шеттегі тапсырыс берушілерге бизнес-жоба жасап 
үйреніп  алған  отандық  кеңес  берушілердің  қызметін  пайдаланған 
жеткілікті-ақ.
Көптеген  перспективті  бизнес-идеялар  өз  дамуында  коммер-
циялы  банктерде  несиелеу  кезінде  сəтсіздікке  ұшырағандықтан 
жоспарлау  сатысында  тоқтап  қалды.  Əрине,  объективті  себеппен 
қолдау таппағаны ұнамсыз болады, банк жоба көрсеткіштерін жəне 
компания  жағдайын  қарастырып  жəне  барлық  «оң»  жəне  «теріс» 
жақтарын  өлшеп,  соңғы  несие  беруде  тəуекелге  бет  бұрмайды. 
Алайда,  көптеген  жобалар  алдын-ала  сəтсіздікке  душар  болады, 
себебі  олардың  жетекшілері  банктен  несие  алу  ісі  өте  қиын  не-
месе  кейде  тіпті  мүмкін  емес  деп  есептеп  ерте  шегінеді.  Расында 
да,  көп  жағдайда  сəтсіздіктер  біздің  мемлекетте  банктік  несиелеу 
тəжірибесі жөніндегі қате пікірлердің тұрақты болуына байланысты 
болжанады.

NPV (Net Present Value) – таза белгіленген баға. NPV капитал салуды қажет ететін жобаларды бағалау 
үшін қолданылады.
ROI (Return On Investment) – инвестициялардың орнының толуы. Табыстың орташа өсуінің инвестици-
ялар көлеміне қатынасы. Инвестициялардың орнының толу мерзімі – инвестициялық жобаларды бағалау 
əдісі, бұнда тиімділіктің маңызды критериі ретінде біріншілік шығындардың орны толатын мерзім ұзақтығы 
болады. Кезектегі барлық табыстар таза табысты айқындады деп болжамданады.
ROE (Return On Equity) – өзіндік капиталдың рентабельділігі. Бұл компанияның таза табысы, ол өзіндік 
капиталға  пайызда  көрсетіледі,  мына  формуламен  анықталады:  өзіндік  капиталдың  рентабельділігі = 
таза  табыс / өзіндік  капитал.  Аталған  критерий  əзірше  инвестициялық  жоба  тиімділіктерінің  кең  тараған 
қаржылық критериі болып отыр.

53
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
Қазақстан 
Республикасының 
қазіргі тандағы 
коммерциялық банктер 
арқылы ұсынылған 
несие саясатын 
жетілдіру жолдары
Сəкен ƏБДІБЕКОВ, 
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың доценті, 
экономика ғылымдарының кандидаты;
Айгерім ТҰРЫСБЕКОВА,
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың магистранты
Б
анктің несие қызметі банкті банктік емес ұйымдардан 
айыратын  басты  критеридің  бірі  болып  табылады. 
Əлем  тəжірибесінде  банк  пайдасының  көп  бөлігі  не-
сиелеумен  байланысты.  Қазіргі  уақытта  несиелеудің 
негізінен қысқа мерзімді түрі орын алып отыр. Оның 
себебі,  республикадағы  экономикалық  тұрақсыздық  салдарынан 
коммерциялық  банктер  қысқа  мерзім  ішінде  қорларды  орналасты-
ру  жəне  пайданы  қамтамасыз  етуге  көнуде.  Қарыз  алушыға  қысқа 
мерзімді  несие  уақытша  қорлардың  жетіспеушілігін  жабуға  жəне 
несиені  пайдаланғаны  үшін  аз  пайыз  сомасын  төлеу  мүмкіндігіне 
ие  болады.  Бұдан  басқа  қысқа  мерзімді  несиені  пайдалану  бары-
сында пайыз мөлшерлемесі белгіленеді де, қарыз алушы несие бой-
ынша жалпы шығындар бюджетін алдын-ала құра алады. Берілген 
көрсеткіштер  республика  бойынша  өткізілген  барлық  несиелердің 
50%  көбі  қысқа  мерзімді  несиелер  үлесіне  тиіп  отыр.  Соның 
ішінде  аз  бөлігі,  несие  салымының  үштен  бірі  экономиканың  сау-
да  секторына,  ал  төрттен  бірі – өнеркəсіп  секторына  жұмсалған. 
Берілген  жағдайда  сауда  операцияларының  айналымдылығы  жəне 

54
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
табыстылығы  өндіріс  ортасына  қарағанда  жоғары  екендігін  көріп 
отырмыз.  Тауар  өндірушіге  банктік  несиені  пайдаланудағы  пайыз 
мөлшерінің жоғарлығы өнімнің өзіндік құнына қосуға да келмейді, 
өндірістегі  тиімділіктің  төмендігіне  сəйкес  пайдадан  төлеуге  де 
келмейді.  Сондықтан  несиеге  бұндай  пайызды  негізінен  сауда 
жəне делдал фирмалар төлей алады. Əрине, нарықтың тұрақтануы 
жəне  теңгенің  құнсыздану  қарқынының  төмендеуіне  сəйкес  несие 
қорларын  өндіріс  ортасына  салған  нəтижелі  болар  еді,  сонымен 
қатар Қазақстан Республикасының Президентінің Н.Ə. Назарбаевтің 
дəстүрлі халыққа жолдауында айтқандай «Біздің міндетіміз – эконо-
миканы осы сынаққа дайындау, оны əртараптандыруды жалғастыру 
болып табылады» [1].
Қысқа  мерзімді  несиелерді  несиелеу  объектілеріне  байланыс-
ты  бөліп  қарасақ  келесідей  қорытынды  жасауға  болады.  Өткен 
жылдағыдай осы жылы да несиенің негізгі бағыттары болып: айна-
лым қорларын толтыру жəне тұрғындардың тұтыну көздері болып 
отыр. Айналым жəне негізгі қорларды толтыруға несиелер негізінен 
банктік  емес  заңды  тұлғаларға  арналған.  Олардың  негізгі  бөлігін 
бұрын сауда-делдал операцияларымен айналысқан, қазір өнеркəсіп 
жəне  қызмет  көрсету  ортасындағы  кəсіпорын  иесі  болып  табыла-
тын жеке кəсіпкерлер құрайды. Бірақ өзінің табыстылығымен қысқа 
мерзімді  несиелер  экономикалық  тұрақсыздық  жəне  өндірістің 
құлдырау  жағдайында  тəуекелді  мəміле  болып  табылады.  Қазіргі 
жағдайда клиенттердің банктерден алған қарыздарының қайтаруын 
кідірту немесе тіптен несиені қайтармау жиі болып тұрады. Осын-
дай жағдайларды болдырмау үшін, банк, бірінші кезекте несие бе-
руге  арызды  қарау  жəне  клиенттің  несие  қабілетін  анықтаудағы 
аналитикалық жұмысты жетілдіруі тиіс. Арызды, ұсынылған бизнес-
жоспарды тереңдеп зерттеу мүмкін тəуекелдердің болуын алдын-ала 
көруге жағдай жасайды. Келесі авантюристті уақытында тану үшін, 
клиенттің  құқтық  статусына  талдау,  оның  ұсынған  құжаттарының 
заңдылығын  тексеру  үшін  құқық  қорғау  органдарымен  ынтымақ 
қатынасында болу керек. 
Қазір клиенттің менеджментіне талдау үлкен мəнге ие болып отыр. 
Себебі көбіне несиені қайтармау – клиенттің банкрот болуына бай-
ланысты, ал ол өз кезегінде нашар менеджменттің нəтижесі болып 
табылады. Американың кəсіпорындарының қаржылық денсаулығы 
туралы  мəліметтер  жинауда  ғасырлық  тəжірибесі  бар  «Дан  энд 
Брэдстрит»  фирмасы  кəсіпорындардың  жылдан-жылға  сəтсіздікке 
ұшырауының мына себептерін анықтаған: ақпаратсыздық, басқару 

55
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
тəжірибесінің  жоқтығы,  маркетингте,  қаржыда,  жабдықтауда  жəне 
өндірісте  тəжірибенің  жетіспеушілігі,  ұқыпсыздық.  Көп  жағдайда 
кəсіпорындар сəтсіздікке басқарушылық талаптардың өсуіне байла-
нысты ұшырайды. Он қызметкері бар кəсіпорынды басқару бір басқа, 
ал жүздеген қызметкері бар кəсіпорынды басқару бір басқа. Егер бізде 
клиенттердің несие қабілеттілігін анықтайтын жəне олардың алған 
несиелері мен жабылмаған несиелер туралы мəліметтер жүйесі бол-
са, онда қарыз алушының несие қабілеттілігіне талдау жасау оңай 
болар еді, себебі бұл мəліметтерді анықтау өте қиын. Мысалы, Фран-
цияда  аталған  қызметпен  айналысатын  Орталық  тəуекел  қызметі 
құрылған. Қандай банк болмасын несие алушы туралы мəліметтер 
алғысы келсе, осы қызметке жолыға алады. Біздің елде несие жүйесін 
жетілдіру жəне несие тəуекелін төмендету үшін осы жүйені жедел 
енгізу  керек.  Бұл  жағдайда  өздерінің  клиенттері  туралы  ақпарат 
алғысы келген коммерциялық банктер тиісті телекоммуникациялық 
желі  арқылы  белгілі  секундтар  ішінде  мəліметтер  базасына  кіріп, 
өздеріне  қажетті  несие  алушының  қаржылық  жағдайы  туралы 
ақпарат  ала  алады.  Негізінен  несие  алушылар  туралы  ақпарат  жи-
нау жүйесін құру жұмысы болжанды. Американдық корпорациялар, 
соның ішінде «Дан энд Брэдстрит» қазақстандық нарыққа шығып, 
коммерциялық банктерге келесідей қызмет түрлерін ұсынуға сенім 
артқан:  бөлек  компанияларға  рейтингтік  қаржы  жағдайы  туралы 
баға беру базасы жəне оның бизнес-анықтамалары, шоттарды төлеу 
тəжірибесі, бизнестің басқа да этикалық нормаларын сақтау, оның 
қатысуымен  арбитраж  жұмысына  талдау  жəне  т.б.;  аймақ  жəне 
салалардағы  маркетингтік  зерттеулер;  елдердегі  экономикалық 
жағдай,  кедендік,  валюталық  реттеу  туралы  толық  анықтамалар, 
төлем  жағдайы  жəне  арбитраж,  салалық,  аймақтық  жəне  арнайы 
анықтамалар.
Соңында осының бəрі үлкен проблемаға тірелді: коммерциялық 
банктің клиенттері болып табылатын – кəсіпорындар мен ұйымдар, 
өздері  туралы  мəліметтерді  ұсынудан  бас  тартып,  қажетті 
ақпараттар  жинау  қиындады.  Батыста  осындай  ақпараттарды 
ұсынудан  бас  тарту – берілген  компанияны  теріс  жағынан 
мінездейтін  маңызды  көрсеткіш  болып  табылады.  Қазақстанда 
кəсіпорындар  туралы  жалпы  ақпараттық  желінің  жоқтығынан – 
қарыз алушылар жəне кəсіпорындар өздері туралы ақпарат ұсынуға 
үрейленеді.  Сондықтан  несие  тəуекелдері  əлі  жоғары  болмақ. 
Берілген  жағдайда  Қазақстанда  өркениетті  нарық  қалыптастыру 
мақсатында  заң  шығарушы  органдарды  тарту  арқылы  комплексті 

56
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
жақындау керек. Жəне де банктің жауапты тəжірибесіндегі несие 
келісім-шарттарының экономикалық жетілдірілмеу кемшілігін ата-
май  кетуге  болмайды.  Бұл  жоспарда  несие  келісім-шарттарының 
мазмұны  мерзімі  асырылған  қарыздың  негізгі  жəне  пайыздық 
төлемі бойынша қайталанбауына шара қолданылмайды, кейде тіпті 
құқықтық қатынаста берілген қарыздың қайтарылуын қамтамасыз 
етпейді.  Сотқа  жолыққанның  өзінде  келісім-шартты  орындау 
қиынға соғады. Мысалы, келісім-шартқа отырған қарыз алушыны 
табу мүмкін емес немесе негізгі қарызды жəне оған тиісті пайыз-
ды жабатын нақты көздің жоқтығы. Көп жағдайда несие келісім-
шарттары  заңды  дұрыс  құрылмайды  жəне  оларға  тиісті  тұлғалар 
қол  қоймайды.  Батыста  несие  келісім-шарттары  екі  жақтың 
құқықтары мен міндеттемелерін реттейтін маңызды құжат болып 
табылады. Осыған байланысты несие келісім-шартын құрарда, тек 
несиелеу мəмілесін жəне клиентті терең зерттемей, сонымен қатар 
мүмкін тəуекелдерді есепке алып, келісім-шартта сауатты көрсету 
керек [2].
Келесі – республикада  қолданылып  жүрген  кепіл  механизмінің 
жетілдірілмеуі.  Мысалы,  жылжымайтын  мүлікті  кепіл  ретінде 
қолдану  жерге  жеке  меншік  заңының  жоқтығы  кедергі  болып  тұр. 
Кепіл  келісім-шартына  сəйкес,  несие  берушінің  талабы  кепілге 
салынған  мүліктің  құнымен  қанағаттандырылуда.  Егер,  кепілді 
өткізгеннен  түскен  сома  банк  қарызын,  сол  уақытқа  жиналған 
негізгі  қарыз,  оған  тиісті  пайыздар,  өсім  жəне  сөгіс  шығындарын 
шабуға жетпесе, онда банк жетпеген соманы қарыз алушының басқа 
мүліктер құнынан алуға құқылы. Бірақ Қазақстан Республикасының 
азаматтық-процессуалды заңы сөгістің (взыскание) келесідей кезегін 
белгілеген. Бірінші кезекте, банкроттың мүлігіне банкрот процесін 
енгізген өз шығындарын жабуға арбитражды сот «кіріседі», екінші 
кезекте  «əлеуметтік  орта»:  алименттер  төлеу,  жұмысшыларға 
жалақы  қалдығы  жəне  т.б.  Осыдан  кейін  сөгіске  бюджет  құқылы: 
республикалық жəне жергілікті салықтар жəне салықтық төлемдер. 
Содан кейін барып несие берушілерге кезек келеді. Басында кепіл 
ала отырып қарыз бергендер, сонан соң – қалғандары. Көбінесе осы 
уақытқа дейін банкроттың мүлігі қалмайды. Басқаша айтқанда бан-
ктер ештеңесіз қалады. Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы кепіл 
құқығының негізгі принциптерінің бірі – басқа кредиторлар талап-
тары  алдында  кепілді  талаптарды  қанағаттандыру  артықшылығы 
кедергі  болып  отыр.  Бұдан,  несие  тəуекелдерін  төмендету  үшін 
кепіл механизмін жетілдіру керек.

57
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
Банктік операциялар қазіргі экономикалық өмірдің динамикалық 
жəне  сезімтал  ортасы  болып  келеді.  Соның  ішінде  банктік  опера-
циялар ортасы экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда 
жекелеген əдістерді, жақындауды талап етеді. Көптеген көтерілген 
проблемалардың шешімі тек заңды, нормативті-құқықтық базалар-
да емес, сонымен қатар мамандардың, банк қызметкерлерінің білімі 
жəне тəжірибесіне тікелей байланысты. Көбі нақты жағдайда дұрыс 
шешім қабылдау жəне əр сұраққа жеке жақындауды талап етеді. Заңды 
жəне жеке тұлғаларды несиелеуде несиелеудің негізгі принциптерін 
қатаң  сақтаумен  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Бұл  қатынаста  несиенің 
қайтарылу  тəуекелін  төмендету  мақсатында  несиелеу  тактикасын 
қатайту  керек.  Европалық  Қайта  Құру  жəне  Даму  Банкі  өзінің  не-
сиелеу бағдарламасында: «Қатал, бірақ адал» ұранын басшылыққа 
алады. Біздің банктер жағдайында бұл ұран орынды, себебі сенімді 
клиенттер əруақытта банктің оларға қолдау көрсететіне сенім арту-
ына болады. Ал несиені төлеу немесе қайтаратын ойлары жоқ кли-
енттер, банк жағынан жеңілдіктердің болмайтынын түсінулері тиіс. 
Қорыта  келе,  менің  осы  ұсыныстарым  біздің  банктік  тəжірибеде 
өркениетті нарықтық қатынастардың дамуына, қаржылық-несиелік 
тұтқаларды реттеудің дамуына жəне бүтіндей экономиканың даму-
ына септігін тигізеді деген үміттемін. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет