ƏДЕБИЕТТЕР:
1. Есім Ғ. Поэт мечтал об этом дне, верил, что час свободы настанет
// www.inform/kz.
96
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
2. Күмісбаев Ө. Шəкəрім жəне шығыс əдебеиеті // Шəкəрімтану
мəселелері. – Семей–Новосибирск: Талер-Пресс, 2006. – Т. 1.
– 171 б.
3. Мағауин М. Ақын, тарихшы, философ // Шəкəрімтану мəселелері:
Сериялық ғылыми жинақ. Атамекен серия. – Алматы: Раритет,
2007. – Т. 1. – 5–49 бб.
4. Құдайбердіұлы Ш. Ардақты Сəбит бауырым // Құдайбердіұлы Ш.
Шығармалары: Роман, қара сөздер, мақалалар, аудармалар. –
Алматы: Жібек жолы, 2006. – Т. 2, – 313–314 бб.
5. Сары Арка. – 18 наурыз, 1918.
6. Шəкəрімұлы А. Менің əкем, халық ұлы – Шəкəрім // Шəкəрімтану
мəселелері: Сериялық ғылыми жинақ. Атамекен серия. – Алма-
ты: Раритет, 2007. – Т. 1, – 145–242 бб.
7. Созақбаев С. Общественно-политическая деятельность ссыль-
ных-воспитанников Петербургского университета в Казахстане
// Известия АН КазССС, серия общественных наук. – №3, 1984.
– С. 71–73.
8. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һəм хандар шежіресі. –
Алматы: Қазақстан-Сана, 1991. – 80 б.
9. Шəкəрімұлы А. Менің əкем, халық ұлы–Шəкəрім // Шəкəрімтану
мəселелері: Сериялық ғылыми жинақ. Атамекен серия. – Алма-
ты: Раритет, 2007. – Т. 1. – 145–242 бб.
10. Ізтілеуова С. Зият Шəкəрімұлы. – Алматы: Інжу-Маржан, 2008.
– 160 б.
97
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Əлихан Бөкейханов
жəне «Қазақ» газеті
Жандос ҚҰМҒАНБАЕВ,
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Тарих, археология жəне этнология
факультетінің PhD докторанты
Е
ліміз егемендік алып, тəуелсіз мемлекет құрғанымызда
ел қамын ойлап, сол жолда өздерінің саналы ғұмырын
құрбан еткен азаматтардың шынайы ғұмырларын
тереңдей зерттеу тек тарихшы ғалымдар ғана емес
басқада ғылым саласындағы ғалымдарымыздың
атқарған еңбектері жетерлік. Айтар болсақ филология, журнали-
стика тағыда басқа салалардағы зерттеушілердің еңбектеріненде
көреміз. Сондай зерттелу үстінде жылдан жылға тың деректермен
мəліметтер қатарынан шетелдік, отандық архив мұрағаттарынан та-
былып жатқан деректерде Алаш зиялылары қызметінің алатын орны
ерекше.
Солардың ішінде əліде тың деректерді қажет ететін жəне қолда
бар деректерді деректанулық талдаудан өткізетін Алаш өкіметінің
басшысы Ə. Бөкейханов туралы ғылыми зерттеулер молынан керек
етеді. Бұл мəселе ұлт көсемі Ə. Бөкейханов туралы ғылыми зерттеу-
лер қаралмай жатыр деген ойымыз емес табылған деректерді дұрыс,
өз орнына пайдаланып нақтырақ жетілдіру əлі де болса азырақ. Жал-
пы тақырыбымызда аталғандай ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде
басылып тұрған сол кезеңдегі мерзімді басылымдардың бірі «Қазақ»
газеті бізге Ə. Бөкейхановтың қызметі туралы нақты мəліметтер
беретіні анық. Олай дейтініміз «Қазақ» газеті Ə. Бөкейхановтың
тікелей араласуымен өмірге келгені баршамызға белгілі. Негізінен
келгенде Ə. Бөкейхановтың қызметі туралы зерттеулер жүргізгенде
əртүрлі басылымдағы ұлт көсемінің мақалаларына көңіл бөлсек
зерттеуіміздің оңтайлы шығатыны анық.
Зерттушілердің пайымдауынша Ə. Бөкейхановтың мыңға жуық
мақала мен очерктер жəне тағы да басқа туындылардан тұратын
98
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
ғылыми публицистикалар 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін жəне
одан кейінгі 1927 жылға дейін 50-ден астам қазақ жəне орыс газет-
журналдарында, төңкеріске дейін ғана 30-ға жуық қазақ-орыс ба-
сылымдарында жарық көрген. Ə. Бөкейхановтың қаламынан туып,
түрлі мерзімді басылымдарда жарық көрген туындыларының гео-
графиясы да қазіргі кең байтақ Еуразия кеңістігін қамтиді. Оның ең
алғашқы бір топ мақаласы 1889 жылы Дала генерал-губернаторының
ресми үнқағазы ретінде Омбыда шығып тұрған «Особые прибавленія
къ «Акмолинскимъ областнымъ ведомостямъ» газетінің қазақша
қосымшасы «Дала уəлаятының газетінен» [1] көрінсе, көп ұзамай
оның түрлі бүркеншік есімі көрсетілген туындыларын 1917 жылғы
Ақпан төңкерісі мен Қазан бүлігіне дейінгі бір Омбының ғана «Степ-
ной край», «Степной пионер», «Омичъ» «Иртыщ», «Голосъ степеи»,
«Семейдің «Семеипалатинские областные ведомости», «Семипа-
латинский листокъ», [2] Ташкенттің «Туркестанские ведомости»,
[3] Орынбордың «Қазақ» газеті [4] мен қазақтың тұңғыш «Айқап»
журналынан [5], Петербордың «Речь», «Сынъ отечества», [6] «Наша
жизнь», «Слово», «Восточное оброзение», Ресей мұсылмандарының
«Въ мире мусулманства», «Мусульманская газета» [7] басылымда-
рынан жəне тағыда басқа журналдар беттерінде жарық көрген.
Ə. Бөкейхановтың басылымдарда басылған мақалаларында
өз аты тікелей бермей бүркеншік есімдермен берілгендігін атап
өтілгенді. Ол зерттеуші ғалымдар зерттеулерінде мынадай есімдер
Ə. Бөкекейхановтың бүркеншік есімдермен мақала бергенін
байқаймыз. «Қыр ұғлы», «Қыр баласы», «Ғали хан», «Əлихан»,
«Ғ.Б», «Ə.Б», «Арыс ұлы», «Түрік баласы», «Қалмақбай» [8] бұл
аталған есімдер қазақша басылған мақалаларда кездессе орыс ба-
сылымдарында бұданда асып түсетіндігін мерзімді басылымдар-
дан байқауға болады. Аталған газеттердің ішінде Ə. Бөкейхановтың
өмірдегі атқарған қызметінен мол деректер беретін «Қазақ» –
қоғамдық-саяси жəне əдеби газеті, 1913 жылы 2 ақпаннан бастап
Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып
тұрған. 1913 жылы №1–44 (ақпан–желтоқсан), 1914 жылы №45–92
(қаңтар–желтоқсан), 1915 жылы №93–163 (қаңтар–желтоқсан),
1916 жылы №164–211 (қаңтар–желтоқсан), 1917 жылы №212– 257
(қаңтар–желтоқсан), 1918 жылы № 258–265 (қаңтар–қыркүйек). Та-
ралымы 3000, кейбір мағлұматтарда 8000-ға жеткен [9] .
Тарихшы ғалым М. Қойгелдиевтің айтуынша «Қазақ» газетінің
материалдары екі тұрғыдан құнды деп мəлімдеді. Біріншіден га-
зет материалдары ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылдығындағы
99
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
қазақ қоғамындағы болып өткен түрлі қоғамдық үрдістерді зерттеп
тану үшін аса бағалы деректер көзі болып табылады. Екіншіден,
ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың қалыптасып, даму ар-
насында өмірге келген бұл басылым, ең алдымен, бостандық үшін
күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті деп көрсетеді
[10]. Тарихшы-ғалым М. Қойгелдиевтің түйіндеуінше отарлық езгі
мен феодалдық мешеулікке қарсы ұлт зиялылары жүргізген азап-
ты күрестің негізгі идеялық бағыттары мен кезеңдерін «Қазақ» ма-
териалдарынсыз мейлінше тура түсіну, əрине, мүмкін емес деген
қорытындымен айғақтаған еді «Алаш қозғалысы» [11] еңбегінде.
Бұл жерде байқағанымыздай Алаш өкіметіне «Қазақ» газетінің
тікелей қызмет еткенін еш даусыз байқаймыз, яғни Алаш өкіметінің
басшысы Ə. Бөкейхановтың негізгі көзқарастары «Қазақ» газетінде
еркін жазылғанына еш күмəн келтіре алмаймыз. Аталған «Қазақ»
газеті тəуелсіз газет екендігіне көз жеткізуге əбден болады.
Қазақ газетіне келер болсақ бірінші редакторы А. Байтұрсынов,
екінші редакторы М. Дулатов, бастырушы «Азамат» серіктігі
Хұсаинов–Каримов баспаханасында басылып тұрған. Газеттің 1918
жылғы сандарының редакторы Ж. Жəнібеков «Қазақ» газетінің
бес жыл бойы 265 нөмірі жарық көрген, қазіргі өлшеммен алсақ
бұл тым аз. Бірақ, сол замандағы қалыптасқан ахуал тұрғысынан
бағаласақ, отарлық езгідегі елде, отаршылдардың көз алдында, жа-
рия түрде тəуелсіздік идеясын насихаттайтын газетті бес жыл бойы
шығарып тұру үлкен ерлік болатын. 1917 жылы желтоқсанда Орын-
борда өткен ІІ жалпықазақ съезі қарар қабылдап, Алашорда өкіметін
құрғанда 15 мүшесіне Алашорда өкіметінің ыстық-суығына күйген
А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың кірмеуінің негізгі себебі
үкіметті сайлауда оның кəсіби деңгейі бірінші кезекте тұрса, тағы
бір себебі олар о бастан ағарту ісімен қатар «Қазақ» газетінде
редакторлық қызметте отырғандығыда болар. Əрине Алаш өкіметі
құрылғанда олар 15 мүшелікке кірмей қалғанымен А. Байтұрсынов
пен М. Дулатовтар далада қалған жоқ, білім комиссиясы құрылып,
оны А. Байтұрсынов басқарды. Кейіннен А. Байтұрсынов оқу-білім
министрі болды.
Ғалым-тарихшы М. Қойгелдиевтің мұрағат деректерінен
алған материалдары бойынша Орынбор губернаторының 1913
жылы 5 қаңтардағы жоғары баспасөз басқармасына берілген
бұйрығында Торғай облысы, Қызылшеңгел болысы, 8-ауылдың
қазағы М.А. Оразаевқа жəне Торғай уезі, Тосын болысы, 5-ауылдың
қазағы А. Байтұрсыновқа Орынбор қаласында қазақ тілінде апта-
100
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
сына бір рет шығатын «Қазақ» газетін төмендегі бағдарламамен:
Үкімет тарапынан бұйрық–жарлықтар, ішкі жəне сыртқы хабарлар,
қазақтың тарихы мен тұрмыс жайы, этика, тарих, этнография жəне
мəдениет мəселелер, экономика, сауда, кəсіп, ауыл шаруашылығы,
мал шаруашылығы, халық ағарту, мектеп-медресе, тіл жəне əдебиет
мəселелері, тазалық, денсаулық жəне малдəрігерлік жайы, фелье-
тондар, корреспонденциялар мен жеделхаттар, жергілікті хроника,
суреттер, почталар (хаттар) жəне құлақтандырулар шығарып тұруға
рұқсат берілгендігі жазылған [12].
Газеттің екінші редакторы қызметіне М. Дулатовты тағайындау
туралы 1914 жылы 19 мамырдағы жоғарғы баспасөз басқармасының
Орынбор губернаторына берген бұйрығында былай дейді: «Орын-
борда А. Байтұрсыновтың редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ»
газетінің екінші жауапты редакторы қызметін атқаруға Торғай об-
лысы Сарықопа болысы №1 ауылдың қазағы Мир-Якуб Дулатович
Дулатовқа рұқсат беріледі [13].
Жалпы аталған «Қазақ» газетінде отаршылдық езгіге қарсы күрес
жүргізудің əр түрлі жолдарымен жүріп ұлт зиялыларының жан
жақты білім иелері екенін байқаймыз. Мəселен Ə. Бөкейхановтың
қазақ қоғамының нағыз реформаторы екенін «Қазақ» газетінің 1913
жылы басылған «Қазақтың тарихы» мақаласында орыстың атты
ғаскері казак атанғандықтан біздің қазақ өзінің атынан айырылып,
қырғыз атанып жүрмекші емес. Қияметке шейін қазақ қазақ болып
жасамақ. Осы ғасырдағы ғылым жарығында қазақ көзін ашып, бетін
түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай жəне өзіміздің шарық
ғадетіне ыңғайлы қылып «қазақ мəдениетін» құрып, бір жағынан
қазақ əдебиетін тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы. Орысша
оқыған қазақ жастарының мойнына алатын бір жұмысы мекемеден
шеткері болған əрбір істі орнында «қырғыз» деген жаңылыс атты
қойып, «қазақ» деген атты қолдану тиіс. Бұл болмайтын іс, ағынға
қарсы (против течения) деген сөз емес, біз суды теріс ағызған атаның
баласымыз [14] деген жолдардан байқағанымыз қазақтың атын
қырғыз деп шатастырмауын қазақты өз алдына жеке халық екенін
мерзімді баспасөз арқылы ұсынып отырғанынан-ақ көрініп тұр.
Қазақтың жер мəселесіне байланысты «Қазақ» деген мақаласынанда
«1913 жылы орыс қол астындағы қазақ саны 5 миллион 64 мың бо-
лады. Қазақ һəм қырғыз Шыңғысхан заманынан бері жеті жүз жыл
шамасында 9 облыс жерінде жүріп тұрды. (Бұл жерде аталған 9
облыс Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Закаспи, Сырдария, Жетісу,
Ферғана, Самарқан облыстары) Қазақ жерінің шекарасы туралы
101
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
мəлімет беріп «бұл жердің көбі 10–20 жыл мұнан бұрын қазақ пай-
дасында еді, соңғы 10–15 жыл Торғай һəм Ақмола облыстарынан
қазақ пайдасындағы жерден көп жер мұжық пайдасына кетті, 1908
жылға шейін мұжыққа қазақтан 4 миллион десятина артық еді, 1913
жылдағы есепте, 1906–1912 жылдарда қазақтан мұжыққа алынған
жер 6 миллион десятина артық [15] дейді. Ə. Бөкейхановтың аталған
мақаладағы алынған адам есебі 1910 жылы жарық көрген «Формы
национального движения в современных государствах» [16] СПб
кітабындағы мəліметтер бойынша жарияланған болатын. Сон-
да байқағанымыз біріншіден қазақтың өз ата-бабасынан қалған
жерінде шұрайлы жерлердің өз пайдасына іске аспай отаршылдыққа
кеткенін меңзесе, екіншіден қазақ һəм қырғыз деген атуларға жеке
тоқталып өткен. Газетіміздің үздіксіз шығуына байланысты соны-
мен қоса «қазақ» газетін қаржыландыру мəселесі алдыңғы орында
тұрғандықтан Ə. Бөкейханов бұл мəселеде тікелей өзі араласқанын
аңғаруға болады. «Қазақ» газетіндегі 1913 жылғы № 41 санындағы
«Ұры тию» мақаласында. «Үш жылдан бері «Айқап» журналы
шығып тұр, бір жылға жақын «Қазақ» газетасы шығып тұр. Бұлардың
екеуінің басындағы кісілер газета мен журанал ісіне оңашалап
шықпай, басы басқа қызметке байлаулы күйінде іс жүргізіп отыр.
Газетаға оңашаланып шығайын десе, салмақ газетаға түседі, оны
көтеретін газетада салып отырған бұлардың сомалары жоқ. Байлар
жомарттық қылмады деп қарап отыруға бола ма? Екінші жолмен іс
жүргізуге ойлап тұрмыз. Қазақтың кесек сома шығарарлық байла-
ры аз болғанымен аз сомасымен, адамгершілігімен серіктікке жа-
райтын азаматтары аз емес. Сондықтан «Азамат» серіктігін ашып,
«Қазақ» газетасын мұнан былай Алаш азаматтарының серіктесіп
қосылған пұлымен жүргізбекшіміз» [17]. «Қазақ» газетінің
шығарушы алқасының атынан берілген 1913 жылғы 1 санындағы
құлақтандыруда: «Газетіміздің көп мақсатымыздың бірі – басқадан
да алып, өзімізде барын жиып, қазақ тілінің бетін жөндеп, жолын
ашпақ, сондықтан қазақтың мақалалары, тақпақ сөздері, билердің
шешендердің айтқан сөздері, басылған өлеңдер, қиссалар бəрі де
қабыл алынады, басылмай қалған сөздер қайтарылмайды» [18]
делінген. Яғни «Қазақ» газетінен тікелей ХХ ғасырдың алғашқы
ширегіндегі жан-жақты кең көлемде мағлұматтарды аталған газет-
тен көруге болады.
Жалпы алғанда Əлихан Бөкейхановтың «Қазақ» газетіндегі
мақалалары екі жүзге жуық ең түйінді деген мəселелеріне тоқталған.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ елінің саяси-əлеуметтік өмірінің ең
102
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
түйінділеріне, қазақ шаруашылық жағдайына, жер мəселесіне, басқа
елдермен қарым-қатынасына оқу-ағарту, бала тəрбиесіне, əдебиет
пен шежірге арналған мақалалары жарияланған. 1917 жылғы 21
қарашадағы санында Ə. Бөкейхановтың басшылығымен құрылған
«Алаш» партиясы програмассының жобасы [19] «Қазақ» газеті
арқылы бізге жеткен құнды дерек екендігін мойындаймыз.
Ə.
Бөкейхановтың
«Қазақ»
газетінде
басылған
сын
мақалаларында мол тарихи-этнографиялық мəліметтер бар. Шəкəрім
Құдайбердиевтің 1912 жылы жарық көрген кітабы, «Қалқаман –
Мамыр» туралы сын мақаласы газеттің 1915 жылы 121-санында
жарияланған [20]. Сондай-ақ Шəкəрім Құдайбердиевтің «Түрік,
қырғыз, қазақ һəм хандар шежіресі» атты кітабына газеттің 1913
жылғы 12- санында [21] мақала арнайды. Бұл мақалада қазақ елінің
тарихы, шыққан тегі туралы құнды деректер молшылық. 1914
жылы орынборда «Үміт» баспасынан жарық көрген «Қарақыпшақ
Қобыланды батыр» кітабына сын мақаласын газеттің 1915 жылғы
126–129 сандарында [22] жариялайды. Осы мақалада Ə. Бөкейханов
Абай өлеңдеріне, Шəкəрім Құдайбердиевтің «Шежіресіне» Шоқан
Уалихановтың ғылыми еңбектеріне сілтеме жасай отырып, жырдың
көркемдігі туралы, тарихы туралы көптеген құнды мəліметтер
келтіреді.
Қорыта келгенде «Қазақ» газеті осынау аз ғұмырының ішінде
барша қазақ зиялыларын ортақ мақсат жолында топтастыра алды
жəне ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясының ұйымдасуына
ұйтқы болған да осы газет. Бірақ іс жүзінде мүлде басқа принцпті
басшылыққа алған Кеңес өкіметінің қаһарына қарсы тұру мүмкін бол-
май қалды. Алайда қиын қыстау заманда «Қазақ» газеті өз міндетін
атқарды. Жəне де орта жəне жоғарғы білімді қазақ зиялыларының
басым көпшілігі «Қазаққа» ерді, Ə. Бөкейханов «Қазақтың» ба-
сты жетекшісі болып өз нəтижесінде жүргізе алды. Қазақ газетінде
қалыптасқан ағартушылықпен бірге қазақ ұлтшылдығы да өмірге
келді. Аталған қазақ ұлтшылдығының қалыптасуы да – ХХ ғасырдың
басында қазақ ұлтының дұрыс даму жолында түскендігінің көрінісі.
ƏДЕБИЕТТЕР:
1. Үшкөлтай Сухамбердина. «Қазақ халқының атамұралары». –
Алматы, 1999. – 28–46 бб.
103
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
2. http://www.azattyq.org/ Сұлтан Хан Аққұлұлы. Ə. Бөкейхан
шығарған «Омичъ» газеті табылды.
3. http://ru.wikipedia.org/wiki/Туркестанские_ведомости.
4. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Ү. Сухамбердина, С. Дəуітов,
Қ. Сахов. – Алматы, 1998.
5. Үшкөлтай Сухамбердина. «Қазақ халқының атамұралары». –
Алматы, 1999. – 93–247 бб.
6. http://forum-eurasica.ru/
7. http://www.azattyq.org/
8. «Қазақ» газеті. 1913 жылы ақпан – 1918 қыркүйек. Барлығы 265
саны басылған. Сонымен қоса мақалада айтылған Ə. Бөкейханов
жарияланған барлық басылымдарда бүркеншік есімдермен
жазылған.
9. Үшкөлтай Сухамбердина. «Қазақ халқының атамұралары». –
Алматы, 1999. – 93–247 бб.
10. Мəмбет Қойгелдиев. Алаш қозғалысы. – I т. – Алматы, 2008. –
181 б.
11. Сонда, 181 б.
12. Сонда, 187–188 бб. (Бұл жерде келтірілген мұрағат дерегі) ООММ.
21–қ., 9–т 4–іс. 68, 70–п.
13. Сонда, 187–188 бб. (Бұл жерде келтірілген мұрағат дерегі) ООММ.
21–қ., 9–т 4–іс. 68, 70–п
14. «Қазақ» газеті, 1913,
15. Сонда, Қыр баласы. «Қазақ» – №8, 1913.
16. Букейханов А. Киргизы – Формы национального движения в со-
временных государствах. Под ред. А.И Костелянского. – СПб.,
1910.
17. «Қазақ» газеті, Қыр баласы. Ұры тию. – №41, 1913.
18. Сонда, Құрметті оқушылар. Ішкі хабарлар. – №1, 1913.
19. Сонда, «Алаш» партиясының программасының жобасы. –
№251,1917.
20. Сонда, Қыр баласы. Қалқаман – Мамыр (Шəкəрім). – №221, 1915.
21. Сонда, Қыр баласы. «Түрік, қырғыз, қазақ һəм хандар шежіресі».
Шəкəрім Құдайбердіұғлы. – № 12,1913.
22. Сонда, Қыр баласы. «Қара қыпшақ Қобыланды» . – №126–129,
1915.
104
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
РЕЦЕНЗИЯ
Қоғам өмірінің
өлшемін айқындаған
Қазақстанның саяси ғылымы-
ның көкжиегін кеңіту бағытында
тағы бір нақты қадам жасал-
ды. Еліміздің көрнекті сая-
саттанушысы, Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің кафедра мең-
герушісі, философия ғылым-
дарының докторы, профессор
Раушанбек Əбсаттаров «Сая-
саттану негіздері» деп атала-
тын қос томдық туындысын
оқырман қауымға ұсынды. Есімі
кең байтақ республикамыздан
тысқары жерлерге де кеңінен
мəлім ғалымның бұл еңбегі шын
мəнінде отандық саясаттану
ғылымы үшін елеулі табыс бол-
ды.
Жарты ғасырдан астам уақыт-
тан бері ғылыми-педагогикалық
жұмыспен
айналысып
келе
жатқан ұстаздың «Қарасай» ба-
спасынан шыққан жаңа кітабы,
негізінен, сүбелі зерттеудің,
жылдар бойғы қажырлы ізденіс
пен тиянақты еңбектің жемісі
деу орынды. Сондай-ақ оның
Жұмабек КЕНЖАЛИН,
«Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры –
Редакторлар кеңесінің төрағасы,
саяси ғылымдарының кандидаты
шəкірттер
алдында
оқыған
дəрістерінің, халықаралық жəне
республикалық
конференция-
ларда жасаған баяндамалары-
ның, саяси пікірталас алаңда-
рында
сөйлеген
сөздерінің,
бұқаралық ақпарат құралда-
рында жарияланған мақалала-
рының желісінде əзірленген
материалдардың да кітап маз-
мұнын арттыра түскенін баса
айту лəзім болмақ. Олардың
бəрі қайта бір сүзгіден өткізіліп,
ғылыми танымдық тұрғыдан
қорытылып, бүгінгі оқырман
қауымының талғам-таразысына
сай даярланып жазылған.
Еліміздегі саясаттану ғылы-
мының қаз тұрып, қадам басуына
айрықша үлес қосып келе жатқан
ғалымның қаламынан отыз төрт
монография, оқу құралдары
бес жүзден астам мақала туса,
солардың бəрі дерлік қазіргі
таңда
ғылыми
айналымда
жүрген еңбектер деп атап айтуға
болады. Сондықтан да болар
əріптестері мен тұстастары,
105
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
РЕЦЕНЗИЯ
шəкірттері Раушанбек Боран-
байұлын тəуелсіз еліміздің саяси
ғылымдарының негізін салушы-
лардың бірі, сонымен қатар
этносаясаттанудың, салыстыр-
малы саясаттанудың іргетасын
қалаушы деп əділ бағалайды.
Өйткені, оның қаламынан туған
ғылыми еңбектердің бірсы-
пырасы шет ел ғалымдарына
етене таныс. Республикадан тыс
жерлерде
жарияланып
жат-
қан еңбектеріне, сүйекті мақа-
лаларына
ілтипат
білдірген
өзге ел оқымыстыларының ле-
біздері назар аудартарлық. Олар-
дың ішінде Қазақстан саяси
ғылымының игі тəжірибесі мы-
салында профессор Р. Əбсат-
таров еңбектеріне сілтеме жа-
саған ғалымдар қатары көптеп
саналады.
Ал оның тікелей басшы-
лығымен, өзінің авторлығымен
жасалған еліміздегі саясаттану
пəні бойынша жасалған типтік
бағдарламасының орны өз ал-
дына бір бөлек.Бұл типтік
бағдарлама еліміздегі арнаулы
жəне жоғары оқу орындарында
тиімді пайдаланылып жүргені
баршаға аян.
Баршаға мəлім бір ақиқат
бар: қоғамдық ой-санадағы жаңа
көзқарастардың
үстемдігінен
болар бəлкім, екінің бірі қазір
саясатпен, саясаттанумен айна-
лысқысы келеді. Ниет, əрине,
дұрыс. Ал бірақ ол үшін сол
кісінің өзінің іштей дайындығы,
білімі мен білігі, бұл саладағы
тəжірибесі керек қой. Саясат-
керлік, саясаттанушылық адам
бойында жылдар бойына қалып-
тасатын қасиет.
Қолымыздағы қос томдық
туындыда автор мəселеге осы
өлшем
тұрғысынан
келіп,
көне замандардан бастау алған
ғаламдық саяси ой тарихнамасын
сүзгіден өткізеді. Əр кезеңнің
өзіндік сипатына, ерекшеліктері
мен мəн-маңызын талдайды.
Ғалым ғаламдық саяси ілім-
білімнің қайнар көзінің басын-
да болып, өркениеттің дамуына
зор үлес қосқан білімпаздардың,
əсіресе, Шығыс ғұламаларының
еңбектеріне жан-жақты талдау
жасайды. Олардан тағылым
аларлық мəселелерге айрықша
назар аударып, өзіндік ой
қорытады, топшылайды. Сөйтіп,
ол саясаттанушының да, саясат-
кердің де əп сəтте бірден пайда
бола қалмайтындығын байып-
ты пікірімен қорытады, нақты
тұжырым жасайды.
Ілкідегі
осы
мазмұндас
оқулықтарда əлемдік, еуропалық
ғалымдардың еңбектеріне көбі-
некөп сілтеме жасалып, ежелгі
қазақ топырағында туып өскен
оқымыстылардың шығармашы-
лығы ұмыт қалып жататыны
шындық еді. Профессор Раушан-
бек Əбсаттаровтың бұл туынды-
сында осы бір кемшіліктердің
орнын толтыруға қыруар күш-
жігер жұмсалған. Қазақ елінің
106
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
РЕЦЕНЗИЯ
саяси ойын дамытуға үлес қосып,
сол бағытта өмірін сарп еткен
Ахмет Байтұрсынов, Міржақып
Дулатов, Тұрар Рысқұлов секілді
қоғам қайраткерлерінің роліне
лайықты баға беріледі. Сонымен
қоса, жаңарған Қазақстанның
саяси-əлеуметтік құрылысына
үлес қосып жүрген азаматтардың
еңбегі сарапталады.
Автор
кітапқа
жазылған
алғысөзінде: «Саясаттану қазіргі
əлеуметтік-гуманитарлық білім
беру жүйесінде көрнекті орын
алады. Алайда, саясаттанудың
көптеген проблемалары əлі де
кең ауқымды зерттелмегенін
атап өткен жөн» [1] дейді. Осы
олқылықтың
орнын
толты-
ру бағытында профессор Рау-
шанбек Əбсаттаровтың тікелей
өз басы қарымды еңбек етіп,
Қазақстан саяси ғылымының
жаңа биіктерге көтерілуіне зор
үлес қосып отырғанын атап ай-
туымыз керек.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Ə.
Назарбаев
Қазақстан халқына 2012 жылғы
Жолдауында оқыту үдерісінің
тəрбиелік құрамдасын күшейту
керектігіне
тоқтала
келіп:
«Олар – патриотизм,
мо-
раль мен парасаттылық нор-
малары,
ұлтаралық
келісім
мен
толеранттылық,
тəннің
де, жанның да дамуы, заңға
мойынұсынушылық» [2] деп атап
көрсетті. Мəселеге осы тұрғыдан
келгенде «Саясаттану негіздері»
еңбегін жазу барысында автор,
əсіресе, саясаттану курсын оқып
үйренуші азаматқа қойылатын
өлшемдер тұрғысынан пай-
ымдайды. Оның ойынша, сая-
саттану оқу курсының міндеті
студентке саяси ғылымының
теориялық негіздерін беруден
жəне дискуссиялық проблемала-
рын көрсетуден, негізгі катего-
риялар мен ұғымдарды ғылыми
жағынан ашудан жəне оны сая-
си тəжірибеден дұрыс хабардар
етуге үйретуден, сол арқылы оны
саяси өмірге белсенді араласуға
даярлаудан тұрмақ.
Халық
даналығы
«Шай-
нап берген ас болмас» дейді.
Сондықтан болуы керек, қа-
зақ оқымыстысы Раушанбек
Əбсаттаров та саясаттану ғылы-
мының көптеген өзекжарды мə-
селелерін түбегейлі зерттей оты-
рып, жас саясаттанушыларға
немесе осы бағытқа бет алған
азаматтарға саяси ғылымды мең-
герудің негізгі жолы əрбір адам-
ның өзіндік жұмыс жасауы-
мен айқындалмақ дегенге ерек-
ше екпін бере айтады. Кітапты
дендеп оқып қараған адамға
мұнда саяси ғылымның сан та-
рау мəселелері біліктілікпен
сарапталғаны айқын байқалады.
Айталық, алғашқы томда ға-
лымның өзі түбегейлі зерттеген
мəселелері он төрт тақырыпқа
жүйеленіп бөлініп, оның əрқай-
сысы жеке-жеке тақырыпшалар
арқылы жəне талданған.
107
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
РЕЦЕНЗИЯ
Бір қарағанда, жалпыға та-
ныс тақырыптар болғанменен
зерделеп келіп, оқыған жанға əр
тақырыптың бүгінгі Қазақстан
қоғамындағы
мəселелермен
тікелей үндесетіні анық. Ай-
талық, «Саяси партиялар жə-
не қоғамдық ұйымдар, қоз-
ғалыстар», «Саяси элита жəне сая-
си көсбасшылық», «Тұлғаның
саяси əлеуметтендірілуі», «Сая-
си технологиялар» деген та-
қырыптар бойынша берілген
материалдар кім-кімнің де бол-
са қызығушылығын тудыра-
ры сөзсіз. Тақырыптарынан-ақ
байқалып тұрғанындай, Қазақ-
стан қоғамындағы өзекті мəсе-
лелермен ұштастырыла зерттел-
ген проблемалар енді бірде
əлемдік деңгейдегі мəселелер
қойылысымен салыстырыла қа-
растырылатыны сəтті шыққан.
Бұл ретте автордың саяси ти-
пология жасаудағы біліктілігі
мəселенің мəнін терең зерттей
білетін қабілет-қарымы айқын
байқалады. Осы қасиет қаламгер
зерттеуінің құндылығын артты-
рып отыр.
Қос томдық еңбектің екінші
томының көтерер жүгі де осал
еместігі байқалады. Осы том-
да бүгінде еліміздің қоғамдық-
саяси өміріндегі ең өзекжарды
болып отырған жəне оның
күн құрғатпай талдап шешуін
қажетсінетін тақырыптар топ-
тас-тырылған. Айталық, «Əлеу-
меттік-этникалық қауымдастық-
тыр жəне ұлт саясаты», «Саяси
оппозиция», «Саяси жанжал-
дар жəне оларды шешу жолда-
ры», «Саяси тұрақтылық жəне
ұлттық қауіпсіздік», «Саяси мар-
кетинг», «Саяси басқару» деген
тақырыптардағы ой-орамдары
автордың мəселені егжей-тег-
жейлі қарастыра білетін қол-
таңбасының айқын дəлелі болса
керек.
Мəселен, «Саяси оппозиция»
тақырыбы бойынша берілген
зерттеуінде автор оппозицияның
шығу тегі мен оның табиғатына
терең үңіледі. Сөйтіп, оның
түр-түрін
жіліктеп
шағып,
қоғам өмірінің прогрессивті
дамуына қаншалықты ықпал
ететіндігін, я болмаса оны
тоқырауға
əкелетіндігін
са-
лыстырмалы түрде талдайды.
Бұл, міне, ғалымның өзіндік
қолтаңбасын айқындайтын ерек-
шелігі. Осы стиль автордың
«Саяси жанжалдар жəне оларды
шешу жолдары» деп аталатын
тақырыптағы зерттеуіне де тəн.
Немесе оның саяси мəдениет
туралы толғамдарын тұщынып
оқырыңыз хақ.
Біздің қоғамға не жетіспейді?
Бұл – үлкен
сұрақ.
Бір
қарағанда
төрт
құбыламыз
түгел сияқты. Іргеміз бүтін. Ша-
руашылығымыз орайласа жүріп
жатыр. Бай елміз, бағлан елміз
деп бөркімізді аспанға ату-
дан кенде емеспіз. Ал бірақ
бүгінімізден ертеңімізді нұрлы
108
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
РЕЦЕНЗИЯ
етуге кедергі келтіріп тұрған
жəйттер бар. Ол – елді індеттей
жайлаған сыбайлас жемқорлық.
Соның дені іс басында отырған
портфель иелерінен болып отыр.
Соңғы бірер жылдағы газет-жур-
нал беттерін қарап отырсаңыз
қазына қаржысына қол сұққан
ығай
мен
сығайлар.
Осы
тұста өзіміз əңгімеге тиек етіп
отырған саясат пен адамгершілік
болмыстың
мəселелері
бой
көрсетеді. Саяси мəдениеттің
жекелеген тұлғалар жұмырында
қалай-қалай жұтылатынын осы
жерден аңғаруға болады. Про-
фессор Р.Əбсаттаровтың бұл
тақырыптың тініне бойлауы
біздің осы ойымызбен үндес
шыққаны қуантады.
Осы екінші томда автордың
бұқаралық ақпарат құралдарына
берген сұхбаттары мен ой-
толғамдары
орын
алған.
Сондай-ақ
саясаттану
пəні
бойынша қосымша тесттердің
сұрақтары мен жауаптары да
топтастырылған.
Қорыта айтқанда, Қазақстан
Республикасы
мен
Еуразия
елдерінің мемлекеттік білім беру
стандартына сəйкес əзірленген
бұл еңбек қай жағынан алып
қарағанда да еліміздің саясат-
тану ғылымының сүбелі бір та-
бысы болып есептеледі. Өзінің
бүкіл саналы өмірін білім,
ғылым саласына арнап, жас
ұрпақты жоғары адамгершілік
рухта тəрбиелеуге зор үлес
қосып келе жатқан белгілі са-
ясаттанушы ғалым Раушанбек
Əбсаттаровтың бұл төл- тумасы
қай өлшеммен алып қарасаңыз
да өз биігінен көрінетін еңбек
болып қала бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |