Жолдауы жолдарынан



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата02.01.2017
өлшемі1,76 Mb.
#1023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ƏДЕБИЕТТЕР:
1.  Евгений Примаков. Мысли вслух. – М., 2011. – С. 75.
2.  Евгений Примаков. Ук. соч. – С. 76–77.
3.  В.  Путин. «Новый  интеграционный  проект  для  Евразии — бу-
дущее, которое рождается сегодня» // Известия. – 03.10.2011.
4.  Н. Назарбаев. «Евразийский Союз: от идеи к истории будущего» 
// Известия. – 25.10. 2011.
5.  А.  Лукашенко. «О  судьбах  нашей  интеграции» // Известия. – 
17.10.2011.
6. http://www.customs.ru.
7. http:// 
www.newskaz.ru. 
8. http://government.ru.

22
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
ранцуздық  қайнар  көздерді  зерделеп  қарасаңыз, 
мемлекеттік  қызметтің  анықтамасын – жергілікті 
ұжымдар  мен  олардың  əкімшілік  мекемелерінде 
мемлекеттік қызметте жүрген азаматтардың жиынтығы 
ретінде  қарастырады.  Осыған  орай, «мемлекеттік 
қызметші» – биліктің  орталық  жəне  жергілікті  органдарындағы 
барлық  қызмет  етушілер  жиынтығынан  тұрады.  Сəйкесінше  басқа 
елдерде  (жəне  басқа  тілде)  мемлекеттік  қызметті  ресми  түрде 
«қоғамдық қызмет» деп те атайды. 
Мемлекеттік  қызметші – кең  мағынада,  түрлі  кəсіп  бойын-
ша  жəне  əртүрлі  деңгейдегі  мемлекеттік  мекемелердегі  қызмет 
атқаратын  тұлға  анықтамасын  береді.  Франциядағы  мемлекеттік 
қызметшілердің  жалпы  саны 4 млн  адамның  айналасында.  Оның 
үштен  екісі – мемлекеттік  қызметте,  ал  үштен  бірі – жергілікті 
ұжымдық қызметте. Мысалы, мемлекеттік қызметшілердің жарты-
сына жуығы білім беру мен денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс 
жасайды. Олардың 50% – əйелдер. Жергілікті əкімшілік мекемелер-
де əсіресе, əлеуметтік қорғау мен білім беру жүйесінде еркектерге 
қарағанда əйелдер сан жағынан басымдыққа ие. 
Мемлекеттік қызметшілердің (сот жəне парламент қызметкерлері, 
əскери  қызметшілерден  басқа,  себебі  олар  үшін  Ерекше  ере-
же  жұмыс  істейді)  құқықтық  жағдайы  мемлекет  жəне  жергілікті 
Француздық мемлекеттік 
қызмет жəне мемлекеттік 
қызметшілерді 
дайындаудың 
француздық үлгісі 
Əбілəзиз ИСАЕВ, 
Мемлекеттік жəне жергілікті басқару
институтының доценті,
саяси ғылымдарының кандидаты
Ф

23
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
ұжым  қызметкерлері  туралы 1983–1986 жж.  қабылданған  Жалпы 
жарғымен реттеледі. 
Жоғарыда  айтып  өткеніміздей  француздық  мемлекеттік  қызмет 
орталық жəне жергілікті болып 2-ге бөлінеді. 
Орталық мемлекеттік қызмет. 
Орталық мемлекеттік қызмет жүйесін қызметшілердің жұмысын 
реттейтін өкімдерді шығара, Үкіметтің мүшелеріне (министрге неме-
се мемлекеттік қызмет жөніндегі мемлекеттік хатшыға) өз құзіретін 
бере  отырып  формалды  түрде  елдің  Премьер-министрі  басқарады. 
Бүгінгі күні Францияда бұл сала бойынша, құрамында мемлекеттік 
қызмет жəне əкімшіліктің Бас дирекциясы бар орталықсыздандыру 
жəне мемлекеттік реформа, мемлекеттік қызмет Министрлігі арнайы 
жұмыс істейді. Министрліктің негізгі міндеті мынадай: мемлекеттік 
қызметтің Жалпы жарғысының сақталуын қадағалау, статистикалық 
мəліметтер жинақтау, тиісті мүлікті басқару, əкімшілік мекемелердің 
қайта  құрылуы  бойынша  жұмыстарды  ұйымдастыру.  Бас 
дирекцияның  құзіреті  барлық  мемлекеттік  қызметшілерге  тарай-
ды. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметке кадрларды даярлау жəне 
қайта даярлау жөніндегі оқу орындарына жетекшілік етеді. 
Сондай-ақ, орталық мемлекеттік қызмет жүйесінде төмендегідей 
консультативтік органдар жұмыс істейді:
1) əкімшілік пен персонал өкілдерінің тең санынан тұратын əрбір 
қызмет корпусына арналған теңестірілген əкімшілік комиссия. Олар 
қызмет мансабының өсуі мен тəртіптік мəселелермен айналысады;
2) мемлекеттік  қызметтің  жарғылық  жəне  ұйымдастырушылық 
мəселелерімен айналысатын теңестірілген техникалық комитет;
3) барлық мекемелерде құрылған қауіпсіздік пен гигиена комитеті.
Францияның  мемлекеттік  қызметін  ұйымдастыруда  жалдама-
лы  жүйе  (ашық  мемлекеттік  қызмет)  мен  мансаптық  жүйе  (жабық 
мемлекеттік  қызмет)  ескеріледі.  Осыған  сəйкес  мемлекеттік 
қызметшілер де 2 үлкен топқа бөлінеді:
1) мемлекеттік  мекемелерде  жалданып  жұмыс  атқаратын, 
шенеунік емес қызметшілер. Бұған тəжірибе жинақтаушылар, шарт 
бойынша жəне сағаттық төлемақы жағдайында жұмыс істейтіндер 
жатады. 
2) Мемлекеттік қызмет жүйесінде жұмыс атқаратын жəне жүйенің 
негізгі өзегі болып табылатын шенеунік-қызметшілер.
Жергілікті  ұжымда  немесе  мемлекеттік  мекемеде,  қызметте, 
əкімшілік  орган  иерархиясында  белгілі  бір  рангқа  (разряд,  санат) 
ие жəне мемлекеттік қызметшінің белгілі бір корпусына (штат) жа-

24
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
татын,  тұрақты  лауазымға  тағайындалған  тұлғаны – шенеунік  са-
найды. 
Корпус    –    бірыңғай  қызметті  (азаматтық  əкімшілер,  қазынашы-
лықтың инспекторлары, канцелярия қызметшілері, мұғалімдер жəне 
т.б.)  атқаратын  шенеуніктерді  біріктіреді.  Мемлекеттік  қызметтің 
орталық жүйесінде мұндай 1 000-ға тарта корпус бар. 
Корпус ішінде қызметкерлер 4 санатқа бөлінеді: А, В, С, D. 
Жоғары  білімге  ие,  тұжырымдама  жасап  жəне  жетекшілік 
қызметін атқаратын шенеуніктер «А» санатына бірігеді.
«В»  санатына  басқару  тұжырымдамаларын  орындайтын,  орта 
білімді қызметкерлер кіреді.
«С»  жəне «D» санаттарындағы  қызметкерлер  таза  техникалық 
жəне қосалқы жұмыстарды атқарады. 
Əрбір  шенеунікке  ранг  беріледі.  Ранг – белгілі  бір  лауазым 
құқығын  иеленуге  берілетін  атақ.  Əрбір  корпус  көптеген  рангтер-
ден құралып, өз кезегінде сатыларға бөлінеді. Ранг пен лауазым бір-
бірімен тығыз байланыста болғанмен, толық сəйкестікте келе бермеуі 
де мүмкін. Біліктілікті арттырудан өту жəне байқау емтихандарының 
нəтижесіне  сай  ранг  беріледі.  Мемлекеттік  қызметшінің  рангты 
жоғарылатуы  оның  еңбек  өтілі  мен  аттестациядан  өтуімен  тікелей 
байланысты. Сондай-ақ, аттестация – лауазымды жоғарылатудың да 
шарты болып табылады. 
Жоғары  санаттағы  қызметке  ауысу  үшін  не  басшылықтың 
шешімі, не байқаудан өтуі тиіс. Мемлекеттік қызметші əдетте, басқа 
корпусқа ауысар кезде ғана байқауға қатысады. 
Француз  Конституциясына  сəйкес,  елдің  барлық  азаматта-
ры  жынысына,  нəсіліне,  діни  немесе  партиялық  ұстанымына 
қарамастан  мемлекеттік  қызметке  кіруге  құқылы.  Алайда,  бұл  тең 
құқылық қағидаты ерекше жағдайларда ескерілмеуі мүмкін. Мыса-
лы, үміткердің бірқатар қызметтерге азаматтықтан айырылуы, жас 
ерекшелігінің  сай  болмауы,  білім  деңгейінің  талапқа  сəйкестігі, 
сондай-ақ  нақты  жұмыс  орнының  ер  немесе  əйел  азаматты  та-
лап  етуі,  əскери  қызметтің  өтелмеуі,  мемлекет  алдындағы  тиісті 
борыштардың орындалмауы сияқты бірқатар өлшемдер кедергі бо-
луы мүмкін. Ал, шетелдіктердің жағдайына келер болсақ, олар тек 
қана штаттан тыс қызметтерге ғана қабылданады. 
Мемлекеттік  қызметке  түсудің  барысында  байқаудың 2 
нұсқасының бірін қолдану арқылы жүзеге асырылады:
а) тесттен өту жəне емтихан тапсыру;
ə) лауазымды орынға үміткерледің қызметтік тізімге сай келуі.

25
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
Жаңа  корпусты  жасақтауда,  жоғары  лауазымды  (префект,  елші 
жəне  т.б.)  тағайындауға  жəне  сəл  төмендеу  бірқатар  лауазымдарға 
байқау жарияланбайды. «Сыртқы байқау» (жоғары білімі бар, сырт-
тан  үміткерлер)  мен  «ішкі  байқауға» (басқа  лауазымды  орынға 
үміткер,  бірақ  мемлекеттік  қызметте  жүргендер)  қатысудың  ара-
сында  айтарлықтай  ерекшеліктер  бар.  Байқау  емтихандарын 
жүргізу барысында байқау жарияланған лауазымдық орын жөнінде, 
емтихандардың  саны,  қазылар  алқасының  құрамы,  байқауға 
жіберілген үміткерлердің саны (тізім министрмен немесе іріктеуге 
жауапты  тұлғамен  бекітіледі)  туралы  дер  кезінде  жəне  толық 
ақпараттармен  қамтамасыз  етіледі.  Қазылар  алқасының  шешімі 
ақырғы  болып  есептеледі  жəне  де  олардың  шешім  қабылдауда 
бұрмалаушылығы дəлелденген жағдайда сотпен ғана күшін жояды. 
Ережеге сай, байқаудан өткен тұлға 1 жыл бойы сынақ мерзімінен 
өтеді. Лауазымды орынға тағайындауды Премьер-министр, минис-
трлер,  префектілер,  министрлік  қызметтің  жергілікті  басшылары 
жүргізеді. 
Əрбір қызметші тарифтік сеткаға сай жалақы алады. Ең төменгі 
жəне  ең  жоғарғы  еңбекақы  мөлшерінің  арақатынасы 1:5-ке  тең. 
Еңбекақыдан  тыс  үстемақы  да  (тұрғын  үйге,  отбасы  мүшелеріне 
жəне т.б.) қосымша төленеді. Мемлекеттік қызметші жыл сайынғы 
ақы  төленетін 5 апталық  еңбек  демалысына,  ауруы  бойынша  ем 
алуға, əйелдер үшін босану жəне бала күтімі бойынша еңбек дема-
лысына шыға алады. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік мансабы 
зейнет жасына жетуімен автоматты түрде тоқтатылады. Сондай-ақ 
шенеунік мемлекеттік қызметтен өз еркімен арыз беру бойынша да 
кете  алады.  Мемлекет  қызметтік  тексерудің  қорытындысы  бойын-
ша да қызметтен шеттетуге мүмкіндігі бар. Егер тексеру барысын-
да  шенеуніктің  қызметінен  айтарлықтай  қателіктер  табылса,  онда 
зейнетақыдан да қағылуы ғажап емес. 
Зейнатақы қызметкердің аударған еңбекақы мөлшерінің 7%-ынан 
жəне қалғаны мемлекеттің есебінен төленеді. Зейнетақы ең жоғарғы 
еңбекақы көлемінің 75%-ынан аспауы тиіс. 
Мемлекеттік  қызметшілердің  Жалпы  Жарғысы  шенеуніктердің 
құқықтары мен міндеттерін нақты көрсетеді. 
Құқықтарына:
•  ар-намыс жəне сенім бостандығы;
•  еркін  білдіру  бостандығы  (тек  қана  өкілдік  функцияларды 
атқаруда немесе сайланбалы лауазымға үміткер кезеңінде);
•  саяси емес ереуілге шығуға;

26
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
•  кəсіподақ қызметіне құқылы;
•  мемлекеттік  қызметшілерге  қатысты  шешімдерді  талқылауға 
қатысуға;
•  еңбек демалысына;
•  тұрақты кəсіби қайта даярлауға;
•  еңбек қауіпсіздігі мен гигиена жатады.
Міндеттеріне келер болсақ, олар 2-ге бөлінеді:
1) шенеуніктің қызметтік міндеттерді мінсіз атқаруы;
2) мəртебесіне  байланысты  міндеттерді  орындауы:  ұстамдылық 
таныту,  лайықтылықты  сақтау,  бұрмалаушылыққа  жол  бермеу, 
сабырлылық.
Жергілікті мемлекеттік қызметЖергілікті мемлекеттік қызмет 
1983–1984  жж.  мемлекеттік  қызмет  туралы  Заң  қабылданғаннан 
кейін барып қалыптасты деуге болады. Аталған Заң қабылданғанға 
дейін жергілікті ұжымдар жалдамалы жүйе жағдайында жұмыс жа-
саса, кейіннен лауазымдық қозғалыс жүйесі кеңінен тарай бастады.
Жергілікті мемлекеттік қызмет жүйесінің ең басты жəне орталық 
жүйеден айырмашылығы жергілікті үкіметтік ұйымдардың биліктік 
атқарушы  органдарының  лауазымды  орындарға  тағайындаудағы, 
лауазымды  орындарды  құру  мен  таратудағы,  қызметшілердің 
кəсіби  даярлығын  ұйымдастырудағы,  қызметтік  жоғарылатудағы 
мəселелерді шешудегі, рангты тағайындау, қызметшіні тексеру жəне 
жұмыстан шығарудағы айтарлықтай құқықтарымен ерекшеленеді. 
Орталық  мемлекеттік  қызмет  жүйесіндегі  сияқты  жергілікті 
мемлекеттік  қызмет  жүйесін  де  бірқатар  консультативтік  жəне 
əкімшілік органдар реттеп отырады. 
Консультативтік орган жүйесін жергілікті мемлекеттік қызметтің 
Жоғарғы кеңесі басқарады. 41 адамнан құралған Кеңестің 20 орнын 
– аумақтар мен департаменттердің, коммуналардың өкілдері, қалған 
20  орынды – жергілікті  мемлекеттік  қызметшілердің  кəсіподақ 
ұйымдарының өкілдері алады. 1 орын – Премьер-министрдің неме-
се министрдің жергілікті ұжым жөніндегі өкіліне тиесілі. Кеңестің 
Төрағалығына  жергілікті  ұжымның  өкілі  сайланады.  Кеңестің 
өкілеттілігі 6 жылға созылады. 
Жергілікті  мемлекеттік  қызметтің  Жоғарғы  кеңесі  жергілікті 
мемлекеттік қызметке қатысты барлық мəселелер бойынша не өзінің 
бастамасымен,  не  болмаса  жергілікті  ұжым  жөніндегі  министрдің 
өтініші бойынша өздерінің ойларын ортаға салады. Ол нормативтік 
құжаттарды (заң жобалары немесе үкіметтік декреттің жобаларына 
қатысты) дайындау бойынша ұсыныстар енгізеді. 

27
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
Жергілікті  мемлекеттік  қызмет  жүйесінде  Жоғарғы  кеңестен 
басқа Паритетті əкімшілік комиссия жұмыс жасайды. Паритетті 
техникалық комитет пен қауіпсіздік жəне гигиена жөніндегі коми-
теттер 6 жыл  мерзімге  құрылып,  атқаратын  қызметі  де  орталық 
мемлекеттік қызмет жүйесіндегі баламалы орган сияқты. 
Жергілікті мемлекеттік қызмет жүйесінің жұмысын қамтамасыз 
етуде  Мемлекеттік  аумақтық  қызметтің  ұлттық  орталығы 
жетекші  рөлге  ие.  Ұлттық  орталықты  əкімшілік  кеңес  басқарады. 
Ол жергілікті қызметшілердің кəсіподақ ұйымдарының өкілдерінен 
жəне  мемлекеттік  қызметтің  жергілікті  персоналдарының  сандық 
құрамына сай таңдалған жергілікті ұжымның (аймақ, департамент 
жəне  коммуна)  өкілдерінен  паритетті  негізде  жасақталады.  Кеңес 
өз құрамынан президент пен оның 2 вице-президентін сайлап алып, 
жылына 3 реттен кем емес отырысын өткізеді.
Мемлекеттік  аумақтық  қызметтің  Ұлттық  орталығы  жергілікті 
мемлекеттік  қызметшілердің  кəсіби  білімінің  негізгі  бағыттарын 
айқындайды,  мемлекеттік  қызмет  жүйесінде  лауазымды  игеруді 
қамтамасыз  ету  үшін  берілетін  білімнің  оқу  бағдарламаларын 
бекітеді,  жаңа  ранг  немесе  жаңа  лауазымды  алуға  қызмет  бой-
ынша  қозғалу  үшін  емтихандар  мен  кəсіби  оқуларды,  лауазымды 
орындарға  байқауды  ұйымдастырады,  жаңа  құрылған  қызмет  пен 
бос орындар туралы ақпарат таратады, білім мəселесіне байланысты 
барлық зерттеулерге қатысады.
Ұлттық  орталықты  қаржыландырудың  негізгі  көзін  жергілікті 
мекемелер  мен  ұжымдардың  міндетті  (қызметшілердің  айлық 
жалақысының 1%-на дейін) төлейтін жарнасы құрайды. 
Мемлекеттік  қызметшілердің  кəсіптік  оқуына  байланысты 
мəселеде Ұлттық орталықтың Əкімшілік кеңесіне бағдар жөніндегі 
Кеңес  көмектеседі.  Əкімшілік  кеңестің  нұсқауына  сəйкес  бағдар 
жөніндегі Кеңес жыл сайын нақты білім беру жоспарымен қоса, оқу 
бағдарламаларының жобасын да жасайды.
Францияның  мемлекеттік  қызметшілерді  оқыту  жүйесі  ой-
ластыру  мен  құрылымдық  жағынан  ерекшеленеді.  Бірқатар 
мамандандырылған оқу орындарының ішінде ерекше маңыздысы – 
атақты Ұлттық Əкімшілік Мектеп (ЭНА). 
Француздың  Ұлттық  əкімшілік  мектебі  (фр.  École nationale 
d’Administration, ENA) – 1945 жылы  генерал  Де  Голльдың 
мемлекеттік аппараттағы жоғары лауазымға қолжетімділікті «демо-
кратияландыру» мақсатында ұйымдастырған, бүгінде Францияның 
Премерь-министрінің  тікелей  бағынысындағы,  жоғары  оқу  ор-

28
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
нынан  кейінгі  жəне  біліктілікті  артыратын  француздың  элиталық 
мемлекеттік мекемесі. ЭНА-ның түлектері Бесінші Республика та-
рихында  жəне  Францияның  саяси  қызметінде  үлкен  орын  алады, 
рөл ойнайды. Бүгінгі күнге дейін ЭНА, Францияға – 2 Президент, 7 
Премерь-министр  жəне  ондаған  министрлер,  Ұлттық  жиналыстың 
сенаторлары мен депутаттарын дайындап шығарды. 
ЭНА  Франциядағы  біліктілікті  арттыру  жəне  білім  беру 
мекемелерінің арасында ерекше маңызға ие. Ол тыңдаушыларының 
өмірдегі  табыстылығы  мен  болашақтағы  мансаптық  өсуі  жөнінен 
Grandes Ecoles  деп  аталатын  жоғары  мектептің  құрамындағы 
алғашқы  орындардың  санатына  кіреді.  Мектептің  түлектері  мен 
тыңдаушылары өздерін «энаркалықтар» деп мақтан тұтады. 
Бүгінгі күні ЭНА-ның француздық түлектерінің басым көпшілігі 
мемлекеттің  жетекші  саясаткерлері,  парламентарийлері,  жоғары 
шенді тұлғалары, дипломаттар, халықаралық ұйымдардың мүшелері, 
жоғары инстанциядағы соттар жəне Мемлекеттік кеңестің адвокат-
тары, жоғары рангадағы əкімшілік жəне қаржылық бақылаушылар, 
сондай-ақ  байланыс  жəне  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  ірі 
халықаралық  жəне  мемлекеттік  банктер  мен  фирмалардың 
жетекшілері мен топ-менеджерлері қызметтерін атқарады. 
Кеңестік  кезеңдегі  ЭНА-ның  баламасы  ретінде  КОКП  ОК 
жанындағы  қоғамдық  ғылымдар  Академиясын,  КСРО  Минис-
трлер Кеңесі жанындағы халық шаруашылығы Академиясын неме-
се КСРО Сыртқы Істер министрлігі Дипломатиялық Академиясын 
қоса алғанда қарастыруға болады.
Қазіргі  жағдайда  Ресей  Федерациясында  ЭНА-ның  эквиваленті 
ретінде РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет жəне халық 
шаруашылығы  Ресей  академиясы  мен  РФ  СІМ  Дипломатиялық 
Академиясын  бірге  алғанда  теңестіруге  болады.  Егер  беларусьтар 
Беларусь  Республикасы  Президенті  жанындағы  басқару  Акаде-
миясын  өздерінде  ЭНА-ның  баламасы  ретінде  қарастыратын  бол-
са,  онда  елімізде  Қазақстан  Республикасы  Президенті  жанындағы 
мемлекеттік басқару Академиясын ЭНА-мен теңестіру əлі ертерек 
сияқты. 
Іріктеу ережесі жəне конкурстық іріктеудің түрлері.
ЭНА-ға  оқуға  түсу  үшін  міндетті  түрде  емтихан  тапсырылады. 
Жыл сайын француздық кандидаттар үшін конкурсқа түсудің 3 түрін 
жəне шетелдіктер үшін арнайы 4-ші түрі ұйымдастырылады. 
«Сыртқы  байқау» – барлық  француздық  кандидаттар  үшін 
қолжетімді.  Ол  үшін  орта  мектепті  (лицей)  тəмамдағаннан  кейінгі 

29
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
университеттегі 3-жылын аяқтаған жəне ересектік аттестатын алған 
соң  (француздық  бакалавриат), «Лисанс»  деңгейіне  теңестірілген 
толық  емес  жоғары  білімге  ие  университеттік  дипломы  бар  бо-
луы  тиіс.  Францияның  білім  жүйесіндегі  «Лисанстық»  диплом 
–  негізінен  əкімшілік  қызмет  немесе  парамедицина,  сондай-ақ 
индустриалдық  сектордың  мамандықтары  бойынша  жоғары  білім 
алудың 2-3 жылдық қысқартылған түрі.
«Ішкі  байқау» – тек  қана  мемлекеттік  қызметте 4 жылдан  кем 
емес  қызмет  өтілі  бар  кадрлық  шенеуніктер  арасында  конкурстық 
негізде жүргізіледі.
«Үшінші  байқау» – мемлекеттік  қызмет  саласынан  тыс,  бірақ 
қызмет  өтілі 8 жылдан  кем  емес  кандидаттар  арасында  өткізіледі. 
Оған биліктің жергілікті заң шығару органдарына сайланған депутат-
тар немесе жеке сектордың жалдамалы жұмысшылары қатыса ала-
ды. Бұл байқауға сонымен қатар Еуро Одаққа мүше-мемлекеттердің 
азаматтары да кандидат бола алады.
Жыл сайын аталған 3 байқау бойынша шамамен 80 орын («сыртқы 
байқау» үшін – 40, «ішкі байқау» үшін – 32, үшінші байқау үшін – 8 
орын) бөлінеді. 
Шетелдіктер  үшін  байқау – шетелдік  мемлекеттік  қызмет 
саласының  кадрлары  жəне  өз  елінің  мемлекеттік  қызмет  саласы 
бойынша  дайындалып  жатқан  шетелдік  студент  кандидаттардың 
арасында жүреді. 
ЭНА-ға іріктелгендердің сандық көрсеткіші.
ЭНА-ға  іріктеліп  алынатындардың  сандық  көрсеткіші  жылдан-
жылға  азайып  келе  жатыр.  Мұның  себебі,  мемлекет  басшысы  Ни-
коля Сарказидің болашақтағы Францияның мемлекеттік қызметіне 
қатысты жасаған мəлімдемесіне тікелей байланысты. 
ЭНА-ны бітіруші əр жылғы түлектер өздеріне айдар тағып ат бе-
руді дəстүрге айналдырған. Егер, төмендегі кестеге назар аударсаңыз, 
4 түрлі байқау бойынша қабылданған сол мектептің түлектері жай-
лы қысқаша мəліметті алуға болады.
2004–2012 жж. ЭНА-ның түлектері
Жылдар 
Сыртқы 
байқау
Ішкі 
байқау 
Үшінші 
байқау 
Жалпы 
саны
Шетел-
діктер 
үшін 
байқау
Бар-
лығы 
Леопольд Седар 
Сенгор (2004) 
атындағы түлектер
80
43
13
136
51
187

30
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
Ромен Гари (2005) 
атындағы түлектер
61
46
11
118
47
165
Симон Вейль (2006) 
атындағы түлектер
50
42
9
101
39
140
Республика (2007) 
атындағы түлектер
44
37
9
90
18
108
Аристид Бриан 
(2008) атындағы 
түлектер
43
32
8
83
18
101
Вилли Брандт 
(2009) атындағы 
түлектер
45
40
8
93
34
127
Эмиль Золя (2010) 
атындағы түлектер
40
32
8
80
40
120
Робер Бадентэр 
(2011) атындағы 
түлектер
40
33
8
81
25
106
Жан-Жак Руссо 
(2012) атындағы 
түлектер
40
32
8
80
31
111
 
Тыңдаушыларды қабылдау мен оқытудың ерекшеліктері.
Тыңдаушылардың мəртебесі. 
Францияның  мемлекеттік  қызмет  саласында  жоқ  француздық 
кандидаттар байқау емтиханынан табысты өткеннен кейін, автомат-
ты  түрде  кадрлық  шенеунік  құрамына  тіркеуге  алынады.  Дəл  осы 
сəттен бастап, оны аяқтап бітіргеннен соң емес, ЭНА-ға қабылданған 
француздардың 90%-ы  үшін  жоғары  мемлекеттік  шенеунік  манса-
бы  басталады.  ЭНА-ның  француздық  тыңдаушылары  үшін  жалпы 
қабылданған  түсінік  бойынша  олар  студент  болып  есептелмейді. 
Керісінше, сол мектеп қабырғасында жүріп-ақ, шенеуніктің міндетін 
атқарып жəне оқыған жылдары еңбек өтіліне есептеледі. 
ЭНА-ның  тыңдаушылары  үшін  оқу  тегін  жəне  ол  қаражаттың 
барлығы Францияның мемлекеттік бюджетінен төленеді. Мысалы, 
тек 2011 жылғы есеп бойынша бір тыңдаушы үшін 27 айға € 60 000 
(еуро) немесе 1 жылға жобамен € 25 000-ға (еуро) бағаланады екен. 
Салыстырмалы  түрде  алсақ,  француздық  жоғары  оқу  жүйесінде 1 
студент үшін жылдық оқу ақысы орташа есеппен € 10 000-ға (еуро) 
тең болып шығады. 
ЭНА-ның  тыңдаушыларына  мемлекеттік  шенеунік  ретінде 
шəкіртақы емес, ақшалай қанағаттандыру төленеді. «Сыртқы байқау» 
бойынша  қабылданған  тыңдаушыны  ақшалай  қанағаттандырудың 
көлемі  таза € 1370 (еуро)  құраса,  ал  «ішкі  байқау»  бойынша 
іріктелгендер  үшін – € 2100 (еуро).  Алайда,  осынша  қаражатты 

31
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
алып  отырған  тыңдаушы  мемлекеттік  қызметте  кем  дегенде 10 
жыл  қызмет  атқаруға  міндеттенеді.  Басқалай  жағдайда, «ақшалай 
қанағаттандыруға» жұмсалған қаражатты қазынаға қайтаруға тиіс. 
Жұмыс орнына бөлу. 
ЭНА – бір мезгілде сарапшылар мен менеджерлерді, мемлекеттік 
қызметшілерді дайындайтын қолданбалы мектеп. Міне, сондықтан 
да  оқу  үрдісі  барысында  болашақтағы  лауазымдық  қызметке  бай-
ланысты  ұзақ  мерзімдік  тəжірибеден  өтуге  көп  көңіл  бөлінеді. 
Оқытушылардың өзін де кəсібилік тəжірибесіне қарай іріктеп алып, 
тəжірибеден өтетін топтарды басқаруға береді. Оқу үрдісі аяқталған 
соң  француздық  түлектермен  түрлі  ведомства  мен  корпустардағы 
жұмыс берушілер əңгімелесу арқылы қызметке тағайындайды. 
 Тыңдаушыларды жұмыс орнына бөлу ЭНА-дағы оқу үлгеріміне 
тікелей байланысты. Емтихан мен оқу үлгерімінің нəтижесі бойын-
ша  жыл  соңында  тыңдаушылардың  болашақта  қызмет  атқаратын 
орны  анықталады.  Жоғары  көрсеткішке  ие  болған  алғашқы 15-20 
тыңдаушы  мемлекеттік  қызметтегі  француз  шенеуніктерінің  өмір 
бойғы «Ұлы корпусын» таңдау құқығына ие болады. 
Жоғары мемлекеттік шенеуніктің корпусына мыналар жатады:
•  Францияның Есеп палатасының бақылаушылары мен инспек-
торлар Корпусы (2009 жылы – 5 адам таңдаған);
•  Бас қаржылық инспекцияның бақылаушылары мен инспектор-
лар Корпусы (2009 жылы – 5 адам таңдаған);
•  Мемлекеттік Кеңестің кеңесшілері, баяндамашылары жəне ад-
вокаттар Корпусы (2009 жылы – 5 адам таңдаған);
•  Əлеуметтік 
мəселелер 
бойынша 
Бас 
инпекцияның 
бақылаушылары  мен  инспекторлар  Корпусы (2009 жылы – 4 адам 
таңдаған);
•  Əкімшіліктің  Бас  инспекциясы  бақылаушылары  мен  инспек-
торлар Корпусы (2009 жылы – 2 адам таңдаған);
•  Франция СІМ шетел істері жөніндегі кеңесшілер Корпусы.
•  Түлектердің  шамамен  жартысына  жуығы  Азаматтық 
əкімші  Корпусына  қабылданады.  Олардың  көпшілігі  бірден  «іс 
басындағы  резервке»  қойылады  да,  Префекторальдық  корпусқа 
қайта  тағайындалады  (Префектор – Президенттің  Жарлығымен 
тағайындалатын Үкіметтің департаменттердегі, аймақтардағы 
өкілі.  Оның  негізгі  міндеті – департаменттегі  іс  барысынан 
Үкіметті  хабардар  етіп  отыру,  сондай-ақ  Үкіметтің  саясатын 
жергілікті  сайланбалы  органдарға  жеткізу  жəне  сол  саясатты 
іске асыру барысында бірлесе қимылдау, көмек көрсету, заңдардың, 

32
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
Жарлықтардың  жəне  Үкіметтің  Қаулыларының  орындалуын 
бақылаушы). Қалғандары түрлі министрліктер мен ведомстваларға 
тағайындауға жіберіледі. 
•  Қалған  түлектер  түрлі  деңгейдегі  немесе  аймақтық  Есеп 
палатасының Əкімшілік трибуналына тағайындалады. 
•  Түлектердің  енді  бір  бөлігі  Париж  қаласының  Азаматтық 
əкімші Корпусына жіберіледі.
ЭНА түлектерінің жұмыспен қамтылуы жайлы статистика.
2012  жылдың 1-қаңтарындағы  мəлімет  бойынша  ЭНА-ның 
түлектері – 6232 құраған. Оның – 4985,6-ы (80%) белсенді түрде өз 
кəсібі бойынша қызмет атқарып келе жатса, қалған 1246,4-і (20%) – 
зейнет демалысында. 
Өз  кəсібін  белсенді  жалғастырып  келе  жатқан  түлектердің 
68%-ы  келесідей  мемлекеттік  қызмет  салаларында  еңбек  етуде: 
министрліктер, түрлі инстанциядағы қаржылық жəне əкімшілік сот-
тар, орталық басқарма жəне аймақтық мемлекеттік басқару органда-
ры, инспекциялар. 
Ұлттық деңгейдегі сайланбалы органдарда лауазымды орындар-
ды иеленіп отырғандардың көрсеткіші – 1%-ды құраған.
Кəсіби  белсенді  түлектердің 31%-ы  мемлекеттік  аппараттан 
тыс  жерлерде  қызмет  атқарады.  Олардың 22%-ы – мемлекеттік 
жəне  жеке  кəсіпорындарда  жұмыс  істесе, 9%-ы – халықаралық 
ұйымдарда,  кəсіби  федерациялар  мен  ассоциацияларда,  жергілікті 
өзін-өзі басқару аппаратында жəне қоғамдық ұйымдардан өз орын-
дарын тапқан [1]. 
Сонымен  қатар,  ЭНА-ның  қабырғасында  «үй  сүйретпесін  ки-
гендер» деген лақап ат түсінігі де мықтап орын алған. Бұл термин 
негізінен  кадрлық  əскери  қызметтен  жалтарғандарға  бағытталған. 
Себебі, ЖОО аяқтағаннан кейін кім кадрлық əскери қызметін өтсе, 
олар – аяқтарына  «етік  кигендер»  санатына  қосылады.  Ендеше, 
баламалы  негізде  ЭНА-ның  түлектері  саналы  түрде  мемлекеттік 
қызметті атқарудан жалтарса немесе 10 жылдық міндетті мерзімді 
толық аяқтамаса, онда осы лақап атқа ие болады. Алайда, бұл атаққа 
ие  бола  отырып,  олардың  қомақты  қаражатты  қайтаратындығын 
да  жоғарыда  əңгімелеген  болатынбыз.  Қазіргі  күні  ЭНА-дағы  «үй 
сүйретпесінің» (фр. pantoufl es) бағасы 50 000–60 000 еуроның айна-
ласында. Егер, бұрындары аталған соманы негізінен ЭНА-ға келген 
тыңдаушылардың  мекемелері  (банк,  фирма,  кəсіпорын)  төлеп  кел-
се, бүгіндері сол қаражатты тыңдаушы өз қалтасынан төлеуге тура 
келеді. 

33
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
ЭНА-ның оқу бағдарламасы.
2006 жылдың 1-қаңтарынан енгізілген өзгеріс бойынша, бұрынғы 
27 айлық оқу курсы енді 24 айлық оқу бағдарламасымен алмасты-
рылды.  Себебі, «мектептік»  білім  беру  кезеңі  министрлікаралық 
тəжірибеден өтумен алмастырылды.
Сонымен, оқу модулі 3-ке бөлінеді:
1) «Еуропа» модулі – халықаралық ұйымдар мен еуропалық ин-
ституттардан 17 апта бойы тəжірибеден өтуді қоса алғанда 7 ай оқу 
мерзімі;
2) «Аймақтық басқару» модулі – орталық аппараттағы аймақты 
басқарудың француздық жүйесі немесе француздық префектуралар-
да  (аймақтағы  орталықсыздандырылған  мекемелердің  мемлекеттік 
басқармаларында) 22 апта  бойы  тəжірибе  жинақтай  отырып, 8 ай 
аймақты  зерттеу  Ұлттық  институтының  тыңдаушыларымен  бірге 
оқу;
3) «Көпшіліктік  басқару  (мемлекеттік-қоғамдық)  жəне  менед-
жмент» модулі – мемлекеттік өнеркəсіптік өндірісте 10 апта жəне 
орталықтандырылған  басқарманың  француздық  жүйенің  орталық 
аппаратында 4 апта тəжірибеден өтуді қоса алғанда 6 ай; 
4) «Таңдау  бойынша»  модуль – шынайы  əкімшілік  іс-əрекетке 
барынша  жақындатылған,  тыңдаушыларды 5–6 адамнан  топтасты-
ра, олардың автономды жағдайда бірлесе жұмыс жасайтын, оқудың 
«ойын» түріндегі білімді тереңдету мақсатындағы 3 айлық оқу курсы.
ЭНА-ның халықаралық ынтымақтастығы.
ЭНА – 1949 жылдан бастап, яғни өзінің құрылу кезеңінің 5-жы-
лынан əлемнің көптеген елдерінің мемлекеттік қызметі үшін кадр-
лар  даярлауда  белсенді  халықаралық  ынтымақтастық  орнатқан 
бірден-бір оқу орны. 
Бүгінгі күнге дейін əлемнің 127 елінен 3 000-нан астам тыңдаушы 
ЭНА-ның түрлі бағдарламалары бойынша даярлықтан өткен.
Шетелдік  тыңдаушылар  үшін  ЭНА-ның 3 негізгі  оқу  курсы 
ұйымдастырылады:
Толық француздық курс. Оқудың бұл түрі бойынша француздық 
тыңдаушылармен  қатар,  тек  қана  француздық  азаматтыққа  ие 
шетелдік қос азаматтығы барлар ғана 24 ай толық курстан өте ала-
ды.  Бұл  бағдарлама  бойынша  бұрынғы  КСРО  жəне  социалистік 
мемлекеттердің тыңдаушылары ешқашан оқымаған. 
Шетелдіктер үшін ұзартылған курс. Аталған бағдарлама «Cycle 
international long (CIL)» бойынша  дайындықтан  өту  мерзімі – 17–
18  ай  жəне  ол  бұрынғы  КСРО  жəне  Варшава  шартына  қатысушы 

34
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
мемлекеттердің  өкілдері  үшін 1991 жылдан  бастап  жұмыс  істеп 
келеді. 
Оның 24 айлық толық француздық курстан басты айырмашылығы 
оқу  үрдісі  алдындағы  тəжірибеден  өту  мерзімінің  қысқартылған 
түрінде  ғана.  Француздық  тыңдаушылар 6 айлық  алдын  ала 2 
тəжірибеден өтсе, шетелдіктер – Францияның түрлі аймақтарындағы 
префектураларда 1 мəрте 3 айлық аймақтық тəжірибеден өтеді. Ары 
қарай ЭНА-дағы біріккен оқу бағдарламасы бірдей болып келеді. 
Оқудың  ұзартылған  курсынан  өткен,  емтихандарды  ойдағыдай 
тапсырып  жəне  талапқа  сай  балл  жинаған  шетелдік  тыңдаушылар 
мемлекеттік басқару бойынша халықаралық диплом алады. 
Соңғы жылдары оқуға түсу мен білім туралы құжаттарда бірқатар 
өзгерістер орын алды. Себебі, тыңдаушылардың халықаралық дипло-
мын танудың балама үлгісінің əлемде болмауы біршама қиындықтар 
туындатқан.  Сондықтан  да  бүгіндері,  шетелдік  тыңдаушылардың 
ұзартылған курсын аяқтағандығы туралы магистр дипломы (жалпыға 
танылған классификация бойынша МВА) табысталады. 
Ендігі жерде, шетелдік кандидаттар оқуға түсу үшін өз елдеріндегі 
Франция  елшілігінде  ауызша  жəне  жазбаша  түрде  тесттен  өтеді. 
Кандидатқа қойылатын негізгі талаптардың қатарында жоғары білімі 
туралы дипломның бар болуымен қатар француз тілін жетік меңгеруі 
тиіс.  Сондай-ақ,  Францияның  саяси  жəне  əкімшілік-аумақтық 
құрлымынан, Франция мен Еуропа елдерінің негізгі экономикалық-
əлеуметтік көрсеткіштерінен жақсы хабардар болуы тиіс. 
Шетелдіктер  үшін  қысқартылған  курс.  Шетелдіктер  үшін 
қысқартылған  бағдарлама  бойынша  кəсіби  қайта  даярлаудан  өту 
курсы – Cycle international court (CIC) 6 айлық оқу мен 9 апталық 
тəжірибеден өтуді қоса есептегенде – 9 айға созылады. Курс соңында 
тыңдаушылар диплом орнына біліктілікті арттыру жөніндегі серти-
фикат алады. Курсқа 30 жастан асқан, мемлекеттік қызметте қызмет 
өтілі барлар ғана қатысады.
Шетелдіктер үшін ЭНА-дағы басқа да курстар
•  Ұзақтығы 6 айға  созылатын  мемлекеттік  басқару  бойынша 
халықаралық  цикл (CIАР).  Бұл  бағдарламаның  аясында 25 жас-
тан  жоғары,  мемлекеттік  басқару  саласында  біліктілігін  арттыра-
тын  мемлекеттік  қызметшілер 3 мамандық – мемлекеттік  инсти-
туттар  жəне  əкімшілдендіру,  мемлекеттік  қаржы  жəне  экономика, 
халықаралық қатынастар бойынша білімдерін жетілдіреді. 
•  Ұзақтығы 2-6 апта аралығындағы мемлекеттік басқару бойын-
ша арнайы халықаралық цикл (CISАР).

35
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет