Жолдауы жолдарынан



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата02.01.2017
өлшемі1,76 Mb.
#1023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ƏДЕБИЕТТЕР:
1.  ҚР  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  «Əлеуметтік-экономикалық 
жаңғырту – Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  Қазақстан 
халқына Жолдауы. 27.01.2012.
2.  Программа либерализации валютного режима в РК на 2005–2007 
гг.  утвержденный  постановлением  Правительства  Республики 
Казахстан от 25 июня 2005 года №705 // Казахстанская правда. 
– 9 июля, 2005.

58
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Қазақ халқының 
баспанасы – киіз үй
Əлия ИСАЕВА
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің доценті, 
тарих ғылымдарының кандидаты;
Гүлбану МƏЖИТОВА,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің 2-курс студенті
Ө
нер  тарихы  адамзаттың  өткенімен  біте  қайнасып, 
өзара  қабысып  келе  жатқан  дүние.  Тіпті  оның  та-
рихы  адамзаттың  жүріп  өткен  сара  жолы  болып  та-
былады.  Сонау  ілкі  замандардан  бері  адам  баласы 
қоныстар  мен  қалаларда,  сайын  далаларда  сан  алуан 
сəулет  ескерткіштерін,  күмбезді  ғимараттарды  салды,  күнделікті 
өмір мен тұрмыс-тіршілікке қажетті мыңдаған бұйымдарды, еңбек 
құралдары  мен  қару-жарақтарды  ойлап  тапты.  Бұдан  қазақ  халқы 
да кенде қалған жоқ, ол да əлем өркениетінде өзіндік қолтаңбасын 
қалдырды. 
Сондай  бірегей  туындылардың  бірі,  ұлттық  сəулеткерліктің 
ең  үздік  шыңы  болып  табылатын  жылжымалы  тұрғын  үйі  неме-
се  киіз  үй  саналады.  Сан  ғасырлар  бойғы  практика  нəтижесінде 
қалыптасып, өмір сынынан өткен көшіп қонуға ыңғайлы, жиналма-
лы  күмбезді  сəулет  үйінің  қазіргі  жетілген  түрі  қазақ  киіз  үйі  де-
сек, артық айтпаған болар едік. Киіз үй көшпелі өмірге бейімделген, 
ерте  заманнан  келе  жатқан  көшпелілер  баспанасы.  Еуразия 
далаларындағы  жартылай  көшпелі  жəне  отырықшы  халықтардың 
арасында  кең  тараған.  Көшіп-қонуға  лайықталып  жасалады,  түйе 
мен  атқа  тиеу  арқылы  жеңіл  көшіріледі.  Кезінде  ата-бабаларымыз 
(ғұндар,  сақтар,  скифтер)  осы  үймен  күнелтіп,  дүниенің  түкпір-
түкпіріне  саяхат  жасаған.  Осындай  сəулет  ағымын  өмірге  əкелген 
көшпенді халық VI–VIII ғасырларда ғажайып сəулет өнерін жаппай 
өркендетті. Кезінде шартарапқа əйгілі болған қалалар: Сауран, Оты-
рар, Тараз, Баласағұн жəне т.б. Жібек жолының бойында бой көтеріп 

59
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
өркендеген мəдениетімен, ерекше сəн салтанатымен талай елдің сая-
хатшыларын аузына қаратқан [1].
Сайын дала төскейінде ғұмыр кешкен көшпенділерге ең алдымен 
қажет  нəрсе  көшіп-қонуға  ыңғайлы  баспана  болғандығы  белгілі. 
Тұрмыстық  қажеттіліктерден  туындаған  осындай  əмбебап  дүние 
киіз үй болған еді. Тарихи зерттеулерге қарағанда, киіз үйден бұрын 
түрлі баспаналарды мекендеген көшпелілер, табиғи жағдайлар мен 
тұрмыс  қаракеттеріне  сай  ең  алдымен  «күрке»  секілді  қоста  тұра 
бастаған. Қабырғасы ағаш қадалармен бекітіліп жасалған күркелер 
қамыс,  шөп  сияқты  жеңіл  өсімдіктермен  бүркелген.  Сырдария 
бойының елі «киіз үй» деудің орнына, қазірге дейін «қара үй» дейді. 
Мұны бір орыннан жылжымайтын қойы аз егіншілер шығарған бо-
луы  керек [2]. Киіз  үй – көшпелі  халықтардың  негізгі  баспанасы. 
Киіз  үйдің  тарихы  тереңде  жатыр.  Үш  мың  жылдық  тарихы  бар, 
түркі  тектес  халықтардың  «Қара  шаңырақ»  иесі  қазақ  халқының 
тұрмыс-тіршілігін, өмір сүретін ортасын киіз үйден тысқары елес-
тетуге  болмайды.  Қазақ  халқының  ата-бабалары  қадым,  бағзы  за-
маннан бері қарай, атап айтсақ скиф, сақ, ғұн, түркі, «қос оқ» тай-
палары  дəуірінен  киіз  үйде  өмір  сүріп  келгенін  тарихи  деректер 
айқындайды.  Кейбір  деректерде  киіз  үйдің  пайда  болғанына 7–10 
мың  жыл  болған  деп  те  көрсетіледі.  Ертеде  түрік  дəуірлеріндегі 
үйлер биік, шошақ, ашық шаңырақты келген. Мұның өзі «ашық от» 
жағуға қолайлы болған. Мамандардың айтуына қарағанда, қазақ киіз 
үйі көне, байырғы «түрін» сақтап қалған. Киіз үй «үй ағаштан», «үй 
сүйегі»: кереге, уық, есік, шаңырақ, бақандардан тұрса, жамылтағы 
үзік, туырлық, түңлік, бау-шудан, шиден құралады. Қазақ халқының 
көшпелі тіршілігінде баспана болған киіз үй ерекше міндет атқарып 
келген.  Қазақ  баласының  ұрпақ  өсіру,  тіршілік  құру  жəне  де  о 
дүниеге «соңғы сапары» да осы киіз үймен тығыз байланысты. Бір 
сөзбен айтқанда киіз үй қазақ халқының киелі ордасы, өткені жəне 
тарихы.  Отандық  жəне  шетелдік  зерттеушілердің  көпшілігі  киіз 
үйдің көшпелілер өміріне өте ерте заманнан белгілі болғанын ай-
тады, олар киіз үйдің прототиптеріне де пайымдаулар жасаған [3]. 
Мұндай  зерттеулердің  барлығы  да  киіз  үй  қазақ  халқы  өмірінде 
көне  заманнан  келе  жатқанын  аңғартады.  Қазақтың  ата-бабала-
ры  біздің  заманымыздан  бұрынғы 7–1 ғасырларда  киіз  үйде  өмір 
сүргенін  баяндайтын  жазбаша  тарихи  деректері  жеткілікті.  Бұдан 
біз киіз үйдің көне мұра екеніндігін де сезінеміз. Қазақ халқы киіз 
үйді  басқа  көшпелі  халықтарға  қарағанда  сəндеген,  əшекейлеген, 
тіпті  кейбіреулерін  өте  үлкен  етіп  жасаған.  Ертеде  қазақ  халқы 

60
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
көп  балалы  болды,  ауқаттылар  көп  əйел  алды,  бəлкім  бұлардың 
барлығы  да  үлкен  киіз  үйлерге  деген  сұранысты  арттырған  да 
шығар.  Сондықтан,  көбінесе  отбасы  мүшелері  санына  қарай  киіз 
үлкен, əрі кең болып келді. 
Қазақ киіз үйлерін қырғыз, түркімен, моңғол тектес тайпалардың 
киіз  үйлерімен  салыстыра  қарағанда,  бұл  айырмашылық  айқын 
көрінеді.  Басқа  ұлт  өкілдерінің  баспанасынан  қазақ  киіз  үйі  үлкен 
болып  келеді.  Киіз  үйді  толық  жабдықтап,  өмірде  пайдалануды 
қазақтар өз қолдарымен істеп келген. Қазақтар киіз үйлердің небір 
жақсы үлгілерін сақтап қалған. Əлем түкпірінен келген саяхатшы-
лар, жиһангездер бұған куə болып та жатыр. Өткен ғасырларда жаз 
айларында  қазақтар  түгелдей  дерлік  киіз  үйде  отырады.  Қаладағы 
тұрғын  үйде  тұрушылардың  өзінде  де  киіз  үйлері  дайын  болып 
тұрған,  жазда  жайлауға  киіз  үймен  шыққан.  Қазақтар  үй  ағашты 
өздері  байырғы  қазақи  əдіспен  өңдеген,  жөндеген,  үйге  қажетті 
жабдықтарды, жиһаздарды жасаған, басқұр, т.б. тіккен. 
Үйдің негізгі бір басты мүшесі, оның үй ағашы яғни «сүйегі» бо-
лып  табылады.  Үй  ағашты  орманды  өлкеден  күні  бұрын  белгілеп 
көктемде, күзде қиып алып жақсылап түзу жерде сақтап, күн жылы-
на үй сыртында ағаштардың қабығын аршиды. Көбінде тал, қаратал, 
қызыл  тал,  жəне  басқадай  да  ағаштарды  пайдаланады.  Қабығы 
аршылған ағаштарды қарыстап көреді. Үйге тапсырыс, сұраныс бер-
ген адамдар, сондай көзді шаңырақ, сонша қарыс уық, сондай бас-
ты кереге деп дəстүрлі ұсыныстар жасайды. Сол бойынша ағаштар 
сұрыпталып  дайындалады [4]. Қазақ  халқының  өмірінде  ежелден 
бері  ағаштан  жасалатын  үй  бұйымдарының  алатын  орны  ерекше. 
Көшпелі мал шаруашылығымен немесе жартылай отырықшылыққа 
ауысып,  егіншілікпен  айналысқан  қазақ  қауымының  күнделікті 
тұрмысына қажетті ағаштан жасалатын бұйымдардың түрі сан алу-
ан. Ағаш өңдеуді кəсіп еткен шеберлерді халық олардың өндіретін 
бұйымдарына қарай «үйші», «ерші», «арбашы», «ұста» деп дарала-
ды. Ал, бұл шеберлердің əрқайсысы өзінің негізгі кəсібінен басқа да 
уақ-түйек бұйымдар түрлерін жасай білді. Əсіресе, «ұста» атанған 
шеберлер үй бұйымдарының көптеген түрлерін жасаумен бірге, əр 
түрлі  металл  жəне  сүйек  өңдеу  ісімен  де  айналысты.  Ағаш  өңдеу 
өнерінің ішіндегі аса іскерлік пен қыруар еңбекті, шынайы талғамды 
керек  ететін  түрі – киіз  үй  сүйегін  жасайтын  үйшілер  ісі.  Мұны 
халық тілінде «үй басу» деп те атайды [4, 9].
Егер  ою-өрнек  бейнелеу  өнерінің  шыңы  десек,  киіз  үй  көшпелі 
өнерінің биік шыңы деп айтуға болады. Сондықтан сəулет өнерінде 

61
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
басты  орын  киіз  үйге  берілуі  тиіс.  Алдымен  киіз  үйдің  абылайша 
түрінен бастап, қараша үй, қоңыр үй, салтанатты үй, орда түрлері, 
олар  қанат  санына  қарай  ажыратылады.  Екіншіден,  киіз  үйдің 
түзімділік  сипатына  келсек,  оның  сүйегі – шаңырақ,  уық,  кереге 
жəне жабындары – түндік, үзік, туырлық секілді басты құрылымдық 
бөліктері  ажыратылады.  Одан  кейінгі,  киіз  үйдің  есігі – киіз  есік, 
сықырлауық,  маңдайша,  табалдырық,  таяныштары – босаға,  есік 
жақ деген түсініктерді береді. Мұның бəрі адамның, яғни баланың 
дүниетанымдық  түсінігін  арттырып,  эстетикалық  көзқарасы  мен 
талғамын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік жасайды. 
Тарихи деректерге сүйенсек, XI ғасырдағы моңғол шапқыншылығы 
кезеңінде  Қазақстан  жерінде  экономикалық  жəне  мəдени  даму 
тежеліп  қалды.  Дегенмен  киіз  үй  жасау  одан  ары  жалғаса  берді. 
Қолөнер  шеберлері  бар  күші  мен  білімін  негізінен  киіз  үй  ішін 
сəндеуге жұмсады. 
Киіз  үйдің  құрылысы  жетіле  түсіп,  оның  ағаш  бөлігі  (сүйегі) – 
шаңырақ,  уық,  керегеден  құрастырылды [5]. Киіз  үйдің  «сүйек» 
аталатын  ішкі  қаңқасы:  кереге  (қабырға  сүйегі),  үйдің  шаңырағын 
керегемен жалғастырып тұратын уық жəне шаңырақтан құралады. 
Бұлардың  бəрі  «тез»  деп  аталатын  сайман  арқылы  жасалады.  Тез-
ге  салып  қажетті  түрде  келтіретін  ағашты  қоламтаға  (шоғы  ара-
лас  ыстық  күл)  сүңгітіп,  балқытып  алады,  сонда  ол  июге  жылдам 
көнеді. Халықтың: «тез қасында қисық ағаш жатпайды» деуі осыдан 
шыққан.
 Айта кететін бір жайт, моңғол тайпаларының киіз үй ағаштарында 
уықтың қарымы болмайды, керегелері жазықтау келеді, ал үйдің өзі 
аласа  болып  келеді.  Алайда  ертедегі  ауқатты  адамдарда  ақ  күмбез 
үйлері  көп  болғанын  кейбір  тарихтар  баяндайды.  Қазақтың  үйі 
үлкен, кең болады. Соған сай үй ағашты үлкен, кең істейді. Олардың 
мөлшеріне келсек шаңырақ 60, 70, 80, 90, 100 көзді, кереге де, уық 
та сондай басты, қаламды келеді. Ал кереге саны 4, 6, 8, 10 қанатқа 
дейін  барады.  Бұл  қазіргі  қазақ  киіз  үйлерінің  үлгілері.  Аз  қанат 
үй  ертеде  тек  жағдайсыз  кедей  адамдарда  ғана  болған.  Жүк  көзді 
шаңырақ, сегіз, он қанат үйлер арнаулы етіп тігілген үйлерден қазір 
де кезігетіні өмір шындығы. Үйдің сүйек ағашы дайын болып, оны 
күні бұрын қиюластырып тігін, біраз күн қалыптастырып қойғаннан 
кейін киіз үйдің жамылтықтары өлшеніп пішіледі [6]. 
Киіз  үй  сүйегі,  яғни  керегесі  мен  уықтары,  көбінесе,  өзен 
жағасында  өсетін  əр  түрлі  талдан  жасалады.  Мəселен,  оған 
Қазақстанның əр өңірлерінде өсетін сəмбі тал, көк тал, қара тал, боз 

62
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
тал,  құба  тал  сияқты  түрлері  пайдаланылды.  Сəн-салтанат  құрған 
ірі  байлар,  төрелер  мен  билер  үйшілерге  киіз  үй  сүйегін  түгелдей 
қайыңнан жасатады. Əдетте, қайыңнан жасалатын үйлердің көлемі 
үлкен,  сүйегі  салмақты,  өзі  өте  берік  келеді.  Қайыңнан  жасалған 
кереге-уықтарды  мұқият  өңдеген  соң,  оны  боямайды.  Өйткені, 
ағаштың жылтырата өңделген табиғи түсі үй ішіне аса ұнамды рең 
беріп тұрады. 
Киіз  үй  сүйегіне  жарайтын  ағашты,  көбінесе  үйшілердің  өздері 
ерте  көктемнен  бастап  əзірлеп,  кемінде  бес-алты  ай,  кейде,  тіпті, 
жыл бойы көлеңкеде кептіреді. Жаңа кесілген жас тал мен қайыңның 
қабығы  оңай  сыдырылады,  көп  еңбекті  қажет  етпейді;  екіншіден, 
қабығы  алынбаған  ағашты  көлеңкеге  жиып  қойса,  ол  жуыр-маңда 
кеппей, қабық астында құрт пайда болып, ағаш борсып, шіри бас-
тауы  ықтимал.  Сондықтан,  кесілген  ағашты  жылдам  аршып,  бас-
аяғын  тегістеп  отап, 20–30 ағаштан  бір-бір  бума  жасап,  көлеңкеге 
бірінің  үстіне  бірін  жинай  береді.  Мұндай  бумаларды,  əдетте, 
сыдырылған тал қабығының өзімен-ақ буады. Үй ағашын бұлайша 
бумалап кептірудің де өзіндік себебі бар. Біріншіден тасымалдауға 
ыңғайлы,  екіншіден,  көлеңкеге  жиналған  көп  бумалардың  бəрін 
дұрыс,  біркелкі  кептіру  үшін  оларды  əлсін-əлсін  аударыстырып 
астын  үстіне,  ортасындағысын  шетіне  шығарып  қозғап  отырады. 
Ал,  барлық  бумаларды  бір  шамада  жел  қақтырып  отыруға  немесе 
шыжыған ыстықтарда ағаш тез қурап, жарылып кетпеу үшін оларға 
су бүркетіндей етіп бумалап жинау тым қолайлы болады. Осындай 
əдіспен əбден кепкен үй ағашын үйшілер: «Қақсал кепкен ағаш», – 
дейді де, ол жоғары бағаланады [4, 10].
 Киіз үйді біздің халық «қасиетті киелі қара шаңырағымыз» деп 
дəріптейді. Шаңырақ – заттың болмысы жағынан қазақ киіз үйінің 
бар  «сүйегін»  біріктіріп  тұратын  ағаш  төбешік.  Ал  екіншіден, 
ұлттық сана-сезім, дүниетаным, тəлім жағынан келгенде, шаңырақ 
– «үй», «отбасы», «əулет», одан жоғары халық ұғымын беретін қазақ 
жұртының  өсіп-өну  ұйтқысын,  дəстүр  тəрбиесін,  біртұтас  бірлік-
тірлігін білдіретін рухани философиялық көркем баламалы қасиетті 
кең  ұғым.  Халқымыздың  тарихы,  өсіп-өнуі,  шежіресі,  яғни  қазақ 
шаңырағы – қазақ елі деген мағына береді [1]. Кереге санына қарай 
киіз үй: төрт, алты, сегіз, он екі, он төрт қанаттардан құрастырылады. 
Жеке  ағаштардан,  талдан  немесе  теректен  жонылған  керегені  бір-
біріне  біріктіріп,  байлауды  «көктеу»  дейді.  Тігілетін  киімдердің 
бөлшектерін алғаш сирек шаншып тігісін біріктіріп алуды «көктеу» 
дейтіні де, осыдан шыққан. Көктеуге ең қолайлысы түйе мойнағының 

63
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
терісінен  тілетін  қайыс.  Ол  керегені  жинағанда  да,  жайғанда  да 
үзілмейді.  Керегенің  көздері  «желкөз»  жəне  «торкөз»  болып  екіге 
бөлінеді. «Желкөзі» кең, ал «тор көзі» тар болады. Дауылға желкөз 
шыдамды, жауынға торкөз шыдамды келеді [7]. 
Киіз  үй  сүйегінің  ең  күрделісі  де,  қыруар  еңбекті  қажет  ететіні 
де  кереге  болғандықтан,  үйші  ең  алдымен  кереге  сағаналарын 
дайындауға  кіріседі.  Ол  үшін  алдын-ала  дайындалған  қозға  неме-
се мор мен обынға, керегеге арналған ағаштардың он шақтысын са-
лып, əбден жұмсартады. Жақсы кепкен ағашты қозға салар алдын-
да суға малып алса, ол тез жұмсарып, бабында балқиды, ағаштың 
сырты күймейді де. Қозда жатқан ағаштарды біртіндеп алып өңдеуге 
кіріседі. Ең алдымен ағаштың қисық жерлерін тезге салып, түзетіп 
алады.  Ол  үшін  қоздан  шыққан  ыстық  ағашты  биялай  киген  сол 
қолымен ұстап, оның қисық жерін тездің кертпегіндегі қазықшаның 
тұсына апарып ұстайды да, оны сықаурын алақанымен жанши оты-
рып түзетеді.
Сықаурынды оң қолымен ұстап тұрып, сабы жағын жамбасқа са-
лып, бар дене салмағымен бір басып, бір босатқан уақытта түзетілетін 
ағашты  ретіне  қарай  аударыстырып,  қозғап  отырады.  Оның  ұзына 
бойындағы  олпы-солпысын  түзетіп  шығады  да,  бас-аяғын  ша-
пашотпен  шауып,  сағаналар  ұзындықтарын  біркелкі  етеді.  Одан 
соң  ағаштың  жуан  басының  екі  жағын  түзу  жонғымен  тегістейді, 
тісті жонғымен ыру сызықтарын жүргізеді. Кереге сағаналарының 
қалған  ұзына  бойын  түгелдей  қуыс  не  ойыс  жонғымен  жұмырлай 
жонады.  Жону,  түзеу  жұмысы  біткен  соң  тезге  салу  арқылы  кере-
ге  сағаналарына  арнайы  мүсін  бере,  əр  жерінен  белгілі  мөлшерде 
иіндер  жасайды.  Осының  нəтижесінде  кереге  сағанасының  басы 
сəл шалқақтау болады, мойын тұсы ішке еніңкі, бүйірі сыртқа теуіп 
шығыңқы келеді. Ал, бір жағы біртіндеп ішке тартып, төменгі ұшы 
тіп-тік  келуі  қажет.  Кереге  сағанасын  тігінен  қойғанда  оның  басы 
мен етегінің ең төменгі ұшы бір түзу бойында болуы шарт. Мұның өзі 
киіз үй сүйегінің орнықты жəне берік, əсіресе, киіз үйдің салмағына 
керегенің  шыдамды  болуының  басты  шарты.  Кереге  сағанасының 
осылайша мүсінделуі бүкіл қанатының əдемі болуына айтарлықтай 
əсерін тигізеді [4, 12].
Қазақ сахарасында киіз үйдің ең көп тараған негізгі түрі – алты 
қанат үй. Яғни, алты керегелі киіз үй. Сөйтіп, үйдің үлкен-кішілігі 
оның  қанат  санымен  анықталады.  Қанат  санына  қарай  кереге 
бастарының  саны,  кереге  басына  қарай  уық  саны  əр  түрлі  болып 
келеді.  Мұнымен  бірге  кереге  көздерінің  үлкен-кішілігіне  қарай 

64
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
тор  көз  кереге  (жұдырық  сиярлықтай  ғана)  жəне  жел  көз  кереге 
(қос жұдырық сиярлық кең көзді) болып екіге бөлінеді. Олай болса 
тор  көз  жəне  жел  көз  керегелі  киіз  үй  сүйегінің  кереге  басы,  оған 
қарай уық саны да əр түрлі болады. Мəселен, Қызылорда, Алматы 
облыстарынан  өзіміз  ел  арасынан  жинаған  деректерге  қарағанда, 
тор көзді 12 қанат үйде – 180 бас, 8 қанат үйде – 130 бас, 6 қанат 
үйде – 90 бас, 5 қанат үйде – 80 бас, 4 қанат үйде – 60–65 бас болса, 
жел көз керегелі 6 қанат үйде 72 бас, 5 қанат үйде – 60 бас болады. 
Тор көзді керегенің біреуінде (яғни, қанатта) 15–16 бас, 6 қанат үй 
керегелерінің  үшеуі 15, қалған  үшеуі 16 басты  болып  келеді,  яғни 
үйдің қанат саны қанша өскенімен, оның жартысы 15, жартысы 16 
бастан  тұратындығы  заңдылық.  Ал,  жел  көзді  керегенің  біреуінде 
12–13 бастан болады, ал оның жартысы 12, қалған жартысы 13 ба-
стан тұрады. Бұлай болу себебі, қанаттарды бір-бірімен қосқан, киіз 
үйді  тіккен  уақытта  екі  керегенің  бір-бір  басы  бірігіп,  бір  бас  бо-
лып  шығады  да,  тігілген  үйдегі  керегелердің  əрқайсысының  басы 
тор  көзді  керегеде 15-тен,  жел  көздіде 12-ден  шығады.  Бұл  арада 
айта кететін тағы бір заңдылық – киіз үй сүйегінің қанат саны 6-дан 
артқан соң оның керегелері əрдайым тор көзденіп жасалады, ал жел 
көз керегелі үйлер, əдетте, 4, 5 жəне 6 қанаттан аспайды.
 Кереге сағаналарының көгі мен уық алақандары тесіліп болған 
соң,  оның  əрқайсысы  майда  түрпі,  темір  қырнауыш  немесе  шыны 
сынықтарымен мұқият өңделіп, көбінесе, жосамен боялады. Ал, ша-
масы  келгендер  кереге  мен  уықтарды  түгелдей  қызыл,  жасыл,  көк 
түсті  май  бояулармен  боятады,  содан  олар  сырлы  үй  атанады.  Тек 
қайыңнан жасалған киіз үй сүйегін мұқият өңдегеннен соң өсімдік 
майын неше қайтара сіңіре жағады. Содан барып өте ұнамды қайың 
ағашының өзіндік табиғи түсін сақтайды. 
Кереге  мен  шаңырақ  арасын  біріктіріп,  киіз  үйдің  төбесін 
шығарып  тұратын  иінді  ұзын  ағаштарды  уық  деп  атайды.  Бір  үй 
сүйегіне арналған уық саны кереге бастарының жалпы санына тең 
болады. Олай болса, уықтың саны да, əрқайсысының ұзындығы да, 
əлділігі де киіз үйдің көлеміне, яки қанат санына, керегенің тор көз 
не жел көзділігіне тікелей байланысты болады. 
Əдетте, киіз үйдің маңдайшасына алты уық байланады. Сонда ке-
реге  бастарының  санына 6 маңдайша  ұяларын  қосып,  жалпы  уық 
санын есептеп шығару қиынға түспейді. Орта есеппен 6 қанат үйдің 
уығының  ұзындығы 12–13 қарыстай  болады.  Əрине,  əр  жағдайда, 
əсіресе,  шаңырақ  көлеміне  қарай  уықтың  ұзындығы  жоғарыда 
көрсетілген мөлшерден не аздап ұзарып, не қысқаруы да ықтимал. 

65
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Қанат  саны  өскен  сайын  уықтың  ұзындығы  да  арта  түседі.  Біздің 
көп  жылдар  бойы  ел  арасынан  жинаған  деректерімізге  қарағанда, 
Жетісу  өңірінің  киіз  үй  уықтары  иінсіздеу,  шаңырағы  шағындау 
келеді  де,  үй  төбесі  қалмақ  үйі  тəрізді  шошақтау  болады  екен,  ал 
Қазақстанның  қалған  өңірінде  уық  иіндірек,  шаңырақ  көлемділеу 
болады  да,  үй  төбесі  күмбез  тəрізді  жалпақтау  келеді [8]. Акаде-
мик Ə.Х. Марғұлан дəл осындай талдау жасай келіп, төбесі конус 
тəрізденген  киіз  үй  конструкциясын  киіз  үй  сүйегінің  көне  түрі 
болуы  ықтимал  деген  болжам  жасайды.  Шынында  да,  жалпы  киіз 
үйдің пайда болуы, даму процестеріне ой жүгіртсек, бұл болжамның 
дұрыстығына шүбəлануға болмайды. 
Уықтың ұзына бойын қазақ халқы төртке бөледі: алақаны – ке-
реге  басына  байланып  бекітілетін  жалпақтау  түбі;  иіні – алақанға 
жалғаса иілетін тұсы; қары – иіннен ұшына дейінгі оқтығы; қаламы 
– шаңырақ тесігіне еніп тұратын уықтың төрт қырлы ұшы. Уықтың 
алақанының бетін түзу жонғышпен тегістеп алып, тісті жонғышпен 
ыру  жүргізеді.  Уық  түбін  шапашотпен  доғалдап  шауып,  үскімен 
уық  бау  өткізетін  тесік  жасайды.  Уықтың  қарын  ойыс  жонғымен 
жұмырлап  жонады.  Уық  иінінен  бастап  қаламының  дəл  ұшына 
дейін біртіндеп жіңішкере береді. Уықтың мұндай конструкциясы, 
үйшілердің  айтуынша,  тегін  қалыптаспаған.  Біріншіден,  уықтың 
жеңілдеу  болуына  əсерін  тигізсе;  екіншіден,  шаңырақ  шеңбері  де 
онша  жуан  болмайтындықтан,  оған  жасалатын  көптеген  тесіктер 
саусақ сиятындай ғана болып жасалатындықтан, уық ұшына қарай 
жіңішкере беруі керек; үшіншіден, дөңгелене құрылған кереге бас-
тарынан  киіз  үй  аумағының 1/3-дей  көлемде  болатын,  дөңгелек 
шаңыраққа  қарай  жарыса  ұмтылатын  уықтардың  кереге  басына 
бекітілетін алақан аралықтары алшақтау болады да, уық қаламдары 
сұғынатын  шаңырақ  ұяларының  арасы 2,5–3 сантиметрден  аспай-
ды. Олай болса, уықтар аралығындағы кеңістік те, уықтардың өздері 
де  төменнен  жоғары  қарай  біртіндеп  жіңішкере  беріп,  шаңырақ 
шеңберінде тыныштық тапқандай келісті көріністі аңғартады.
Мұның  өзі  халық  шеберлерінің  ғасырлар  бойы  эстетикалық 
талғамы  дамуының  нəтижесі;  төртіншіден,  қаламының  жуандығы 
оның  алақанымен  тең  болса,  олар  шаңырақ  шеңберіне  сыймайды, 
ал уық иіні жіңішке, əлсіз болса, жоғарыдан түсетін салмаққа шыда-
майды. Сондықтан, уықтардың төменгі жағының жуан, əлді болуы-
мен қатар жоғары қарай жеңілдеп, жіңішкеруі заңды қажеттіліктен 
туған  өнер  үлгісі.  Уықтың  ең  жоғарға  жіңішке  ұшынан  оның 7–8 
сантиметрдей төрт қырлы қаламын шығарады. Уық қаламының төрт 

66
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
қырлы  болуы  мен  түбінен  ұшына  қарай  жіңішкере  беруі  уықтың 
аунамауына  жəне  шаңырақ  ұясына  оның  нық  сұғынып,  орнықты 
болуына  ең  қолайлы  жағдай  туғызады.  Төрт  қырлы  уық  қаламын 
шапашот жəне түзу жонғы арқылы теп-тегіс етіп шығарады, оның 
біркелкілігіне мұқият көңіл бөледі. 
Қорыта айтқанда, киіз үй қазақ халқының өзімен бірге ғасырдан 
ғасырға  жасасып,  сан  тарам  тарих  белестерінен  бірге  асқан 
материалдық  жəне  тұрмыстық  мəдениетінің  көрінісі  болып  табы-
лады. Ол сонымен қатар қазақ халқының материалдық мұрасының 
бірегей  үлгісі  ретінде  де  бағаланады.  Заман  ағымымен  бірге  келе 
жатқан қазақтың киіз үйі бүгінгі күні де өз маңызын жоғалта қойған 
жоқ.  Мыңжылдықтар  қойнауынан  жеткен  киіз  үй  əлі  күнге  шейін 
ауылдық жерлерде пайдаланылып, тұрмыста (шаруашылық нысан-
дарда,  туристік  базаларда,  т.б.)  кеңінен  қолданылып  келеді.  Оның 
қолайлы екендігін пайдаланылып отырған ұрпақ та біліп-көріп жүр. 
Сайып келгенде, киіз үй өзіндік баға жетпес мəдениет пен өнер ту-
ындысы  екенін  дəлелдеді,  оның  ұлтымыздың  көшпелі  өмір  салты 
мен  жосын-жоралғыларымен,  əдет-ғұрпымен,  дүниетанымымен 
астасып жатқандығын ешкім жоққа шығара алмайды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет