1949–2011 жж. аралығындағы ЭНА-да халықаралық цикл бойынша
оқыған тыңдаушылардың саны [2].
Европа – 1 326
Африка – 446
Солтүстік
Африка/ Таяу
Шығыс – 488
Америка – 476
Азия – 437
Австрия – 30
Ангола – 1
Алжир – 93
Аргентина – 30
Австралия – 34
Азербайжан – 2
Бенин – 14
Египет – 37
Боливия – 3
Ауғанстан – 2
Албания – 6
Піл сүйегі
жағалауы – 20
Израиль – 8
Бразилия – 34
Бангладеш – 9
Андорра – 3
Буркина-
Фасо – 5
Иордания – 2
Венесуэла – 12
Бутан – 3
Армения – 9
Бруней – 3
Иран – 3
Гаити – 12
Вьетнам – 46
Бельгия – 16
Габон – 28
Йемен – 1
Гватемала – 2
Гонконг – 1
Болгария – 23
Гана – 2
Ливан – 33
Гондурас – 1
Индия – 27
Босния жəне
Герцеговина – 4
Гвинея – 22
Ливия – 2
Канада – 75
Индонезия – 1
Ұлыбритания – 105 Гвинея-
Бисау – 1
Марокко – 213
Квебек – 93
Камбоджа – 38
Венгрия – 36
Конго Демокра-
тиялық Респуб-
ликасы – 11
Палестина
автономиясы
– 5
Колумбия – 61
Қытай – 81
Германия – 406
Джибути – 4
Сауд Аравиясы
– 1
Коста-Рика – 1
Лаос – 13
Голландия – 44
Камерун – 67
Сирия – 14
Куба – 1
Монғолия – 2
Греция – 88
Кения – 2
Тунис – 76
Мексика – 45
Жаңа
Зеландия – 6
Грузия – 8
Комор
аралдары – 7
Парагвай – 6
Пəкістан – 3
Дания – 31
Конго – 22
Перу – 10
Сингапур – 4
Ирландия – 22
Маврикий – 16
Сальвадор – 1
Таиланд – 14
Испания – 38
Мавритания – 36
Сент-Люсия – 1 Шри-Ланка – 1
Италия – 85
Мадагаскар – 41
АҚШ – 57
Оңт. Корея – 22
Қазақстан – 6
Мали – 19
Уругвай – 5
Жапония – 130
Кипр – 2
Нигер – 22
Чили – 14
Қырғызстан – 1
Руанда – 1
Эквадор – 12
Косово – 1
Сан Том жəне
Принсипи – 2
Латвия – 7
Сенегал – 42
Литва – 5
Того – 15
Люксембург – 7
Орт. Африка
Респуб. – 16
Македония – 3
Чад – 22
Молдавия – 4
Экваторлық
Гвинея – 1
Монако – 7
Эфиопия – 3
36
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
Норвегия – 13
Оңт. Африка – 1
Польша – 44
Португалия – 8
Ресей – 52
Румыния – 49
Сербия – 5
Словения – 4
Словакия – 14
Түркия – 38
Украина – 6
Финляндия – 28
Хорватия – 9
Чехия – 32
Швейцария – 8
Швеция – 10
Эстония – 2
Югославия – 5
Жалпы саны – 3 173
Қорыта айтқанда, ЭНА-ның мəртебесін оның бюджетінен жəне
құрылтайшысынан-ақ байқауға болады.
ЭНА – Францияның Премьер-министрінің тікелей бағыны-
сындағы, оның атынан жəне мемлекеттік қызмет пен Бас əкімшілік
басқарманың нұсқауын жүзеге асыратын, əкімшілік сипаттағы
француздың мемлекеттік мекемесі. Егер, 2006 жылы ЭНА-ның
жылдық бюджеті – €41,7 млн болса, 2009 жылы – €45 млн-ға өскен.
Оның үстіне мемлекеттің қаржыландыруы – €31,6 млн құраған.
Сонымен, шетелдіктерге қарағанда француздардың ЭНА-ға
қабылдануы күрделірек екенін бақауға болады. Өйткені, олар
тек қана тегін білім алып қоймай, кепілдендірілген мемлекеттік
қызметке жұмысқа орналасуға бөлінеді.
ƏДЕБИЕТТЕР:
1. http://www.aaeena.fr/
2. http://www.ena.fr/
37
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
азіргі уақытта Қазақстан аумағын мекендеуші ұлттар
мəселесін зерттеу шынымен де өзекті. Себебі тəуелсіздік
алған жылдардан бастап, ұлттық мемлекет құру, ұлттық
құн дылықтарды жандандыру, ұлттық экономиканы
қалыптастыру жəне ұлт ретінде əлем кеңістігінен белгілі
бір орын алу біз үшін маңызды. Бүгінгі күн тəртібіндегі мəселе, ұлттық
құндылықтарды қайтадан жандандырып, ортақ жалпықазақстандық
патриотизмді қалыптастыру, тілімізді өз тұғырына қондырып,
елімізде тұратын барлық ұлттар сөйлейтін тілге айналдыру. Алай-
да Қазақстанда тек қана қазақ ұлтын зерттейтін арнайы инсти-
тут бар деп айта алмаймыз. Зерттеу институттары еліміздегі өзге
ұлт өкілдерін соның ішінде басымдыққа ие болып отырған қазақ
ұлтын солармен бірге зерттейді. Заманауи талдау орталықтарының
жұмысы да мардымды, көңіл көншітерлік емес. Олардың
жұмысында, өкінішке қарай, уақытша, коньюнктуралық зерттеулер
басым. Еліміздің, мемлекетіміздің, ұлтымыздың болашағы үшін өте
маңызды кейбір тақырыптар мүлдем зерттелмей жатыр. Өкініштісі,
құрдымға кетіп бара жатқан кешегі кеңестік қалыптағы қоғам мен
жаңадан қалыптасып келе жатқан тіл бағдарлы қазақ қоғамы туралы
жөні түзу əлеуметтанушылық зерттеулер некен-саяқ. Біздің елдегі
əлеуметтану ғылымы негізінен мұратты-мақсатты зерттеулерден
гөрі ағымдағы саясаттың мəселелерімен, билікке қызмет етумен
ғана айналысып жатыр.
Рас, қазақ ұлтын өзге халықтар контекстінен бөліп қарастырудың
да өзіндік проблемалары бар. Ол ең алдымен тіл құндылығына
Тілдік құндылықтарына
байланысты Қазақстан
халқының өзін-өзі
сəйкестендіруі
Жазира ҚУАНЫШБАЕВА,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
PhD докторанты
Қ
38
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
байланысты. Қазақстандықтардың тілдік құндылықтары қым-
қиғаш, шатасып кеткен. Міне, осы жерден сəйкестілік аспектісі бой
көтереді. Жалпы, сəйкестілік мəселелері посткеңестік мемлекет-
терде тек қоғамдық пікірталастардың нысаны болып қана қойған
жоқ, сонымен қатар ауқымды ғылыми ізденістерге де негіз болды.
Оның ішінде бұл үрдіс саясаттану ғылымымен, əсіресе əлеуметтану
ғылымдарымен тығыз байланыста дамыды. Бұл ретте ТМД мүшесі
– Қазақстан қоғамындағы ұлттардың өзін-өзі сəйкестендіруіндегі
тіл құндылығының рөлі жеткілікті деңгейде қарастырыла қоймаған
зерттеу мəселесі болып табылады. Бұл салада Президент жанындағы
зерттеу орталығы, сонымен қатар ұлттық қарым-қатынастарды
зерттеп жүрген Р. Əбсаттаров, С. Өтешов, З. Шаукенова, Н. Шай-
мерденова, Э. Сүлейменова сынды т.б. отандық мамандарымыздың
еңбектерін атап өткен жөн.
Cоциолингвистикалық терминдер сөздігіне сүйенсек, сəйкестілік
ұғымы социолингвистикада тұлғаның анықталған этноспен, ұлтпен,
тілмен теңдестірілуінде түсіндіріледі [1, 46].
Əлеуметтік, мəдени жəне этникалық топпен сəйкестіктікте,
Г. Исимбаева атап көрсеткендей, жекелеген түрде күрделі процесс
болып табылады, индивидте айқын жəне жасырын сəйкестік болуы
мүмкін, ол əр түрлі негіздердің əсерімен табылады [2, 20].
«Сəйкестіліктер қақтығысы туралы маңызды дискуссиялық
сұраққа жауап беруге тырысу, өзінің автохтонды мəдениетіне де-
ген күн санап өсіп келе жатқан қызығушылықтарды түйсіну мен
мойындаудың қажеттілігі жəне ана тілге біздің республикамызда
этникалық сəйкестілікті сақтаушы құрал ретінде қарау өте маңызды»
деп атап көрсетеді Н. Шаймерденова. Оның дəлелдеуінше, жаңа
егеменді мемлекеттің полиэтникалық құрамы ұлттық саясатта
оның күші бола алса, бірақ ұлтаралық қақтығыстар кезінде əлсіздік
нүктесіне де айналуы мүмкін. Ғалымның атап өткеніндей, қазіргі
кезде біздің республикамызда екі жақты процесс жүріп жатыр,
бір жағынан, ұлтаралық қарым–қатынас аясын кеңейткен, əртүрлі
этникалық жəне əлеуметтік топтардың бір интеграциялық жəне
өркениеттік процестерге жұмылған, ақпараттық байланыстардың
даму процесі, екінші жағынан, жоғары дəрежеде барлық ұлт
өкілдерін өздерінің ұлттық, мəдени жəне тілдік сəйкестіктерімен
түйсіну [3, 270].
Республикамызда өмір кешіп жатқан əртүрлі ұлттардың тілдік
сəйкестігі туралы статистикалық мəліметтер көптеген ғылыми
əдебиеттерде көрініс тапқан, бірінші кезекте, 1999 жылы жүргізілген
39
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
санақтың нəтижелерінің арқасында біз тілдік сəйкестіктер туралы
хабардар бола аламыз [4, 86].
Жалпыхалықтық
санақтың
қорытындысында
этникалық,
мемлекеттік, орыс, ағылшын, неміс, француз жəне түрік тілдерін білуі
туралы сауалнама Қазақстанның əрбір аумақтарында, қалалық жəне
ауылдық жерлерде тұратын ұлттық топтарға олардың этникалық,
гендерлік ерекшеліктеріне байланысты жүргізілді. Бұдан бұрын, ең
бірінші рет мемлекеттік тілді толық меңгеруі туралы мəліметтер алын-
ды, олар мынадай критерийлер қатары бойынша айқындалды: білемін,
аздап білемін, білмеймін, үйренемін. Бұлардың барлығы да мемлекеттік
тілге қатысты сауалнаманың сұрақтары бойынша сараланды.
Республикадағы қостілділіктің айқын сипат алып отырғандығы
– қазақ-орыс қостілділігі жəне ұлттық – орыс қостілділігі. Көптеген
түркі тілдес (азербайжан, күрді, түрік, өзбек, ұйғыр) этностарға ұлттық
– қазақ-орыс көптілділігі тəн. Татарлар, башқұрттар, дұнғандар мен
шешендер бұлайша топтастыруда аралық орындарға ие.
Жоғары деңгейде тілдік сəйкестілігіне ұлттық – қазақ қостілділігі
тəн болып келетін тəжік ұлтын айрықша атап өтуге болады.
Біртілді ұлттардың арасында жоғары дəрежеде бəрінен бұрын
Кавказ халықтарын қоспағанда, славян тектес (белорус, поляк, укра-
ин) ұлттар, сонымен қатар армяндар, гректер, еврейлер, кəрістер,
немістер, молдавандар жəне мордва, удмурт, чуваш ұлтының
өкілдері белсенді орын алады.
З. Ахметжанова атап өткендей, бүгінгі таңда көптілді мемлекетке
айналып отырған Қазақстанда қос жəне полилингвизмнің көптеген
түрлері жасалды, олар таралу аймақтарымен, тілдер қызметінің əр
түрлі шеңберлерін қамтуымен, бірінші тілдің, екінші тілге əсер ету
құзіреті байқалады. Зерттеуші Қазақстандағы қос жəне көпділділіктің
таралуы тарихындағы төрт кезеңді бөліп алады. Бірінші кезеңнің
басы қазақ этносының қалыптасуына жəне басқа да көршілес мем-
лекеттермен байланысты. Ол кезде көптеген этникалық топтармен
тілдік байланысқа түсу қажеттілігі туындаған.
Екінші кезең Ресеймен арадағы əр саладағы есепсіз
байланыстардың кеңеюі мен бекуімен, Қазақстан аймағында орыс
тұрғындардың қоныстануымен байланысты болды, бұл қазіргі
кезде республикадағы ең басты тілдік жағдайды құраушы қазақ –
орыс қостілділігінің қалыптасуы мен дамуына бастау салып берді,
1999 жылы Қазақстанда тұратын тұрғындарға жүргізілген соңғы
санақтың нəтижесінде 75% қазақтың орыс тілін білетіндігі белгілі
болды. Екінші кезеңде де қазақ – орыс қостілділігі пайда болды,
40
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
ол əрі қарай жеткілікті түрде тарала алған жоқ. Міне, орыстар ара-
сында жүргізілген санақ олардың 14, 9%-ның мемлекеттік тілді
меңгергендігін көрсетсе, 85, 6%-ының аздап білетіндігін көрсетті.
Екінші кезеңде туындаған қостілділік типі ана тілдің психология-
лық жəне функционалдық басымдылығымен субординативтік
сипатқа ие екендігін көрсетті.
Қостілділік жəне көптілділіктің Қазақстандағы үшінші кезеңі
кеңестік уақытта басталды, 1931–1932 жылдардағы аштыққа ұлас-
қан коллективтендіру нəтижесінде жəне республика аймағына
көптеген халықтарды күшпен қоныс аудару салдарынан тұрғындар-
дың этникалық құрамында Қазақстан жерінде үстемдік құрып отырған
ұлттың санының азаюына алып келген түбегейлі демографиялық
өзгерістер кезеңімен қостілділіктің ендірілуі тұспа-тұс келді. 1939
бен 1979 жылғы санақ болған аралықта орыстар Қазақстандағы ең
саны көп халық болып табылған, ал украин жəне белорустермен бірге
республика тұрғындарының шексіз үлкен мөлшерін құраған.
З. Ахметжанова атап көрсеткендей, бұл жылдары негізінен орыс
тілін ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде дамытуға баса назар
аударылды. Ал қазақ тілінің витальдылығы жеткілікті бағаланған
жоқ жəне тамырына балта шабылды. Сонымен қатар бұл кезде
қазақ-орыс қостілділігі жəне сонымен қатар қостілділіктің басқа да
түрлері, жекелей алғанда, неміс-қазақ қостілділігі дамытыла баста-
ды [5, 301].
Саясаттанушы Б. Əбдіғалиевтің айтуына сүйенсек, қазақстан-
дықтардың көпшілік бөлігі ана тілін негізгі ұлтты дербестеуші
(этнодифференциалдық) фактор ретінде тұтынады екен, бірақ
статистикалық мəліметтер респонденттердің өздерінің дербес
қалауларына байланысты екендіктерін көрсетеді. Осы ретте, аталған
деректерге иек арта отырып, барынша обьективті жəне фактілік кри-
терий болып ана тілін меңгеру жəне қостілділікті жəне көптілділікті
меңгеру деп тұжырымдайды зерттеуші [5, 103].
Адамдардың
жəне
қоғамның
этникалық
сана-сезімінің
қалыптасуында А. Орысбаев пен А. Құлжабаева тұтасымен үш
бөлімді бөліп қарастырады:
1) Тіл этникалық сана-сезімнің маңызды индикаторына айнала
отырып, этникалық сəйкестікті түйсінуде приматтық болып табыл-
майды;
2) индивидтің жəне этникалық топтардың коммуникативтік функ-
циясын атқара отырып, тіл өзін адамның ұлтқа тəуелділігінің репре-
зентант екендігін көрсетеді,
41
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
3) бөтен тіл жергілікті автохтонды тілді ығыстырып, елдің
аймағынан шығарып тастай отырып, индивидтің жəне қоғамның
ана тіліне айналады, тілдік қақтығыстарға, тілдік қарама-
қайшылықтарға бармай-ақ, ана тіл қолданылуының кез-келген
шеңберінде коммуникациялық құрал ретінде қызмет атқарады [6,
190–198].
Е. Протасованың жазғанындай, тіл сəйкес келуі де мүмкін,
сəйкес келмеуі де мүмкін, мұндай оқиғалар тарихта көп орын алған,
сондықтан адамдардың белгілі бір ұлтқа жəне тілге тəуелділігін
естен шығаруға болмайды. Тілдің ықпал етуінің ерекшеліктері,
ана тілге деген қарым-қатынас жəне осы аталған терминнің өзі көп
кездерде дау тудырып жатады. Ана тілі деп, ең алғашқы үйренген
жəне ең маңызды болып табылатын, барлығы керемет жақсы
білетін, онымен өзін жеңіл сəйкестендіруге болатын тілді атайды
[7, 13–14].
Қазақстандық орыстар өздерінің этникалық сəйкестіліктерін
сақтай отырып, байланысып жатқан ұлттардың тілдік əсерлеріне
аз ұшыраған, мұның өзі тарихи мұрагерлікке байланысты, орыс
тілін білмейтін ұлттар орыс тілінің үстемдік құруына байланыс-
ты орыс тілін үйренуге тиісті болған, орыстар болса, ереже бой-
ынша əлеуметтік, қоғамдық жəне мəдени тұрғыда басқа тілдердің
қажеттілігін сезбеген, өйткені басқа тілдер тарапынан қажеттіліктер
тумаған.
Əртүрлі жастағы респонденттерден сауалнама жүргізу барысын-
да өзін-өзі ұлттық сəйкестендіруге байланысты, оның ана тілімен,
туған тілімен қарым-қатынасына байланысты сұрақтар алынған [8,
82–96].
Этникалық өзін-өзі сəйкестендірудің тұрақты позициясының фо-
нында сұралғандардың басым бөлігіне сауалнама жүргізу барысын-
да жазылып алынған басқа тілдерді өз ана тіліндей құрметтейтіні
жайлы да жауаптар қызықтырады. Көптеген адамдар өздерін осы-
лайша басқа тілдермен сəйкестендіреді екен. Мəселен, ұлты неміс
бір адам қазақ тілін ана тілі ретінде санады жəне өзі қазақтанушы
ғалым болып шықты. Оның отбасы 1941 жылы соғыс басталған кез-
де жер аударылып келген жəне қазақтың ауылына түсірілген. Сон-
да ол қазақ балаларымен емін-еркін араласып, олармен бірге ойнап,
қазақ тілін өз ана тіліндей үйреніп алған. Бұл отбасынан шыққан
үш адам қазақ тілі саласында қызметтер атқарады екен. Əрине, орыс
тілін отбасы мүшелерінің меңгеру, білу деңгейі жоғары, бірақ қазақ
тілін білгенге жетпейді.
42
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
Алматы қаласында туып-өскен ұлты қазақ бір азамат өзін қазақ
ретінде сəйкестендіреді, алайда ана тілін орыс тілі деп атаған. Ол
мұның мəнісін өзінің туғаннан орыс тілінде сөйлегенімен, қаладағы
орыс тілді ортаның əсер етуімен жəне мектепке дейінгі мекемелер-
де (балабақшада) тəрбиенің орыс тілінде жүргізілуімен, сонымен
қатар мектепте университетте де орыс тілінде жүріп-тұрғанымен
байланыстырады. Профессор Э. Сүлейменованың сөзіне қарағанда,
бұқаралық сауалнама жүргізу барысында мəдени басымдылық əлі
орыс тілінде тұрған сияқты, сонымен бірге қазақтардың аз мөлшері
0,8% көрсеткіште орыс тілін өздерінің ана тілі ретінде есептейді
екен [9, 15–25].
Тілдік сəйкестілік өз кезегінде Қазақстандағы жалпыадамзаттық
құндылықтар нəтижелері ретінде қарастырылды. Онда орыс тілінің
басымдылығы көрінеді. Тілдің құндылық ретіндегі қызметін
толықтай қарастырып көрелік:
Қазақстандағы құндылық қарым-қатынастар макро жəне микро
деңгейлерде көрінеді:
1. Генетикалық өзара байланыс генетикалық байланысқан
ұлттар ортақ дүниетанымның, мінез-құлық стандарттарының
қалыптасуының этникалық шығу тегін анықтайды.
2. Генетикалық тұрғыдан өзара қарым-қатынастағы жақын
ұлттардың айрылатын əсерінен саяси жəне идеологиялық
тырысушылықтары (сепаратизм, аймақты претензиялар) пайда болады.
Құрылымдық өзара қарым-қатынас Ұлттық Меннің бірнеше
компоненттерінің негізінде – тілдік топтар, конфессиялар, тарихи-
мəдени дəстүрлер, дүниетанымдық–психологиялық қондырғылар,
сонымен қатар демографиялық процестердің (урбанизация, мигра-
ция) біріктіретін əсерлерінде қалыптасады.
Құндылық
қарым-қатынастардың
барынша
тұрақтылығы
біртұтас конфессия аясында қалыптасады. Егер генетикалық жақтан
жақын халықтардың тілдік ортақтығынан құндылықты тұтастықтың
нормалары байқалатын болса, онда жақын емес ұлттарда бұл рес-
ми жəне мемлекеттік тіл негізінде жүреді, ол өзара түсінушіліктің,
жалпыұлттық келісімнің белгісі болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда бір тілде сабақ жүргізілетін
мектептердің пайыздық үлесі 75,8% құрап отыр, қазақ тілді мек-
тептер 36,6%, ал орыс тілді мектептер 38,2%, қалғандары 1,05%
– ұлттық тілдерде сабақ жүргізіледі. Бір уақытта қазақ тілінде де,
орыс тілінде де сабақтар жүргізілетін аралас мектептер 24,2% пай-
ызды құрап отыр.
43
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
Біздің ойымызша, көпұлтты қоғамдағы əр түрлі ұлттардың
өкілдерінің этникалық сəйкестігінің білдірілуінің индикаторы оның
мектепте немесе ЖОО-да оқу тілін таңдауына да қатысты болуы
мүмкін.
Тұрғылықты орнына қарай миноритарлық жəне біртектес бо-
лып табылатын аймақтардағы мектептер бір тілде сабақ жүргізеді,
көптеген ата-аналар «тілін білсін» деген ниетпен əрі ана тіліне деген
құрметпен өз балаларын ана тіліндегі мектептерге сабаққа беруге
ұмтылады. Мəселен, орыс пен тəжік диаспоралары көп шоғырланған
Оңтүстік Қазақстан облысында 2004–2005 жылы 80 283 бала
мектепті ана тілінде бітіріп шыққан, 6903 тəжік ұлтының өкілдері
де ана тілдерінде білім алған.
Əртүрлі ұлттардағы жастардың ЖОО-ға түсу кезінде қазақ не-
месе орыс тілдлерінің бірін таңдауы жастардың шыққан ортасына
қарай тілдік басымдылықпен де байланысты болып келуі мүмкін.
Сонымен қатар соңғы 2009–2010 жылғы мектеп бітіруші
түлектерінің ЖОО-ға түсу кезінде қандай тілді таңдағандары
статистикалық мəліметтерден белгілі болып отыр. Бұл мəліметтерге
сүйене отырып, біздің байқағанымыз, Қазақстанда тұтастай алғанда,
жастар қостілділікке ие, яғни олар қазақша-орысша жəне орысша-
қазақша тілдерді басқаларына қарағанда, жетік меңгерген.
ЖОО-ға түскеннен кейін жастар студенттік микроəлеуметтік
қоғам деп аталатын орта қалыптастырады, ол жастар ортасындағы
ең жоғары білім деңгейімен, демографиялық жəне əлеуметтік
біртектіліктің маңызды деңгейімен, коммуникативтік байланыстың
ауқымдылығымен, уақыт пен кеңістік бойынша тұрақтылығымен,
бұдан басқа екі тілдердің басым қолданысымен, яғни топтық
қостілділікпен сипатталатын, алайда индивидтердің тілдік
дəрежесінің аса бірдей еместігімен ерекшеленеді [10, 403–409].
Қазақстан Республикасындағы тілдердің ерекшелігі, мұнда
көптілділік тəн болып келеді. Себебі Қазақстан көпұлтты мемлекет
болып табылады. Əлеуметтік тіл білімі саласындағы қостілділік жəне
көптілділік ұғымдарының өзі мемлекет аумағындағы халықтардың
сөйлеу тілінің санына байланысты туындайды. Яғни нақтылап ай-
татын болсақ, елдегі сан түрлі ұлттық, этникалық мəдени топтар
өздерінің менталитеттіне, ұлттық ерекшеліктеріне қарай белгілі
бір сəйкестілікке ие болады. Бұл құбылыс Қазақстанда тəуелсіздік
алмай тұрып соншалықты зерттелген емес. Өйткені тəуелсіздіктен
алдыңғы кезеңдерде тек орыс тілінің ғана мүддесі көзделді, орыс
тілін басқа ұлттарға ана тілі етіп тағайындау көзделді. Сол кездегі
44
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
аға буын өкілдеріне мұның əсері тимей қалған жоқ. Олардың
көбісі қазіргі кезде тілдік сəйкестіліктерін ауыстырып алған. Тілдік
сəйкестілік динамикалық, яғни өзгермелі сипат алатындықтан, қайта
қалпына келтірілу үстінде.
Мəселен, жаңа айтып өткеніміздей, Қазақстандағы қазақ тілінде
сөйлей алмайтын ұлты қазақ азаматтардың бірқатары қазақ тілін
ана тілі ретінде есептейді. Ал аталмыш ұғымның төңірегінде соңғы
кездері айтылып жүрген даулы пікірлер бала дүниеге келгенде
қай тілде тілі шықса, сол тілді ана тілі деу керек деген мəселенің
төңірегінде өрістеуде. Яғни тілдік сəйкестілікті нақты анықтауда
ғылыми орта ортақ тұжырымға əлі келе қойған жоқ. Адамның
тілдік сəйкестілігі жүре пайда болады десек те, оның генетикалық
нышандарында ұлтынан, нəсілінен хабар беретін ақпараттардың
сақталатындығы аңғарылады. Осыларды қарап отырып, тілдік сана-
сезімнің қалыптасуы сəби құрсақта жатқан кезде басталатын болар
деген ой келеді. Аталған деректерге сүйенсек, олардың айтпағы,
тілдік сəйкестілікті зерттеуді бір бағытта қалдырмай, биологиялық,
анатомиялық, психологиялық ғылымдар байланысында да зерттеу
керек.
Көзіміз жеткен тағы бір қызықты жайт ел арасында жүргізілген
сауалнамалармен тікелей байланысты. Жұртшылық арасындағы
тілдік сəйкестілік қоғамның өзгеруімен де сипатталады, сол арқылы
сəйкестілік ауысып отырады. Азамат ана тілін жəне басқа əлеуметтік
топтармен қарым-қатынасқа түсуіне мүмкіндік беретін орыс тілін
білуімен қатар ағылшын, неміс, француз сияқты беделді тілдерді
меңгеруге де күш жігерін аямайды. Қарастырылып отырған бұл
мəселенің тілдік саясатпен байланыстылығы, шет елдердің қайсысы
даму дəрежесіне жетіп, дүниежүзілік бəсекеде геосаяси үстемдікке
жететін болса, онда сол тілдің мəртебесі мемлекеттің шеңберінде
ғана шектеліп қалмайды, ол басқа елдер үшін интенсификациялық
фактор болып табылады. Оған мысал ретінде ағылшын тілін алуға
болады. Сонымен қатар қазіргі кезде қытай тілін үйренуге деген
талпыныс бел алып келеді. Кез келген елдегі студент қауымының,
жастардың қосалқы тілдік сəйкестілікті қалыптастыруға ұмтылуы
қоғамдық процестердің ықпалынан туады деп айтуымыздың жөні
келіп тұр. Қазақстан халқының да тілдік сəйкестілігінің үш бағытта
(қазақ, орыс, ағылшын) дамуы жаһандану үрдісімен де тікелей бай-
ланысты. Жаһанданудың басты критерийлерінің бірі болып тілдік
сəйкестілік табылатындықтан, бұл процестерге ешкімнің де бей-
жай қала алмасы анық.
45
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
Қалай десе де, қазақстандықтар трансұлттық орта жағдайындағы
тілдік сəйкестілігі біржағынан жаһандану əсерінен, екіншіден
өзін елінің – мəдени болмысымен сəйкестендірудің қажеттілігін
сезінумен, үшіншіден, замандастарының тобымен сəйкестенудің
əсерімен қалыптасу үстінде. Өз кезегінде жаһандану үрдісімен байла-
нысты əлеуметтік, саяси жəне экономикалық өзгерістердің əсерімен
əлемде тілдік жағдай да біршама өзгеріске ұшырады, өзгерістердің
басым бөлігі тілдердің мəртебелік жағдайына қатысты. Қазіргі
жағдайларда республика жұртшылығының жаһандану үрдісіне
тартылуы қазақстандық қоғамның дəстүрлі өндірістен ақпараттық
кезеңге көшуінің көрсеткіші болып табылады.
Тұтасымен алғанда, заманауи қазақстандықтардың басым бөлігі
өздерін «əлемнің азаматтары», əлемдік қауымдастықтың бөлігі деп
сезінеді, мəселенің маңызын жалпы ғаламдық ауқымда түсінеді,
Қазақстанның жаһандану үрдісіне қосылуын мойындайды жəне бұл
қосылудың жағымды жақтары қажет деп табады. Ал бұл Қазақстан
халқы сəйкестілігінің басты мазмұнын анықтап тұр.
Қазақ халқының жеке өзіне тоқталар болсақ, біз кез келген өзгерісті
қабылдауға, егер өзімізге ұнаса соны сіңіріп алуға дайын ұлтпыз.
Əлеуметтанушы М. Садыроваша айтсақ, халқымыз қонақжай, да-
нышпан, кең пейіл екені екібастан белгілі. Осы мінезіміздің кейде
теріс салдары болып жататыны жасырын емес. Себебі, қазақтан
өзге одақ құрамында болған елдердің ешқайсы сында дəл біздегідей
тіл мəселесі ушығып тұрған жоқ. Ұлттық тілді білмеудің соңы, ұлт
дəстүрінен мақұрым қалуға əкеліп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |