Бала дамуындағы екі факторлы, конвергенция теориясы ХІХғасыр конвергенция , екі факторлы теория пайда болды . Негізін салған В. Штерн оның айтуынша, психикалық даму конвергенция ( қосылу) , яғни ішкі және сыртқы жағдайлардың қосылуынан пайда болды . Мысалы , бала ойынына қоршаған орта ойынға қажетті материал дайындайды., ал баланың онымен ойнауы ойын түйсігіне байланысты. В. Штерн дифференциалды психология өкілінің маманы болған .
Психологияда тағы екі теория тұжырымдамалары бар , эмпиризм ( бала - таза тақта) және нативизм (Туа біткен ойлар ) Штерн осы екі қарама- қарсы көзқарастың өмір сүруінің негізі болса , онда олардың қосылуында ақиқат жатыр дейді. Штерн рекапитуляция тұжырымдамасын жақтаушы болды . Ағылшын психологы Г. Айзенк (1916-1997) интеллект 80% тұқымқуалаушылықпен , ал 20% әлеуметтік орта әсерімен анықталады.деп атап көрсетті
Әлеуметтік үйрету тұжырымдамасы баланың қазіргі заманға бейімделуін және оның қазіргі заман әдеттері мен нормаларын игеруін көрсетеді. Әлеуметтену дегеніміз қарым- қатынас пен іс-әрекет барысында индивидтің әлеуметтік тәжірибені белсенді меңгеру үрдісі мен нәтижесі.
Атақты американ психологі Р.Сирс (1908-1998 ) жеке тұлға дамуының диадалық анализ принципін ұсынды . Бұл принцип тұлғаның көптеген алғашқы қасиеттері диадалық жағдайларда қалыптасатынын тұжырымдады .Сирс бала дамуының 3 фазасын жекешеледі.
Рудиментарлық тәртіп фазасы- ерте нәрестелік кезде қалыптасқан туа біткен қажеттіліктер мен үйретулерге негізделген .
Алғашқы мотивациялық жүйелер фазасы—үйрету отбасынан басталады.
Екінші мотивациялық жүйелер фазасы-- үйрету отбасынан тыс жерлерде жүзеге асады .
Сирс үйретудің негізгі компоненті көреалмаушылық . деп есептеді .
Сирс тәуелді тәртіптің бес формасын көрсетті
«Негативті алаңдау»- бала ата- ананың көңілін ұрыс арқылы немесе оларды тыңдамай және ара- қатынасты бұзу арқылы өзіне зейінін аударғысы келеді. Мұның себебі , төмен талаптар мен балаға қатысты шектелудің жеткіліксіздігі.
« Ұдайы растауларды іздеу» - кешірімдер , өтініштер, артық уәделер, немесе қорғаныш сая, жұбаныш іздеу .
«Позитивті зейін аудару»- топқа мүше болып кіру немесе өзінің іс- әрекетіне мақтауды талап етуден байқалады
«Жақын арада болу»- бір баланың немесе топтың жанында әрқашанда ересектердің болуы. Бұл форманы «піспеген» деп атауға болады , яғни іс- әрекеттегі ұнамды тәуелділіктің көрінуінің пассивті формасы.
«Қол тигізу және жібермеу» бұл агрессивті емес қолын тигізу, құшақтау немесе басқаларды жібермеу. Бұл жерде тәртіптің піспеген тәуелді формасын айтуға болады.
Жаңа тәртіпті қалыптастырудағы марапаттау мен жазалау ролін американ психологі необихевиорист Б.Скинер 1904-1990 жылдары қарастырды. Оның тұжырымдамасының негізгі түсінігі бекіту, яғни осы іс- әрекеттің қайталану мүмкіндігінің көбеюі немесе азаюы .
Б.Скинер жазалауға қарсы шықты , оның ойынша ол тұрақты және ұзақ эффект бермейді, ал жазалау жаман іс –әрекеттерді елемеуді ауыстыра алады.
Американ психологі У.Бронфенбренер зертханалық зрттеулердің нәтижелерін табиғи жағдайларда тексеру қажет деп есептеді, яғни отбасында құрбы- құрдастар мен топтарда т. б Бронфенбреннер америка жанұяларында «жастық сегрегациялар» феноменінің пайда болуын зерттеді. Бұл феномен жастардың қоғамда өз орнын таба алмауына байланысты тұжырымдалады . Мұның нәтижесінде адам өзін қоршаған адамдардан үзіліп қалғандай сезінеді және олармен өштесіп алады. Адамдардың басқа адамдардан және жұмыстан жекеленіп қалғандай сезіну фактасі америкалық психологияда «бөтендену» деген атпен танылды.
Бронфенбреннер бөтенденудің түп тамырын қазіргі жанұялардың келесі ерекшеліктерінен көрді :