Жоспар: Жас ерекшеік психологиясының пәні. Психикалық даму теориялары


Жас ерекшелік психологиясының ғылыми зерттеу әдістері



бет4/13
Дата09.11.2022
өлшемі49,42 Kb.
#48763
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Жас ерекшелік психологиясы 1 3

3.Жас ерекшелік психологиясының ғылыми зерттеу әдістері
Қазіргі заманымызда зерттеу әдістерін төрт топқа бөліп қарастырады.
Бірінші топ ұйымдастыру әдістері деп аталады. Бұған салыстырмалы, лонгитюдты және комплексті әдістер жатады.
Екінші топқа эмпирикалық әдістер (тест, анкета, сұрақ жиынтығы, социометрия, интервью, әңгімелесу) жатады.
Үшінші топты мәліметтерді өңдеу әдістері (статистикалық талдау, сапалық талдау) жатады.
Төртінші топты интерпретациялық әдістер құрайды. Оларға генетикалық (даму деңгейлерінің «вертикалды» байланыстарын қарастырады) пен құрылымдық (даму деңгейлерінің «горизонталды» байланыстарын қарастырады) әдістер жатады.
Кез-келген психологиялық зерттеу төрт кезеңнен тұрады, олар:

  1. дайындық кезеңі;

  2. нақты әдістемелерді қолдана отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  3. алынған мәліметтерді өңдеу, талдау;

  4. интерпретациялау, болжамның расталуын айқындау.

Даму психологиясында қолданылатын жалпы психологиялық эмпирикалық әдістер
Эмпирикалық әдістер (тест, анкета, сұрақ жиынтығы, социометрия, интервью, әңгімелесу) жатады. Даму психологиясында эмприкалық зерттеуді ұйымдастыру аса маңызды.Даму психологиясында көп қолданылатын әдістің бірі - кесінді. Кесінді әдісі обьектінің әр кезеңіндегі даму қалпының констатациясын , өлшемін көрсетеді. Кесінді әдісі екі түрлі жолмен жүреді. Көлденең әдіс -әр түрлі жастағы адамдарды бір мезгілде салыстыру. Мысалы, 6,7,8, жастағы балалардың мақал- мәтел дерінің мағынасын түсіну ерекшелігін зерттеу нәтижелері талданады. Алынған нәтижеге сай график салынады, одан жастың өсуне қарай мақал -мәтелді түсіну деңгейінің жоғарылағанын анық байқауға болады.
Даму психологиясының арнайы әдістері
Жалпы психологияның теориялық және практикалық зерттеу әдістерінің негізгілері даму психологиясына да тән.Олардың негізгісі – бақылау әдісі мен эксперимент.
Бақылау-таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп, психикалық әрекеттерінің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттау. Бұл әдісті бұрын ұйымдастырған жағдайда адамның іс-әрекеті, қылығы туралы объективті мәліметтер алуға болады. Бақылаушы зерттеушінің өзінің тіршілік әрекетін өзін табиғи түрде ұстайды. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңде - ойын үстінде, мектеп оқушысын - сабақ барысында, ересек адамды - мамандық іс-әрекетінде т.б. бақылай отырып, психолог сол адамның айтқан сөздері, қылықтары, іс-әрекеті туралы мәлімет алады.
Сонымен қатар бақылау даму үстіндегі адамның психологиясын жүйелі талдауға мүмкіндік туғызады, сондықтан бұл бақылау әдісінің құндылығы болып табылады. Бақылау әдісі арқылы алынған фактілер өте бағалы. психолог В.Штерн өз қыздарының дамуы барысын бақылау нәтижесінде сөздің даму жайында екі томдық зерттеуін дайындап шығарған. Ал,1925 жылы Ленинградта Н.М.Щеловановтың басқаруымен балалардың қалыпты даму клиникасы құрылды. Ол жерде баланы күніне 24 сағат бойы бақылаған. Айтарлықтай,сол клиникада бала өмірінің алғашқы жылын сипаттайтын негізгі фактілер ашылған. Жалпыға мәлім Ж.Пиаже өзінің үш баласын бақылау негізінде интеллектінің сенсомоторлы даму концепциясын жасаған. Д.Б.Эльконин мен Т.В.Драгуновка бір сыныпты ұзақ уақыт (үш жыл бойына) бақылау нәтижесінде жеткіншек шақтың психологиялық сипаттамасын беруге мүмкіндік берді.
Бақылау әдісінің кемшілігі-зерттеуші өзі күткен көрінісін ұзақ уақыт тосуға тиіс, ал ерекшелігі-адамның психологиялық көріністерінің табиғи сақталуын қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет