а) құрғақ май өлшегішке тығыздығы 1,81-1,83 г/см310 мл күкірт қышқы-лын құяды.
ә) Күкірт қышқылының үстіне пипеткамен 10,77 мл зерттелетін сүт сына-масын алып, пипетканы 45° көлбеу ұстап, май өлшегіштің қабырғасымен жаймен құяды. Сүт күкірт қышқылымен араласып кетпей, оның үстіңгі бетіне түсу керек. Пипеткадан соңғы сүт тамшысы тамған соң, пипетканы сол көлбеу қалпында 7 секунд тыныш қалыпта ұстап тұрады . Пипетка ұшында қалған сүт тамшысын үрлеп тусіруге болмайды;
б) Май өлшегішке пипетка көмегімен 1 мл изомил спиртін тамызады;
в) Май өлшегіштің аузын толық тығындап, сүт құрамындағы ақуыздар то-лық еріп кеткенше бірнеше рет айналдырады және оны температурасы 65+20С суға 5 минут тығынын төмен қаратьшп ұстап тұрады;
г) Ішінде сүт сынамасы бар май өлшегіштерді (5 май өлшегіштен кемболмау керек) судан альш, центрифуга ұяшықтарына тік қальпта шкалаларын центрге бағыттап орналастырады;
ғ) Центрифуганы 1000-1200 айн/мин жиілікпен 5 манут айналдырады. Бұл жағдайда сүт температурасы төмендейді. Сондықтан, май өлшегіштерді центрифугадан алған соң, қайтадан температурасы 65±2°С суға сальш, 5 минут ұстайды;
д) Май өлшегіштерді судан шығарып, сыртын құрғақ сүлгімен сүртіп, жинақталған қабатының қалыңдығын приборлардың шкаласынан өлшеп алады.
Сүттің нақты майлылығы май өлшегіштер көрсеткіштерінің арифметикалық ортасы көрсетеді. 1 суретте май өлшегіштің шкаласы схема түрінде келтірілген. Бұл жағдайда сүт майлылығы 3,2% болып тұр.
2.2.2. Сүт қышқылдығын анықтау (МЕМСТ 3624-93) Сүт сапасының маңызды көрсеткіштерінің біpi - қышқылдық. Сүт қыш-қылдығы оның құрамындағы қышқыл тұздардың, органиқалық қышқылдардың (лимон қьшқылы, сүт қышқылы, кейбір қосылыстардың гидролитикалық жік-телу нәтижесінде пайда болатын қышқылдар, мысалы сүт майының жіктелуі, т. б.) мөлшеріне байланысты. Сүттің қышқылдығы оның қаншалықты ескірмегенін (свежесть) көрсетеді. Мысалы, жаңа сауылған сиыр сүтінің, қыш-қылдығы 16- 18°Т болады.
Құрамы күрделі, полидисперсиялық жүйе болғандықтан,сүтәртүрлі мик-роорганизмдер мен бактериялардың дамып, көбеюіне өте қолайлы орта болып табылады. Осы микроорганизмдердің даму нәтижесінде сүтті сақтау кезінде оның құрамында қышқыл заттар көбейіп, сүттің титрленетін қышқылдығы арта түседі. Сондықтан, сүт қышқылдығы оның тазалығын және сақталу ұзақтығын көрсетеді.
Сүттің қышқылдығы Тернер градусымен өшенеді. Ол 100 мл сүттің құ-рамындағы қышқылдарды жоюға жұмсалатын децинормаль сілті (КОН - күй-діргіш кали немесе NaOH - күйдіргіш натр) мөлшерін (милилитрмен) көрсе-теді.
Сүттің титрленетінқышқылдығын МЕМСТ 3624-93 талаптарына сай анық-тайды. Ол үшін қажетті затгар:
-Сыйымдылығы 150-200 мл конусты колба;
- 50 мл зерттелетін сүт сынамасы;
- 100 мл айдалған (дисциллированная) су;
- 5 мл фенолфталеин;
- 5 мл КОН немесе NaOH 0,1Н ертіндісі;
- Пипеткалар бекітілген штатив.
Сүттің қышқылдығы қатарынан 5 рет анықталып, нақты көрсеткіш ретінде осы анықтаулардың арифметикалық ортасы алынады.