Сүттің тазалығын анықтау
Сүттің тазалығы ГОСТ 8218-56 «Сүт. Оның тазалығын анықтау әдісі» бойынша анықталады. Бұл әдіс 200-250 мл сүтті сүзгіден өткізген кездегі ондағы механикалық ластардың (түйіршіктердің) сүзгіде қалғанын эталонмен салыстыру арқылы анықталады.
Құралдар мен материалдар. 27-30 мл диаметрлік сүзгіш беті бар, ақ матадан немесе ақ дәкеден жасалған құрал.
Анықтау тәсілі. 200-250 мл жақсы араласқан сүтті сеткасының үстіне ақ мата немесе ақ дәкеден жасалған сүзгіш төселген арнайы құрал арқылы өткіземіз. Сүт механикалық ластардың ( түйіршіктердің) санына қарай үш топқа бөлеміз:1топ-сүзгіде механикалық түйіршіктер болмайды, 2 топ-сүзгіде аздаған уақ түйіршіктер болады, 3 топ- сүзгіде уақ және ірі түйіршіктер болады.
Сүттің бактериялық ластануын анықтау
Сүттіңбактериялық ластануы ГОСТ 9225-687 «Сүт және сүт тағамдары. МИкробиологиялық зерттеулер әдісі» бойынша анықталады. Ол редуктазаның метилен көмегімен ағару, резазурин әдісімен анықталады. Бұл әдіс микробтардың редуктаза ферментінің метилен көгіндегі оттегі (О2) молекуласын қосып алуын пайдаланады. Метилен көгінен оттегі молекуласы неғұрлым тез кетіп, ағаратын болса, микробтар санының да соғұрлым көп болғаны.
Аспаптар мен реактивтер. Редуктазник су ваннасы (жылу реттеушімен), 20 миллиметрге арналған 180 сантиметрлік пробиркалар, 1,20 миллиметрге арналған пипеткалар, метилен көгі (МРТУ 6-09-29-
Анықтау тәсілі. Бірінші мақсат – редуктазаның метилен көгін ағарту шамасын байқау. Стерилденген пробиркаға 1 миллилитр метилен көгін құямыз да үстіне анықтауға арналған 20 миллилитр сүт қосып, тығынмен мықтап тығындап, үш рет аудару жолымен араластырамыз. Содан кейін пробирканы редуктазникке не болмаса 38 градусқа дейін қыздырылған су ваннасына саламыз. Судың деңгейі пробиркадағы қосылыстың деңгейінен жоғары болуы керек. Пробирканы редуктазникке не су ваннасына салған кезді анықтау уақытының басталғаны деп есептейміз.Метилен көгінің ағаруын әуелі 2 сағат 30минуттан кейін бақылаймыз. Метилен көгі ағарса – анықтау уақыты бітті деп есептеледі. Енді төмендегі таблицаға назар аударайық.
Сүт құрамының өзгеру мөлшері.
1
|
2
|
3
|
4
|
Сүттің класы
|
Сүттің сапасы
|
Ағарған уақыты
|
1 мл сүттегі бактерия-лардың саны
|
І
1
|
Жақсы
2
|
5 сағат 30 минуттан астам
3
|
500 мыңнан астам
4
|
ІІ
ІІІ
ІV
|
Қанағаттанарлық
Жаман
өте жаман
|
2 сағаттан 5 сағат 30 минутқа дейін
20 минуттан 2 сағатқа дейін
20 минуттан аз
|
500 мыңнан 4 миллионға дейін
4 милллионнан 20 миллионға дейін
20 миллион, кейде одан да көп
|
Онда сүттің бактериялық санын редуктазаның метилен көгін ағарту уақытына байланыстылығын анықтау әдісі көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |