Жоспар: Кіріспе Сүт өнімдерінің көрсеткіштері



бет15/17
Дата27.09.2023
өлшемі184,5 Kb.
#110929
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ref -sut-onimderi-27 2

Мысал. Ареометр көрсеткіштері бойынша сүт тығыздыгы 1,0292 г/см , aл температурасы 24.2°С болды. Олай болса сүттің нақты тығыздығы: 1 ,0292 + 4,2 * 0,0002 = 1 ,02944 г/см3
Жаңа сауылған сиыр сүттің қышқылдығы 16-180T, Бөтелкелер мен картон пакеттердегі табиғи сүт қышкьпғдығы 210Т-ден аспау керек, ал флягқа құйылған табиғи сүттің қышқылдығы 22 °Т-ден аспау керек. Табиғи сүттің тығыздығы ареометр көмегімен анықталады және 1,028-1,034 г/см шамасында болу керек. Өндірісте сүт тығыздығы градуспен өлшейді. Егер, ареометр шкаласы 1,031 көрсетсе, сүттің меншікті салмағы, яғни тығыздығы 31 градус больш саналады. Сүттің тығыздығына оның майлылығы тікелей әсер етеді. Сүттің майлылығы артқан сайын оның тығыздығы азая түседі, яғни майы алынған сүттің меншікті салмағы табиғи сүттің меншікті салмағынан жоғары болады. Бірақ, табиғи сүт пен су қосылған немесе майы алынған сүттің тығыздығы бірдей болуы да мүмкін. Сондықтан, сүт майлылығын тек оның тығыздығы арқылы бағалауға болмайды.
Сол себебтен, сүт сапасын бағалап, сараптағанда міндетті түрде оның майлылығын да МЕМСТ 5867-93 талаптарына сай анықтайды.
Сүт майлылығын анықтау (МЕМСТ 5867-93)
Сүт майлылығын МЕМСТ 5867-93 талаптарына сай арнайы май өлшегіш (жиромер) комегімен қышқылдық әдіспен анықтайды. Бұл әдіс бойынша сүт құрамында майды күкірт қышқылы мен изомил спирті көмегімен сүттің бір қабатына жинайды. Май мөлшерін май өлшегіштің шкаласы көрсетеді.
Сүт майы құрамында оны жылдам ерітетін ферменттер мен витаминдер көп. Сондықтан, сүт майын адам ағзасы женіл және толық қорытады. Сүт майы құрамында келесі қышқылдар бар: олеин қышқылы - 47 %-ке дейін, лиристин қышқылы - 20%-ке дейін, пальмитин қышқылы - 18 %-ке дейін, лаурин қышқылы - 6,5 %-ке дейін, май қышқылы - 2,9-4,5 %, лимон қышқылы - 0,2 %.
Сүт майының балқу температурасы төмен - 28 30°С, оның адам организмінде қорытылу деңгейі 100%-ке жақын, яғни 97-99%. Себебі, құрамындағы қышқылдар қысқа көміртек тізбектерінен (С4-тен C8-гe дейін) тұрады, сондықтан олар адам организмінде жеңіл синтезделеді.
Сүт майлылығын анықтау үшін қажетті заттар:
- Maй өлшегіш (жиромен);
- тығыздығы 1,81 -1,82 г/см3 күкірт қышқылы;
- Изоамил спирті;
- Зерттелетін сүт сынамасы (15 мл);
- Пипетка;
- Центрифуга ЦМ -1200


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет