Жоспар: Кіріспе Сүт өнімдерінің көрсеткіштері


Экологиялық сертификаттау



бет4/17
Дата27.09.2023
өлшемі184,5 Kb.
#110929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ref -sut-onimderi-27 2

Экологиялық сертификаттау.
Экологиялық сертификаттаудың мақсаты өнім өндірушілнрдің қоршаған ортаға, табиғатқа, тұтынушыларға, олардың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне және өмір сүретін ортасына аз түрде зиян келтіру керек.
Көпшілік өнімдер үшін экологиялық сертификаттау және белгісі бәсекелестіктің көрсеткіші ретінде пайдаланады
Қазақстан Республикасы экологиялық қиындықтарға көп ұшыраған аймақ ретінде, экологиялық сертификаттауды үш топқа бөлуге болады.

  • Қазақстан Республикасының заңдарына байланысты өнім, үрдіс, жұмыс, қызмет етуге, экологиялық талаптарды мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес келтіру;

  • Сертификаттау жүйесінің ережесі бойынша экологиялық ерекшелігіне сәйкес сертификаттауға жатпайтын объектілер;

  • Қоршаған орта, оған сертификаттау жұмысының нормалық құжаттары жасалмаған болса.

Экологиялық сертификаттаудың негізгі объектілері
1 Қоршаған табиғи ортаны қорғау объектісі. Оған табиғи орта, табиғи қор және табиғи компоненттер кіеді.
2 Қоршаған табиғи ортаны ластайтын көздерге техникалық көздер, яғни, өндірістік- технологиялық үрдістер, өндірістің қалдықтары, қарым – қатынас кешені, олардың объектісі мен жүйелері кіреді.
3 Табиғат қорғауға арналған өнімдер – табиғат қорғау технологиясы, табиғат корғау құрылыстары және экологиялық қызмет ету кіреді.
4 Экологиялық ақпараттық қаржы, өнімдері және технологиясы, оған экология саласындағы ақпараттық хабарлар, экологиялық мәліметтердің базасы мен банкі, экология саласындағы бағдарламалар, қоғамдық ортадағы экологиялық ластанудың моделі, экологиялық моделдер жатады.
Сүттің сапасын бағалау
Шаруашылықтың әртүрінен сатып алынған сүттің сапасы өндірістік өңдеу үшін МЕМ СТ 13264-88 Сиыр сүті. Сатып алудағы талаптар талаптар бойынша шектеледі.
Осы стандартқа сәйкес, сүт дені сау сиырлардан, әртүрлі жұқпалы аурулардан аман, ветеринарлық-санитарлық ережелерге сәйкес шаруашылықтың түрлерінен алынады. Сапасы бойынша сүт мынандай талаптарға сай болуы керек.
Сүт сауғаннан кейін механикалық қоспалардан тазартылып 2 сағаттан кейін температурасы 6°С-қа дейін салқындатылуы тиісті. Сүт табиғи , ақ, сарғыш түсті, тұнбасыз. Сүтті қатыруға болмайды.
Сүтке тән емес заттардың антибиотиктер, жуып-дезинфекциялайтын заттар, сода, аммиак болмауы тиіс. Сүтте ауыр металдар, мышьяк, афлотоксин М1 және пестицидтер қалдығы ҚР ОБД министрлігінің денсаулық комитеті бекіткен жоғары ұлықсат деңгейінен жоғары болмауы керек.
Сүттің тығыздығы 1,027 кг/м³ кем емес болу керек.
Балалар тағамын жасауға және стерильдеуге арналған сүт жоғары және бірінші сортқа сәйкес болуы, ал соматикалық клеткалардың мөлшері 500 мың/см³ аспауы , термотұрақтылығы 2 топтан кем болмау керек.
Сүтті органолептикалық бағалау.
Сүттің органолептикалық зерттеулеріне түсін, дәмін, иісін және консистенциясын анықтау кіреді.Сүттің органолептикалық қасиетін оның құрамындағы май-нәзіктік, сүт қанты-тәуліктік, белок пен минералдық заттар – дәмінің толық болуын қамтамасыз етеді.
Түсі. Цилиндр мөлдір шынысында күндізгі жарықта түсінің бірқалыптылығын анықтайды.
Иісі. Бөлме температурасында, сүттің иісін мұрынға тартып, ауыз арқылы ауаны шығарып тексереді,
Консистенциясы. Таза шыны колбаның қабырғасы арқылы шайқағанда немесе құйғанда, біркелкі ағу барысында май, белок түйіршіктерінің болмауы немесе біркелкі ағуы арқылы сынайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет