Жоспар: Кіріспе Сүт өнімдерінің көрсеткіштері


«Қайсар - сүт» шығаратын сүт өнімдерінің сапасын анықтау әдісі



бет6/17
Дата27.09.2023
өлшемі184,5 Kb.
#110929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
«Қайсар - сүт» шығаратын сүт өнімдерінің сапасын анықтау әдісі.
«Көкқайсар – сүт» - да сүтті көптеген шаруашылықтардан алғанда қазіргі кездегі ГОСТ 13277-79 талабы бойынша қабылдап алады. Сүтке қойылған осы үлгінің талабы бойынша ол дені сау сиырдан сауылып, қаймағы алынбаған, ашымаған, ашуға айналмаған, салқындатылған және ешқандай лас нәрсе түспеген, таза болуға тиіс. Өнімдердің сапасын бағалау үшін үлгі алу жұмыстары осы стандарт талаптарына сай, сапа көрсеткіштерін анықтауға жүргізіледі.
Өнімнің сапасын бағалау жұмыстары “Қайсар - сүт” зертханаларында жүргізіледі. Ондағы алынған мәндер формулалар көмегімен есептелінеді.
Сапа көрсеткіштерін анықтау барысында қажетті дәлдікпен, м
Сүттің механикалық тазалығын анықтау
Сүттің тазалығының үш түрі бар:
1-ші топ сүзгіште лас түйіршіктердің болмауы
2-ші топ сүзгіште лас түйіршіктердің аз ғана іздері болады.
3-ші топ сүзгіште сарғыш түсті нүктелер сияқты лас түйіршіктер кездеседі.
Егер өлшейтін болсақ, 1 литр сүтте , 1-ші топта 3мг, ал 2-ші топта 4-6мг,3-ші топта 7-10 мг лас түйіршіктер кездеседі.
Анықтау тәсілі: Рекорд пробиркасының елегінің үстіне дәкеден немесе фанель, лавсан матасынан дөңгелек сүзгіш жасап саламыз. Сауған сүтті жақсылап араластырып(шелекте, сауу аппаратында,танкте, цистернада ) ыдыс түбіне жақындата 250 мл сүт аламыз. Сүтті прибор арқылы өткізіп, сүзгіштегі механикалық ластардыэталонмен салыстырамыз.
Сүттің тазалығын анықтайтын эталон
А/ 1-топ б/ 2-топ в/ 3-топ

Сүттегі эритроцитті және іріңді анықтау
Пробиркаға аз ғана бензидиннің 2 мл, 96º ректификат спирт пен 2 мл 3%-тік сутегінің асқын тотығында ерітіндісін қатты шайқап 3-4 тамшы сірке қышқылы және 4-5 мл сүт құйып араластырамыз, 20-30 минут өткеннен кейін қою-көкшіл түстің пайда болуын сүтте эритроцит пен іріндінің бар екенін көрсетеді.
Сүттің микробиологиялық көрсеткіштерін анықтау

  1. Үлгіні таңдап алу (іріктеу).

1.1. .МЕМСТ 26809-86 және МЕМСТ 13928-84 қабылдау ережесі және жалпы үлгіні таңдап алу.
1.2. Пастерленген сүт және сүт өнімдерінің үлгісін микробиологиялық анализге сондай-ақ физика-химиялық және көзмөлшерлік анализдерге де іріктелініп алынады.
1.3. Микробиологиялық анализге алынған үлгіні стерильденген ыдысқа стерильденген бұйымның көмегімен алады.
1.4. Үлгіні таңдап алу және өнімді таңдап алар алдында іріктегіш арқылы өнімді араластырады, ол қасық, метал трубка, шпатель немесе талапқа сай бұйым болады және оларды әр қолданар алдында стерильденген фламбүрленген немесе автоклавта болуы керек.
Редуктазаны анықтау үшін таңдап алынған шикі сүт үлгісін парланған, қайнатылған немесе хлорланған және ас суымен шайылған, өңделген метал трупкалар жіберіледі.
1.5. Микробиологиялық анализін анықтау үшін өнімнің үлгісін таңдап алу.
1.5.1. Дайындау сүті.
Біріктірілген сынақ 500см3 көлемді нүктелерден тұратын сынақ, әр фляг пен цистернадан алынған сүтке көзмөлшерлік баға беріледі және МЕМСТ 3624-92 әдісіне сәйкес оның қышқылдылық шегін сұрыптайды. Редуктазалық сынақ пен сынақтағы ингибирлеуші заттардың бар болуын анықтайтын біріктірілген үлгі сүтінен 50-60см3 көлемінде үлгіні бөліп алады.
1.5.2. Сүзбе және сүзбе өнімдері.
Тұтынушылық ыдысына түскен өнімнің ішінен 15-20г (үстінгі анализ үшін таңдап алады. Алынған сынақты стерилденген ыдысқа салып, стерилденген тығынмен жабады.
Тасымалдайтын ыдысына түскен дайын өнімнен сынақ алар алдында үстіңгі бетін тазалап тастайды.
Сынақтың шетінен 3-5см арақашықтықта стерилденген қуыс бұрғымен (щупам) алады, қуыс бұрғыны қарсы бетке қисайтып ¾ ұзындығын түсіреді.
Өнім бағасынан қуыс бұрғыдан стерилденген шпателмен 15-20г сүзбе немесе сүзбе өнімдерін алады және стелденген ыдысқа салып, стерилденген тығынмен жабады.
1.6. Сынақты ыдысымен немесе тұтынушылық ыдыстағы сынақты этикетін жабдықтайды, онда мыналар көрсетіледі:
- сынақтың нөмері;
- аталуы мен өнім өңделген сағаты технологиялық үрдіс біткен уақыттан бастап;
- сынақты алған сағаты мен күні;
- сынақты алған адам лауазымы, қолы;
- қажетті анализдер көлімі;
- шығарылатын өнімнің нормативтік-техникалық құжатын белгілеу.
1.7. Өндірістен тыс зертханаға жібірілетін сынақты пломбирлейді немесе сүргі салу және этикеткамен жабдықтайды, онда мыналар көрсетіледі:
- сынақтың номері,
- аталуы және өнім сортты;
- нөмірі мен партия көлемі;
- күні мен өнім өңделген сағаты, технологиялық үрдіс біткен уақыттан бастап;
- сынақ алынған күні мен сағаты;
- сынақты алған адам лауазымы, қолы;
- қажетті анализдер көлемі;
- шығарылған өнімнің нормативті техникалық құжаттарын белгілеу.
1.8. Өнімнің микробиологиялық анализін сынақты алғаннан кейін 4 сағаттан көп емес уақытта жүргізеді.
1.9. Сынақ зерттеу басталғанға дейін сақталуы мен тасымалдануы келесідей жағдайда, өнімнің температурасы 6°С жоғары емес, мұздату рұқсат етілмейді, ал балмұздақ үшін - 2°С жоғары емес болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет