60
ұғымын қолданды) еңбектерінде зерттеу нысанына алынды. Ал Л.И. Скворцов,
А.П. Сковородников, Е.Н. Ширяев, т.б. ғалымдар тілдік агрессияны
лингвоэкологияның аясында зерттеп келеді.
Қазақ тіл білімінде бұл мәселе тілдік агрессия, өшпенділік тілі ұғымдары
арқылы зерттеле бастады. Оған, әсіресе, медиа саласындағы мамандар арнайы
көңіл бөліп, медиакеңістіктегі үдерісін бақылап келеді. Сондай медиа
орталықтың бірі – еліміздегі MediaNet халықаралық журналистика орталығы.
MediaNet 2017 жылы «Қазақстандағы әлеуметтік
желілердегі өшпенділік
тілінің мониторингін» жариялады. Бұл басылымда Facebook әлеуметтік
желісінің
қазақстандық
сегментіндегі
пікір
көшбасшыларының
жарияланымдарындағы өшпенділік тілінің мониторингі мен сараптамалық
талдау материалдары берілген. Мұндағы өшпенділік тілі – ұлттық және діни
алауыздық немесе жеккөрушіліктің қозуына тікелей немесе жанама әсер еткен
БАҚ-тағы мәтіндердің жиынтығы (сонымен қатар мәтін тақырыбы, суреттер
және өзге де элементтер жатады). Қазіргі уақытта бұл ұғым сөйлеп тұрған
адамның ұлттық-мәдени, діни құндылықтары, саяси көзқарастары мен мінез-
құлықтары, т.б. өзінен ерекшеленетін қарсыласына
деген жағымсыз қарым-
қатынасын білдіретін сөздермен бірігіп кетті [105].
А. Алтаева: «Тілдік агрессия – сөйлеушінің ашулы күйінің ықпалымен
жүзеге асатын сөйлеудегі мінез-құлық» деген анықтама беріп, оның түрлері мен
формаларына қорлау, дұшпандық, қоқан-лоққы, дөкір талап, дөрекі бет
қайтару, жазғыру, келемеж, шағым, сөз тасуды жатқызады [106]. Тілдік
агрессия лингвоэкологиялық мәселелердің қатарында қарастырылуы қажет. Бұл
жөнінде И.В. Пекарская мен Е.А. Шпомер былай дейді: «Речевую агрессию как
коммуникативную стратегию и тактику черной риторики целесообразно
рассматривать в
аспекте лингвоэкологических проблем, ибо она нарушает
«чистоту речевой среды обитания», а именно – нормы коммуникативного
поведения. Следствием такого нарушения являются
фрустрации в речевом
общении или даже коммуникативные сбои, неудачи, провалы» [107]. Тілдік
агрессия адресаттың коммуникативтік кеңістігіне тілдік, аксиологиялық және
когнитивті деңгейлерде баса-көктеп кіру болып саналады.
Сөйлеу барысында агрессивті коммуникативтік амалдарды қолдану
тұлғаның моральдік-өнегелік құрылымын бұзады, сол арқылы коммуникативтік
серіктеске ауыр психологиялық зардап тигізеді. Сондықтан тілдік агрессияны
біз «адам↔адам» моделі аясында қарастырамыз.
Медиакеңістіктегі тілдік агрессияның кең таралуы коммуникацияның
виртуалды болуымен түсіндіріледі. Себебі виртуалды коммуникацияға түсетін
тілдік тұлға:
1. Жалған атпен (аккаунт, никнейм) жасырын болып қала алады.
2. Соның
арқасында
коммуникациялық
үдерісте
психологиялық
тосқауылдарға ұшырамайды.
3. Өзінің шығармашыл «менін» ұялмай сыртқа шығарады.
4. Айтқан
сөздеріне жауапкершілік танытпайды (арыз түспеген
жағдайда).
61
5. Виртуалды ізін жасыра алады.
Француз әлеуметтанушысы А. Иоль масс-медианың дамуы нәтижесінде
қоғам мен жеке тұлғаның бұрынғы мәдени жетістігінің мәні жоғала бастайды
деп есептейді [108]
. Медиакеңістіктегі тілдік агрессияның таралуынан осы
пікірдің дәйектілігін көруге болады. Өйткені қазіргі
коммуникацияда адамдар
мәдениет,
әдеп,
этика
сақтауды
азайтып
келеді.
Агрессивті
тіл
коммуникацияның әмбебап тіліне айналып үлгерді. Себебі адамдар бірін-бірі
түсінуге тырыспайды, біртұтас эмоционалдық орта табуға ұмтылмайды.
В.И. Шаховский сөйлеушінің коммуникациядағы серіктесімен диалогқа
түсу үшін, қатысымның позитивті реңкін жоғалтпау үшін тиісті күш
жұмсамайтынын айтады. Зерттеуші бұны адамдардың Homo Debilis санатына
көшуінің анық көрсеткіші деп есептейді. Индивидтің бұлайша әлсіреу үрдісін
ақпараттық, әлеуметтік ортамен, қазіргі қоғам мәжбүрлейтін өмір сүру
жағдайларымен түсіндіруге болады [109].
Виртуалды коммуникацияда адамдар бір-біріне ренішті, негативті,
былапыт сөздер айтып, жағымсыз күйге түсіреді. Ал сөздің, А. Байтұрсынұлы
айтқандай, «қанға, жанға әсер етіп, арбау сияқты адамның ойын да, бойын да
балқытып, билеп алып кетуге ыждаһат ететіні» белгілі [110]. Сондықтан ғалым
айтқан тілдің уытты, лепті, әсерлі, қанды қайнатып, жүректі тулатып, естен
айырып, ерікті алып кететін күші адамға еріксіз әсер етеді.
И.В. Пекарская мен Е.А. Шпомер тілдік агрессияның ықпалы туралы
былай дейді: «Важно помнить, что социальные отношения, в основу которых
кладется «злонамеренная, злокачественная человеческая деструктивность» (по
Э. Фромму), обречены на разрушение. Агрессия превращает перспективную
интенцию (коммуникативное намерение) в коммуникативный провал –
фрустрацию, окрашивая «белую» риторику в «чѐрную», нарушающую
лингвоэкологические нормы, приводящую к конфронтации – гражданской и
международной» [107, с. 128].
Медиакеңістіктегі тілдік агрессияның мынадай
себептерін көрсетуге
болады:
1. Мақсатты түрде тұлғааралық, мәдениетаралық, топтық шиеленіс
тудыру үшін (жақтырмау, жек көру, қызғану, көңіл толмау, ұнатпау, ұят, ерсі,
жат көру, кінәлау).
2. Коммерциялық мақсат үшін (жеке бастың есебі, бақталастың
тапсырысы бойынша).
3. Саяси мақсат үшін (қарсыластарды кемсіту, айыптау).
4. Өзіне назар аударту үшін.
5. Жай күлкі үшін.
6. Кемсіту, төмендету, тіл тигізу үшін.
7. Өзінің қандай да бір талаптарын айту үшін.
8. Өзін-өзі қорғау үшін.
9. Өзін-өзі дәлелдеу үшін.
10. «Құрбан» табу үшін (провокацияға берілетін адамдарды табу үшін).
62
11. Байқаусызда (адресант оның тілдік агрессия екенін білмейді) жүзеге
асады.
Бұл себептер біз
жинақтаған материалдар негізінде анықталды.
Сондықтан оның қатарын толықтыруға болады.
К.Ф. Седова тілдік агрессияның үш түрін ажыратады:
1) айтылу формасына қарай: тура / жанама;
2) мақсатына қарай: шабуылдау / қорғану – бастаушы / жауап беруші;
3) иллокуцияның бағытына қарай: адресатқа / нысанға бағытталған [111].
Бұл тізімді Ю.В. Щербинина көрсеткен өлшем-шарттармен толықтыруға
болады:
1) көрініс сипаты бойынша: жеңіл / ауыр;
2) қатысушылардың саны бойынша: топтық / тұлғааралық [112].
Зерттеу
барысында
жинақталған
материалдар
негізінде
тілдік
агрессияның, көбінесе,
билік өкілдеріне, өзге ұлт, өзге дін, өзге мәдениет
өкілдеріне бағытталатынын анықтадық. Оны мына мысалдардан көруге болады:
Билік өкілдеріне:
мінбердегілер, шөпке т....лар, биліктің күшіктері,
Достарыңызбен бөлісу: